Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.

Жоспары:

  1. Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

  2. Халқықаралық құқтық жауапкершілік институттының қайнар көзі және кодификациясы.

  3. Халықаралық құқтық жауапкершіліктегі құқықтық қатынасының субьективті құрамы.

  4. ХҚЖ-ң түрлері мен нысандары.

  5. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі

Халықаралық жалпы құқықтың осы бөлімі бізге ерекше өзекті болып көрінеді, ол халықаралық жалпы құқықтан басқа нормаларының жүзеге асырылуына маңыздылығымен байланысты.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі. Берілген категорияны халықаралық субъектілер арасындағы қатынастың ерекше түрі ретінде ұсынуға болады. Бұл қатынас барысында келтірілген зиянды өтеу, бұрын болған жағдайды қалпына келтіру, жауапкершіліктің басқа да материалдық емес түрлерін тарту бойынша халықаралық құқықтың нормаларын бұзған бір тараптың немесе бірнеше тараптың міндеттілігі басқа тарапқа қатысты жүзеге асырылады. Анықтаманың қарапайым көрінетіндігіне қарамастан бұл түсінік біршама қиын және көп аспектілі болып табылады.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің институты (әрі қарай – ХҚЖ ) « екіншілік сапасымен сипатталып бұл жөнінен халықаралық құқықтың басқа институттарынан ерекшеленеді: осы институтты құратын құқықтық нормалардың өзі де, олардың негізінде туындайтын құқықтық қатынастарда екіншілік болып келеді, өйткені осы құқықтық нормалар мен қатынастар басқа нормаларды қарағаннан кейін ғана іске асырылады, әрі осы нормаларды бұзу түрінде қозғалады ал бұл жауапкершіліктің негізі болып келеді.

ХҚЖ-ті мақсатына сай тағайындау мәселесі даулы болып отыр, оның негізгі функциясы басым пікірге сәйкес зиянды өтеу және басқа тараптардың өзге талаптарын қанағаттандыру болып танылады. ХҚЖ-ң алғашқы функциясы қосымша ретінде (бірақ бұдан маңызы азаймайды) қарастырылады. ХҚЖ-ке қатысты жазалау функциясы тікелей түрде даулы болып есептелініп отыр. Осы тұрғыда біз екі аспектіні қарастырамыз:

  1. Соңғы функцияның шегінде одан әрі ой сала отырып, біз құқығы бұзылған тарапты бұзушыға қатысты біржақты мәжбүрлеу актісін орындауға өкілеттікпен қамсыздандырудың қажеттігі туралы қорытындыға келеміз. Бұл – ХҚЖ жазалау функциясының тәжірибелік аспектісі. Қазіргі халықаралық дауды бейбіт жолмен реттеу пайдасы үшін біржақты жауапты шараларға өкілеттікті шектеу бағытымен сипатталады. Дегенмен біржақты жауапты шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлі де сақталуда, мысалы, біріншіден құқығы бұзылған мемлекеттің әртүрлі құқықтық талап қоюын, ал екіншіден оның жауапты шараларды жүзеге асыру құқығын орнатуды (бұл дегенмен шамаластықты сақтауды, жауапты тараптардың белгілі –бір түрлерін тиым салуды және т.б. шектейді реттейтін БҰҰ-ң халықаралық құқық комиссиясы әзірлеген мемлекеттің халықаралық құқықтық жауапкершілік бойынша келісім-шарттық ережелердің жобасында.

  2. Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің жазалау функциялары туралы біздің ойымызша біз тек қана жоғарыда келтілірген ойлау мағынасында айта аламыз. Ал негізділік жағынан, халықаралық құқықтық жауапкершілік жазалау сипатында бола алмайды.

