Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

3 Кезең – Стерилизация кезеңі.

Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады:

    1. Физикалық әдіс – ыстық құрғақ ауа, жоғары қысымдағы су булары,

инфрақызыл және радиациялық сәулелер.

    1. Химиялық әдіс – химиялық ерітінділер, газдар.

Булы әдіспен стеризациялау үшін жоғары қысымдағы су буларын қолданады, автоклавта жасалады. Жоғары қысыммен берілген ыстық бу заттардың ішіне терең еніп өте тиімді әсер етеді.

Булау әдісі аурухана, емхана, микробиологиялық зертхана, фармацевтикалық өндірісте хирургиялық материал, таңу заттарын, резеңкелі түтікше, катетер, биялай, шыны заттарын залалсыздау үшін кеңінен қолданылады. Көлеміне, құрылымына, берілетін қысымына қарай дөңгелек және төртбұрышты; тікелей және көлденең орналасқан автоклавтар қолданылады (суретті қара № 4, 5).

Вертикалды автоклавтарда бұйымдарды алып-салу төбесінен жасалады, көлденең автоклавтар 1 есіктік және 2 есіктік болып шығарылады.

Екі есіктік автоклавты 2 бөлме арасына қойып лас-дайындау және таза-стерильді бөлімдерге бөлуге болады.

Вертикалды автоклавтар 3 бөлімнен құралады:

  1. Стеризациялау камерасы.

  2. Суды булау камерасы

  3. Сыртқы қорғайтын қорап.

Суды булау камерасына электр жылытқыштар қосылады, ыстық будың қысымын және температурасын автоматталған түрде бақылайды. Будың қысымын манометр көрсетеді, қажетті қысымды өзгертуге болады.

Судың температурасын термометр өлшейді, судың көлемін бақылау қажет болса су құятын воронка арқылы дистилденген сумен толтыруға болады. Автоклавтың сыйымдылығы 4, 10, 12, 30, 50, 75, 100, 280, 400, 560, 760 дм3 (3-кесте).

№3 кесте

Стерилизациялау тәртібі

Қолдануы

Стерилизациялау камерасында бу қысымы (кг/см2)

Стерилизация камерасында жұмыс температурасы Т0С

Стерилизация уақыты, минутта

2,2

132

20

Коррозияға төзімді металлдар, шыны, резеңкелі бұйымдар

1,1

120

45

Резеңке, латекс, полимерлі материалдан жасалған бұйымдар

Алдымен булау камерасына су құйылады, кейін стерилизациялау камерасына бикстерді салып қақпағын бұрап қатты жабады, камерадан буды шығарады. Камерада қысым мен температура қажетті деңгейге жеткен уақыттан бастап залалсыздау уақытын белгілейді. Стерилизациялау біткен соң бетін ашып буды толық шығарады, бикстерді арнайы стөлга қойып, шетіндегі тесіктерді дереу жабу керек. Бикстерді стерильді матамен жауып, толық суынғаннан кейін бөлек есіктен таратады.

Автоматтандырылған булы стерилизатор әлемдік талаптарға сай, қашықтан басқарылады, стерилизация тәртібі бағдарламаға енгізілген.

Медициналық стерилизатор «STERRAD 50» - соңғы технология жетістіктеріне сәйкес жасалған, жоғары температура мен ылғалдылыққа төзімді медициналық аспаптарды тез және қауіпсіз стерилдеуге мүмкіндік береді, коррозия бермейді, аспаптардың өткірлігі сақталады. Стерилизация уақыты қысқартылған – 45 минут.

5-сурет. Құрғақ-ыстық шкаф

Дезинфекция камералары

Дезинфекция камералары – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6).

Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет.

Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады.

Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады.

Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас:

  1. Заттарды салатын жұмыс камерасы.

  2. Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы).

  3. Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар).

  4. Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш).

  5. Желдету құралы мен қондырғылары.

Стерилизациялау әдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:

  1. Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады.

  2. Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді.

  3. Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді.

  4. Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді.

  5. Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.

Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді.

Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.

Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.

Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін.

Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты.

Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.

Дез. камераның жұмысын бақылау:

  1. Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды.

  2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау.

  3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз.

  4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз.

  5. Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С). Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді.

Бірақ max. t-ны; хим.заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс – биологиялық.

6-сурет. Дез. камера

7-сурет

Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағалы киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.

Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды (7-сурет).

Дезинфекциялау кезеңдері:

  1. Сорттау, заттарды камераға салу - 5-10 минут.

  2. Камераны қыздырып алу және заттарды кептіру – 10-15 минут.

  3. Температураны көтеру (булы камерады қысымды да) –10-15 минут.

  4. Камераға формальдегид қосу – 3-10 минут.

  5. Залалсыздау - 10 минут – 4 сағат.

  6. Қысымды төмендету, қалпына келтіру - 2-10 минут.

  7. Формальдегидті нейтрализациялау, камераны заттарымен бірге желдету - 10-40 минут.

  8. Заттарды шығару –5-10 минут.

