Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік

Е нүктесінде кейнстік үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік жиын-тық сұранысты реттеуге негізделген және мемлекеттің экономикаға араласуын талап етеді.

  1. Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар

Тұтыну – қолда бар табысқа байланысты ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын тауарлары мен қызметтерінің жиынтық құны.

Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвести-ция деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс2 факторы екінші орынға қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі.

Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе экономикалық агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш – қолда бар табыс (Yd) тұтынылады (С) және жинақталады (S):Yd = C + S.

Мұндай тұтыну мен жинақтау Кейнстің психологиялық заңымен және бейімділіктің түрлерімен тығыз байланысты, яғни ол заң былай суреттеледі: «адамдардың табыстары артқан сайын тұтыну да артады, бірақ тұтынудың артуы табыстың артуындай болмайды». Олай болса, табыстың артуынан тұтыну деңгейі салыстырмалы түрде төмендей береді, ал жинақтау салыстырмалы түрде арта береді. Ал бейімділіктің төрт түрі бар:

1. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі:МРС = ∆С / ∆Yd.

2. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты жинақтаудың салыстырмалы түрде өзгеруі:МРS = ∆S / ∆Yd.

3. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) – қолда бар табыстың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын бөлігі:АРС = С / Yd.

4. Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) – қолда бар табыстың тұтынудан қалған бір бөлігі:РS = S / Yd.

Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын және қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтанда, олардың қосындысы әрқашанда 1-ге тең болады: MPC + MPS = 1

Кейнс бойынша тұтыну функциясы былай қалыптасады:C = a + b (Y – T),

мұнда, а – автономды тұтыну (табысқа байланысты емес тұтыну);

в – тұтынуға деген шекті бейімділік.

Жинақтау функциясы:S = - a + (1 - b) (Y – T),

Инвестициялар – жеке, мемлекеттік және шетелдік секторлардың пайда табу мақсатында өндіріске, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына ұзақ уақытқа салатын күрделі қаржылық жұмсалымдары. Инвестициялардың негізгі көзі болып жинақтаулар табылады және олардың көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып саналады.

Классикалық және кейнстік үлгілерге сәйкес, инвестициялар мен жалпы ішкі өнім көлемі бірін-бірі әрдайым қолдап отырады. Инвестициялардың екі түрі бар:

1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет бюджет табылады.

2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталандырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табысты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, кәсіпкерлік пайда табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды.

Инвестициялауға шекті бейімділік (MPI) – жиынтық табыстың кез-келген өзгерісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі:

МРІ = ΔI / ΔY,

мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың өзгеруі.

Кейнстік үлгі әрқашанда жиынтық сұраныс тарапынан дағдарыстық экономиканы зерттеуге бағытталады. Экономикалық белсенділіктің төмен болуы жағдайында жиынтық сұранысты үнемі ынталандырып отыру қажет. Сол себепті өндірістің терең құлдырауын болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттеу бойынша мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты қажет.

  1. Мультипликатор теориясы

Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 жылы ағылшын экономисі Ричард Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж.М.Кейнс «Жұмыспен қамтудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор = 3. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранысның, жалпы ішкі өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраныс тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттілігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері:

инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент;

депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.

  1. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ретінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқа-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары экономикалық (іскерлік) цикл мәселесі ретінде қарастырылады.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы, экономикалық дамудың құлдырау кезеңдері-мен ауысып отыруын, бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын айтамыз.

Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қарастыры-лып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттайды. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

Іскерлік

белсенділік

деңгейі,

ЖІӨ

шың құлдырау тірілу

түп

көтерілу

шың

құлдырау тірілу

түп

тоқырау цикл

у ақыт t