- •Мазмұны
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы
- •2 Тарау Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.
- •4Тарау. Ішек инфекциялары
- •44.Тест................................................................................................................ 142
- •5 Тарау. Ауа тамшылы инфекциялар
- •6 Тарау. Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары
- •9 Тарау. Медициналық гельминтология
- •7 Тарау.Сыртқы қабат инфекциялары.
- •8 Тарау. Протозойлы инвазиялар
- •10 Тарау. Медициналық арахноэнтомология
- •112.Қорытынды................................................................................................ 331
- •113.Тест тапсырмалары жауаптары............................................................ 332
- •114.Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 333
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы Эпидемиология пәнінің даму тарихы
- •Эпидемиологиялық процестің белгілері
- •2 Тарау
- •II. Арнайы иммунитет
- •3 Тарау.Дезинфекция негіздері Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизация ісінің негізгі қағидалары
- •3. Физикалық әдісі.
- •4. Дезинфекцияның химиялық әдісі.
- •1 Кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
- •3 Кезең – Стерилизация кезеңі.
- •4Тарау Ішек инфекциялары
- •1 Реттік зертханалық тексеру қажет:
- •Парвовирусты инфекция
- •Орнитоз ауруының салдары
- •Орнитоз ауруының белгілері
- •Алдын-алу шаралары
- •Лептоспира бактериялары
- •Этиологиясы.
- •Жүйкелік формасы
- •Септико-граниулемотозды
- •Алдын алу
- •5 Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары
- •6 Тарау
- •Диагностика.
- •Профилактика.
- •Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы:
- •Эпидемиологияcы
- •8 Тарау
- •Жанасу механизмі-ет өңдеу кезінде микрожарақат арқылы жұғады.
- •Трансплацентарлы жолмен жүкті әйелден құрсаққа жүктіліктің алғашқы мерзімінде жұғады
- •Резервуар
- •Табиғи ошақтық аурулар
- •Паразиттер
- •Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
- •Тохорlasmа gondіі
- •Дезинсекциялау
- •Бас биттері
- •Киім биттері
- •Шат немесе қасаға биттері
Эпидемиологияcы
Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:
кеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук, егіс тышқаны)
құстар
жыртқыштар (қасқыр)
үй жануарлары (сиыр, ешкі, қой)
Кене энцефалитімен ауыратын адам тасымалдаушысы ретінде қауіпсіз. Берілу жолдары. Негізгі-иксодо кенесі арқылы трансмиссивті: шаққанда, мыжығанда. Ошақтарда инфекцияланған кенелер 1-5%-тен 15-20%-ке дейін. Вирус өмір бойы сақталады. Бұл жолға 80% жатады. Басқа жолдармен де жұғуы мүмкін: алиментарлы жол – шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой), лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін. Маусымы көктем-жаз. Жастық фактор 20-40 аралығында, ересектер жиі ауырады: қала тұрғындары, қонақтаушылар, жергілікті тұрғындар азырақ ауырады. Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Вирус кененің денесіне жайылып ұзақ сақталады, тіпті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан осындай кенелер жайлайтын жерде Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда,жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыр – шілде), кей жерлерде тамыз – қыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауыр мен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды.
Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады:
интоксикация синдромы
әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы
Осыған байланысты клиникалық түрлері бар:
қызбалы
менингеальды
менингоэнцефалитикалық
менингоэнцефалополиомиелитті
полирадикулонневритті
Клиникалық түріне қарамастан ауру жедел басталып, жалпы интоксикация синдромымен өтеді. Байқалады: қалтырау, дене қызуының өте тез жоғарлауы 38-39С, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу. Науқастың бет әлпетіне тән: бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Көз коньюктивасы тамырының иньекциясы, кейде жас ағуы жақсы көрінеді. Науқастар: апатиялы әлсіз, сұраққа баяу жауап береді, үрей және қорқынышты сезеді, аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін.
Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Перифериялық қан: нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде, ЭТЖ жоғарлаған Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Кейде болуы мүмкін: ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:
плеоцитоз 30-600 жасуша 1 мкл, лимфоцитарлы түрде
ақуыздың жоғарлауы 1-2 г/л
Ликвордың өзгерісі ұзаққа созылады: 2-3 аптадан бірнеше айға дейін. Нәтижесі жағымды. Менингоэнцефалитикалық формасы 15% кездеседі және аса ауыр ағыммен сипатталады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы ошақты немесе диффузды сипатта болады. Ошақты менингоэнцефалитте клиникалық белгілері бас миының зақымдалу аймағымен анықталады. Бас миының жарты шарларының біреуінің ақ заты зақымдалуында болуы мүмкін:
оң және сол жақ аяқ қолдың спастикалық салдануы
беттің және тіл асты жүйкелерінің бір жақты зақымдалуы
Сол жақ жарты шарлардың зақымдалуында бұзылыстар сирек кездеседі. Мидың бағаналы бөліміндегі ақ заттың зақымдалуында: -альтернациялық синдром дамиды, яғни қабыну ошағындағы бас ми жүйкелерінің салдануы және дененің қарсы жағындағы аяқ-қолдың салдануы. Бас невртерінің ішінде жиі ІХ; Х; ХІІ жұп, мынандай көріністер береді: жұмсақ маңдай зақымдалуы, дауыс өзгеруі, сөздің бұзылуы, афония, жұтынудың бұзылуы, сілекей бөлінудің жоғарлауы, ¼ науқастарда бульбарлы бұзылыстардың дамуы. Коповников немесе Джексон түріндегі эпилепсияұстамалары болуы мүмкін. Диффузды менингоэнцефалитте негізінен жалпы ми бұзылыстары белгілері байқалады: естің бұзылысы, эпилепсиялық ұстамалар. Сонымен қатар мидың ошақты зақымдалуы болуы мүмкін: науқаста жиі байқалады: қол треморы, бет және аяқ қол бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы, терең рефлекстердің тежелуі, бұлшықет тонусының төмендеуі. Менингоэнцефалополиомиелиттік формасы науқастардың 1/3 кездеседі. Бұл формаға мына синдром тән: менингиальды, энцефалиттік, ошақты не диффузды, полиомиелиттік (жұлынның, мойын және жоғарғы кеуде бөлімінің алдыңғы мүйізінің таңдамалы зақымдануы), мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіз зақымдалуы, кейде зақымдалады қабырға аралық бұлшықеттер және диафрагма. Бұл формаға тән симптом «кеудеге салбыраған бас»-бас вертикальды ұсталынбайды және кеудеге салбырайды. Бұл формада қолдың әлсіз парезі және спастикалық (пирамида-белгісі) аяқ парезінің үйлесуі мүмкін. Қозғалыстың бұзылуы 7-12 күн ішінде өседі, ал аурудың екінші, үшінші аптасында зақымдалған бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Полирадикулоневритті форма 2-4% жағдайда кездеседі. Бұл формаға интоксикация және менингеальды синдром тән: қыртыстардың және перифериялық жүйкелердің зақымдалуы, келесі белгілермен көрінеді:
«құмырсқаның жыбырлаған сезімі» сияқты парестезияның болуы
терінің әр түрлі аймақтарындағы шаншуы
жүйке бағаналарының бойындағы ауырсыну
«тартылымның» оң симптомы
аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде «қолғап, шұлық» түріндегі сезімталдықтың бұзылуы
Әлсіз салдану әдетте аяқтан басталып, дене және қол бұлшық еттеріне тарайды. Кейбір науқастарда прогридиентті (созылмалы) форма дамиды. Бұл кезде жедел форма вирустың элиминациясымен аяқталмай вирус орталық жүйке жүйесінде сақталады. Бұл аурудың прогридиентті (созылмалы) ағымына әкеледі. Қос толқынды кене энцефалитi. Алиментарлы зақымдалуына байланысты қос толқынды сүт қызбасымен байланысты. Қос толқынды қызба тән: бірінші 3-5 күн, содан кейін апераксия кезеңі 3-8 күнде болады, содан кейін менингоэнцефалит дамиды. Бұл форманың ағымы қатерсіз болады.