Дезинфекциялық камераларда 2 дезинфектор жұмыс істейді, біреуі лас бөлмеде заттарды сорттап салады, екіншісі бақылап, таза заттарды алып, журналға жазады, таратады. Лас бөлмеден таза бөлмеге өткенде халат, қалпақты шешіп, камераға салады, қолын сабындап жуып таза киім киеді.

Булау пештерінде суды жылытып буға айналдырады, шығатын будың қысымын манометр арқылы өлшеп тұрады.

Дезинфекцияның сапасын бақылау

1.Визуальды.

2.Бактериологиялық.

3.Химиялық .

Дезинфекция құралдары

Қолданатын дезинфекциялық заттың сапасына қарай дезинфекция құралдары ұнтақ себетін және аэрозоль шашырататын болып бөлінеді.

Дезинфекция құралдары қолдану тәсіліне қарай қол аспаптары және механикалық аппараттар болып бөлінеді, оларды пневматикалық, гидравликалық немесе пневмогидравликалық жолдармен жұмыс істетеді.

Жер бетінде жүретін жәндіктерге және заттардың бетіндегі микроорганизмдерге қарсы қолданатын дезинсекция заттары ұнтақ пен сұйықтық түрінде ірілеу болуы керек. Ауада ұшатын жәндіктерге қарсы өте майда түріндегі заттар қолданылады.

Қазіргі кезде дезинфекцияны жүргізуде квазар, тұманшашқыш және т.б. қолданады (сурет №8).

8-сурет. Квазар

9-сурет. Дезинфекция өткізгенде дезинфекторлар арнайы киім киеді.

Санитарлық өңдеу және санитарлық өткізгіштер

Санитарлық өңдеу - адамның сыртқы терісін, киімдерін, төсек заттарын залалсыздауға арналған шаралардың комплексі. Санитарлық өңдеу толық және толық емес түрде жасалады.

Алдын алу мақсатпен санитарлық өңдеу жасағанда адамдары жуындыру, өңдеумен қатар камералық әдіспен заттар дезинфекция және дезинсекция жасалады. Мысалы, транзитпен өтетін халықты санитарлық өңдеуден өткізу

Жартылай санитарлық өңдеу кезінде шаш қиып, душта шомылдыру, киімдерін ауыстыру, дезинфекция (немесе дезинсекция) жасайды.

Толық санитарлық өңдеуде адамдарды, олардың киімдерін өңдеумен бірге төсек заттары камералық әдіспен залалсызданады, үйдегі инфекция ошағы дезинфекцияланады. Санитарлық өдеу арнайы санитарлық өткізгіште жасалады.

Санитарлық өткізгіш құрамына монша және бірнеше дезинфекциялық камералар кіреді. Моншаның шешінетін жерінен лас заттарды қабылдап камераға салады, адамдарды дәрігер тексеріп, қажет болса шашын қидырады, өңдеуден өтеді, 20 минут шомылып болған соң, залалсызданған заттарын таза бөлімнен қайтарып береді. Санитарлық өңдегіште лас затпен таза зат қатынаста болмауы керек. Санитарлық өңдегіштің едені, қабырғалары плиткаланған немесе боялған, жууға, дезинфекциялауға төзімді болуы керек, жиһаздары тегіс, залалсыздауға төзімді болуы тиіс. Санитарлық өңдегіштерді СЭҚД, дезстанция, карантиндік пункттерде, вокзалдарда орналастырады. Ерлер мен әйелдерге 2 паралельді өткізгіш болады, егер мүмкіндік болмаса кезекпен өткізіледі. Санитарлық өңдегіш болмаса жалпы моншаны қолдануға болады, жылжымалы дезинфекциялық камераны қосымша орнату қажет. Жылжымалы дезинфекциялық – душ қондырғылары автоприцеппен көлікке қосылады. Қондырғыда булау пеші, 2 дез камера, душ, қол насосы, түтікшілер бар. Әр камераның 2 есік бар, бір есіктен лас заттар салынады екіншісінен таза залалсызданған заттар алынады.

Дезинсекция және оның сапасын бағалау

«Des» – теріс, қарсы, «insectum» - жәндік мағынаны білдіреді. Дезинсекция – инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды жою. Кең мағынада дезинсекция - адам, тұрғын үй мен табиғат аймақтарында буынаяқтыларды жоюға бағытталған шаралар.

Буынаяқтыларды түбегейлі жою мүмкін болмағандықтан соңғы жылдары дезинсекцияның мақсаты - зиянды жәндіктердің санын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою болып табылады.

Жәндіктер орман және ауылшаруашылығына кері әсерін тигізеді, тағамдар, жиһаз бен үй құрылысының ағаш бөлшектеріне зиян келтіреді, бүлдіреді, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды.

Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде буынаяқтыларды жою үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық, экологиялық, фенологиялық ерекшеліктерімен байланысты.

Буынаяқтылардың құрылысын, тіршілігін және экологиясын энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар типінің биологиясы, даму кезеңдері, құрылысы, экологиясы туралы ғылым.

