Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

II. Арнайы иммунитет

  • Түрлік иммунитет

  • Жүре пайда болған иммунитет

Табиғи иммунитет

  • Белсенді-инфекциялық аурулардан кейінгі иммунитет

  • Енжар-туа біткен, анадан балаға берілген

Жасанды иммунитет

  • Белсенді- вакцина, анатоксин егуден кейінгі иммунитет

  • Енжар- қанның сарысуы, иммунды глобулиннен кейінгі иммунитет

Иммунитет вирустардан, бактериялардан, паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген жеке торшаларды құртып жоюды, қатерлі ісіктен қорғануды қамтамасыз етеді.

Иммунитет туралы ғылым- иммунология деп аталады, ол антиген әсер етуіне организмнің жауап беруінің генетикалық, молекулалық және жасушалық механизмдерін зерттейді.

Эпидемиология пәні әр жеке адамның физиологиялық- морфологиялық реакцияларын есепке алумен бірге, әрбір ұжымның, тіпті бүкіл қоғамның жағдайын, еңбек ету және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттейді.

Иммунитет түрлік (тұқым қуалаушылық, филогенетикалық) және жеке бастық ( жүре пайда болған, онтогекнетикалық) болып бөлінеді.

Түрлік иммунитет филогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады. Мысалы, адамға тауықтарда індет қоздыратын тырысқақ вибрионы қоздырғышын ендірсе де, адамдар жұқтырмайды, ауырмайды. Керісінше, қызылша қоздырғышын жұқтырған тауықтар ол ауруға шалдықпайды.

Жеке басты немесе жүре пайда болған иммунитет сол адамның онтогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады, табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Жеке басты иммунитет

Табиғи иммунитет Жасанды иммунитет

Белсенді Енжар Белсенді Енжар

Табиғи, белсенді иммунитет инфекциялық аурумен ауырып болғаннан кейін қалыптасады, адам өзі антиденелерді бөліп шығарады. Табиғи белсенді иммунитет тұрақты болып келеді, кейде өмір бойы аурудан сақтандырады.

Табиғи енжар иммунитет анадан балаға плацента, ана сүті арқылы беріледі.

Жасанды белсенді иммунитет вакцина, анатоксин егуден 2-3 аптадан кейін қалыптасады, ұзаққа созылады. Жасанды енжар иммунитет құрамында дайын антиденелері бар қаның сарысуы мен иммунды глобулиндерді егуден кейін сол мезгілде пайда болады, бірақ 6 айға дейін ғана аурудан сақтандырады.

Тұрақты, стерильді иммунитет- инфекциялық аурумен ауырып болған соң қалыптасады, инфекциялық аурудың қоздырғышы дене сақталмайды.

Стерильді емес иммунитет созылмалы түрде өтетін ауруларға қарсы пайда болады, инфекциялық арудың қоздырғышы денеде болғанда иммунитет болады, қоздырғыш денеден жойылған соң иммунитет те жойылады.

Әлеуметтік иммунитет- қоғамның инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті. Әлеуметтік иммунитет халықтың табиғи және жасанды иммунитет деңгейіен, қоздырғышты тасымалдаушы адамдардың бар-жоқтығынан, халықтың әлеуметтік, мәдени, санитарлық жағдайынан, сапалы сумен қамтамасыз ету деңгейінен, халықтың салауатты өмір сүру деңгейінен тығыз байланысты.

Иммунитет пайда болуына әсер ететін факторлар:

  • Жеке фактор- әр адамның физиологиялық өзгешеліктері, ерекше иммунитет түзу қабілеті.

  • Жасына байланысты фактор- өте жас нәрестелерде және егде жастағы адамдарда иммунитет кештеу қалыптасады.

  • Ауа-райына байланысты фактор- жылы климат қалыптасқан аймақтарда иммунитет тез пайда болады, суық аймақтарда- керісінше.

