Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Сыртқы саясат және дипломатия.

«Äипломатияң термині мемлекеттердің сыртқы қатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Еуропада ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап белсенді түрде қолданыла бастады.

«Дипломатң, «дипломатияң терминдері греко-латындық «дипломаң сөзінен шықты. Солай көне елшілер үшін (қуғыншыны, қонақтарды және басқаларды) олардың өкілеттіктерін бекітетін, сенім грамотасының қызметін атқарған, қосарланған металдық тақтайды атайтын.

«Дипломатияң мен «сыртқы саясатң түсініктерін ажырата білген жөн.

Сыртқы саясат – ол мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы курсы. Ол мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастағы оның қызметінің бағытын, сонымен қатар, осы қызметтің нысандары мен тәсілдерін анықтайды.

«Дипломатияң «сыртқы саясатқаң қарағанда түсінігі тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады.

«Дипломатияң сөзінің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, бұл «шешілетін мәселенің сипаты мен нақты жағдайлары ескерілетін, әскери емес, тәжиірбиелік іс-шаралар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығын білдіретін мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құралың; екіншіден, бұл «мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттің, оның мекемелерінің және шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министірінің, сыртқы істер ведомстваларының, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің, делегация басшыларының халықаралық конференциядағы ресми қызметің.

«Дипломатияң түсінігімен халықаралық дау-жанжалды реттеу немесе тоқтату, компромисті және өзара қолайлы шешімді іздеу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатында келіссөз жүргізу өнерін байланыстырады.

Дипломатия екі жақты және көп жақты бола алады.

Екі жақты дипломатия екі жақты қатынасты реттеудегі екі мемлекеттің арасындағы дипломатиялық қызметті білдіреді.

Көп жақты дипломатия келіссөздер мен консультациялар жүргізілетін, біріккен халықаралық құжаттар қабылданатын халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық ұйымдар, халықаралық конференциялар, келіссөз консультация жүргізілетін, біріккен халықаралық документтер қабылданатын сұқпаттасу шеңберіндегі бір топ мемлекеттердің дипломатиялық қызметін білдіреді.

Әр мемлекет сыртқы саясатын өзінің сыртқы қатынас органдары жүзеге асыратын дипломатиялық қызмет арқылы жүргізеді.

Дипломатиялық қызметтің негізгі нысандары болып мыналар табылады: келіссөз және мемлекет өкілдерінің әр түрлі деңгейдегі ресми сапарлары; екі жақты және көп жақты келісім шарттарды даярлау және бекіту, басқа да бірлескен актілерді қабылдау (декларация, коммюнике және т.б.); дипломатиялық конференциялар жұмысын, сұқпаттасуды, кездесулерді ұйымдастыру және қатысу; мемлекеттің басқа мемлекеттердегі және халықаралық ұйымдардағы өкілдіктердің қызметі; халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының жұмысына қатысу; дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттарды (өтініш, нота және т.б.) басып шығару табылады.