Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

1) Салықтар:

- корпорациялық табыс салығы;

- жеке табыс салығы;

- қосылған құн салығы;

- акциздер;

- экспортқа деген ренталық салық;

- жер пайдаланушыларына салық;

- әлеуметтік салық;

- көлік құралдарының салығы;

- жер салығы;

- мүлік салығы;

- ойын бизнесіне салық;

- тіркелген салық;

- бірыңғай жер салығы.

2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

- мемлекеттік баждар;

- тіркеу алымдары;

- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік құралдарымен жүргені үшін алымдар;

- аукциондардан алымдар;

- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін лицензиялық алымдар;

- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;

- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер;

- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;

- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшер-лемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте көрсетілген.

Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтар-дың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі.

Сурет 14.1 Лаффер қисығы

  1. Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары

Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады. Ақша белгілерінің түрлері. барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. .

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар. Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып бөлінеді. Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген. Биметализм үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген

  2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.

  3. “Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады

  1. Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.

Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.

  • Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.

  • Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

  • Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.

  • Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.

  • Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

  • Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

  • Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.

  • Ломбардтық несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.

  • Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай

міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің

жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.

  • Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. 

  1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл қоғам мүшелерінің және әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге бағытталған үкіметтік іс-шаралары.

Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың әділетті бөлінуіне, ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктерінің теңдігін сақтап тұруға жауап беруі тиіс.

Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:

  1. тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;

  2. адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;

  3. әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;

  4. қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;

  5. ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мн мүдделерін қанағат-тандыру.

Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай мәселелерді шешуге жауап іздейді:

  1. адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керек;

  2. қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша әділетті бөлуге болады;

  3. адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен экономикалық тиімділікті арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыруға болады.

Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздер едәуір түрде байқалады. Сондықтанда, табыстарды бөлудегі теңсіздіктер осы тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.

Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:

1. Адамдардың ақыл-ойлық (интеллектуалдық), физикалық және эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен амтамасыз етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар, эстетикалық қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.

2. Адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп құюдың қажеттілігі туындайды.

3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында меншіктері көп болуы мүмкін: көлік, құрал-жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба алады.

Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.