  • Құнарлы, витаминді тамақтандыру иммунитттің тез, тұрақты түзілуіне оң әсерін тигізеді.

Вакциналар.

Вакциналар сипаттамасы:

  • Тірі вакциналар- полиемиелитке, эпидпаротитке, қызылшаға, бруцеллезге, туберкулезге, күйдіргіге

  • Өлі вакциналар- химиялық (жоғары температура, УФ)

  • Физикалық (формалин, спирт) әдіспен өңдеу арқылы алынған вакциналар (көкжөтелге, құтыруға, тұмауға вакциналар)

  • Химимялық вакциналар- қоздырғыштың антигендерін ультрадыбыспен, химиялық заттармен өңдеген іш сүзегі, бруцеллез, тырысқақ, оба вакциналары

  • Анатоксин- әлсіздетілген қоздырғыштардың токсиндері- дифтерия, сіріспе, ботулизм, стафилококты инфекцияларға анатоксиндер

  • Жаңа типті вакциналар:

  • Гендік- инженерлік (гепатит В)

  • Рибосомды (дизентерия, сальмонеллездерге)

  • Сплит – вакциналар (тұмауға «Инфлювак», «Ваксигрипп»)

Тірі вакциналар- вируленттігі жойылған немесе әлсіздендірілген, макроорганизмде көбеюі және белсенді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі штамдары. Бұларға туберкулезге, обаға, бруцеллезге, күйдіргіге, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, тұмауға, кене энцефалитіне, қызамыққа қарсы вакциналар жатады.

Инактивацияланған вакциналарды химиялық немесе физикалық әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою арқылы алады. Микроорганизмдер инактивацияланғаннан кейін дайындалған дәрілер химиялық агенттерден тазартылады. Олар тірі вакцинаға қарағанда әлсіздеу, сондықтан оны ағзаға бірнеше рет қайтара енгізу қажет.Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі, парасүзекке, құтыруға, лептоспирозға, тұмауға, герпеске, тырысқаққа, Қу қызбасына қарсы вакциналар жатады.

Химиялық вакциналар- жұқпалы аурулар қоздырғыштарының торшаларынан немесе олардың бөлшектерінен арнайы химиялық немесе ферменттік өңдеу жолымен бөлініп алынған антигендер жиынтығы. Оны менингитке, іш сүзегіне, парасүзекке, бөртпе сүзеккке, тұмауға, обаға қарсы қолданады.

Анатоксиндер- улы қасиетінен тазартылған, бактериялардың антигендік және иммундық қасиеті бар экзотоксиндер. Оны дифтерияға, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге, тырысқақ, стафилококқа қарсы қолданады.

Құрамында бір микроб антигені болса моновакцина, бірнеше микроб антигенінен тұрса поливакцина деп атайды.

Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алуын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алдын ала егулерді ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық- эпидемиологиялық ережелерді бекіту туралы қаулысына сәйкес халықты тиімді және қауіпсіз иммунизациялау жүргізіледі. Егу жұмысына басшылық ететін дәрігер иммунолог барлық қызметкерлерге егу дәрмектерін сақтау тәртібі, оларды сұйылту әдісі, егу кезінде болуы мүмкін жағымсыз реакциялар мен асқынулар туралы түсініктеме беруге міндетті.

Вакцина бөлмесіне қойылатын талаптар: вакцина арнайы егу бөлмесінде жасалады. Бөлме қабырғасы тегіс, ылғалды жинау және дезинфекция жасауға төзімді болуы керек. Егу бөлмесінде табиға жарық, орталықтандырылған су, канализация, қол жуғыш және жылу жүйесі болуы қажет.