Халқықаралық құқықтық жауапкершілік институтының қайнар көзі және кодификациясы. Қазіргі кезде халықаралық құқықтық жауапкершілік мәселесіне арналған құқықтық нормалардың халықаралық құқықтық жауапкершіліктің әртүрлі (салалық) қайнар көздерінде жатыр ең алдымен өзінің нысаны бойынша бұл халықаралық шарттың: әмбебап сипаттағы шарттың жарқын мысалы ретінде БҰҰ жарғысының 39,41,42, баптарын (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіптілік туғызу, бейбітшілікті және агрессия актілерін бұзу жағдайында әрекеттері): Геноцид қылмысы және ол үшін жазалауды алдын-алу туралы Конвенцияны(1948); 1978 ж-ғы Ғарыш объектісінің; келтірген зиян үшін халықаралық жауапкершілік туралы; 1948ж-ғы Азаптау және басқа қатігез, адамгершілікке жатпайтын, адамның қадір қасиетін кемсітетін мінез түрлері мен жазалауға қарсы, 1951 ж-ғы Босқындардың мәртебесі туралы және т.б. Конвенцияларды келтіруге болады.

Қызықты факті ретінде халықаралық құқтық жауапкершілік бойынша құқықтық нормалардың қағидалық маңызы бар өздігінен кодификациясы әліде аяқталмағанын айтуға болады. БҰҰ-ң халықаралық комиссиясы бұл мәселемен 1995 жылдан бастап айналысты. 1996 ж ол Комиссиямен мүмкін болар шарттардың баптарының жобасы қабылданды. Бірқатар мемлекеттер (Дания, ГФР, Франция, Италия; Австрия, АҚШ, Ұлыбритания) ол бойынша өз пікірлерін білдірді, қазіргі уақытта жоба екінші оқылымда. Бұл құжат үш негізгі бөлімдерден тұрады: біріншісі- ХҚЖ-ң басталуының жапы алғы шарттарын көздейді, екіншісі- бірінші бөлімнің негізінде туындайтын ХҚЖ-ң мазмұнынын, түрлерін және нысанын бекітеді, үшінші бөлігі- туындайтын дауларды реттеу мәселлерін реттейді.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктегі құқықтық қатынастың субьективті құрамы. Ең қарапайым түрлерінде ол екі тараппен ұсынылған құқығы бұзылған халықаралық құқықтың субьектісі және өзінің әрекеттерінің нәтижесінде берілген құқық бұзушылықты туындатқан халықаралық құқықтың субьектісі. Белгіленген тараптарды сипаттай келе, келесі кезеңдерге көңіл бөлгіміз келіп еді.

1.Белгілі болғандай, халықаралық субъектілерінің негізгі сапалы сипаттамасы құрамында құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі бар халықаралық құқықсубъектілік болып табылады. Бұзушы субъектілер, бізге мәлім болғандай, халықаралық құқықсубъектілікпен толық көлемде иемдену керек, яғни құқық-қабілеттілік деңгейінде де, әрекет қабілеттілік деңгейінде де және бұл жағдайда олардың логикалық жалғасы ретінде – халықаралық делликт қабілеттілік деңгейіндеде, яғни жасаған әрекет үшін жауапкершілікті тарту мүмкіндігі болу керек.

Ал құқығы бұзылған субъектілерге қатысты айтылар жай болса – олардың кем дегенде халықаралық құқық субъектілікке, ең біріншіден халықаралық құқыққа сәйкес құқықтарды иемдену қабілеттілігіне ие болу керек. Себебі міндеттілікті тарту қабілеті, яғни жауапкершілік құқықтық қатынастарда қамтылмайды. Мәселен, көзқарасымыз бойынша толығымен оккупацияланған мемлекет дегенмен халықаралық құқықсубъектілікті сақтап қалады, әрекет қабілеттілікті сақтай алмайды. Ал жеке тұлға өздігінен халықаралық құқықсубъектілікке ие бола алмайды, яғни оның құқықтары мен міндеттері мемлекеттің жеке халықаралық шартымен көзделеді. Бірақ өздерінің құқықтары бұзылған жағдайды өздерінің талаптарын субъектілер бір жағдайда ғана қоя алады: егер оның құқықтары халықаралық шарт арқылы қорғалатын болса, басқа сөзбен айтқанда, ол шартта бұл тараптың бұзылған құқықтарын тікелей халықаралық сот мекемелерінен қорғау мүмкіндігі болу керектігін көздейді.1

