- •Ё«Экономикалық теория негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Жай ұдайы өндіріс.
- •2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
- •8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
- •9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
- •1. Өндірістік Әлеуметтік Нарықтық
- •Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар
- •Кесте 10.1 жіө-ді есептеу әдістері
- •Y, жиынтық өнім көлемі Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы
- •Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл
- •Сурет 13.1 Филлипс қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 14.1 Лаффер қисығы
- •Сурет 14.2 Лоренц қисығы
1. Жай ұдайы өндіріс.
2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері:
1. Экстенсивті ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының санын арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.
2. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру, өндіріс факторларының сапасын көтеру есебінен өндірісті ұлғайту.
3. Аралас ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының саны мен сапасын бірдей дәрежеде арттыру есебінен өндірісті ұлғайту
1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.
Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы
Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді.
Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктер. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. Маслоу пирамидасы
Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.
Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік.
Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет. Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы.
Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1 суретінен көруге болады. Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.
А
тұтыну
В .
N
заттары
С
Инвестициялық
тауарлар
Сурет 2.1 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу критерийлері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
Экономикалық жүйелер – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
1.1 Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.
2.1 Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
1.1 Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
1.2 Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтанды-рылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
1.3 Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестіккке негізделген қатынастар.
1.4 Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.
Сипатты белгілері:
3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогресс-тің даму деңгейі бойынша:
1.1 Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.
1.2 Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
1.3 Постиндустриалдық жүйе – басты саласы – экономикалық-өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.
Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез-келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады.
Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады.
1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген құқығы.
3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы.
4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге жете алу құқығы.
5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы.
6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