1. Адамдар үшін сарып қоздырғышының ең маңызды көзі: 1 а) сиырлар 6) қой, ешкі в) шошқалар г) солтүстік бұғылар д) түйелер
2. Адамдар сарыпты жұқтырады: 3 а) алиментарлы б) контактілі в) аспирациялық г) сулық д) насекомдар шаққанда
3. Сарып кезінде қабыну ошақтары мына сатыларда дамиды: 2 1. жедел сарып 2. жеделдеу сарып 3. созылмалы сарып 4. резидуальді сарып
4. Сарып кезінде зақымдалуы мүмкін: 1 1. тірек-қимыл аппараты 2. шеткі нерв жүйесі 3. орталық нерв жүйесі 4. зәр шығару жүйесі 5. барлығы
5. Созылмалы сарыпқа тән: 1 1. ауру басталғаннан 4 айдан кейін дамуы 2. әлсіз немесе орташа уланулар 3. ұзақ ремиссия 4. әртүрлі жүйелер мен мүшелерде ошақты зақымданулар болуы 5. барлығы
6. Сарып кезіндегі инфекция көзін атаңыз: 1
Ауру адам
ірі қара мал
реконвалесцент
кеміргіш
кенелер
7. Сарып кезіндегі инфекция көзін атаңыз: 1
Ауру адам
ірі қара мал
реконвалесцент
кеміргіш
кенелер
5.Гепатит С- инфекция көзі А
А)қан
Б)несеп
В)шаует
Г)Тер
6.Вирусты гепатит Д көрінеді: 1 А) Суперинфекциямен Б) ауыр ағымда өтумен В) Коинфекциямен Г) созылмалы формаға ауысып бауыр циррозына өтумен
7. В гепатитін жұқтырған адам эпидемиялық қауіпті: 1 а) инкубациялық кезең алдында б) инкубациялық кезең аяғында в) инкубациялық кезеңнің барлық уақытында г) инкубациялық кезеңде емес
8. В гепатиті вирусының биологиялық түр ретінде сақталуы келесі жолдарымен іске асырылады: 4 а) трансфузиялық б) жынысты в) парентеральді г) интранатальді д) тұрмыстық-қатынастық
9. В гепатиті кезіндегі алдын алу шаралары: 3 а) стационарға түскен науқастарды НВsА тексеру б) алдын алу шараларын қолдану в) бір реттік медициналық құралдарды пайдалану г) қан препараттарының трансфузиясын қан алмастырғыштармен немесе басқа инфузионды-трансфузионды заттармен алмастыру
10. Қазіргі кезде С гепатитін жұқтыру қауіпті: 3 а) қан құйғанда б) жыныстық қатынаста в) вертикальді берілу г) парентеральді емдік процедура жүргізгенде д) вена ішілік наркотикті қолданғанда
11. Е гепатиті келесі жолдармен беріледі: 2 а) тұрмыстық-қатынастық б) сулық в) трансмиссивті г) ауа-тамшылы
12. С гепатитіне тән: 4 а. 95% сарғаюсыз өтеді б. біріншілік инфекция субклиникалық ағымда өтеді в. фульминантты формалары жиі кездеседі г. бауырдан тыс зақымданулар жиі дамиды д. созылмалы формаға өтуге бейім
13. С гепатиті кезіндегі қоздырғыш көзі: 1 а)науқас адам б)Ауру жануар в)Вирус тасымалдаушы г)Тағам өнімдері
14. Келтірілген топтардың қайсысында С гепатитімен ауыру қаупі жоғары: 1 А)Тағам өнеркәсібінің жұмысшылары Б)балалар В)мед. қызметкерлері Г)донорлар
15. Д вирусты гепатиті қай топқа жатады: 1 А)қан Б)ішек В)аспирациялық Г)зоонозға
16.Адамдағы безгек қоздырғыштары: 1 а) Pl. vivax б) Pl. ovale в) Pl. falciparum г) Pl. malariae
17. Безгек қоздырғышының көздері: 2 а) науқас адамдар б) паразит тасымалдаушы в) маймылдар г) ауру жануарлар д) барлығы дұрыс
18. ҚР безгектің маусымдылығын анықтайтын факторлар: 4 а) масалардың түрлері мен белсенділігі б) маса организміндегі плазмодийлардың спорогония кезеңі в) климаттық фактор г) жасырын кезеңнің ұзақтығы д) жыл бойы
20. Безгектің таралуы мен эпид. процесіне сипаттама берген кезде қандай көрсеткіштерді қолданады? 1 а) көкбауырлық индекс б) паразитарлық индекс және паразитемия интенсивтілігі в) 9 жасқа дейінгілердегі паразитарлық индекс г) жылдық сырқаттанушылық ( паразитологиялық дәлелденген) д) барлық көрсеткіштер
7Тарау
Сыртқы қабат инфекциялары. Жалпы сипаттама
Бұл топқа қоздырғыштары жанасулық механизммен берілетін, сыртқы қабат жұқпалары кіреді. Қоздырғыштары зақымдалған тері және сыртқы тері қабаттары арқылы денеге түседі. Құтыру ауруының қоздырғыштары орталық нерв жүйесін зақымдайды, урогениталды хламидиоз ауруында жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары зақымдалады, вирусты гепатиттерде – бауырды, АИВ жұқпасында вирустар иммундық жүйені зақымдайды.
Сыртқы жабын инфекцияларының жіктелуі:
1. Қоздырғыштың түріне сәйкес:
а) этиологиясы вирустар – құтыру, аусыл, ұшық жұқпалары;
б) этиологиясы бактериялар – сібір жарасы, сіреспе, хламидиоз, газды гангрена.
