Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

6 Тарау

Тақырыбы: Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары

Трансмиссивті механизіммен берілетін аурулар алғашқыда біріншілік локализацияланатын ,екіншілік қан айналым құрамына енетін қоздырғыштарды тудырады.Олардың құрамына антропоноздар(Брилла-Цинссер ауруы,Қайтымды эпидемиялық тиф,малярия ж/е т.б),зооноздар(Туляремия,оба,кене энцефалиті,Денге қызбасы,гемморагиялық қызбалар,Марбург қызбасы т.б)жатады.Қоздырғыштың тасымалдаушы ағзасынан сау ағзаға берілуі қан сорғыш кеміргіштер (кене,бит,бүрге),вирустар,риккетсиялар,спирохеталар арқылы жүреді.Жабайы ауылшаруашылық және уй жануарлары қоздырғыштардың инфекция көзі және таратушысы болады,адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты.Эпидемиялық процестің белсенділігі мен маусымдық көтерілуі тасымалдайтын жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен жүреді.Трансмиссивті инфекциялардың қатарында біздің елімізде кездеспейтін,басқа жерлерден әкелінетін жұқпалы ауруларда бар.Олар: Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары.

Қан инфекциялары қоздырғышына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

  • Вирусты геморрагиялық қызбалар-Қырым-Конго,Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары

  • Вирусты энцефалиттер-кене энцефалиті,жапон энцефалиті т.б

  • Риккетсиоздар-Бөртпе сүзегі,Қу қызбасы,Цуцугамуни қызбасы

  • Боррелиоздар-қайталамалы бит сүзегі,Азия қайталамалы кене сүзегі

  • Бактериоздар-Оба,Туляремия

Инфекция көзіне байланысты:

  • Антропонозды инфекциялар-бөртпе сүзегі,безгек,Эбола қызбасы

  • Зоонозды инфекциялар-оба,туляремия,кене энцефалиті

АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫ

АИТВ-инфекциясы –түрлі механизмдермен берілетін,созылмалы түрде өтетін,антропонозды,вирусты инфекциялық ауру.Вирустар адамның иммундық жүйесін зақымдап,ағзаның қорғаныс қабілетін нашарлатады,оппортунистік инфекциялардың қосылу әсерінен өкпенің қабынуы,мидың зақымдалуы,қатерлі ісік аурулары дамиды.Бұл ауру жөнінде алғашқы мәліметтер АҚШ басылымдарында 1979 жылдан бері жарық көре бастады.АИТВ-вирусын 1983 ж француз ғалымы,вирусолог Л.Монтанье және 1984 ж американдық ғалым Р.Галло ашқан.

Қоздырғышы-Retroviridae туыстығына жататын РНҚ лы вирустаар,3000 жуық серологиялық варианттары табылған.Тұмау вирустарымен салыстырғанда АИТВ вирустары 100 есе өзгергіш,сондықтан тиімді вакцина табу өте қиын.АИТВ вирустарының I,II,III типтері бар.Қазіргі пандемияның қоздырғышы I типтегі вирустар, II тип көбіне Батыс және Орталық Африка елдерінде жиі таралады.

Құрылысы-дөңгелек тәрізді,көлемі 100-140 нм вирион,орталық және сыртқы қабаттан құралады.Нуклеокапсидте 2 жіпшелі РНҚ және ревертаза түрінде вирустың геномы орналасады,сыртында 2 қабатты ақуызды қабығы бар.

АИТВ геномы 3 негізгі гендерден құралады:

-gag

-env

-pol

Клиникалық көріністері: жайылған лимфоаденопатия,жоғары температура,созылмалы диарея,салмақтың азаюы,ұзақ уақыт жөтелу,әлсіздік,терлегіштік,бөртпе,қышыма,орталық нерв жүйесінің зақымдалуы,түрлі бактериальдық ,вирустық инфекциялардың қосылуы.