Медициналық дезинсекция трансмиссивті ифекциялардың, яғни буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктерді зерттеу, олармен күресу шараларын, жою әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары ұйымдастырады.

Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және арнайы емес механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын, шіркей, таракан, құмырсқа).

Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:

1. Алдын алу дезинсекциясы.

2. Жоятын дезинсекция.

Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік етуіне, көбеюіне жол бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға зиян келтіруін алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасын сақтау мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау, қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан үнемі тазалау, тағамдарды жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау, батпақты жерлерді жою, өзен мен арықтарды тазалау.(суреттерді қара ?)

Жою дезинсекцияда қолданатын әдістер:

  1. Механикалық әдіс.

  2. Физикалық әдіс.

  3. Химиялық әдіс.

  4. Биологиялық әдіс.

Механикалық әдісте тазалау, қағу, ұстау қолданады. Мысалы, шыбындарды ұстау үшін шыбын ұстағыш, шыбын ұрғыш, жабысқақ қағаз пайдаланылады.

Физикалық әдісте жоғары және төмен температура қолданылады.

Мысалы: бүрге басқан қажетсіз заттарды өртеу немесе бит басқан заттарды ыстық сумен жуу, қайнату. Дезинфекция камераларында ыстық ауа мен бу кеңінен қолданылады.

Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады: жоятын, үркітетін (репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын (атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-өнуін тоқтататын заттар - регуляторлар қолданылады.

Жәндіктерді жоютын заттарды инсектицидтер деп атайды, кенелерді жоятын заттар – акарицидтер, жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы заттар –овоцидтер, дернәсілдеріне қарсы заттар - ларвицидтер деп аталады.

Жәндіктерге қарсы қолданатын химиялық заттар жәндіктерді толығымен, тиімді жоятын, бірақ адамға және үй жануарларына зиянсыз болуы керек. Барлық қолданатын заттар у болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық шараларын қарастыру қажет, тағамдарды, өсімдіктерді, жайылым жерлерді, ашық су қоймаларын ластамайтын болуы керек. Инсектицидтердің тиімділігі қолданатын препараттың улылығынан, мөлшерінен, қолдану уақытынан, ауаның температурасынан, залалсызданатын жердің санитарлық жағдайынан байланысты.

Инсектицидтер жәндіктердің денесіне түрлі жолдармен түседі - сыртқы қабат, тыныс алу, ас қорыту жүйесі арқылы.

Денеге түсу жолына қарай инсектицидтер 3 топқа бөлінеді:

  1. Контактты инсектицидтер.

  2. Ішек инсектицидтері.

  3. Фумиганттар.

Контактты инсектицидтер жәндіктердің сыртқы қабаттары арқылы денесіне түседі. Контактты инсектицидтер қолданатын заттың химиялық құрылысына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбаматтар, пиретроидтар және өсімдік заттары болып бөлінеді.

Хлорорганикалық заттарға гексахлоран, ГХЦГ, линдан, ДДТ жатады, олар қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады, адамның, малдардың денесінде, өсімдіктер мен топырақта жиналып, бірнеше жылға дейін кері әсерін тигізеді.

Гексахлоран - кристалл түрдегі ақ түсті зат, органикалық ерітінділерде жақсы ериді, α, γ, β изомерлері бар. Иісі өткір жағымсыз, ұзақ сақталады. Гексахлоран 15 % эмульсия, 6-12 % дуст, 3 % инсектицидтік сабын түрінде шығарылады.

Фосфорорганикалық инсектицидтер қоршаған ортада ұзақ сақталмайды, жиналмайды, өте тиімді, сондықтан тәжірибеде кеңінен қолданылады: хлорофос, ДДВФ, карбофос, трихлорметафос-3, дифос, метилнитрофос, сульфидофос.

Өсімдіктерден жасалған инсектицидтерді бит, бүрге, таракандарға қарсы бұрыннан қолданып келеді. Пиретрум - көп жылдық түймедақ гүлдерін кептіріп жасалады, шыбын, маса, кене, бит, бүргеге қарсы қолданылады. Пиретрумды уайт-спиртте немесе керосинде тұндырып 0,06 % флицид түрінде қолданады. Синтетикалық пиретроидтар жәндіктердің нерв жүйесін салға әкеліп соқтырады, аса улы емес, қазіргі кезде неопинапин, неопин, неопинат кеңінен қолданылады.

Керосин – тұнық сұйықтық, оның түсі тазалау сапасына байланысты өзгереді. Тазаланған керосин суда ерімейтін, ақшыл тұнық сұйықтық, улы заттарды еріту үшін қолданады немесе су қоймаларындағы масаның жұмыртқасы мен дернәсілдеріне қарсы қолданылады. Хлорланған керосинді алу үшін 1 литр керосинге 50 гр хлор әгін қосып 6-7 сағат тұндырады, кейін сүзіп алып қолданады.

