Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

1. Өндірістік Әлеуметтік Нарықтық

  1. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары.

Сұраныс әрқашанда сатып алушылар тарапынан болады.

Сұраныс дегеніміз сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным

QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),

мұндағы, QD — сұраныс; Р— баға; I— табыс; Z— талғамдар мен қалаулар; W— күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститутты) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N — сатып алушылардың саны; В — басқа да факторлар.

Ұсыныс дегеніміз – бұл сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атймыз:

Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),

мұндағы, Pr — ресурстардың бағалары; К — технология; Т — салықтар мен субсидиялар; N — сатушылардың саны; В — басқа да факторлар.

Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Тепе-теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға.

  1. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі

1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:EDP = Q% / Р%,

мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар:

1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететн жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1

2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді).

4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = .

5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.

3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:EDI = Q% / I%,.

Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:ESP = Q% / P%,

мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.

Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар:

1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1);

2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1);

3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ESP=1);

4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = ;

5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0.

  1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары

Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады.

Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.

Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.

Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастыры-лады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан, осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар, ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.

Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттық толық еместігі жүйесінде қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакциондық шығындардың орын алуы туралы алғышарттар қойылады. болып табылады. «Трансакциондық шығындар» (келісімдер жасасу және келіссөздер жүргізу бойынша пайдалы ақпараттар іздеу шығындары) теориясының негізін салған американдық экономист Рональд Коуз болып табылады.

Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы – бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық

  1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;

• экономикалық мүдделілігі;

• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;

• белсенді ізденуі;

• жаңалықтығы.

Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрі,құнды қағаздар .

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

1. Новаторлық қызметі. қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

2. Ұйымдастыру қызметі. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады

4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн.

Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

1. Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсы-ну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлер қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып-тастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы сұранысы болуы3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы

  1. Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.

• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

• Коммерциялық кәсіпкерлік –Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

• Қаржылық кәсіпкерлік – бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта

• Кеңес беру кәсіпкерлігі –көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.

2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкерші-лікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.