2. Инфекция көзіне байланысты:
а) зоонозды инфекциялар– сібір жарасы, аусыл, құтыру, сіреспе; б) антропонозды жұқпалар – хламидиоз, ұшық жұқпасы;
в) сапронозды инфекция – газды гангрена. Қоздырғыштар жанасулық механизммен қатар басқа да жолдармен таралуы мүмкін. Мысалы, вирусты в гепатиттер парентералды механизммен бірге жыныстық жолмен және вертикалды механизмдермен, сібір жарасы қосымша алиментарлы және ауа-шаң жолдарымен берілуі де мүмкін.
Күйдіргі
Күйдіргі – жанасу механизмімен берілетін, карбункулдардың пайда болуымен, қызба, жалпы улану белгілерімен сипатталатын зоонозды, антропургиялық, аса қауіпті жұқпалы ауру. Сондай-ақ, өкпе және ішекті қабындыратын түрі де сиректеу кездеседі. Түйнеме қоздырғышының ұзындығы 6-10 мкм, ені 1-2 мкм. қозғалмайтын таяқша, өзіне тән спора және капсуласы бар. Қоздырғыш оттегі бар жерде өсіп-өнеді. Оттегісіз, қыздырғанда және 2% формалин, 5% хлорлы әктің ерітінділері өлтіреді, споралары бірнеше күнге дейін төзімді болады. Күйдіргінің қоздырғыштарын 1849-1850 жылдары Ф.Поллендор, Брауэлль және К.Давен ашқан. 1876 жылы Р. Кох күйдіргі қоздырғышының тірі дақылын тапқан. Ресейде бұл ауру Сібір мен Оралда кеңінен таралған, 1788 жылы орыс ғалымы С.С.Андриевский зерттеулер жүргізіп, «сібір жарасы» терминін енгізген. Сібір күйдіргісімен ауырған малда пайда болатын карбункулдардың ішіндегі іріңді жіп арқылы алып, өзіне жұқтырған, аурудың малдардан жұғатынын, жануарлармен адамдардың ауруы бір екенін дәлелдеген. Күйдіргіге қарсы вакцинаны 1880 жылы Луи Пастер ашқан. Қоздырғышы - Bacillus anthracis («антракс» - көмір) - жылжымайтын, грамм оң, ірі таяқша, вегетативті және споралы түрлері бар, экзотоксин бөліп шығарады Қазіргі антибиотиктер де тез өлтіреді. Ауруды жұқтырушы сиыр, қой, түйе сияқты үй жануарлары болып табылады. Малды күтіп-баптағанда, терісін сыпырып өңдегенде, етін тамаққа пайдаланғанда, адамның тыныс жолдарына ауадағы қоздырғыштар еніп кеткенде, түйнеме қоздырғышын жұқтырған қан сорғыш жәндіктер шаққанда, ауру адам тұтынған заттарды пайдаланғанда және т.б. жолдар арқылы жұғады. Адам терісі арқылы ағзаға енеді, әсіресе, ашық жерлердің терісінен кіреді. Қоздырғыш енген жолында қабыну туғызады.
Күйдіргінің белгілері және өрбуі
Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 8 күнге (2-3 күн) созылуы мүмкін. 95% ауру теріге байланысты түрі кездеседі, 2-3% өкпе, ішекке байланысты түрі де болуы мүмкін. Тері түріндегі түйнеме жұққан жерде біртіндеп дақ, бүртік, іріңді безеу, жара пайда болады. Бастапқыда терінің белгілі жерлері қышып, біраздан соң ұлғая түседі. Бірнеше сағаттан соң түйіннің (папула) орнында көлемі 2-3 мм. көпіршік түзіледі. Оның ішіндегі күлгін сұйықтың түсі біртіндеп қанталаған қою, кейде қою қоңыр сиякөк түске айналады. Сонан соң іріңді безеудің орнында қабыршақ пайда болады. Ол тез қарайып, аумағын ұлғайтады. Жараның жан жағы қызарып, ісініп кетеді, бірақ жараның тұсы ауырмайды. Осы кезде адамның жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп 39-40ºС жетеді, әлсіреп, басы ауырып, жүрегі жиі қағады. Дене қызуы тез қайтады. Терідегі өзгерістер жазыла бастап, жараның қабыршағы 2-3 аптаның соңында түседі. Егер науқасқа күйдіргіге қарсы дәрі егілген болса, терідегі өзгеріс бүртік күйінде болып, науқастың жалпы жағдайы өзгермеуі мүмкін. Денеге түскен жеріне байланысты аурудың клиникалық түрлері:
1. Терілік (95) - карбункулдар пайда болады.
2. Асқазан-ішек
3. Өкпелік.
Күйдіргінің терілік түрі – бұл сырқаттың аса тараған түрі, адамның қолы, беті, мойнына шиқан тәрізденіп бұлтиып, көгеріп шығады. Кейін бұлтықтың қақ ортасы күйгендегідей күлбіреп көтеріледі, оның ішіне қанды ірің жиналады. Жараның айналасы домбығып қызарады, ортасы көмірдей қараяды. Жараның төңірегі күлбіреп ісінгенімен, ортасындағы қара күйік басса да, ауырмайды.
Инфекция көзі – ауылшаруашылық жануарлары: сиыр, жылқы, қой, ешкі, бұғы. Сиректеу ит, шошқа, түйе. Күйдіргі малдарда өте ауыр түрде өтеді, ауру малдың нәжісімен, зәрімен залалданған жем, шөп, су арқылы таралады.
Берілу механизмдері:
Жанау - тікелей жанасу арқылы жұғады: ауру малға қарағанда, сойғанда, терісін сылғанда, етін өңдегенде, жүн, тері жинап, өңдегенде. Ауру малдың терісінен, жүнінен жасалған киім, тон, тоқылған заттар, топырақ арқылы да жұғуы мүмкін.
Трансмиссивті - маса, сона, қансорғыш шыбындардың шағуы арқылы жұғады.
Аэрозольді - ауа– шаң арқылы жүн, тері жинайтындар арасында кәсіптік ауру түрінде кездеседі, технологиялық процесті дұрыс сақтамаған жағдайда жұғады.
Берілу жолдары. Алиментарлы жолмен ауру малдың дұрыс термиялық өндеуден өтпеген еті арқылы беріледі. Күйдіргінің қоздырғыштарын бактериологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін, өйткені ауа-тамшы, ауа-шаң жолымен түскенде өкпелік түрі дамып, өлім жиілігі өте жоғары болады. Иммунитет тұрақты, қайта жұқтыру кездеспейді.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Күйдіргі жаз - күз мезгілінде жиі таралады. Көбіне үлкен жастағы адамдар ауырады. «Күйдіргінің топырақтық ошақтары» - ауру малды көмген жер, ауру малдарды көметін аймақ. Споралармен ластанған аймақтың топырағында қоздырғыштар көп жылдап сақталып қана қоймай, онда қолайлы жағдайда (+32+35 температура, жоғары ылғалдылық) өніп, көбеюі де мүмкін, сондықтан «күйдіргінің топырақтық ошақтары» өте қауіпті. Қазақстанда 3,3 мың ауруханалы қауіпті пункттер тіркелген, ОҚО – 216. ОҚО соңғы 40 жыл аралығында ең жоғары сырқаттану деңгейі тіркеледі, күйдіргіге қарсы егу жасалмаған малдардан жұғып отырады.
