Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
асыл мет.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360 Кб
Скачать
☆

9Сурак, Алтын мен кумісті қышқыл тимочевиналық элюаттардан бөліп алу тәсілдері

Ерітінділеу мен сорбция бірге жүрізіледі.Сорбциялық ерітінділеудің көрсеткіштері анионидтердің асыл металдар бойынша сыйымдылығына байланысты.Сиымдылығы 20-26кг/тоннасынаболғанда алтынды бөліп алу дәрежесі 95%,процесс ұзақтығы 3 сағат.Процесстің маңызды бөлігі қаныққан шайырды ары қарай өңдеу.Шайыр қымбат тұратындықтан Au бөліп алумен қатар оның регенерациясы да мүмкін болуы болуы тиіс.Қаныққан шайырды өңдеудің негізгі әдісі элюирлеу әдісі.Ол әр түрлі еріткіштердің көмегімен жүргізіледі.Ең тиімдісі тимочевинаның тұз ышқылды ерітіндісіжәне амоний радонидінің сілтілік ерітіндісі.

/ -HCI+CS(NH4)2/

/NaOH+NH4CN4CNS/

Тимочевина Auмен берік катиондық тор түзеді.Оны анион алмасу ұстап тұра алмайды,сондықтан ол ерітіндіге өтеді.

RAu(CN)2+2H++Cl-+2CS(NH4)2=RCl-+Au/CS(NH2)2/2+2HCN

Процесстң маңызды шарты ион алмасу хлор иондары арқылы жүреді.Тимочевина тиімді концентрациясы 8-9% тұз қышқылынікі 2-2,5%.Процесстітік орнатылған колонналарда жүргізеді.Алынған регенератты бірнеше фракцияға бөледі.Бай тауарлық регенерат алтынды бөліп алуға жіберіледі.Кедей регенерат айналымда болады.

Бай регенераттағы Алтын мөлшері 1-2г/л құрылғыларда тұтылады.Тауарлық регенераттан алтынды қорғасын шаңымен немесе электролизбен тұндыруға болады.

2 Au/CS(NH2)2/2++Pb=Pb/CS(NH2)2/42++2Au

Pb шығыны 1г Au -10г Pb.

Au бөліп алу дәрежесі 98%

Электролиз анод графиттен катод титан н/е таттанбайтын болаттан жасалады.Электролит тауарлық регенерат Ваннадағы кернеу 1В,ток тығыздығы 25-30 Ам/м.ұзақтығы 24 сағат.

10- сұрақ. Алтын мен күмісті шашыранды кен көздерінен бөліп алу,шашыранды кендердің түзілу ерекшелігі ірілігі, жуылу дәрежесі бойынша бөлінуі

Шашыранды кендердің түпкілікті кендерден айырмашылығы онда кендік материал табиғи майдаланған, бағалы минералдар бір-бірінен және бос жыныс өскіндерінен тазартылған түрде болады. Яғни қымбат операциялар ұсату мен майдалауды қажет етпейді және байыту процестерінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Негізгі кемшілігі: ашық түрдегі кен көздерінен кен өндіру сезондық жұмысты қажет етеді. Шашыранды кен көздерінің қалыңдығы 1-50м болады. Кей кезде 400м дейін жетеді. Құрамында бағалы минералдары бар құмдар қабаттың төменгі жағында орналасады. Бос тау жынысы торф деп аталады. Практикада шашыранды кендердің қалыңдығын екі бөлікке ғана бөледі. Біріншісі құрамында бағалы минералдары бар құмдар, екіншісі бос жыныстан тұратын торф. Кенді ашық әдіспен өндіргенде торф үйіндіге, ал жер астында игеру кезінде тек құмды қазып алып жууға жібереді. Құмдар түйіршіктік құрамы, бағалы компоненттердің мөлшері, жуылу дәрежесі, қопсу дәрежесімен сипатталады.