Инкубациялық кезеңі

3 апта-2 айдан 3-5 және одан да көп жылға дейін.АИТВ инфекциясы 4 кезеңде өтеді:

  • Белгілері жоқ инкубациялық кезең

  • Алғашқы белгілерінің пайда болуы,екіншілік инфекциялардың қосылуы,

  • Иммутитет тапшылығы

  • ЖИТС-терминальдық кезең:кахексия, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы,пневмония,инфекто ЖИТС.Инфекция көзі науқас адам аурудың барлық кезеңдерінде қайтыс болғанға дейін жұқпалы болады.Вирустар көп мөлшерде қан,жұлын сұйықтығы мен спермадан табылады,аз мөлшерде сілеке»,көкірек сүті,тер,зәр,нәжісте табылады.

Берілу механизмі:

  • Парентеральдық-АИТВ инфекциясын жұқтырғанадамның қаны,қан препаттары,залалсызданбаған медициналық құралдар.

  • Жанасу (жыныстық жолмен)-қорғану тәсілдерін қолданбаған жыныстық қатынас арқылы жұғады.Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты қабығындағы жарақатқа,қанға немесе суға вирус түссе ауруды жұқтырады.Қатерлі жыныстық қатынастар гомосексуалистер,бисексуалистер арасында кең таралған.

  • Вертикальді –Анадан балаға босану немесе емізу кезінде жұғады.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Республиканың қылмыстық-қызмет атқару жүйесінің мекемелерінде қалыптасып отыр.2007 жылдың 600 жағдайына қарағанда 2008 ж АИТВ –инфекциясының 721 жаңа жағдайы,яғни 1,2 есеге өсуі тіркелген.

ҚР АИТВ-инфекциясының жыныстық және парентеральдық берілу жолдарының үлесі % 2001-2010ж аралығы.

Диагностика әдістері:

  1. ИФА әдісі- жаппай АИТВ-инфекциясын тексеру үшін қолданылады.

  2. Иммуноблот әдісі-референс зертханада Республикалық ЖИТС орталықта жасалады.

  3. ИТР әдісі-провирусты ДНҚ мен РНҚ геномы анықталады.

  4. Тест-жүйе әдісі.

Алдын алу шаралары Мемлекеттік көлемде және жеке адамдарды қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс.Бұл аурудың кең таралуына шек қою үшін еліміз бойынша 78 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды,мемлекеттік бағдарлама қабылданып іске асырылады.

ЖИТС пен күресу орталықтарының жұмыс бағыттары:

  1. Вирус кездесуіне мүмкіндігі бар қауіп топтарын тексеріп,вирус жұқтырған адамдарды тауып,емдеу

  2. Аурудың ошағын көлемдеу,бақылау,вирустың ары қарай тарауына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру

  3. Санитарлық-ағарту жұмыстарын,жастар арасында жыныстық тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер:қан кету,қан аралас қақырық бөліп шығару,туберкулездің ашық түрі.

АИТВ инфекциясын тексеру түрлері

Ерікті тексеру-АИТВ –ға медициналық куәландырудың өтуге ықылас білдірген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары,шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар тексерілушінің еркі бойынша құжаттарын көрсетпей тексерілед.

Аты-жөнін атамай тексеру-адамдардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпей тексерілуі.

Құпия түрде тексеру-нәтижесі туралы тек тексерілуші мен оған тікелей көмек көрсететін медицина қызметкері ғана біледі.

Мәжбүрлеп тексеру-құқық қорғау қаулысы бойынша тексеру.

Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру-

-вирусты В,С гепатиттері

-қатерлі ісіктер

-энцефалопатия

-кахексия

-1 айдан астам қызба

-1 айдан астам диарея

-Себореялы дерматит

-Стоматит

-Хейлиг

-Жоғары тыныс алу жүйесінің инфекциялық аурулары

-Туберкулез

-Терең микоздар

-Тілдің түкті лейкоплакиясы

-Сепсис

-Бас миының лимфомасы

Паренхималық механизмдермен берілетін вирусты гепатиттер

Вирусты В гепатит-парентеральді механизммен таралатын,бауырдың зақымдалуымен,сарғаю белгілерімен өтетін, зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталатын антропонозды вирусты инфекциялық ауру.