Алдын алу шаралары «ҚР күйдіргі ауруына қарсы шараларды күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Негізгі шаралар бұл санитарлық–ветеринарлық шаралар. І – ошақтағы жасалатын шаралар:
- Ошақта ветеринарлық карантин – 15 күн. - Науқас адам міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. - №58 үлгіде СЭҚБ шұғыл хабарлама беру, ошақта эпидемиологиялық
–эпизоотологиялық тексеру жүргізу. - Қатынаста болғандарды, ауру малды бірге өңдегендерді 8 күн медициналық бақылау.
- Енжар иммунизация ретінде 20-25мл күйдіргіге қарсы иммундыглобулин егу.
- Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру
- Бактериологиялық, аллергиялық сынамалар жасау. Аллергиялық реакция антраксинмен тері ішіне жасалады, теріс болса күйдіргіге қарсы тірі вакцина егіледі.
- Ошақта қорытынды дезинфекция жасау - ыдыстарды, киімдерді, мал өнімдерін, тері, жүнді және мал қораларын залалсыздау. Дезинфекция үшін 4% хлорамин, 6% сутегінің қостотығы + 0,5% жуатын ұнтақ, 5% сабын қосылған формальдегид ерітінділерін қолданады. Ыдыс аяқ, киімдерді 2% содамен 60 минут қайнатады немесе 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздайды.
- Ауру малдың мәйіті және мал өнімдері өртеу немесе арнайы Беккери шұңқырына көму арқылы жойылады. Күйдіргі ауруынан өлген малдың етін, терісін, ішкі мүшелерін арнайы жасалған жәшікті фургондарға салып, ауру малды көмуге арналған жерге алысырақ апарып, тереңдігі 2 метр ұра қазып, астына хлорлы әк төсеп, үстіне тағы бір қабат хлорлы әк сеуіп, целлофан пакетті қымтап жауып кейін көму қажет.
ІІ - Ветеринарлық-санитарлық шаралар: Күйдіргі бойынша ауруханалы қауіпті пункттер 4 жыл бақылауда болады, арнайы журналға тіркеледі. Ошақтың шекарасына «күйдіргі» белгісі қойылады. Ошақтан малдарды шығаруға және сырттан жаңа мал кіргізуге тиым салынады. Мал базарлары, тері, жүн жинайтын, сақтайтын жерлер қатаң қадағалауға алынады. Малдарға күйдіргіге қарсы вакцина егіледі. Ауру және күдікті малды мал дәрігері тексеруі қажет, ветеринарлық рұқсатсыз союға тиым салынады. Етті зертханалық тексерусіз, ветеринарлық күәліксіз сатуға тиым салынады. Өлген малдың терісін сылуға болмайды. Сақтандыратын киім кию: комбинезон, капюшон, резеңкелі алжапқыш, биалай, етік, бетперде. ІІІ-Арнайы алдын алу ретінде күйдіргіге вакцина мал дәрігерлері, тері, жүн жинайтын, өңдейтін, мал соятын қызметкерлерге, тірі дақылмен жұмыс істейтіндерге егіледі. Күйдіргіге қарсы вакцина СТИ вакцинасы 2 рет аралықпен 21 күнде егіледі, қайта егу 1 рет.
Диагноз
Күйдіргінің диагнозын қою өте жауапты. Науқастың қайда жұмыс істейтіні, қалай, кімнен жұқтыруы мүмкін, яғни барлығы мұқият сарапталынады. Терідегі өзгерістер арқылы, ауру белгілерінің өрбуі және зертханада түйнеме таяқшаларын анықтау арқылы дәлелденеді. Күйдіргі ауруымен ауырған науқасқа ауруханада міндетті түрде зертханалық талдаулар жасалынады: 1. Жалпы қанын, зәрін, RW тексеру; 2. Бактериялық зерттеу қаннан, терідегі қабынған тіннен алынады; 3. ЭКГ, Ro — өкпені рентгендік тексеру.
Сіреспе
Сіреспе
(тетанус) - сапрозонозды бактериалды,
қоздырғышы қарым-қатынас механизмі
арқылы берілетін, орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуымен, бұлшық еттердің сіресуімен,
асфиксияның даму мүмкіндігімен
сипатталатын жұқпалы ауру. Сіреспе
қоздырғышы – Clostridium tetani Bacillacaeae туыстығына
жататын спора түзетін облигатты анаэроб.
Анаэробты жағдайда микроскоппен барабан
таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді.
Спора қоршаған ортада жылдар бойына
сақталады. Анаэробты жағдайда, 37°С
температурада ылғалды, аэробты
бактериялармен араласқан ортада споралар
вегетативті формаға айналады. Қоздырғыш
вегетативті формасында аса улы экзотоксин
бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, шырышты
қабат арқылы сіңіріле алмайды. Споралар
қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5%
фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі,
иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта
өлтіреді. Вегетативті формасы әдеттегі
физикалық, химиялық факторлармен 3 - 6
сағатта жойылады. Қоздырғыштың организмге
ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты.
Енген қоздырғыш вегетатативті формасына
айналып, көбейе отырып экзотоксин
синтездейді. Патологиялық үдеріс осы
экзотоксиннің әсерінен дамиды.
Инфекция көзі - шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан–ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетатифтік формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді (вегетивтік формаға - спора-вегетатвті форма – спора).
Қоздырғыштың
жұғу механизмі
- қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш
жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді.
Тыныс жолының кілегей қабаты арқылы
өтуі де мүмкін (аэрозольды механизм).
Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары
әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте.
Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы
тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен
медициналық мекемеден тыс жерде
жасалынған түсік пен босану кезінде
болады. Қоздырғыштың берілу факторлары
топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр
түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық,
акушерлік құралдар. Ауру негізінен
жылдың жылы, ыссы мезгілдерінде байқалады.
Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн. Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Науқас мазасыздыққа, ашуланшақтыққа, басының ауыруына, тершеңдікке, жарақаттың айналасындағы бұлшық еттердің жыбырлауына шағымданады. Әуелі шайнау бұлшық еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкінің пайда болумен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық „бағана тәрізді жағдайға” түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. Бұл кезде құрсақ бұлшықеттері тақтай тәрізді қатаяды, қол-аяқтары жиырылған болады. Қабырғааралық бұлшықеттердің гипертонусының нәтижесінде науқастың тыныс алуы беткейлі және жиілейді. Сонымен бірге тахикардия болады, дене қызуы 39-40ºC–қа көтеріледі. Бірақ науқас аурудың барлық кезеңдерінде есін анық біледі. Жұтқыншақтың, диафрагманың, тыныс алу бұлшықеттерінің құрысуының нәтижесінде, науқас асфиксиядан қайтыс болады. Жаңа туған нәрестелер сіреспесінің клиникасы басқаша көрініспен байқалады. Жаңа туған нәрестелер сору еттерінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің сіресуінен «құрбақа» тәрізді болып жатады. Жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.