Егу бөлмесінде болуы керек:

  • Мұздатқыш;

  • Термоконтейнер( электр қуаты сөніп қалғанда вакциналарды сақтау үшін) немесе арнайы сөмке (вакцина тасымалдау үшін);

  • Медициналық үстел;

  • Жұмыс үстелі, орындықтар;

  • Медициналық шкаф;

  • Медициналық кушетка, жөргектейтін үстел;

  • Бикс;

  • Тонометр, термометр, бір рет қолданылатын шприц, шпатель, скарификатор;

  • Шокқа қарсы дәрілер: 0,1% адреналин, 1% мезатон, преднизалон, тавегил, супрастин, 2,4% эуфиллин, корглюкон, кордиамин;

  • Вакцина қалдықтарын залалсыздауға арналған ыдыс;

  • Бір рет қолданылатын шприцтерді жинауға арналған қауіпсіз қатты қорап.

Балаларды алдын ала егулермен толық қамту мақсатында тұратын мекен-жайы бойынша аумақтық балалар емханасының қызметкерлері жылына 2 рет санақ жүргізіп, барлық балаларды тіркеуге алады. Ересек адамдардың тізімі аумақтық емханада жылына 1 рет қайта тексеріледі.

Балаларды егуге алдын-ала шақырады. Вакцина егер алдында дәрігер баланың денсаулығын толық тексереді. Дәрігердің тағайындауы бойынша егу бөлмесінде вакцина егіледі, егу туралы мәліметтер тиісті құжаттарға тіркеледі. Егу құжаттарына вакцинаның егілген уақыты, вакцина сериясы, шығарылған мерзімі, кім дайындағаны, мөлшері, егу әдісі жазылады.

Картотекада егу карталарын 4 топқа бөледі:

  • Осы жыл бойы вакцина егілетін балалардың карталарын айлар бойынша қояды.

  • Осы жылы егілмейтін балалардың карталары жылдар бойынша қойылады.

  • Уақытша кетіп қалған балалардың картасы.

  • Медициналық қарсы көрсеткіштері бар балалардың карталары.

Қолданбаған вакцинаны медицина қызметкері келесі әдістердің бірімен залалсыздандырады:

  • 30 минут қайнату (сібір күйдіргісінде 2 сағат).

  • Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.

Қолданған шприц, инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинап, өртеу арқылы жою қажет, оларды болшектеуге, жууға, тазалауға болмайды.

Суықтату тізбегі.

Вакцинамен алдын алудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін вакциндық дәрмектерді дайындайтын кәсіпорыннан дәрмек егілетіндерге дейінгі сақтау және тасымалдаудың температуралық тәртібін бұзбау өте маңызды, оны тәжірибеде «суықтату тізбегі» деп атайды.

Суықтату тізбегі үш компоненттен тұрады:

  • Арнайы дайындалған қызметкерлер (вакцинаны тарату, сақтау, тоңазытқышқа дұрыс ұстау және қызмет ету соларға байланысты)

  • Вакциналарды сақтауға және тасымалдауға қажетті тоңазытқыш жабдықтар;

  • Суықтату тізбегінің барлық кезеңінде температуралық тәртіпті бақылайтын жүйелер және жабдықтар.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлімдері

Санитарлық-гигиеналық бөлім:

  • Коммуналды гигиена

  • Тамақтану гигиенасы

  • Еңбек гигиенасы

  • Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Эпидемиологиялық бөлім:

  • Эпидемиология бөлімшесі

  • Паразитология бөлімшесі

  • Дезинфекция бөлімшесі

  • Аса қауіпті инфекциялар бөлімшесі

Тест

1. Улы қасиетінен тазартылған, бактериялардың антигендік және иммундық қасиеті бар экзотоксиндер?

А. Анатоксиндер

В. Химиялық вакциналар

С. Биологиялық вакциналар

Д. Инактивацияланған вакциналар

Е. Тірі вакциналар

2. Қай иммунитет анадан балаға плацента, ана сүті арқылы беріледі:

А. Жасанды

В. Табиғи енжар

С. Тұрақты

Д. Табиғи белсенді

Е. Стерильді емес

3. 1880 жылы қай ғалым сұйық қоректік ортада ұзақ уақыт сақтау арқылы тауық тырысқағы қоздырғышының әлсіздетілген штамын алған.

А. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

В. Эдверд Дженнер

С. Л. Пастер

Д. Эрисман

Е. Добраславин

4. Қабылдамаушылық неше түрге бөлінеді:

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

5. Жаңа типті вакциналар:

А. Сплит – вакциналар

В. Анатоксиндер

С.Инактивацияланған вакциналар

Д. Химиялық вакциналар

Е. Биологиялық вакциналар

6. Картотекада егу карталарын қанша топқа бөледі:

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

7. Құрал-жабдықтар сібір күйдіргісінде қанша сағат қайнатылады?

А. 30 минут

В. 1 сағат

С. 1,5 сағат

Д. 90 минут

Е. 2 сағат

8.Бактериялардан, паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген жеке торшаларды құртып жоюды, қатерлі ісіктен қорғануды қамтамасыз етеді.

А. Вакцина

В. Қабылдағыштық

С. Иммунитет

Д. Антибиотиктер

Е.Барлық жауап дұрыс

9. Егу жұмысына басшылық ететін дәрігер:

А. Иммунолог

В. Мейірбике

С. Терапевт

Д. Невролог

Е. Хирург

10. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының торшаларынан немесе олардың бөлшектерінен арнайы химиялық немесе ферменттік өңдеу жолымен бөлініп алынған антигендер жиынтығы.

А. Анатоксиндер

В. Химиялық вакциналар

С. Биологиялық вакциналар

Д. Инактивацияланған вакциналар

Е. Тірі вакциналар

11. Инфекциялық аурумен ауырып болған соң қалыптасады, инфекциялық аурудың қоздырғышы дене сақталмайды.

А. Жасанды

В. Табиғи енжар

С. Тұрақты

Д. Табиғи белсенді

Е. Стерильді емес

12. Суықтату тізбегі неше компоненттен тұрады:

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

13. Иммунизациялау бағдарламасына қойылған мақсаттар:

А. Иммунизацияның ұлттық бағдарламасын қабылдау;

В. Ұлттық бағдарламаларды жабдықтармен, вакцинамен, көлікпен қамтамасыз ету;

С. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Д. Вакциналарды сақтау және тасымалдау жүйесін жасау;

Е. Барлық жауап дұрыс

14. Қоғамның инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті

А. Табиғи енжар

В. Тұрақты

С. Жасанды

Д. Әлеуметтік

Е. Стерильді емес

15. Қай вакциналарды химиялық немесе физикалық әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою арқылы алады:

А. Анатоксиндер

В. Химиялық вакциналар

С. Биологиялық вакциналар

Д. Инактивацияланған вакциналар

Е. Тірі вакциналар

16. Ересек адамдардың тізімі аумақтық емханада жылына неше рет қайта тексеріледі:

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

17. Электр қуаты сөніп қалғанда вакциналарды сақтау үшін

А. Тонометр

В. Бикс

С. Мұздатқыш

Д. Термометр

Е. Термоконтейнер

18. Вакцина жасалады:

А. Арнайы егу бөлмесінде

В. Терапевт кабинетінде

С. Кез- келген жерде

Д. Хирург кабинетінде

Е. Барлық жауап дұрыс

19. Инфекциялық аурумен ауырып болғаннан кейін қалыптасады, адам өзі антиденелерді бөліп шығарады

А. Жасанды

В. Табиғи енжар

С. Тұрақты

Д. Табиғи белсенді

Е. Стерильді емес

20. Адамның өз денесіне енген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы жауап беру қабілеті , ауру немесе тасымалдаушылық түрінде дамуы

А. Вакцина

В. Қабылдағыштық

С. Иммунитет

Д. Антибиотиктер

Е.Барлық жауап дұрыс