- •Ё«Экономикалық теория негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Жай ұдайы өндіріс.
- •2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
- •8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
- •9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
- •1. Өндірістік Әлеуметтік Нарықтық
- •Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар
- •Кесте 10.1 жіө-ді есептеу әдістері
- •Y, жиынтық өнім көлемі Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы
- •Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл
- •Сурет 13.1 Филлипс қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 14.1 Лаффер қисығы
- •Сурет 14.2 Лоренц қисығы
Сурет 13.1 Филлипс қисығы
Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияға қарсы саясат – бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағаларды өсу нысаналарымен белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып атаулы табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге бағытталған шараларды анықтауға болады. Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша «тұрақты» етіп ұстап отыру туралы заңдар қабылданады. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Тәжірибе жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылар-дың үлесін салыстырмалы және абсалютті түрде төмендетеді.
Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтардың арасында келіссөздер ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссияға ұшырап отырады.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағалардың жоғарылауы пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету.
Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің-тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің-бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек береді.
Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының құралдары да пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта бағамын көтеру.
«Дефляциялық» шаралардың тежеу жасайтын әсері ең алдымен, экономикалық өсуді баяулатады және жұмыссыздықты өсіреді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмайды. Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір құралдарынан бас тартуға мәжбүр етеді. Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жол-дары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процес-терді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.
Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кіру-дің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік және саяси жағдай-ларға және т.б. байланысты болады.
Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
Қаржы – бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының атқаратын қызметтері:
1. Бөлу қызметі – қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.
2. Бақылау қызметі – бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы, ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.
Қаржы жүйесі – ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.
Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:
а) мемлекеттік бюджет;
ә) мемлекеттік несие;
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.
Мемлекеттік бюджет – қаржы ресурстарының орталықтанды-рылған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік несие – бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.
Арнайы бюджеттен тыс қорлар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:
а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің қаржылары;
ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.
Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынты-ғы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-тердің келесідей деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры-лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттен тыс қорлар – республикалық бюджеттен тыс құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстарының мақсатты қорлары.
Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры к кіреді.
Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
1. Фискалдық қызметі – мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады.
2. Реттеушілік қызметі – макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты, экономикалық өсудің қарқыны мен жұмысбастылықты реттеу.
3. Бөлу қызметі – ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалар-дың табыстарын, капиталды және инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлу.
салықтардың келесідей түрлері бекітілген:
