Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл

Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде сипатталады,

тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция фор-масында көрінетін экономикалық дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы экономика-лық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлдырауға дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.

Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэко-номикалық тұрақсыздық мәселелеріне алғаш рет аса дәйекті түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.

Экономикалық циклдің фазалары:

а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы

ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;

б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;

в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестиция-лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады

№

Циклдің типтері

Ұзақтылығы

Басты ерекшеліктері мен себептері

1

Дж. Китчин циклдері (қорлар циклдері)

2-4 жыл

Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар.

2

К. Жугляр циклдері (инвестициялық немесе бизнес циклдер)

7-12 жыл

Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар

3

К. Маркс циклдері

10 жыл

Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар

4

С. Кузнец циклдері (құрылыс циклдері)

15-25 жыл

Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар

5

Н. Кондратьев циклдері («Ұзын толқындар»)

40-60 жыл

Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар

6

Форрестерлік циклдер

100 жыл

Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер

7

Тоффлерлік циклдер

Мыңжылдықтар

Өркениеттік дамулардың ұласуы

Экономикалық циклдердің себептері. Экономикалық циклдің пайда болу себептері тураcын С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі дақтардың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен байланыс-тырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалысынан орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және инвестиция-лардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қайшылық-тарынан іздейді.

  1. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері Экономикалық өсу кез-келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады

Экономикалық даму экономиканың өсуімен қатар экономиканың құлдырау үрдістерін де өзіне жатқызатын аса кең мағыналы ұғым болып табылады.

Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан да экономикалық өсудің осындай мақсатын көздей отырып, сапалы экономикалық өсуге жету үшін бірқатар міндеттерді орындауды алға тартады.

Экономикалық өсудің міндеттері:

  1. Посткризистік даму жағдайында мемлекеттің экономикаға араласу саясатын оңтайлы үйлесімділікпен жүргізу.

  2. Экономикалық өсуге негізделген өңдеуші өнеркәсіп салалары-на шетел инвестицияларын көптеп тарту және тиімді инвести-циялық саясатты жүзеге асыру.

  3. 2011-2014 және 2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық Стратегияны жүзеге асыру;

  4. Отандық кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру және «Өнімділік – 2020» бағдарламасын орындау.

  5. Отандық өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру және өндірісті әртараптандыру.

Экономикалық өсудің тиімділігі – бұл тауарлар мен қызмет-тердің сапасын жақсарту, олардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандырылуын терең-дету бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.

Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материалдық жағдайларын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту, адамдардың өмір сүру көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының дамуының әлеуметтік бағыт-тылығы.

Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл әлемдік тәжірибеде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.

Қандай да бір елдің экономикалық өсуінің нәтижесін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс ретіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер сипаттайды. Олар белгілі бір уақытқа пайызбен өлше-неді.

Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге бола-ды:

  1. Нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

  2. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:

  1. Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі.

  2. Әлеуетті экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі.

Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар:

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады

  2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сан жағынан өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күші санының өсуі;капитал көлемінің өсуі.

  3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар, техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан да, сан жағынан да өсуі.

Макроэкономикада экономикалық өсудің факторларын негізгі үш топқа бөліп қарастырады:

1. Ұсыныс факторлары – адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.

2. Сұраныс факторлары – бағалар деңгейі, тұтыну шығында-ры, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі.

3. Бөлу факторлары – экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуы.

Алайда, экономикалық өсудің теріс факторлары да болады. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды экономикадағы әлеумет-тік өзгерістер деп атайды. Оларға әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жатады.Соңында, экономикалық өсудің институционалдық фактор-ларын да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлекеттік қорғау, қоғамдық тәртіпті орнату және қолдау, тәуелсіз сот сияқты институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң әсер беріп еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды.

Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, әрі теңгерімді экономикалық өсудің нәтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол себепті, әртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсіндіріле-тін экономикалық өсудің үлгілері әртүлі алғышарттар мен болжам-дарға сүйенеді.

Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер дамытты. Соның ішінде, Дж.Кейнс, Ч.Кобб, П.Дуглас, Э.Денисон, Й.Шумпетер сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.

  1. Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы .

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұра-ныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:

1) экономикалық белсенді халық (бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);

2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т.б.).

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткіш-ке ие болады:

немесе,

мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.

Жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:

1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады.

2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді.

3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуымен байланысты.

Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрик-циондық және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады..ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.

Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәй-кес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі.Шетел-дік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың дең-гейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалып-ты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді

Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыс-сыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

  1. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық салдарлары. Филлипс қисық сызығы.

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфля-ция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияны былай түсіндіру Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.

Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

  • экономикадағы диспропорциялар;

  • әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

  • тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы;

  • ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

Монетарлық себептер:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

  • ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфля-цияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%.

мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.

  1. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағалары-ның динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

  2. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.

  3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ке дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – өршімелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса)

  4. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланс-тандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

  5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

  6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

  7. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмей-тін инфляция болып бөлінеді.

  8. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығын-дар» инфляциясы болады.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді.

2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды.

3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді.

5. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражат-тарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздық-тың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры Албан Филлипстің (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді

π

(инфляция

қарқыны)

P h

(жұмыссыздық деңгейі) U