Емдеу принциптері: науқасқа жеке мейірбикелік бекет тағайындайды. Жатқан палатаның есік-терезелері қымталған болуы қажет. Науқасқа арнайы ем қолданылады. Сіреспе токсинін активсіздендіру үшін, антитоксикалық сіреспеге қарсы жылқы сарысуы егіледі. Құрыспаға қарсы емнің маңызы зор. Құрыспаны басу үшін, нейролептиктер (аминазин, дроперидол), тарнквилизаторлар (седуксен), хлоралгид тағайындалады. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты. Сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу сіреспеге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалады. Науқас диспансерлік бақылауда 2 жыл болады.
Алдын алу шаралары. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну. Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды. Үш рет енгізілген вакцинадан кейін қорғау күші 1-5 жылға дейін жететін тұрақты иммунитет қалыптасады. 1 жылдан кейін жасалатын ревакцинация 7-10 жылға сіреспеден қорғанысты қамтамасыз етеді.
Газды гангрена
Газды гангрена (анаэробты жұқпа, госпиталды гангрена) – жанасу механизмен таралатын, сапронозды, ауыр түріндегі анаэробты жарақат жұқпасы.
Қоздырғышы Clostridium -спора түзетін таяқша. Табиғатта кеңінен таралған, адаммен жануардың ішегінде, топырақта кездеседі. Полимикробты жұқпа болып табылады. Cl. рerfringens (A, B, C, D, E, F) экзотоксин құрамы бойынша 6 серологиялық топқа бөлінеді, А серовары – парентеральды түрінде түсіп анаэробты жұқпа тудырады. Cl. dіfficcile – ішектің қалыпты микрофлорасына кіреді, сау адамдардың 3% кездеседі. Залалданған топырақпен жараға түссе – газды гангрена, тағаммен ішекке түссе тағамдық токсикоинфекция тудырады.
Инфекция көзі және таратушы фактор спорамен залалданған қоршаған орта объектілері, әсіресе топырақ.
Берілу механизмі – жанасу – түрлі жарақат кезінде әсіресе асептикалық жағдайда жасалған ота жасау, қан алу, ауруханада көк тамырға қан және түрлі ерітінділер, дәрі-дәрмектер құю, босану кезінде жұғады. Инкубациялық кезеңі - 5 күн. Белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, жергілікті өзгерістер, некроз. Алғашқыда жара қатты аурады, ісінеді, пульс жиіленеді. Өлім жітім 50-60%.
Диагностикасы:
1. Микробиологиялық әдіс – зақымдалған тіндер, таңатын, тігетін материалдар, киім, топырақты зерттеу. Тағамдық токсикоинфекцияларда – тағам өнімдерін мен нәжісті зерттеу.
2. Клиникалық әдістер.
Алдын алуы:
1. Жараны уақытылы және дұрыс хирургиялық өңдеу негізгі шара болып табылады.
2. Алдын алу мақсатында антитоксикалық сарысу 10000 МЕ егу.
3. Бактериофаг + 0,5% новокаин жараға егу. 4. Антибиотикпен емдеу.
Құтыру
Құтыру – жанасу механизмімен берілетін, жасырын кезеңнің ұзақтығымен, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен, тек өлімге соқтыруымен сипатталатын зоонозды, табиғи ошақтық және антропургиялық вирусты жұқпалы ауру. Құтыру ауруы тек Англия, Исландия, Австралия, Жапония, Жаңа Зеландия секілді аралдық елдерде ғана кездеспейді. Өйткені, бұл елдерге ит пен мысықтар кіргізу алдында қатаң карантиндік бақылауға қойылады, тек сау жануарларды кіргізуге рұқсат беріледі. Әлемде жыл сайын 50 мың адам құтырудан қайтыс болады, 10 млн.адамға жыл сайын құтыруға қарсы вакцина егіледі. Қазақстанда жылына 30 мыңнан астам адам антирабикалық көмек алады, 1994-2001 жыл аралығында 52 адам құтырудан қайтыс болған, оның 35-ОҚО.
Қоздырғышы
– РНКлы, нейротропты рабдовирустар.
Көлемі 80-160 нм, оқ тәрізді формада, S–
және V- антигендері бар. Төменгі
температураға төзімді, 50С температура
жоғары болса тез өледі. Вирустар денеге
зақымдалған тері, шырышты қабық арқылы
түседі. Қоздырғыштардың 2 түрі бар:
Жабайы штаммдары табиғатта кездеседі,
адам мен сүт қоректі жануарларға қауіпті,
нейрон цитоплазмасында Бабеш-Негри
жасушалары пайда болады. 1885 жылы Л.Пастер
қояндарға бірнеше рет қайта егіп алынған
вирустар, патогенділігі төмен, сілекеймен
шығарылмайды, Бабеш-Негри жасушаларын
түзбейді. Л.Пастердің жаңалығына
негізделіп антирабиялық вакцина
жасалған, өйткені вирустардың антигендік
қасиеті толығымен сақталады.
Инфекция көзі табиғи ошақтарда – жабайы жануарлар - қасқыр, түлкі, шиебөрі. Антропургиялық ошақтарда – ит (95), мысық. Жасырын кезеңі – 12 күннен - 1жылға дейін. Тістелген жер бас аймағына жақын болса жасырын кезең қысқарады. Құтыру ауруы 3 кезеңде өтеді: 1) Бастапқы кезең (1-3 күн) - тістелген жер қызарып, ұйып, нерв жолдары барысында қатты сыздап ауырады, қорқыныш, үрей сезінеді. 2) Қозу кезеңі – аурудың негізгі белгілері пайда болады: аэрофобия – ауадан, ауаның жылжуынан қорқу. гидрофобия – судан судың дыбысынан қорқу. фото, акустикофобия - жарықтан, қатты дыбыстан қорқу. гиперсаливация - сілекейдің көп мөлшерде ағуы. бастың артқа қарай кетуі, қалтырауы. 3) Салдану кезеңі - сандырақтау, галлюцинация, тыныс алу жүйесі мен жүректің бұлшық еттерінің салдануы.
Берілу механизмі- жанасу – құтырған жануардың тістеуі және сілекейінің түсуі арқылы жұғады. Таратушы фактор – сілекей. Сілекеймен вирустар жараға түседі, нерв тамырлары арқылы таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру жануардың сілекейінде вирустар 10-шы күннен бастап пайда болады, ауырып өлгенге дейін.
Алдын алу шаралары. ДСМ «Адамдардың құтырмамен науқастануын алдын алу» туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
І – Санитарлық-ветеринарлық шаралар:
Үй жануарларын жұқтырудан сақтандыру, ветеринарлық тексеру.
Елді мекендерді уақтылы тазарту, қалдықтарды жою.
Иесіз ит, мысықтарды ұстап, жою.