Қоздырғышы –ДНҚ-лы гепадновирус,көлемі42нм.Сыртқы ортаның физикалық,химиялық әсеріне өте төзімді,бөлме температурасында 3 ай,тоңазытқышта 6 ай,кептірілген плазмада 21жылға дейін сақталады.Қайнатқанда 30мин,1-2 % хлораминде 2сағатта,автоклавта температура 120° градуста 45 мин өледі.қанның сары суында 30-32°С температурада 6 ай ,-20°С температурада 15 жылға дейін сақталады.

Блюмберг австралиялық антигендердің қанының сары суынан беткейлі вирусты В гепатитінің HB Agантигенін ашқан.

Гепатит В вирустарының 3 арнайы антигендері бар:

-Беткейлі

-Ядролық

- Инфекциялық

Қазақстан Республикасында 2000 ж вирусты гепатит В сырқаттанушылық деңгейі 20,03 құрайды.Инфекция көзі жіті,созылмалы түріндегі ауру адам және вирус тасымалдаушы.Инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күн .

Берілу механизмі:парентеральдық қан құю,шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен жүретін манипуляциялар,шағын жарақаттар және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады.

1)Жасанды жолмен жұқтыру жолдары:

  • Қан және қан препараттарын құю

  • Емдеу-диагностикалық ем шара

  • Инемен емдеу

  • Татуировка,құлақ тесу

2)Табиғи жолмен жұқтыру жолдары

  • Жыныстық қатынас

  • Тұрмыстық заттар,тіс щеткасы,қырыну және маникюр заттары:тарақ,ысқыш

  • Анадан балаға босану кезінде

  • Кәсіптік қатынас-қан және қан препараттарымен жұмыс істегенде

Бұл ауру жиі қан құйдыратындар,донорлар,нашақорлар,гомосексуалистер,қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері.

Вирусты гепатит С

С вирусты гепатиттің қоздырғышы 50 нм диаметрлік флавирустар.Температура +60 С та 30мин,+100 С градуста 2 мин өледі.

Әлемде 500 миллионға жуық адамдар ВГС қоздырғыштары жұқтырған.

  • Инфекция көздері:жіті және созылмалы түрдегі науқастар

  • Жұқтыру жолдары ВГС ға ұқсас

  • 90 %-да транзфузиядан кейінгі гепатиттер болып табылады.

  • Инкубациялық кезең орташа 180-210 күн құрайды.

  • ВГС жеңілдеу өтеді,сарғаюсыз,субклиникалық түрінде

  • Сарғаю түрлері 10-20 %-да орын алады.

  • Клиникалық нәтижелері :cауығу.

  • Асқынуы:бауыр циррозы,гепатоцеллюлярлы карцинома

Вирусты гепатит Д

Д вирусты гепатиттің қоздырғышы РНҚ-лы,диаметрі 36 нм,дефектті ақауы бар вирус.

1)Ко-инфекция

2)суперинфекция

3)ВГД 15% жіті және 70-80% созылмалы түрде болады

4)Инкубациялық кезеңі 20-40 күн

5)Өте ауыр түрінде өтеді.

6)Асқынулар мен нәтижелері:көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және бауыр циррозы

Арнайы алдын алу. С вирусты гепатиттің өзіндік алдын алуы жоқ.В және Д вирусты гепатиттерінің өзіндік алдын алуы-вакцинациялау.ВГВ ға вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алу.

ВГВ ға моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде,тек ВГВ дан ғана қорғайтын бір мөлшерлі немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады,ВГВ-ға поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда шығарылады.