2. Ал мұнда ескеретін жайт - ол көп жағдайда ХҚЖ-ң қатынасында әңгіме халықаралық құқықтың «қарапайым субъектілері және бірінші кезекте мемлекет туралы болып отыр. Мәселен егер ғарыш объектілерін қолдану кезінде келтірілетін шығын үшін жауапкершілік аясына қарай бет бұрсақ, егер де басқа мемлекеттердің аумағындағы белгілі бір заңды тұлғаның мүлкіне зақым келтірілетін болса да, ол заңды тұлға ғарыш объектілерін жіберіп отырған мемлекеттен шығынды өтеуін талап ете алмайды, себебі бұл – мемлекеттің ерекше құқығы.

3. ХҚЖ-ң «екіншілік сапасы халықаралық нормалардың бұзылу фактісінің туындауымен байланысты болатын бастапқы құқықтық қатынас субъектілерінің құрамымен салыстырғанда, әдеттегідей субъектілер құрамының өзгертілуін білдірмейді.2

4. ХҚЖ-ң құқықтық қатынастарында өздігінен «халықаралық қауымдастық (әлемнің барлық мемлекетінің белгілі-бір жиынтығы ретінде) құқығы бұзылған тарап ретінде қатыса ала ма? Деген сұрақ қызығушылық туғызады. Қойылған сұраққа жауапты екі бөлімге бөлуге болады:

а) Құқықтық қатынаста халықаралық қоғамдастық тарап ретінде қатыса алмайды – бұл әрқашан бір немесе бірнеше нақты мемлекеттің атынан жүзеге асырылады;

б) ол әлемдік қоғамдастықтың құқықтары бұзылу мүмкіндігіне келетін болсақ ондай мүмкіндікті жіберуге болады. Мұнда әңгіме «erga omnesң деп аталатын міндеттеме, ал нақтырақ олардың бұзылуы туралы болып отыр. «Erga omnesң міндеттемесі «бәріне қарсы міндеттемелерін білдіреді – яғни, әлемдік қауымдастықтың барлық мүшелеріне қатысты. Нақты осы жерде әлемдік қауымдастықтың персонификациясы өтеді. Берілген дәреже өз мазмұны бойынша халықаралық құқықтың негізін салушы қағидаларға таралады. Сонымен қатар міндеттемелерді бұзу барысында туындаған халықаралық қылмысқа қатысты да «Erga omnesң міндеттемесінің әсері болады. Жалпы мұндай міндеттемелерді бұзу барлық әлемдік қоғамдастықтың мүддесін қамтиды. Бұдан туындайтын маңызды салдар бұл жағдайда бұзушы мемлекетке кез-келген мемлекеттің талап қою құқығы болып табылады. Мысалы А мемлекеті нәсілдік кемсітуге тыйым салу туралы норманы бұзады. Б мемлекеті А мемлекетіне талап қойып, қалыпты жағдайды орнықтыруға құқылы. Сондай-ақ, мұнда бұл мемлекеттің 1965 ж Нәсілдік кемсітудің барлық түрін жою туралы Конвенцияға мүше болу фактісі рөл ойнамайды, себебі нәсілдік кемсітуге тиім салу туралы норма халықаралық құқықтың қағидалық жағдайы сипатына ие болып, оны халықаралық құқықтың барлық субъектілері олардың халықаралық келісімге белгілі-бір қатысуына қарамастан сақтаулары керек.