Жыртқыш, жабайы жануарларды елді мекенге жолатпау, жою.
Ит, мысықтарға құтыруға қарсы вакцина егу, қайта егу-жыл сайын.
Адамды тістеген, құтыруға күдікті ит, мысықтар 10 күн ветеринарлық бақылауға алынады. 10 күннен кейін ауру белгілері пайда болмаса «сау» деген мал дәрігерлік анықтама беріледі.
ІІ – Ауру жануар табылған кездегі шаралар:
Ошақта мал дәрігерімен бірге эпидемиологиялық тексеру жүргізу, ошақтың шекарасын табу, жою шараларын ұйымдастыру.
Үйме-үй аралау арқылы малдарды тексеру, вакцина егу. Егуден кейін 60 күн бақылау.
Күдікті жануарларды ветеринарлық бақылауға алу.
Ауру жануарлар өртеу арқылы жойылады. Өлген малдың терісін сылуға тиым салынады.
Мал қораларын, иттің орнын, ыдыстарды, киімдерді дезинфекциялау.
Зертханалық диагностикасы:
1. Вирусологиялық әдіс - өлген жануардың, адамның миын зерттеу.
2. Серологиялық әдіс: РСК; РПГА, ИФА .
ІІІ – Жануар тістеген жағдайда жасалатын шаралар:
1.Жануар тістесе, тырнаса, сілекейі тисе немесе ауру малды сойғанда, тексергенде жарақат алса хирургиялық кабинеттерде, немесе жарақат пункттерінде № 045\у үлгідегі «Құтыруға қарсы көмекке келгендер картасы» толтырылады.
2. СЭҚБ №58\у үлгі бойынша шұғыл хабарлама жіберіледі.
3. Алғашқы көмек ретінде жараны 20 сабын - су ерітіндісімен жуып, шеттерін 70 спиртпен, йодпен өңдеп стерильді бинтпен таңады.
4. Құтыруға қарсы антирабиялық вакцина (КОКАВ) – 6 рет 0-3-7-14-30-90 күндері 1 мл көлемінде егіледі. Шартсыз егулер – егер құтырған және құтыруға күдікті жануар тістесе немесе ауыр жарақат алса, бас аймағын тістесе антирабиялық вакцинамен қатар құтыруға қарсы иммундыглобулин егіледі. Шартты егу – егер жануар тістесе, тырнаса, сілекейі тисе, бірақ 10 ветеринарлық бақылаудан кейін ауру белгілері болмаса. 10 күн ветеринарлық бақылаудан кейін тістеген жануарда ауру белгілері болмаса адамға вакцина егу тоқтатылады. ІҮ – Науқас адам міндетті түрде ауруханаға жеке палатаға жатқызылады. Медицина қызметкерлері қорғаныс киіммен жұмыс істеуі қажет. Егер аурудың сілекейі тисе, құтыруға қарсы вакцина егіледі.
Ошақта эпидемияға қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында тістеген жануар тұралы мәлімет жиналады, жануардың түрі, тістеген уақыты, ол қазір қайда, құтыру белгілері байқалды ма, зақымның сипаты, қандай жағдайда тістеді, адамның өзі тиістіме, иесі барма немесе қаңғып жүреді ма, жануарды ветеринарлық бақылау нәтижесі, тістелген адамның емдеу шаралары және ошақта жүргізілген шаралар. Тексеру барысында тістеген жануармен қатынаста болған, яғни жұқтыру қауіпі төнген адамдар анықталады, әсірісе үй жануарларымен жиі ойнайтын жас балаларға ерекше назар аудару қажет.
Қышыма
Қышыма – тікелей жанасу механизмімен берілетін, қоздырғышы қышыма кене болып табылатын, паразиттік, сыртқы жабын инфекциялар тобына жататын, аса контагиозды жұқпалы ауру.
Қоздырғышы саркоптиформды кенелер тобына жататын Sarcoptes scabiei кенелері. Бұл өте майда 0,3-0,4мм, сопақша нысанды, сыртқы қабаттары бүрмеленген, 6 буыннан тұратын аяқтары өте қысқа, алдыңғы аяқтарында жабысқақтары бар кенелер. Жабысқақтары арқылы тері ішіне еніп, онда жолдар салады, тері қабаттарымен қоректенеді.
Кенелер 2 ай өмір сүреді, 50 жуық жұмыртқа қалдырады.
Даму кезеңдері:
1. Жұмыртқа (3 күн)
2. Алты аяқты дернәсіл ( 2-3 күн)
3. І Нимфа (2 күн)
4. ІІ нимфа (2-4 күн)
5. Ересек кене
Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой.
Берілу
механизмі:
жанасу. Бұл ауру ауырған адаммен тікелей
қарым-қатынас жасау жолымен, сондай-ақ
киім мен төсек жабдықтарын, сүлгіні,
жөкені, қолғапты, ортақ төсек орынды
пайдаланған кезде, жыныстық қатынас
жасағанда жұғады. Моншаларда, душтарда,
жатақханаларда, қонақ үйлерде, жолаушы
поездарында санитарлық тәртіп сақталмаса
жұқтыру жағдайы жиі кездеседі. Үй
жануарларына қарағанда, ит, мысықпен
ойнағанда да жұғуы мүмкін.
Инкубациялық кезең 7-10 күн. Қышымаға тән белгі – қышыма жолдарының көбіне қол буындарында әсіресе саусақтардың арасында, білектің бүгілетін буындарында, іш, жамбас, құйымшақ, аяқ терісінде пайда болуы. Қышыма жолдары ұзындығы 0,5-1см. тік сызықты немесе С әріпі нысанында бүгілген жіңішке сұрғылт түсті болады, ұрғашысы іріңді көпіршіктердің бір шетінде орналасады.
Қышыманың клиникалық белгісі: қышуы кешке қарай және түнгі уақытта өрши түседі, қышыма жолдарының бәрін қамтитын папулездік-везикулездік бөртпелердің элементтері бір-бірінен 1см дейінгі қашықтықта қатар тұрады.
Диагностикасы. Қышыманы зертханалық диагностикалау тері–венерологиялық диспансерлерде жүргізіледі.
Қышыманы зертханалық зерттеудің негізгі әдістері:
– қышыма жолдарынан кенені алып тастау, скальпель, ине ұшымен қышыма жолының шетіндегі көпіршікті тесу.
– қышыма жолдары, көпіршік тұстарындағы эпидермисті жіңішкелеп ұстараның жүзімен кесу.
– зақымдалған жердегі эпидермистің жіңішке қабатын қыратын қасықпен сылып алып тастау.
– тереңірек қыру (қышыма жолдары 5% йод тұнбасын жаққанда лупа арқылы жақсы көрінеді).
Қышыманы емдеу. Қышыма емдеудің негізгі әдісі – қышыма жерлерді ғана емес, барлық тері қабаттарын қышымаға қарсы дәрмекті өңдеу қажет. Емдеу үшін жоғары белсенділікке ие, жақсы қабылданатын және тез әсер ететін бензилбензоат және Демьянов әдісі қолданылады. Емшара аяқталғаннан кейін науқас таза іш киім және дезинфекцияланған сыртқы киім киеді. Төсек жарақтары міндетті түрде ауыстырылады.
