- •Мазмұны
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы
- •2 Тарау Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.
- •4Тарау. Ішек инфекциялары
- •44.Тест................................................................................................................ 142
- •5 Тарау. Ауа тамшылы инфекциялар
- •6 Тарау. Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары
- •9 Тарау. Медициналық гельминтология
- •7 Тарау.Сыртқы қабат инфекциялары.
- •8 Тарау. Протозойлы инвазиялар
- •10 Тарау. Медициналық арахноэнтомология
- •112.Қорытынды................................................................................................ 331
- •113.Тест тапсырмалары жауаптары............................................................ 332
- •114.Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 333
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы Эпидемиология пәнінің даму тарихы
- •Эпидемиологиялық процестің белгілері
- •2 Тарау
- •II. Арнайы иммунитет
- •3 Тарау.Дезинфекция негіздері Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизация ісінің негізгі қағидалары
- •3. Физикалық әдісі.
- •4. Дезинфекцияның химиялық әдісі.
- •1 Кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
- •3 Кезең – Стерилизация кезеңі.
- •4Тарау Ішек инфекциялары
- •1 Реттік зертханалық тексеру қажет:
- •Парвовирусты инфекция
- •Орнитоз ауруының салдары
- •Орнитоз ауруының белгілері
- •Алдын-алу шаралары
- •Лептоспира бактериялары
- •Этиологиясы.
- •Жүйкелік формасы
- •Септико-граниулемотозды
- •Алдын алу
- •5 Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары
- •6 Тарау
- •Диагностика.
- •Профилактика.
- •Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы:
- •Эпидемиологияcы
- •8 Тарау
- •Жанасу механизмі-ет өңдеу кезінде микрожарақат арқылы жұғады.
- •Трансплацентарлы жолмен жүкті әйелден құрсаққа жүктіліктің алғашқы мерзімінде жұғады
- •Резервуар
- •Табиғи ошақтық аурулар
- •Паразиттер
- •Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
- •Тохорlasmа gondіі
- •Дезинсекциялау
- •Бас биттері
- •Киім биттері
- •Шат немесе қасаға биттері
1 Реттік зертханалық тексеру қажет:
Емдеу - алдын алу ұйымдарына ұаралған кезде жіті ішек инфекциясымен ауырғандар және ауруға күдіктілер.
Декреттелген контингент қатары ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен қатынаста болатын адам.
Емделуге түскен психиатриялық аурулар ауруханасының емделушісі.
Мектеп-интернат, балалар үйі мен нәрестелер үйіне алынатын балалар.
Қарттар үйіне алынатын жасы ұлғайған адамдар.
Ішек инфекциясынан жазылған реконвалесценттер.
Алдын алу шаралары. «Жіті ішек инфекциялық аурулары жөніндегі санитарлық – індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық –эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Жіті ішек инфекцияларымен бұрын ауырғандарды диспансерлеу.
Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға жатады:
Қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, тағам өнеркәіп объектілерінің қызметкерлері;
Балалар үйінің, нәрестелер үйінің, мектеп интернаттарының балалары;
Психоневрологиялық диспансерлер үйінің, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар және мүгедектер үйлерінің қызметкерлері.
Таралу жолдарын абағытталған шаралар. Дизентерия ауруының таралу жолына бағытталған шаралар үнемі жүргізілуі тиіс және оған жатады:
Сумен қамтамасыз ету мекмелерінде технологиялық, санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің қадағалауын.
Тағам өнімдерін тасымалдау, қабылдау, сақтау, дайындау, тарату, ережелерінің сақталуын қадағалау.
Балалар мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалау.
Дизентерия ошақтарда эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, мектепке дейінгі балалар мекмелерінің қызметкерлері, азық-түлік өндіру, сақтау және сатумен байланысты кәсіпкерлік жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекциялармен ауырған кезде;
2)мектепке дейінгі балалар ұйымына, балалар үйіне, мектеп интернатына баратын балалар ауырған кезде;
3) психоневрологиялық ауруханалардың, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар үйінің қызметкерлері ауырған кезде;
4) бір аурудың дамуының инкубациялық кезеңінде 3 және одан да көп адамның науқастану жағдайы тіркелген инфекция жағдайы тіркелеген инфекция ошақтарындағы адамдар.
Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде тағам азық-түлігінің, судың, жұғындылардың сынамалары зертханалық тексеру үшін алнады.
Дизентерия ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі. Дизентерия ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында эпидемиологиялық бөлімдегі №60 үлгідегі «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналын, аймақтық емхана, бала-бақшалардың картотекасын талдап, аурудың айналасында соңғы кезде тіркелген дизентерия ауруларын анықтау қажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың үйін тексеріп қана қоймай, ауруханаға барып, аурумен немесе оның ата-анасымен сөйлесу, қажет болса бала-бақшаны жұмыс орнын тексеріп, туыстарынан, көршілерінен де мәлімет жинап, сұрастыру керек.
Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды жинау мен тасымалдау.
Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды арнайы нұсқау алған медицина қызметкері жинайды. Нәжіс негізгі тексерілетін материал болып табылады. Тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтетін ауруларда қосымша құсықтар мен асқазан шайынды суоары тексеріледі. Науқас нәжісті шығарғаннан кейін оны стерильді шпательмен немесе алюминий сымнан жасалған тұзақпен алады.
Эшерихиоз
Эшерихиоз- (коли-инфекция) – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, эшерирхия бактерияларының әсерінен туындайтын, антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.
Эшерихиоз – көбіне сәби жастағы балалар арасында кездесетін, тез өрбитін ішек инфекциялық ауру. Тез өрбитін ішек инфекциялық ауруларын шигеллез, эширихиоз, иерсиниоз, ротавирустық инфекциялар жатады. Ішек инфекцияларының барлық түрлеріне тән нәрсе жалпы организмнің улану синдромы және жергілікті организмдердің, қарын, ішек жолдарының зақымдалуынан пайда болатын белгілер (гастрит, энтерит, колит, гастроэнтероколит).
Қоздырғыштар негізі ішекте орнығады, зақымдалған организмнен нәжіспен кейде, құсық арқылы бөлінеді.
Қоздырғышы Eschericha coli - грамтеріс спора түзбейтін таяқша. Сыртқы ортада төзімді: сүтте 34 күн, ойыншықтар, заттар бетінде, 3-5 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Жоғары температура, дезинфекциялық препараттар әсерінен тез өледі.
Инфекция көзі ауру адам және бактериятасымалдаушы (өткір созылмалы).
Беріліс механизмі – нәжіс ауыз-механизмі.
Таралу жолдары: тұрмыстық заттар, тағам, су арқылы.
Инкубациялық кезең: 9-72 сағат.
Энтеропагенді эшерихиоз- ЭПЭ ауруы көбінесе сәби жатағы балалардың және шала туылған, жаңа туылғандардың арасында жиі кездеседі.
Энтерионвизиялық эшерихиоз ЭИЭ- көбіне 3 жасқа дейінгі балалар және үлкендер арасында жаз-күз айларында жиі кездеседі.
Энтеротоксикалық эшерихиоз ЭТЭ- барлық жастағы балалар және үлкендер арасында кездеседі, «саяхатшылар диареясы» деп те аталады, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді, эксикоз белгілері басым болады.
Зертханалық диагностикасы: нәжісті, құсықты асқазан жуындысын бактериологиялық әдіспен зерттеу.
Алдын алу шаралары. 12.01.2012 жылғы ҚР Үкіметінің №33 Қаулысымен бекітілген «Жіті ішек инфекциялы аурулары жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологоиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Вирусты А және Е гепатиттері
Вирусты А,Е гипатиттер – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен, интоксикациямен сарғаю белгілерімен сипатталатын жіті және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялық аурулар.