Ішек инсектицидтері жәндіктердің ішегіне түскенде ғана әсер етеді, сондықтан жалап-кеміретін жәндіктерге қарсы (шыбын, таракан) және су қоймаларына шашу, себу үшін қолданылады. Бор қышқылы – ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, таракан, биттерге қарсы қолданылады. Таракандарға қарсы боракстан наннан улы жем дайындайды: 3 шәй қасық бор қышқылын 1 стакан суға ерітіп нан батырып қояды. Бас биттеріне қарсы 5% бор майын қолданады. Бура түссіз кристалл, тек ыстық суда ериді, таракандарға қарсы қолданылады. Еліктіргіш дайындау үшін бураны табада қыздырып 1:1 қатынаста ұнмен немесе шекермен араластырады.

Натрий фториді ақ түсті ұнтақ, таракан мен құмырсқаларға қарсы қолданылады 50-80 % приманка түрінде, жәндіктер 5-6 күннен кейін өледі. Бутадион – ақ түсті, әщі дәмді синтетикалық дәрілік препарат. Бутадион 0,05 немесе 0,15 гр таблетка және ұнтақ түрінде шығарылады. Бутадионды ішкенде 14 тәулік ішінде адамның қанында сақталады, қан соратын бит, маса, кене, бүргелерге улы болады. Бөртпе сүзегі ошағында биттерге қарсы қолданылады.

Фумиганттар – газ және бу түрінде болады, жәндіктердің тыныс алу жүйесі арқылы түсіп әсер етеді. Фумиганттарға гексахлоран, ДДВФ, дихлорэтан, метилхлорид, нафталин, күкірт ангидриді, метилбромид жатады.

Дихлорэтан – хлороформ иісті, түссіз сұйықтық, тағам өнімдерін, астықты газдау үшін жәндіктерге қарсы қолданылады.

Этилен оксиді - ұшатын сұйықтық, жарылыс беруі мүмкін, камералық дезинсекция, дезинфекция үшін қолданылады, өте тиімді.

Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері

Дезинсекциялық заттар – бұл бір немесе бірнеше химиялық заттан құралған, қолайлы, қажетті түріне келтірілген заттар.

Қолданатын заттың түрі, құрамы, дайындау әдісі заттың физикалық және химиялық қасиетін өзгертіп оның тиімділігіне әсер етеді. Дезинсекциялық заттың бір заты негізгі әсер етуші, басқалары қосымша әсер беруші болады, яғни негізгі заттың әсерін күшейтеді немесе қажетті, тиісті түрі береді.

Инсектицидтің түрін таңдағанда жәндіктің биологиялық ерекшелігін, даму кезеңін және денесіне түсу жолын ескеру қажет.

Инсектицидтер ерітінді, ұнтақ, дуст, суспензия, гранула, эмульсия, аэрозоль, сабын, паста, май түрінде шығарылады.

Инсектицидтік ерітінділерді дайындау үшін суда ерімейтін ерітінділерді органикалық еріткіштерде ерітеді.

Ұнтақтар – төгілетін, қатты түріндегі майда заттар. Минералды және өсімдік ұнтақтары суда жақсы ериді.

Дуст – инсектицидтен және қосымша заттан құралған қосынды. Қосылатын зат негізгі заттың көлемін көбейту үшін, көп көлемдегі жерге себу үшін қажет. Дусттың құрамында инсектицид 10-20% болады, қалғаны қосымша заттар. Дусттар ұзақ уақыт сақтағанда бұзылмайтын, ылғалданбайтын, түйіршіктенбейтін, жақсы себілетін болуы керек. Дуст ұзақ уақыт сақталуы үшін су сіңірмейтін инсектицидтер немесе қосымша заттар қосылады.

Суспензия – дуст немесе ұнтақты суда еріту арқылы дайындалады. Суспензия дайындауға арналған заттар ұзақ сақталатын, суда жақсы еритін болуы қажет. Суспензия дайындау кезінде инсектицидтің техникалық құжатына сәйкес өлшеп алады, шелекке салып ағаш қалақшамен біркелкі ерітінді пайда болғанға дейін араластырады, кейіннен қажетті мөлшерде су құйылады.

Гранула –дустқа ұқсас, бірақ көлемі ірілеу 0,1-0,5 мм. Гранула топырақ, тағам мен астықтағы зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылады, ұзақ уақыт бойы әсер етеді, үнемді.

Эмульсия – ерітілетін зат пен еріткіш сұйықтық түрендегі жүйе. Бір ерітіндіні екінші ерітіндімен араластыру және тұрақты болуы үшін эмульгатор қосу арқылы дайындалады. Эмульгатор ретінде желатин, каучук, сабын, смола және синтетикалық белсенді заттар қолданылады. Бірнеше эмульгатор қосылуы мүмкін. Эмульсия 2 түрде шығарылады, бірінші тобы қою сұйықтық немесе паста, екінші тобы минералды майлар қосу арқылы дайындалады. Ерітінді дайындау үшін эмульсияны сумен араластырады.

Паста - құрамында 25% кем емес ұнтақ түріндегі химиялық зат қосылған қою май. Өндірісте шығарылатын паста тұрақты емес, суықта сақталғанда бұзылады. Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін паста су қосу арқылы ерітіледі.