Алдын алу. Қышымаға қарсы медициналық тексеру жүргізіледі:
Алдын алу медициналық тексеру кезінде;
Бала бақшаларда, мектеп-интернаттарда - әр бір 10 күн сайын;
Мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждерде – каникулдан кейін;
Балаларды сауықтыру лагерінде - барар алдында; Студенттерді- жатақханаға орналасар алдында, Науқастарды емдеу-сауықтыру ұйымдарға барған кезде;
Ошақта қарым-қатынаста болғандарды медициналық қадағалау кезінде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдарды мұқият тексеріп 1,5 ай медициналық бақылау (әр 10 күнде 1 рет), алдын алу емдеу қажет. Ауырған бала толық айыққанға дейін және барлық санитарлық-індетке қарсы шараларды өткізіп болғанға дейін бала бақшаға, мектепке жіберілмейді. Халықтың декреттелген тобы ішіндегі қышыма ауруларына жұмыс істеуге рұқсат берілмейді және жұмыстан шеттеледі. Әр бір анықталған науқасқа дәрігер № 089/у – нысаны бойынша хабарлама толтырады, тері-венерологиялық диспансерге және тиісті аумақтық СЭҚБ хабарлайды. СЭҚБ балалар мекемелерінде, жатақханаларда және отбасы ошақтарында міндетті түрде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, №328 эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады. Ағымдағы дезинфекция үйде емделіп жатқан науқастың үйінде, емдеу кабинеті, стационарда, мектеп және балалар мекемелерінің оқшалау бөлмелерінде жүргізіледі. Үй жағдайында науқас үшін жекелеген төсек орны мен отбасының басқа мүшелері қолданатын заттардан бөлек тұратын жеке пайдаланатын заттарды (іш киім, сүлгі, ойыншық) бөліп беру керек. Науқастың заттары жұқтыру қауіпін төндіреді, сондықтан науқастың киімін күн сайын міндетті түрде дезинфекциялау, дезинсекциялау керек.
Дерматомикоздар
Дерматомикоздар – теріде саңырауқұлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Бұл кесел негізінен тері және оның қосымшаларын, яғни шашты, тырнақты, сирегірек басқа ағзалар мен тіндерді зақымдайды. Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы - адам және жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын - эпидермистен, шаштан, тырнақтан және тері майдан табады. Саңырауқұлақтар адамның немесе жануардың ағзасынан тыс жерде өмір сүруге қабілетті. Оған қоса өзінің жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады. Сол себепті жұғу тек ауру адамнан ғана емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар - қабыршақ, тырнақ қалдықтары немесе шаш сынықтарымен арқылы да тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі - аурудың алғашқы сатысынан бірінші симптомның пайда болуыны дейінгі кезең, орта есеппен 8 −14 күнді, кейде бір айды құрайды.
Трихофития (лишай, қырма таз) - адамға аса қауіпті кесел болып есептеледі. Инфекция көзі- ауру адам және үй жануарлары (ірі қара мал). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Кесел жануарды куту және ауру адаммен тікелей қатынаста болу немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады. Оған қоса зарарланған жануардың өнімдері (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда - шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда да жұғуы ықтимал.
Негізгі клиникалық белгілері: алғашында тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген диаметрі 1–2 см-дей айқын емес, шекарасы анықталмаған, оқшауланған, бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті, беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған, сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2–3 мм деңгейінде сынады. Жазық терінің өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет, мойын, дене, білек бөлігінде орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген, аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі, шекарасы анық дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршақ және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.
Тереңдік трихофития (инфильтративті - іріңді түрі) көбінесе ауылды жерде кездеседі. Жұғу көзі - малшы, тышқан, зертханалық егеуқұйрық, сиыр, бұзау, жылқы және қой болып табылады. Клиникалық симптомы - қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды, олар айқын шектелген жартылай шарды немесе көкшіл–қызыл түсті тығыздалған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсуімен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап, не тамшылап бөлінеді («бал арасының торлы ұясы» симптомы). Соңғы кезде денедегі қасағалық аймағының терісінің және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі. Жұқпа көзі - ауру адам, «теріден - теріге» принципі бойынша жыныстық қатынас арқылы да жұғады.
Алдын алу шаралары:
1. Теріні, жалпы денені таза ұстау.
2. Ааптасына бір рет моншаға шомылу, жеке бас гигиенасын сақтау, жеке тұтыну заттарын ұстау.
3. Жан-жануарлермен контактте болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу.
4. Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау. Өйткені қоршаған ортаға ол аса жұқпалы ауру болып табылады.
5. Дененің басқа бөлімдерінің зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не душ қабылдауға болмайды.
6. Өздігімен ошақты (түрлі маймен, кремдермен немесе басқа да заттарды жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық талдауда (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс қорытынды бермейді. Егер өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3–4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым- қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек.
Аурухана ішілік инфекциялар
Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
Аурухана ішілік инфекциялардың көзі:
Ауруханада ұзақ емделген науқас
Бактерия тасымалдаушылар
Ауруханадағы медициналық қызметкерлер
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.
Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары:
Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы
Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы.
Жанасу механизмі – төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар
Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы.
Алдын алу шаралары:
Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.