ВГВ-ға вакцинациялау кесіндісі

1)жаңа туылған нәрестелер үшін -0,2-4 айда

2)туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін

3)туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жастан асқан балалар мен ересектер үшін-бірінші мен екінші егулердің арасы 1 ай және екінші мен үшіншінің арасы 5 ай аралықпен

Вирусты гепатиттердің зертханалық диагностикасы

  • ИФА-серологиялық маркерлерін анықтау

  • ИТР әдісі

  • АЛТ және АСТ деңгейін анықтау

Бөртпе сүзегі

Қоздырғышы трансмиссивті механизммен берілетін,антропонозды инфекциялық ауру. ЭҚС-антрапонозды трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі болып тек, перифериялық қанында боррелий бар, қызбада жатқан адам табылады. Қызбалардың ортасындағы кезеңдер адамға қауіпті емес. Жасырын инфекция тасымалдаушылықта болуы ескеріледі. Арнайы боррелий тасымалдаушысы биттер болып табылады. Боррелие науқастың қанымен биттердің асқазанына түседі, онда бір тәуліктей ғана анықталады. Бір бөлігі сонда өледі, қалғандары, жәндіктің денесіне еніп, гемолимфада көбейеді. Инфекцирленгеннен кейін 5-6 күні боррелиллер гемолимфа мен лакунорлы қуыстарда толады. Ол жәндік денесінде өмір бойы сақталады. Адамға жұғу жолы: биттер шаққан жер қышу шақырады, ол жерді қасығанда терінің бүтіндігі бұзылады, жәндіктің аяқтары, кірпікшелері қалып қалу мүмкін. Жәндіктің зақымдалған жерінен гемолимфа шығады. Боррелер ұсақ жаралар арқылы еніп, жұғады. Аурудың максимальді эпидемия кезеңі қыс-көктем айларында. Әлеуметтік жағдай, нашар санитарлық жағдай, адамдардың топтасуы үлкен роль атқарады. Жекелеген ошақтары осы күнге дейін сақталған Азия, Африка және Америкада.