Ірілігіне байланысты материалды келесідей бөледі:

  • Қойтастар +100-+200мм

  • Малтатастар -100;+25- -100;+6мм

  • Эфель -25-+0,2 мм

  • Ил(шлам) -0,2 немесе 0,1мм

Қойтастарға өлшемдері мен салмағы бойыншы жуғыш аппараттарды бітеп немесе зақымдайтын кесектер жатады.

Малтатастарға құрамында бағалы компоненттері жоқ тау жынысы түйіршіктерінен тұратын кесектер. Сирек жағдайда сомтума немесе өскіндер түріндегі алтын болуы мүмкін.

Эфельде бөлініп алынатын бағалы минералдардың негізгі бөлігі болады. Дизентригациямен (шашыранды кенді жуып,тазалау) елеуден кейінгі эфельдің шығымы алғашқы байыту фабрикасының жұмыс өнімділігін көрсетеді.

Иль негізінен сазбалшықтан тұрады және оның құрамында әдетте бағалы минералдардың мөлшері төмен болады. Ил қойыртпақтың тұтқырлығы мен тығыздығын көтеріп, минералдардың ұсақ кластарын бөліп алуды қиындатады.

Шашыранды кендердің жуылу дәрежесі құрамындағы сазбалшықтың мөлшері мен құмның тығыздалып цементтелу дәрежесіне байланысты келесідегідей бөлінеді:

  1. Жеңіл жуылатындар (3-10% сазбалшық)

  2. Орташа жуылатындар (10-30%)

  3. Жуылуы қиын кендер (30-60%)

  4. Жуылуы өте қиын кендер (60-80%)

Жеңіл жуылатын кендердің байыту дәрежесі жоғары.

Қопсу дәрежесі

Тығыз массадағы құмдардың салмағын олардың көлемі бойынша анықтау үшін қажет. Құмдардың тығыздығы әдетте 1,1-2 т/м3. Құмдарды бірінші ашық әдіспен (негізгі әдіс), екінші сирек жағдайда жер астында қазады. Ашық әдісте драгалық қондырғы, экскаваторлар қолданылады. Негізгі қазу операциялары:

  1. Құмды бұзу және қазып алу

  2. Байыту фабрикасына тасымалдау

  3. Дизентеграция, жуу және илеу

Құрамында алтын бар құмдар әдетте жеңіл байытылатын шикізатқа жатады және кеде» кендерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Драгалық қондырғыда жазық жердегі еңістігі 1км-ге 20-30м. шашыранды кендерді өңдейді. Драга құмды қазып алып тасымалдайтын алғашқы байытудан өткізетін және қалдықты үйіндіге төгетін агрегат. Оның жұмыс өнімділігі:

  1. 150 литрге дейін шағын драга

  2. 150-300 л орташа драга

  3. 300-600 л үлкен драга.

Үлкен драгада бир сезонда 3 млн м3 құм өңделеді. Драга шөмішінің қазып алу тереңдігі 10-50м дейін. Драга сулы жерде жұмыс істегенде пантондарға, құрғақ жерде платформаларға орналастырылып экскаватормен тасымалданады.

Шашыранды кен орындары құрамында алтын бар түпкілікті кендердің әртүрлі физ-химиялық процестердің әсерінен(табиғаттың) бұзылуы нәтижесінде түзілген қопсыған кен оны. Жер бетіндегі тау жыныстарға температура, жел, ылғал және басқа факторлардың әсерінен бұзылады. Сондай ақ жер астындағы тау жыныстары да жер асты сулары, ауа, тектоникалық әсерлердің нәтижесінен бұзылады. Алғашқы шашыранды кендер өзінің бұзылған жерлерінде жатады, оларды элювиалдық кендер д.а. Табиғаттың әсерінен бұзылған бұл кендер еңістікпен төмен жылжуы мүмкін. Егер кен түпкілікті жерінен жылжып, бірақ еңістіктің шетіне дейін жетпесе, мұндай кендерді деэлювиалдық д.а. Егер кен еңістіктен түсіп, су ағынымен жазықтыққа қарай әкетілген болса, алювиалдық д.а.