ХҚЖ-ң басталуының заңды негізі болып халықаралық құқық субъектілеріне қатысты әрекет болып табылады. Қосымша талап ретінде кінәні сондай-ақ жасалған әрекеттің нәтижесінде болатын зиянды атап көрсетуге болады.3 Белгіленген негіздерді қарастырайық.4 ХҚ-ң нормаларын бұзатын әрекеттер белсенді5

әрекетсіздік түрде жүзеге асырылады.6 ХҚЖ-ң басталуының міндетті алғышарты ретідегі кінә ерекше даулы кезеңдердің бірін құрайды. Нақтылы халықаралық құқық Г.Гроцийдің іліміне сүйенген кінәсінің теориясына негізделеді, ол бойынша мемлекет халықаралық құқықты бұзатын әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады, тек қана олардың кінәсі болса. Қарсы пікір тек қана объективті түрдегі заңсыз әрекеттерге (әрине берілген халықаралық субъектіге) негізгі көңіл бөледі. Белгіленген екі шеткі көзқарастардың арасында бірқатар ұсыныстар бар, мысалы, тек заңсыз әрекетсіздікке қатысты ғана кінәсінің болуы туралы талап немесе жеке тұлғаға қатысты (мәселен, мемлекеттік органдардың жетекшісіне) олардың кінәсі кейін мемлекетке және басқаларға қатысты болады. Сот тәжірибесі (бірінші кезекте БҰҰ Халықаралық Соты) бұл мәселе бойынша сондай-ақ жалғыз емес. Неғұрлым жарқын мысалдарға тоқталатын болсақ: «Корфу-Каналң ісі (бір мемлекеттің басқа мемлекетке өзінің заң аясында зиянды келтіруді болдыртпау шараларын қолдану міндеттерін тану) және Тегерандағы кепіл тұтқындары туралы іс, бірінші іс бойынша – тану туралы, ал екінші іс бойынша – кінә теориясынан бас тарту туралы айтуға болады. Жалпы алғанда, ескере кететін бір нәрсе, бұл мәселені келісімді түрде шешу екіталай, ал қарапайым құқықтық норма бұл мәселе бойынша әлі құрылған жоқ. Сондықтан біз кінә ХҚЖ-ң басталуының қажетті алғышарты ретінде бола алмайды деген қорытындыға келеміз. Тағы бір ескеретін жалпы ереже: жауапкершілік егер бұзушы субъектіде құқыққа қарсы мінезге балама таңдау болған жағдайда ғана туындайды. Осы ережелердің мына жағдайда ғана күші болмайды: егер халықаралық құқықпен толық жауапкершілік тікелей көзделсе.

Екінші алғышарт болып зиянның басталуы көрсетілген. ХҚ-та «кінәң материалдық сипаттағы шығындармен сарқылып қоймайды. ХҚ-ң басқа субъектілерінің құқықтық ұсынамдығы кез-келген бұзушылығы кінә күйінде саралана алады. Сөйтіп кінә ХҚ қатынастарда қандай да бір тараптың өз міндеттерін бұзуы-ның кез-келген жағдайында туындап отырады. Демек, бұл түсінік салдар сипатына ие және ХҚЖ-ң басталуының жеке алғышарты бола алмайды.

ХҚЖ-ң түрлері мен нысандары. Қарастырылып отырған тақы-рыптың шеңберінде ХҚЖ-ң түрлері мен нысандары туралы сұрақ дәстүрлі болып табылады. Осы сұрақтардың мәні ұқсас түрде әдебиеттерде көрсетіледі.

Мәселе дәстүрлі түрде ХҚЖ-ң негізгі екі түрін бөліп шығару туралы жүріп отыр: материалдық және материалдық емес (оны басқаша – саяси – деп атайды.7 Материалдық түрлерінің негізінде талап: сондай-ақ мүліктік сипаттағы жауапкершілік іске асыры-лады деген жорамал бар. Ал материалдық емес түрі мүліктік емес сипаттағы талаптар мен жауапкершіліктердің жүзеге асырылуы болып табылады.