Сабындар – физикалық, химиялық қасиеті бойынша жақсы ериді және улы заттарды жақсы ұстайды. Өндірісте құрамына ДДТ, ГХЦГ қосылған сабындар шығарылады. Мұндай сабындар кір сабынға ұқсайды, бірақ арнайы иісі болады. Сабынды ерітінді дайындау үшін уайтспирит, скипидар, вазелин қолданылады.

Аэрозольдер – инсектицид қосылған зат (49-сурет). Аэрозольдер арнайы генератор арқылы, жанатын заттарды өртеу, шашка немесе қағаз өртеу арқылы, немесе арнайы баллон арқылы қолданылады. Инсектицидті түтін алу үшін қағаз, картон, шүберекке ұнтақ сеуіп өртейді не шашка, таблетка қолданылады. Аэрозольді инсектицидтік қағаз дайындау үшін фильтрлі қағазға 5-7% селитра ерітіндісін және инсектицид құйып кейіннен кептіреді. Қолдану кезінде қағаз тез жанбайтын, ұзақ уақыт түтеп тұратын болуы керек. Түтіндеу арқылы ұшатын жәндіктер, жерге түскенде жорғалайтын жәндіктер жойылады.

Термиялық аэрозоль ретінде өндірісте шығарылған шашкалар қолданылады. Шашка металл немесе картоннан жасалған цилиндр, оның ішіне инсектицид салынады, қақпақпен жабылады. Шашка кеуірт секілді жағылады, жанғаннан кейін инсектицид босайды, түтін, бу және газ болып шығарылады. Шашка жағылғаннан кейін адам бөлмеден шығып, есікті тығыз жабуы қажет. Түтін 1-1,5 минут шығады.

Репелленттер – жәндіктерді шошытатын заттар, маса, кене, бүрге, шіркейлерге қарсы орманда, далада қолданылады. Репелленттерді теріге май, крем, лосьон түрінде жағады немесе киімге, қорғайтын торға, перде, есік, терезеге аэрозоль, эмульсия түрінде қолданады. Денеге жаққан репеллент жәндіктерден 1,5-6 сағатқа дейін қорғайды. Киімді өңдеу үшін үлкен ыдысқа ерітінді дайындап киімді 15-30 минутқа батырып қояды.

Биологиялық әдісте жәндіктердің табиғи жауларын қолданады. Мысалы, масаларға қарсы маса жейтін қаздар қолданылады.

Сонымен қатар бірнеше тәсілдер қолданады:

1. Шошытатын немесе тартымды заттар (аттраканттар)

  1. Рентген және γ-сәулелерімен стерилденген, ұрықтары жойылған аталық жәндіктер.

  2. Химиялық әдістерді қолданып жыныстық стерилдеу.

  3. Патогенді микроорганизмдермен жұқтырып, ұрпақтан ұрпаққа тарату.

  4. Жәндіктердің генетикалық құрылысын бұзу.

Аттраканттар - тартымды заттар, тағаммен, иіспен немесе жыныстық ферменттермен жәндіктердің сезу мүшесіне әсер етеді. Маса, шіркейлер жануарлардан шығатын иіспен табады. Бөлме ішінде аттраканттарды қолдану арқылы маса, таракандарды жоюға болады.

Жәндіктерді ионды сәулелермен, рентген және γ-сәулелерімен өңдеу арқылы аталық түрін жыныстық залалсыздау әдісі қолданылады. Сәулелендіру әсерінен аталықтардың хромосомдарында, гендерінде физикалық және химиялық өзгерістер пайда болады, табиғатта жәндіктердің бұл түрі бірте-бірте жойылады.

Жәндіктердің өсуін қадағалайтын заттар және гормондардың синтетикалық түрі қоршаған ортаға қауіпсіз, қолдануы оңай және тиімді.

Дезинсекцияның сапасын өңдеу жасалғаннан 3-10 тәуліктен кейін және айына 1 рет тексереді. Дезинсекция сапасын бағалау үшін 2 әдіс қолданады:

  1. Визуалдық тексеру - жәндіктердің мекендейтін жерін тексеру немесе тұрғындардан, қызметкерлерден сұрау арқылы анықтау.

  2. Өлген жәндіктерді зерттеу немесе жабысқақ қағаз қойып аулау арқылы.

Егер жабысқақ қағазға 1-2 бит түссе – аз, бірен-саран; 3-10 бит түссе - көп, 10 көп бит болса өте көп деп бағаланады. (сурет 10,11,12. )

Дезинсекция бақылауы үшін тест-обьектілер қолданылады:

    1. Арнайы микробтардың культурасы сіңген қағаздар, оларды мешоктарға салып, 15-20 нүкте орнына киімге саламыз. Уақыт біткен соң, тест-обектіні алып, ет –пептанды бульонға егіп, термостатқа салып қоямыз. 1 күн өткен соң, егер пробиркада өсу білінбесе, бактериоцидтік эффект өте жақсы әсер етті деп айта аламыз.