Патогенезі

Ағзаға енген боррелилер мононуклеарлы фагоциттер жүйесінде интенсивті көбейеді, бірнеше сағаттан соң қанға түсіп, боррелиемия тудырады. Бір бөлігі қанда эндотоксин бөлу арқылы өледі де, тамырлардың өткізгіштік қасиетін бұзады. Көкбауыр мен бауырда геморрагиялық инфарктар және некроздар көрінеді. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің токсикалық зақымдалуы неврологиялық және менингиальды симптомдармен көрінеді. Ұстамалар кезіндегі тахикардия симпатикалық жүйке жүйесінің қозуымен шақырылады. Бірінші ұстама кезінде қанда антидене-аглютининдер, тромбоцитобариндер анықталады. Антиденелердің әсерімен боррелилерден агрегаттар түзіледі, тромбоциттермен жүктелген, олар ішкі мүшелердің капиллярларында тоқталып, фагоцитоз ұшырайды. Осымен ұстаманың аяқталуымен кризис шақырылады. Боррелилердің қалған бөлігі ОНЖ-да және күйік миында сақталғандар апирексия кезеңінде көбейіп, жаңа антигенді қасиетімен қайталама ұстама береді. Жаңа тұқым қанға түсе отырып келесі ұстама шақырады. Жаңа ұстама сайын боррелийдің бірнеше тұқымына арналған арнайы антиденелер бөлінеді, иммунитеттің жоғарлауы байқалады. Қоздырғышта алғашқы тұқымдарына қайта оралғанда ғана сауығу гуморальді-клеткалы қорғаныс әсерінен болады. Ұстаманың кезеңділігін және апирексияны қайталама сүзекте боррелилердің дамуындағы циклдікпен байланыстырады. Патологиялық өзгерістер көкбауырда, бауырда, сүйек миында айқын көрінеді. Көкбауыр 5-6 есе үлкейеді, 1500г салмағы болады. Капсуласы тығыздалған, онда жарылған жерлері және фиброзды жабындылар байқалады. Көкбауырдың пульпасы қанға толған, онда көптеген милиарлы некроздар, кейде инфаркт байқалады. Некроздар аймағында кейде боррелий байқалады. Бауыр үлкейген, оның паренхимасында некротикалық ошақтар көрінеді. Ұсақ некроздар ошағы сүйек миында да байқалады. Бүйректе паренхиматозды нефрит көрінісі болады, иірілген түтікшелердің эпителиальді жасушаларының зақымдалуымен өтеді. Жүрек бұлшық етінде дистрофиялық өзгерістер табылады. Миокардтың паренхимасында, жүйке түйіндерінде және эндокардта ұсақ зақымдалған ошақтар, некрозға дейін. Бас миында қан құйылу байқалады, периваскулярлы инфильтраттар, жүйке жасушаларының ісінуі, протоплазманың вакуолизациясы байқалады. Ең көп өзгерістер мидың бағанында және ми қыртысында болады. Клиникалық көрінісі: инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін (орташа 7-8 күн). Клиникалық көрінісіне қызба ұстамасымен апирексия кезеңінің кезектесіп отыруы тән. Әдетте ауру жедел басталады, қысқа уақыт қалтырау 39-40С-қа дене қызуының көтерілуі қатты бас ауру және бұлшық еттердің ауруымен, ұйқысыздыққа әкеледі. Бұлшық еттердің ауруы, әсіресе балтыр аймағында айқын байқалады. Сондай-ақ, ауырсыну нервтер жолымен және буын аумағында болады. Тәбеті төмендейді. Лоқсу, құсу, іш өту болады. Тілі құрғақ, ақ немесе сарғыш жабындымен жабылған. Сол жақ қабырға астындағы тұйық ауырсыну, көкбауырдың үлкеюімен қатар бауыр да үлкейеді. Сарғаю дамиды. Бірінші ұстама, әдетте 5-8 күнге созылады. Кейін 7-14 күн қызбасыз кезең дамиды, содан кейін ұстамалар қызбасыз интервалмен алмасып отырады. Қызбалы ұстамалардың саны бесеуден аспайды. Әр келесі ұстама алдыңғысынан қысқа, ал апирексия кезеңі керісінше ұзақ. Ұстамаларды аяғына 4-6 сағатта дене температурасының критикалық төмендеуі көп мөлшерде тершеңдікпен өтеді. Қызбасыз кезеңде ауырсынулар бәсеңдейді, жалпы әлсіздік сақталады. Бірінші қызбалы ұстама кезінде температуралық қисық әрқашан тұрақты түрде, қайталама ұстамаларда ол тұрақты, ремиттеуші, дұрыс емес болуы мүмкін. Ұстама кезінде гиперемия бетте, коньюктивада байқалады, склера тамырларының иньекциясы ьолады. Қайталама сүзекке бөртпе тән емес, кейде розеола, петехиялар, үлкен дақты элементтер көрінеді. Ұстамалар соңына сарғаю склера мен терінің сарғаюы айқындалады. Салыстырмалы тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, артериальді қысымның төмендеуі анықталады. Пульстің жилігі 140-150 рет минутына. Тыныс алу жүйесі патологиялық процеске екіншілік инфекциялы асқынуда жиі ұшырайды. Бронхиттер, пневмониялар, құрғақ плевриттер байқалады. Жүйке жүйесінің бұзылуы боррелилердің жүйке тініне торпизімдігімен байланысты және борремелердің өздерімен қос олардың өмірлік өнімдерімен де шақырылады. Ұстаманың өршіген кезінде бастың тұрақты ауыруы, бас айналу, миалгия, невралгия, сирек артралгия байқалады. Аурудың барлық кезеңінде анық ес сақталады. ЭҚС-тің менингеальді формасын сипаттаған және оның комплексті симптомдары (бас ауру, желке бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы) көрінеді. Цереброспинальді сұйықтық жоғары қысыммен ағады, онда ақуыз бен жасушалардың мөлшері жоғарлайды. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, нейтрофильдердің солға ығысуы, анэозинофилия. Ұстамалар мен рецидивтердің созылуы нәтижесінде гипохромды анемия дамиды, ұстама кезінде тромбоциттер саны 1,5-109 /л төмендейді және апрексия кезінде жоғарлайды, ЭТЖ жоғарлаған. Зәрде ақуыздық, сілтіленген эритроциттер, лейкоциттер, гиалинді циндирлер жоғарлауы анықталады. Ұстама кезінде олигоурия салыстырмалы тығыздығының жоғарлауымен, ал кризистен соң-полиурия төмен салыстырмалы тығыздығымен болады. Клиникалық көрінісі бойынша өшірілген, жеңіл, орташа ауыр және ауыр, жеңіл түрлері болады.