Материалдық емес ХҚЖ-ң келесі нысандары бар:

а) сатисфакция – бұзушы субъектілер жағының құқығы бұзылған субъектіні моральды түрде қанағаттандыруға бағытталған бір жақты актісі.Ол: кешірім болашақта мұндай бұзушылықтың енді қайталанбайтындығы туралы арызы және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.8

б) репрессалия – бір жақты акт ретінде – бірақ құқық бұзушы субъектілерге қатысты – енді құқығы бұзылған субьетілер тарапынан жүзеге асырынады. «Реторсияң деген ұқсас түсінік бар. Бұл нысан жауапты сипатқа ие және бір-бірінен келесідей ажы-ратылады:

  • реторсия – бұл нәтижесінде халықаралық құқық бұзылмайтын ынтымақсыздық сипатындағы әрекеттерге қатысты жауапты әрекет ( мәселен белгілі бір тұлғаны төтенше және өкілетті елші ретінде тауарларға агреман беруден бас тарту реторсия түрінде бұл орынға басқа кандидатураны ұсынуда ұзартылған тежеуге әкеле алады) Репрессалии – бұл ХҚ-ты бұзатын әрекеттерге қа-тысты жауапты әрекет (мәселен қарулы агрессия актісіне жауап ретінде)

  • Бұған сәйкес реторсия сондай-ақ ынтымақсыз сипатқа ие бол-ғанмен , өздігінше ХҚ-ты бұзбайды. Ал репрессалии ХҚ-ң нормаларын формальды түрде бұзады.(жауапты түрде болсын күш қолдану, ХҚ-та күш қолдануға тыйым салуды формальды түрде бұзып отыр, дегенмен заң түрінде «жөнделгендеңХҚ-ң басқа субъектісі тарапынан алғаш пайда болған күш қолдану фактісіесебі ескерімді)

  • Репрессалия жағдайында оларды қолдану туралы алдын-ала ескерту, сонымен қатар берілген субъектілерге қатысты ХҚ-ты алғаш пайда болған бұзушылықтардың мазмуны мен ауырлығына репрессалий мазмұны мен ауырлығының сәйкес-тігі туралы міндетті талап орнатылады. Реторсиямен байланыс-ты мұндай талап қойылмайды.

Ақыр аяғында, реторсия ХҚЖ-ң материалдық емес түрі ретін-

де бөлініп шығарыла алмайды, себебі ХҚЖ мәнінің өзі олар-дың негізінде халықаралық нормалардың бұзылуын шамалайды, ал бұл реторсия жағдайында жоқ.

ХҚЖ-ң материалдық және материалдық емес түрлерінің арасындағы шекарада орналасқан нысан, біздің ойымызша, ресторация – бұл ХҚ-ты бұзғанға дейінгі жағдайда орнату міндеті, мәселен басқа мемлекеттердің ішкі теңіз суының аймағына заңсыз түрде кірген әскери теңіз кемелерін шығару міндеті.

Мұндай міндеттілік артынан белгілі бір матариалды шығындарды туындатуы мүмкін.

Кейбір авторлар9 материалдық емес жауапкершіліктің қосымша нысаны ретінде тәуелсіздікті шектеу (мысалы ,әскери оккупация режимін енгізу) және «кондидат та бірәрекетті халықа-ралық құқықбұзушылық деп танитын халықаралық ұйымның және халықаралық органның шешімі нысанындағы декларативті нысанды” бөліп қарастыруды ұсынады. Соңғысына қатысты ұйғаруымызша жауапкершіліктің нысаны туралы мәселені қолдануға болмайды.

ХҚЖ-ң материалдық түрлері өзкезегінде мынандай нысанда болады:

а) компенсация (өтем – оны сондай-ақ репарация деп атайды) – келтірілген шығынды ақшалай өтеу.10 Әрі қызықты, әрі даулы мысал ретінде Грецияның Жоғарғы Сотының (ареспаг) 2000 жылы Германияның екінші дүние жүзілік соғыс кезінде бірнеше грек ауылының тұрғынына қатысты келтірілген шығыны үшін қаржылық жауапкершілік туралы шешімі болып табылады.