    2. Дезинсекция үшін тест-инсект дайындаймыз. Мысалы биттер және оның жұмыртқасын мешоктарға алып, киімнің арасына қоямыз. Уақыт біткен соң, мешокты алып, 21 күн бойы бақылау жүргіземіз, олардың өлгенін анықтаймыз.

10-сурет. ТҰМАН ШАШҚЫШ

Дезинсекция заттары

11-сурет

12-сурет. Дезинсекцияның биологиялық әдісі.

Дератизация және оның сапасын бағалау

Дератизация – кеміргіштерді жою. «Rat» - кеміргіш «des» – теріс. Дератизация кең мағынада – эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және экономикалық зиянкестік келтіретін кеміргіштерді жою.

Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы. Кеміргіштердің індерінде қансору арқылы жұқпалы ауруларды таратушы бүрге, кене, масалар кеңінен таралған. Сарышұнақ, сұртышқандар шөлді аймақтарда оба ауруының табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы болып келеді. Қара тышқандар кемелерде мекендеп оба ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары туляремия ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым геморрагиялық қызбасының таратушысы болып табылады. Сонымен қатар, кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез, кенелік энцефалит, Ку қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына қатысады. Дала тышқандары өніп келе жатқан бидайды, өсіп тұрған жеміс-жидектерді, қоймалардағы астықты жеп, ормандағы ағаштарды кеміріп, үйдегі заттарды бүлдіріп үлкен экономикалық зиян келтіреді. Кеміргіштердің 2800 жуық түрлері белгілі, жерде немесе суда тіршілік етеді, барлық континенттерде кездеседі, өте қомағай, тез көбееді және қоршаған ортаға тез бейімделеді. Адамның құрылыстарында қара, сұр және үй тышқандары мекендейді. Кеміргіштер аш болса 2-3 тәулікте, сусыз 2 тәулікте, аш және сусыз болса 25 сағатта өледі.

Кеміргіштерді алдын алу және жою шаралары. Алдын алу шараларының мақсаты кеміргіштерге баспана бермеу, тағамдарға жолатпау. Кеміргіштерге қарсы шаралар алдын алу, жою санитарлық және техникалық шаралардан құралады.

Санитарлық шаралар – тұрғын мекендердің аймағын және айналасын таза ұстау, қора, қойма, базар, тамақ өндірісінде, жануарлардың заттарын өңдеу мекемелерінде санитарлық жағдайды жақсарту, қадағалауды күшейту.

Кеміргіштерді суға жолатпау үшін су колонкаларын, канализация құдықтарын қатты жабу, қалдықтарды уақтылы шығару, қоқыс жинайтын темір жәшіктердің биіктігін 70см төмен жасамау керек. Асхана, азық-түлік дүкендерінде, ет, балық заводтарында тамақ өнімдеріне кеміргіштерді жолатпау. Қоймаларда қатарлар аралығы, қабырғадан қашықтығы 70см кем болмауы керек, еденнен 15 см биік решеткада сақталуы керек.

Техникалық шаралар: тұрғын үйлерге, өндірістік мекемелерге кеміргіштер кірмеуі үшін еденде тесіктер болмау керек, фундаменті 85см кем болмауы керек, желдетуге арналған тесіктерді торлау қажет.

Агротехникалық шаралар: егістік жерлерді тиімді жоспарлау, кепкен шөптерді құрту, бос жерлерді жырту, жайылым жерлерді жақсарту, астықты уақтылы және түгел жинап алу, астықты қоймаларда дұрыс сақтау.

Кеміргіштерді жою механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен жасалады.

Механикалық әдісте кемірігіштерді арнайы құралдармен аулайды немесе улы жемді пайдаланады. Бұл құралдардың ішінде кеміргіштер өледі немесе аулап кейінен өлтіреді. Механикалық әдісті ашық ауада және бөлмеде қолдануға болады, адамға, малдарға зиянсыз, тиімділігін дәл анықтауға болады. Бұл әдісті кеміргіштерді жою үшін және олардың санын, түрін, таралуын анықтау үшін және бактериологиялық зерттеулер жасау үшін қолданады. Кемшілігі: аулау құралдарын қойып және оны үнемі бақылап тұру қажет, аулау құралдары шектеліп шығарылады, сондықтан химиялық әдіспен бірігіп жасау тиімді.