Тест
1.Тырысқақ қоздырғышының негізгі берілу жолын көрсетіңіз
ауа-тамшы
тағам
су
парентеральді
трансмиссивті
2.Тырысқақ ошағындағы эпидемияға қарсы алғашқы шараларды БМСК қызметінің ұйымдастыруына жатады
хабарлау, науқасты жекелеу, ошақты дезинфекциялау
кесте бойынша шаралар кешенін жасау
кеңестік-әдістемелік көмек
шаралардың сапасы мен тиімділігін бақылау
ошақтағы жұмысты талдау
3.Тырысқақтың эпидқадағалауының мақсатына жатады
эндемиялық ауданнан инфекцияның енуін алдын алу
табиғи ошақтарды жою
региональді жою
екіншілік эндемиялық ошақтарды жою
ашық сулардан суды лабораториялық зерттеу
4.Еліміздің территориясын тырысқақ енуінен санитарлық қорғауда негізгі шараны көрсетіңіз
халыққаралық эпидемиологиялық ақпарат
тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендерге иммунопрофилактика жүргізу
тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығын бактериологиялық
тексеру
тырысқақ ауруы бар ауданнан келгендерге карантин орнату
тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығына обсервация жасау
5.Түйнеме қоздырғышының споралы формасының резервуарын көрсетіңіз
үй жануарлар
топырақ
кеміргіштер
жабайы жануарлар
су
6.Құтыру сырқаттанушылығының қауіп тобына жатады
ұйымдасқан балалар
ұйымдаспаған балалар
малшылар
тағам мекемелерінің жұмысшылары
медициналық қызметкерлер
7.Құтыру ошағында науқасты госпитализациялағаннан кейін жүргізілетін дезинфекция
ошақтық
ағымды
қорытынды
камералық
жүргізілмейді
8. Саңырауқұлақ ауруы
А) сіреспе
В) құтыру
С) дерматомикоз
Д) тетанус
Е) қышыма
9. күйдіргінің инкубациялық кезеңі
А)1-8 күн
В)10-15 күн
С) 30 күн
Д) 1-3 күн
Е)1-5 күн
10. Этиологиямы вирустар:
А) құтыру
В) күйдіргі
С) газды гангрена
Д) сіреспе
Е) хламидиоз
11. АІИ көзі
А) ауруханада ұзақ емделген науқас
В) жануарлар
С)құстар
Д) адам
Е) кеміргіш
12. Аусылдың берілу механизмі
А) ауа тамшы
В) нәжіс
С) жанасу
Д) алиментарлы
Е)трансмиссивті
13. Сіреспе қоздырғышын ашты
А) Кох
В) Николайер
С)Давен
Д) Поллендор
Е)Пастер
14. Аусыл алдын алу
А) енжар иммунизация
В) белсенді иммунизация
С)АКДС вакцинасы
Д) АДС вакцинасы
Е)карантин
15. Күйдіргінің алдын алуда карантин жүргізіледі:
А) 10 күн
В)15 күн
С)20 күн
Д)5 күн
Е) 30 күн
16. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Кох
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
17. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Давен
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
18. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Поллендор
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
19. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Кох
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
20. Этиологиясы бактериялар:
А) күйдіргі
В) құтыру
С) аусыл
Д) герпес
Е) қызылша
8Тарау.Протозойлы инвазиялар
Паразитология(гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін,дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым;
Паразитология ілімі адамда ауру тудыратын паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейді.
Медициналық паразитология 3 бөлімнен тұрады:
Медициналық гельментология-ауру тудыратын гельминттерді зерттейтін бір саласы
Медициналық протозология-қарапайымдылар тудыратын ауруларды,яғни протозойлы инвазияларды зеттейді.
Медициналық арахиноэнтомология-қоздырушыларды тасымалдаушы буынаяқтыларды зерттейді.
Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері:
- паразиттердің түрлерін дәл анықтау үшін олардың даму кезеңдеріндегі құрылыс-ерекшеліктерін зерттеу(Олардың түрлерін нақты анықтау дәрігерлер үшін өте маңызды, себебі тек осының арқасында паразиттер қоздыратын аурударды дұрыс анықтап емдеуге мүмкіншілік туады);
- паразиттердің және таратушылардың даму ерекшеліктерін зерттеу; бұл паразиттердің табиғатта таралуын және адам ағзасына ену әдістерін анықтауға мүмкіндік береді;
- паразит - ие арасындағы өзара байланыстарды зерттеу;
- паразиттердің зиянды әрекеттерін анықтау нәтижесінде паразиттік ауруларды ғылыми негізде анықтау және емдеу әдістерін қалыптастыру;
- паразиттермен таратушыларға қарсы күрес және алдын алу шараларын жасау;
Медициналық паразитология тарихы.Паразитология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында бөлініп шыққан. Бұл кезде адамның кейбір қауіпті және кең таралған ауруларын (безгек, лейшмания, амебиаз т.б.) тудыратын паразиттер және таратушылар ашылып, анықталып, олардың даму циклдары зерттелген болатын. Медициналық паразитологияның негізін қалаушылардың бірі Л.С.Ценковский(1822-1887) инфузориялардың дамуын,таралуын зерттеді.
Паразитология ғылымының қалыптасуына және дамуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосқан. Мысалы, Г.Гросс адамның паразиттік амебасын, Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты, А.П. Федченко бірнеше паразиттік құрттарды зерттеген. И.А. Порчинский сонаның, масаның, шыбындардың паразиттік ауруларды таратудағы рөлін анықтаған, Н.А. Холодовский биттерді зерттеген.
Паразитология ғылымының, әсіресе гельминтология саласының дамуында, К.И. Скрябиннің рөлі өте зор. Ол дүние жүзінде тұңғыш болып КСРО-да гельминтология институтын ұйымдастырған.
К.И.Скрябиннің (1925 ж.) ұсынысы бойынша дегельминтизация – ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара болып табылады..
Девастация – толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу. Девастация қоздырғыштың барлық даму фазасында барлық тәсілдермен механикалық, химиялық және биологиялық әсерлермен жоюды талап етеді. Гельминтерді территорияда физикалық жою үшін жағдайлар туғызады
Сол сияқты, паразитологияның дамуында Е.Н. Павловскийдің де еңбегі ерекше. Ол арахноэнтомология саласында көп еңбек еткен, паразитоценоз, трансмиссивтік аурулардың таби-ғи ошақтары туралы ұғымды қалыптастырған. В.А. Догель экологиялық паразитологияны дамытқан.
Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді. Осы жылы Алматыда өлкелік мал дәрігерлік-бакте-рологиялық институты құрылып, 1926 жылы оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі ұйымдастырылды. Қазақстанда паразитология ғылымының дамуына ат салысқан зоологтер — Л.С. Берг, И.А. Долгушин, А.А. Слудский, М.И. Мариковский, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, И.Г. Галузо, Е.Н. Боев, А.Бекенов т.б
Паразиттердің жіктелуі.Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді.
Шынайы паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады.
Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.
Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады.
Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Эндопаразиттер 2 топқа бөлінеді:
-Сыртқы ортамен байланысты қуысты органдарда паразиттейтіндер(Аскарида,өкпе сорғышы,трихомонада т.б)
-Ішкі ағзаларды паразиттейтіндер(ришта,безгек плазмодиясы,лейшманиялар)
Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі.
Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.
Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.
Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.
Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:
зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі); антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз), антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.).
Паразиттердің таралу жолдары. Паразиттер даму сипаттарына қарай
К.И. Скрябин және Р.С.Щульц гельминттерді екі топқа бөлді:
Биогельминттер және геогельминттер
Геогельминттер – тіршілік циклінде аралық иегерлері болмайтын, ал жұмыртқалары немесе личинкалары қоршаған ортада дамитын паразиттік құрттар.Бұл тудыратын ауру геогельминтоз деп аталады.
Биогельминттер тіршілік циклінің бір бөлігін бір иенің денесінде,қалған бөлігін басқа иенің денесінде өтеді. Паразиттің жыныстық жетілген түрі бар организм соңғы немесе дефинитифті ие деп аталады.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы).
Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.
Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.
Е.Н. Павловский табиғи ошақтық аурулар ілімі
Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды.Табиғи ошақтық аурулар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді. Табиғи ошақтардың болуын қамтамасыз етеді
Ауру қоздырғышы
Ие организмі(ауру қоздырғышының табиғи қоры);
Тасымалдаушылар
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.
Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады.
Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін.
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар.