б) реституция – келтірілген мүліктік зиянын заттай өтеу. Мысалы, А мемлекеті Б мемлекетімен шекаралас жерде адамның мумиясын оны сәйкесінше мұра- жайға алып кетеді, бірақ, кейін мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағында жататындығы анықталады – демек, ХҚ-ң бұзылуы болды. А мемлекеті ол тап-қан мумияны Б мемлекетіне қайтару керек.

в) субституция – зиянның орнын заттай өтеу бірақ енді заңсыз жойылған немесе бұзылған мүліктің орнын натура түрінде қайтару11 – біздің мумиямен мысалымызда – егер мумияны кері қайтару көлікпен жөнелту барысында жойылу немесе бұзылуына байланысты мүмкін болмайтын болса А мемлекеті өзінің жағ-дайын Б мемлекетіне ұқсас мумияны беруі арқылы жөндей алады.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктен босатудың негіздері. ХҚЖ-ке тартылмайтын жағдайларға төмендегілер жатады:

  1. Жәбірленуші жақтың ХҚ нормаларын бұзатын іс әрекетті жасауға келісімі ( басқаша айтқанда екі жақ арасындағы міндеттер белгілі бір жағдайларда орындамауы туралы өзара келісімі). Бұл жағдайларда ХҚ нормалары бұзылады деп айта алмаймыз. Сонымен қатар бұл екі жақ арсындағы келісім іс-әрекеттің заңдылығына әкеле алмайды (ол арқылы jus cogens нормалары бұзылады).

  2. Жауапты шараларды қолдану, соның ішінде өз табиғаты бойынша құқықтық емес сипатқа ие – репрессалий. Осы ша-ралар нәтижесінде жасалған зиянның орнын толтыру міндетті емес.

  3. Қажетті жағдайда жасалған әрекеттер. Соның ішінде мемлекеттердің ХҚЖ-гі, келісім жобасына сәйкес (БҰҰ ХҚ Комиссиясымен дайындалған) келесі жағдайлар жатады.

а) бой бермейтін күш (форс мажор), бой бермейтін оқиға,бірақ табиғи сипаттағы барлық жағдайларда мемлекет-терге мүмкін емес заңи іс-әрекеттерді жасата бермейді және сонымен қатар кездейсоқтық ( мемлекет алдын-ала болжау мүмкін емес жағдайларға байланысты ХҚ-тыбұзады, ал жасалынған құқықбұзушылықты байқамайды; бұл жағдайда белгіленген нышандарды дәлелдеу қиын болады. Мысал ретін-де әдебиетте мына жағдай көрсетілген: А мемлекетінің әскери самолеттары новигация жүйесінің істен шығуына байланысты Б мемлекетінің аумағына байқаусыздан мемлекеттікшекараны бұзаотырып өтуі12.

б) мемлекетке қатысты аса қажеттілік – егер іс-әрекет мемлекеттің тікелей төніп тұрған қауіптен өзінің өте маңызды мүдделерін қорғаудың жалғыз құралы болып табылады. Бірден келесі сұрақ туындайды: мемлекеттің қандай мүдделері « аса маңыздың болып саналады? Екінші жағынан қандай қауіп елеулі сипатқа ие. Бұл сұрақтарға ХҚ-та нақты жауаптар әлі жоқ. Алайда, мұндай шаралардың нәтижесінде басқа мемле-кеттердің теңдес мүдделері бұзылмауы керек.

Жеке тұлғалардың іс әрекеттеріне қатыстыаса қажеттілік – яғни тұлға өзінің өмірін немесе адамдардың өмірін сақтап қа-лу мақсатында жасалынатын төтенше қажетті жағдайлар мысалы: әскери ұшақтың командирі не өлу не қонуға тыйым салынған мемлекеттің аумағына қонуды таңдауға тура келген жағдайда.

Барлық жағдайға қатысты шарттың біреуі ол мемлекеттің белгілі бір жағдайлардың пайда болуына өзінің әсер етуіне тыйым салуы.