Кеміргіштерді жою үшін қақпан немесе бастырғыш қолданылады, онда пружина кеміргішті басып қалады, кейіннен оны тазалау керек. Пружеңкелі қақпанды тақтайға немесе қатты қалың тақтайға орнатады, ортасына 2 спиралды пружеңкені қояды, пружеңкенің ішкі жағын тақтайға бекітеді, сыртқы жағы төртбұрышты темірді басып тұрады, ортасындағы ілмекке улы жемді іледі. Үлкен қақпанның көлемі 20х10см, кіші қақпан – 12х6см. Универсалды қақпандар кеміргішті де, тышқанды да аулайды. Пластиналы қақпанда ілмектің орнына пластина орнатылған, бетіне май жағып қояды, өте сезімтал. Сеткалы, тірідей аулағыштың ұзындығы - 7см, ені-10см, биіктігі-18см. Тақтайға тор орнатылады, бір жағындағы жылжымалы есік пружеңке арқылы ілмекпен қосылған, ілмек есіктен 5-7см қашықта қойылған. Кеміргіш сетка ішіне кіріп ілмектегі еліктіргішке (приманкаға) ұмтылғанда қақпан жабылып қалады. Тишлеев тышқан аулағышы автоматты түрде жұмыс істейді, бірнеше рет аулауға мүмкіндік береді. Ұзындығы - 23см, ені-16 см, биіктігі- 7см. Жәшіктің 3 жағы толық жабылады, төртінші жағында жылжымалы тор қойылған, ішіне кірген кеміргіш қайтып шыға алмайды, бөлмеде жинала береді. Кірер жерге уланған жем себіледі. Үй секілді жасалған аулағыштың едені жылжымалы етіп жасалады, уланған жем себілген торға кірген кеміргіш, қайтып шыға алмай қалады, 20-30 дейін тышқан аулайды. Аулайтын құралдар кеміргіштерді уланған жемнің иісімен тартады. Астық қоймаларында еліктіргіш ретінде - ет, балық, ірімшік қойылады. Ет өндіру мекемелерінде керісінше нан, бидай, жемістер қойылады. Қақпанға көбіне нан, шұжық, балық, май қойылады. Жабысқақ затты үлкен картон, тақтайға 50х50 см көлемде жағып ұстауға да болады.

Химиялық әдісте – ратицидтер асқазан-ішек және тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар қолданылады:

  1. Уланған жем дайындау (тағам, су)

  2. Кеміргіштердің індерін, жүретін жерлеріне у себу.

  3. Газ арқылы кеміргіштердің тыныс алу жүйесіне әсер ету.

Уланған жем кеміргіштерді тез өлтіреді, адамға, малдарға зиянсыз және қолдануға ыңғайлы.

Ішек ратицидтері ретінде цинк фосфиді, зоокумарин, ратиндан, өсімдіктен жасалған қызыл теңіз пиязы қолданылады. Уланған жемді індердің тесігіне, қуыстарына салады. Алдымен ін тесіктерін қағазбен немесе топырақпен жауып бақылайды, егер 2-3 күннен кейін тесік қайта ашылса, інде кеміргіштер тұратынын білдіреді. Әр бір кеміргіш ініне 20-25грамм, тышқандарға 2-3 грамм уланған жем қойылады. 5-8 күннен кейін іннің тесігін қайта жауып жою сапасын тексереді, қайта ашылса басқа уланған жем қойылады. Қоймаларда және ашық жерде уланған жем шашылып кетпеуі үшін арнайы жасалған жәшіккке салып қойылады. Жәшік немесе қораптың ені -25см, ұзындығы - 40см, биіктігі - 15см, беті ашып-жабылады, екі шетінде тышқан кіруге арналған 7-8см тесіктері бар, ортасына ыдысқа 50-100 грамм уланған жем салып қойылады. Сұйық уланған жемдерді суға қосып қояды. Репеленттер ретінде нафталин, меркоптан, керосин, эфирлі майлар қолданылады.

Газдау әдісі тек көліктерді, темір жол вагондарын, порт кемелерін, ұшақтарды өңдеу үшін қолданылады. Тұрғын елдерде тек бөлек тұрған элеватор, қойма, диірменді, далада-кеміргіштердің індерін газдайды.

Газдау ІІІ кезеңнен тұрады: дайындау, газдау, дегазациялау.

Дайындау кезеңінде газдайтын жерді адамдардан, су, тағамдар, малдардан, өсімдіктерден босату керек, есік-терезелерін жақсылап жауып, қуыс, тесіктерін клейлеп қояды. Газдау кезеңі улы газды сепкен уақыттан бастап саналады, залалсыздау уақытын қатал сақтау қажет. Газдау уақыты біткен соң желдету қажет.

Оба ауруы анықталған жағдайда кемені ішіндегі заттарымен бірге толық газдайды, газдау үшін метилбромид, күкірт ангидриді қолданылады. Газдау әдісінің тиімділігін бағалау үшін өлген кеміргіштерді 1 тәуліктен кейін бағалайды, газдау алдында арнайы биобақылау тесттерін қояды.

Биологиялық жою әдісінде кеміргіштердің табиғи жауларын және патогенді бактериялардың дақылдарын қолданады. Бактериологиялық жою үшін адамға зиянсыз сүзек, сальмонеллез қоздырғыштары, ал табиғи жаулары ретінде мысық, ит, түлкі, кірпі, жылан, құстар қолданылады.

Дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыру:

  1. Ошақтық дератизация – жұқпалы ауру таралған ошақта, құрылыста жасалады.

  2. Таңдаулы дератизация – белгілі аймақта, мекемелерде, ет, балық өндірісінде, элеваторда, қоймаларда жасалады.

  3. Жаппай, бір мезгілдік дератизация – тұрғын мекендерде жылына 1-2 рет жасалады.