Беріліс механизміне сәйкес вирусты гепатитер 2 топқа бөлінеді:
Энтералды механизм – инфекция нәжіс-ауыз механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір, қол арқылы түседі.
Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық мнипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.
Вирусты гепатиттердің жіктелуі:
Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:
Жедел А вирусты гепатиттер
Жедел Е вирусты гепатиттер
Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер
Жедел В вирусты гепатит
Жедел С вирусты гепатит
Жедел Д вирусты гепатит
Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер
Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық, типтік, атипті сарғаюсыз.
Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.
А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан.
Қоздырғышы-гепатит А вирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді.
Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы.
Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі.
Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.
Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар:
Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.
Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.
Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу.
Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау.
Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру.
Зертханалық диагностикасы:
Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау;
Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.
Вирусты Е гепатит
Вирусты Е Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.
Е вирустық гепатит
Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустық гепатиті емес екені, айдан анық болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестің халін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудың сипаттамасын жазды.
Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті.
Е вирустық гепатитті алдын алу
Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.
Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.
Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.
Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.
Вирусты гепатиттердің жалпы сипаттамасы:
№25 кесте
Белгілері |
ВГА |
ВГЕ |
ВГВ |
ВГД |
ВГС |
ВГG |
Вирустар тобы |
РНК-лы пикорна-вирустар |
РНК-лы калици-вирустар |
ДНК-лы гепадно-вирустар |
РНК-лы дефекті вирус,ВГВ бірге |
РНК-лы флави-вирустар |
РНК-лы флави-вирустар |
Биологиялық орталар |
Нәжіс, сиректеу шәуітте |
Нәжіс |
Қан, шәуіт, сілекей |
Қан, шәуіт, сілекей |
Қан, шәуіт |
Қан, шәуіт (?) сілекей |
Берілу механизмі |
Фекальді-оральдідық |
Фекальді-оральдідық |
Парентер- алдық |
Парентералдық |
Парентералдық |
Паренте ралдық |
Таралу жолдары |
Су, тұрмыстық заттар, жыныстық, жанасу |
Су |
Тері, шырышты қабат, жыныстық перинатал-дық, трансфузия |
Тері, шырышты қабат, жыныстық перинаталдық, трансфузия |
трансфузия перинаталдық, жыныстық |
трансфузия, перинатал-дық |
Таралу факторлары |
Су,тұрмыс заттары |
Су |
Қан, шәуіт, ластанған құралдар |
Қан, шәуіт, ластанған құралдар |
Қан,құралдар, шәуіт, донорлық заттары |
Қан, құралдар, шәуіт (?) |
Созылмалы процес |
жоқ |
жоқ |
ия |
Ия |
ия |
ия |
Арнайы алдын алу |
вакцина |
жоқ |
вакцина |
ВГВ вакцинасы |
жоқ |
жоқ |
Жұқтыру қауіптілігі |
Вирустар-мен ластанған суды ішу, тұрмыстық гигиенаны сақтамау, гомосексу-алдық қатынас |
Вирустар-мен ластанған суды ішу, пайдала-ну |
Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция |
Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция |
Ластанған қан құю, наркотик егу |
Ластанған қан құю, наркотик егу |
Диагностика-лық белгілері |
Ig M anti HAY |
Ig M anti HEY |
HBeAg, HBsAg Ig M anti HBcor |
PHK HDY, HDY Ag, Ig M anti HDY |
PHK HCY, anti – HCY total |
PHK GBY- C/HGY |
Тырысқақ
Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.
Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.
Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.
Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:
эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
Сурет
№17 кесінді
Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі
Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда
Медицина қызметкерлерінің қорғану шаралар
Қорғану киімін кию
Қолды қорғау
СЭҚБ хабарлау
Антибиотикпен көрсеткішке сәйкес
Инфекция көзіне бағытталған шаралар
Науқас адам
Ауруға күдікті адам Шұғыл ауруханаға жатқызу
Вибриоан тасымалдаушы
Беріліс механизмдеріне бағытталған шара – дизенфекция
Құсық, нәжіс
Құрғақ хлор әгімен 1:5 – 1 сағат залалсыздау
Құрғақ ДТС ГК 1:10 -1 сағат залалсыздау
5% лизол ерітіндісімен залалсыздау
Ыдыстар
2% сода ерітіндісінде 15 мин қайнау
0,5% хлорамин ерітіндісінде 15 мин залалсыздау
0,25% ДТС ГК ерітіндісінде 15 мин залалсыздау
Төсек заттары
0,2% сода ерітіндісінде15 мин қайнату
2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздау
Тұрғын бөлмелер
2,5% ДТС ГК ерітіндісімен 30 мин тазалау
Хлор әгі ерітіндісімен 30 мин тазалау
3% лизол ерітіндісімен 30 мин тазалау
Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау
Оқшауландыру немесе медициналық бақылау – 5 күн
Нәжісті бактериологиялық зерттеу
Антибиотикпен көрсеткішке сәйкес
Энтеровирусты инфекция. Полиомелит
Энтеровирусты инфекция – инфекциялық ауру, ішек вирустарының тобына кіреді. Энтеровирустық инфекциялардың берілуі нәжіс және ауыз арқылы (су, тағам және тығыз қарым-қатынас арқылы) және ауа-тамшы жолдары (түшкірік, жөтел арқылы) іске асыру кезінде жүзеге асырылады. Ауру маусымдық сипатқа ие, бұрқ етпелер көктем-жаз және жаз-күз мезгілдерінде пайда болады. Жұқтырылу су, тамақ өнімдері, сондай-ақ науқастың нәжісі, жөтелген және түшкірген кезде өте ұсақ сілекей мен қақырық тамшылары арқылы жүреді. Инфекция ашық суқоймаларда шомылу кезінде өте жиі жұғады.
Энтеровирустар сыртқы ортаға төзімді келеді: төмен температураларға шыдамды (тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады), құбырмен келетін суда 18 күнге дейін тіршілігін жоймайды, өзеннің суында бір айға жуық, тазартылған ағында суда екі айға дейін тіршілік етеді, сондай-ақ тұрмыстық бұйымдарда, тамақ өнімдерінде (су, жеміс, көкөніс) болады. Вирус жылыту қыздыру, қайнату, құрамында хлор бар препараттардың, ультракүлгін сәулелену әсерінен тез тіршілігін жояды.
Инфекция қалай байқалады?
Ауру температураның 38-40˚ С-қа дейін көтерілуімен, әлсіздіктен, бастың ауыруынан, лоқсудан, құсудан және көздің қарығуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің, ауыруымен, доғашықтағы және бадамшабездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады.
Бала ауырып қалса не істеу керек?
Көрсетілген белгілерге шағымдар пайда болған жағдайда ауру өздігінен өтеді деп күтпей, тез арада дәрігерге баруыңыз қажет, өз бетінізше емдеуге тырыспаңыз.
Баланы қалай қорғау керек?
Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн:
- ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;
- ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;
- азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау үшін белгіленбеген , приобретать продукты у частных лиц и в неустановленных для торговли местах.
Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыз!
Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.