  1. Соңында - әңгіме өз-өзін сақтандыру шарттарында болса (мысал ретінде - өзін-өзі қорғау шарасы БҰҰ Жарғысының 51 бабында көрсетілген)

Схемалық түрде, бұл жағдайда репрессалийден айырмашылық критериясы болып басқа мемлекет жақтан заңды емес әрекеттер-дің жүзеге асырылуының жалғасуы.

Қорыта келе, автордың кездескен әдебиеттердегі пікірлермен келіспеушілігін айтып кетеміз. Мысалға «жауапккершіліктен босатылатын жағдайлардың «делликт ретінде іс-әрекеттің квалификациясын ерекшелендіретін фактілер мен әрекеттерденң айыру бірақ осы іс-әрекеттің нәтижесінде ХҚ нормалары бұзыл-са да13 (мысалы, белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру құқықбұзу-шылыққа алып келсе де жәбірленуші жақтың келісімі немесе өзін-өзі қорғау мен репрессалий сияқты). Бұл жерде бір жағынан «егер жәбірленуші жақтың кінәсіне қарайтын болсақң – бәрібір де келесі жақтың жасаған іс-әрекетінің формальды түрде ХҚ нормаларын бұзуын көреміз және керісінше, ал екінші жағынан «жәбірленуші жақтың артынан құқықбұзушылық тудыратын іс-әрекеттің жасалуына келісімі туралы айтсақ, ол біздің ойымызша ХҚ-тық бұзушылыққа жатпайды.

Мемлекеттердің жауапкершілігі.

Мемлекет ХҚ-ң негізгі және бірінші субъектісі болып табыла-ды. Соған байланысты ХҚЖ актуальды сұрақтарының көбісі мемлекеттердің халықаралық аренадағы іс-әрекеттеріне қатысты.

Қатыстылығы. Мемлекеттердің ХҚЖ байланысты едәуір мә-селесі болып белгілі бір мемлекетке жасалған іс-әрекеттері үшін жасалған жауапкершілігінің қатыстылығы. Бұл сұраққа байла-нысты келесі жағдайларды айыра білу қажет:

  1. мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері.

  2. жеке тұлға мен заңды тұлғаның іс-әрекеттері.

Осыны қарастырайық. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері. Бұл жағдайда «мемлекеттік органң деген түсінік жалпылама және жобалап түсіндірілген:

а) мемлекеттің талап қоятын «өзң органы;

б) басқа мемлекеттік органы, мемлекеттің қадағалауымен әрекет ететін және де талап қойылатын;

в) басқа мемлекеттің органы, оның юрисдикция аясында талап-тар қойылатын және де мемлекеттің рұқсатынсыз іс-әрекеттер жасайтын.

Жалғыз елеулі шарт ол мемлекеттік органның қызметі жөнін-дегі негізделген талап, өздерінің іс-әрекеттерімен, кейіннен халықаралық құқықбұзушылыққа әкелген олардың ашықтан-ашық қызметтерін жүзеге асыруы.

Бұл талап БҰҰ ХҚ конвенциясының жобасында көрсетілген.(бесінші бап). Осыдан келесі екі сұрақ туындайды:

  1. Федерация өз органдар субъектілерінің іс-әрекеттеріне жауап береді.

  2. Орган міндетінен іс-әрекетінің шектен шығуында маңызы бар ма?

Бұл іс-әрекеттер мемлекетке де қатысты. Тиісті шешім

конвенцияның жобасында (оныншы бап) көрсетілген.

Б.жағдайы келесі мысалда түсіндіріледі:

А. мемлекеті Б халықаралық ұйымына белгілі бір қарулы күштер контингентін әмір етуіне береді. Мелекет осы қарулы күштердің іс-әрекетіне жауап береді ма? Бұл сұрақтың шешітіу қарулы күш-тердің бақылау өкілдігінің бөлінуіне байланысты. Бірақ конвенция жобасында (тоғызыншы бап) шамалы басқаша жазыл-ған. Бұл жерде орган мемлекеттің мақсатын жүзеге асыру үшін іс-әрекеттер жасағанына негізгі мән беріліп тұр. Бұл критерий жеткілікті толық емес.