  4. Жаппай, жүйелі түрдегі дератизация – үлкен қалаларда, порттарда жаппай түгелімен жүйелі түрде өңдеу жасалады. (сурет 13,14.)

Дератизацияның сапасын бағалау.

Кеміргіштердің толық жойылғанын білу үшін үш көрсеткіш қолданылады.

1) Тағамдардың бүлінуі, экскременттердің болуы, жаңадан заттардың зақымдалуы бойынша белгілерін анықтау.

2) Кеміргіштердің інін тампон немесе қағазбен жапсырып қойғанда, олардың жыртылуы жаңа індердің пайда болуы.

3) 3 тәулік бойы кеміргіштерді қақпанмен аулау. Теріс нәтижелер мекеменің кеміргіштерден тазарғанын көрсетеді. Қақпанды мекеменің 30 м2 –ге бір қақпан қою есебінде есептеледі. Үш тәулік бойы ұсталынған кеміргіштер саны қосылады және 1000 м2 –ге қайта есептеледі.

13-сурет. Дератизацияның механикалық әдісі.

14-сурет. Дератизацияның биологиялық әдісі.

Тест

1.Залалсыздандырылатын заттың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның әдісітеріне мынадан басқасы жатады

A)Физикалық.

B)Химиялық.

C)Биологиялық.

D)Механикалық

E)Психикалық

2. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар-жоғына байланысты дезинфекцияның түрлерін атаңыз

A) күнделікті және қорытынды

B) ағымды және қорытынды

C) жоспарлы және күнделікі

D) ағымды және жоспарлы

E) ошақты және қорытынды

3. Дезинфекция шараларын іске асыруда мынадан басқа жұмыс шаралары жүргізіледі

A) жұқпалы аурудың түрін анықтап алу

B) Таралу ошығы

C) Инфекция көзі

D) ағымды және жоспарлы

E) инфекцияның таралу деңгейі

4. Инфекцияны күн сәулесі, кептіру, бактерицидтік шамдар, ультрадыбыс, УВЧ, ультракүлгін және радиоактивті сәулелер арқылы дезинфекциялау әдісі

A)Физикалық.

B)Химиялық.

C)Биологиялық.

D)Механикалық

E)Психикалық

5. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын - бактерияларды өлтіретін химиялық заттар

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) фунгицидтер

D) вирусилцит

E) спорацит

6.Микроорганизмдердің өсіп-өнуін, дамуын тоқтататын, тежейтін заттар

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) фунгицидтер

D) вирусилцит

E) спорацит

7. Инфекцияны жоғары температурада дезинфекция әдісі ретінде қайнату, пастеризациялау, қыздыру, өртеу, судың буы, ыстық ауа, кептіру жолдарымен жүзеге асырылады дезнфекциялау әдісі

A)Физикалық.

B)Химиялық.

C)Биологиялық.

D)Механикалық

E)Психикалық

8. Пастеризация әдісінде тағам өнімдерін температура қанша градуста 30 минут қыздыру арқылы вегетативті формадағы микробтарды жоюға болады

A) 90-100 градуста

B)70-90 градуста

C) 80-90 градуста

D) 70-80 градуста

E) 85-90 градуста

9 Микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) стерилизация

D) дезиндекция

E) оқшаулау.

10. Теріде, шырышты қабықшаларда, жаралар мен қуыстарда ауру қоздырғыштарының қоныстануы мен көбеюінің алдын алу әдістерінің жиынтығы

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) асептика

D) дезиндекция

E) антисептика

11. Емдеуді қамтамасыз ету және жұқпалы процестің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) асептика

D) дезиндекция

E) антисептика

12. Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады атаңыз

A)Физикалық, химиялық

B)Химиялық,биологиялық

C)Биологиялық,механикалық

D)Механикалық,психикалық

E)Психикалық,термиялық

13. Дезинфекция камералары мынадан басқасы дұрыс

A) булау

B) ауамен булау

C) газдармен

D) бу формалинмен

E) антисептика

14. Инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды жою

A) бактерициттік

B) бактериостатикалық

C) стерилизация

D) дезиндекция

E) дезинсекция

15. Жәндіктерді қарсы жоятын дезинсекциялық заттар

A) инсектицит

B) акарицит

C) овоцит

D) ларвицит

E) дезинсекция

16. кенелерді жоятын дезинсекциялық заттар

A) инсектицит

B) акарицит

C) овоцит

D) ларвицит

E) дезинсекция

17. Жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы дезинсекциялық заттар

A) инсектицит

B) акарицит

C) овоцит

D) ларвицит

E) дезинсекция

18. Дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық заттар

A) инсектицит

B) акарицит

C) овоцит

D) ларвицит

E) дезинсекция

19. Эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және экономикалық зиянкестік келтіретін кеміргіштерді жою.

A) дератизация

B) бактериостатикалық

C) стерилизация

D) дезиндекция

E) дезинсекция

20. Саңырауқұлақтарды өлтіруші заттар

A) инсектицит

B) акарицит

C) овоцит

D) ларвицит

E) фунгицт

ІІ Бөлім Жеке эпидемиология