Б. жағдайы келесі мысалда көрсетіледі: Келісім бойынша Б. мем-лекетінің территориясында орналастырылған А. мемлекетінің қарулы күштері осы жерде С. мемлекетінің дипломатиялық өкіл-дігіне қарсы іс-әрекеттер жасайды. Бұл әрекеттер Б мемлекетінің бақылауымен нұсқаусыз жүзеге асырылады.

Бұл жерде жауапкершілікке тартылатын сүбъектіге байланысты сұрақ туындайды. Негізгі ереже берілген органның мемлекетке деген мінез құлығы болып табылады. Бұл ереже то-лығымен жүзеге асырылған және конвенция жобасында белгіленген (12, 13, 14 б-р) баптарында көрсетілген. Бірақ, егер Б мемлекеті осы жағдайда өз жағынан бұл іс-әрекеттердің жүзеге асырылмауына міндетті болса, онда ол да ХҚЖ-ке тартылуы тиіс (бұл жауапкершіліктің негізі болып Б мемлекетінің қарулы күш-терінің іс әрекеті емес, А мемлекеті органдарының әрекетсіздігі болып табылады.)

Қарастырылған жағдайлармен байланысты, бөлек сұрақ, ол көтеріліс іс әрекеттері және оған тартылатын жауапкершілік туралы.

Бұл сұрақ конвенция жобасында (15 бап) көрсетілген:

а) егерде көтеріліс күші соңында осы мемлекетті басқаратын болса онда оның бұрын жасаған іс-әрекеттері осы мемлекетке байланысты болады.

б) егерде осы қозғалыс нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болса бұрын жасалған іс-әрекеттер осы пайда болған жаңа мемлекетке байланысты болады.

Жеке және заңды тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігін біз екі аспектіде қарастырамыз:

а) ашықтан –ашық қызметтерін жүзеге асыру жоспарында және

б) жеке басына байланысты әрекет пен әрекетсіздік

Әйгілі түрде қызметтерін жүзеге асыру іс-әрекеттері. Әйгілі түрде қызметтерін тек қана мемлекеттік органдар емес сонымен қатар мемлекеттік органның мәртебесі жоқ заңды тұлғалар мен мемлекеттік орган қызметкері мәртебесі жоқ жеке тұлғалары да жүзеге асыра алады.

Бұл жағдайда конвенция жобасына сәйкес (7 бап) екі шарт пайда болады: біріншіден, ішкі мемлекеттік заңдылыққа сәйкес субъект белгілі бір іс-әрекеттер жасауға заңи рұқсаты болуыкерек, екіншіден, ХҚ бұзуына әкелген іс-әрекеттрді ол атап айтқанда тек қоғамдық қызметтерді жүзеге асыру жоспарында жасауы керек (квази мемлекеттік орган ретінде)

Сонда да егер жеке субъектілер белгілі бір заңи құқығысыз іс-әрекеттерін жүзеге асырса? Осыған байланысты әдебиетте әртүрлі жағдайлар бар14.

Осыкезде жалпы ережелер болып келесі жағдайлар (конвенция жобасының 8- -ші бабында көрсетілген) табылады: бұл жерде негізгі факті тұлғаның мемлекет пайдасы үшін әрекет еткені бо-лады. Сонымен қатар субъектілердің де пайдасын қарастыруымыз керек. Бұл жағдайда «сенімділікті қорғаудыңң өте маңызды ролі бар15.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың жеке басына байланысты жасалған әрекеттер мемлекетке қатысты болмайды. Бірақ белгілі бір жағдайларда ХҚ нормаларын бұзатын жеке субъектілердің іс-әрекеттерінен қорғап қалуға міндетті болып, оны жасамаса, мемлекет ХҚЖ-ке тартылуы мүмкін. Оның негізі мемлекеттің әрекетсіздігі болып табылады.