Тарихи кезеңдері
Бұл ауруды 1840 ж. неміс дәрігері Я.Гейне, 1883 ж. орыс невропатологы А.Я. Кожевников және 1890 ж. швед педиатры О.Медин алғаш рет зерттеген. Бұл аурумен көбінесе 3 жасқа дейінгі сәбилер жиі ауырады. Полиомиелиттің қоздырғышы ауырған сәбидің нәжісі арқылы қоршаған ортаға тарап, бірнеше апта бойына белсенділігін жоймайды. Сондықтан инфекция ластанған ауыз су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады. Ауру жаздың соңы мен күздің басында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі 4 — 35 күнге созылады. Полиомиелит жедел басталады. Сәбидің дене қызуы 38 — 39С-қа көтеріліп, жөтеледі, қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Бұл белгілер 4 — 5 күннен кейін жоғалып, бір аптадан кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, науқас сәбидің бұлшық еттері, әдетте аяқ-қол бұлшық еттері салдана бастайды (Полиомиелит параличі). Кейде ауру ұзаққа созылып, науқас мүгедек болып қалуы мүмкін. Дерт асқынғанда, орт. жүйке жүйесінің нейрондары зақымданып (Бульбарлы паралич), сәбидің ас жұтуы, тыныс алуы қиындайды, ауа жетпей, тілі күрмеледі. Бұл жағдай сәби үшін өте қауіпті. Аурудың алдын алу үшін П-ке қарсы жаппай вакцина егу керек. Қазіргі кезде вирусы өлтірілген (инактивацияланған) және вирусы әлсіздендірілген, тірі (аттенуацияланған) вакциналар қолданылады. 1952 ж. Полиомиелитке қарсы вакцинаны американдық ғалым Дж. Солк (1914 — 1995) тапты. Полиомиелитмен ауырған сәбиді дереу ауруханаға жатқызып, карантин қою, үйді дезинфекциялау қажет. Қазақстанда Дүниежүз. Денсаулық сақтау ұйымының аясында Полиомиелитті жою Ұлттық бағдарламасы 1999 жылдан бері іске асырылып келеді.
Емдеу жолдары
Сал ауруын ешқандай дәрімен емдей алмайсыз. (Кейде дәрмені азайып әлсіреген ағза баяу қалпына келе бастайды). Антибиотиктер көмектеспейді. Аурудың алғашқы сатысында ауруды жеңіпдету үшін парацетамол немесе аспирин беруге болады, сонымен қатар ауырған жерге ыстық компресс қойыңыз. Баланы сіңірі тартыпып қалмайтындай ыңғайлы етіп жатқызыңыз. Бапа түзу жататындай етіп аяқ, қолын түзеңіз. Тізесінің астына жастық қойыңыз.
Сақтану жопдары
Бұл аурудан сақтанудың ең тиімді жолы полиомиелитке қарсы егу.
Балада суық тиген немесе аурудың басқа белгілері байқалса, қызу көтерілсе, ешқандай дәрі екпеңіздер, бұл полиомиелит вирусын тудыруы мүмкін. Уколдан тітіркену жеңіл полиомиелитті ауыр түріне айналдырып жіберуі мүмкін. Өте қажет болмаса өз беттеріңізбен баланы ешқашан шанышпаңыздар.
Суық тиген белгілері немесе қызуы бар баланы бөлек бөлмеде ұстаңыз. Баланың қасына барған әкесі мен шешесі кейін қолын жуу керек.
2,3 және 4 айлық баланы полиомиелитке қарсы ектіруді ұмытпаңыздар.
Полиомиелиттен, сал болып қалған бала құнарлы тамақ ішуі керек, бұлшық еттерін нығайту үшін дене шынықтыруымен айналысқаны дұрыс. Мумкіндігінше, жүруді үйретіңіз, суретте көрсетілгендей, тік басып түруы үшін екі тіреу дайындап беріңіз, кейін балдақ жасап беру керек Аяққа арналған аспа бау, балдақ және басқа қосымша құралдар баланың қимылдауына көмектеседі.
Коксоки А,В және ЕСНО аурулары
Вирусты диареялар - бір топ ( гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны ХХ ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.
Ротовирусты инфекция
Қоздырғышы-Rotavirus, Reoviridae тұқымдастан. Құрамында РНК-сы бар. Қазіргі күнде ротовирустардың 4 серовары белгілі-І, ІІ, ІІ, ІУ. 70% кезіндегі оқиғалар ІІ серовармен шақырылады. Ротовирустар сыртқы ортада төзімді деп есептеледі. Аурудың көзі ауырған адам немесе вирусты тасымалдаушы. Ауырған адамдар вирусты сырқаттың бірінші клиникалық көріністерінен бастап 7-10 күніне дейін нәжіспен шығарады. Максимальды түрінде сырқаттың 3-5 күнінде. Тарату механизмі-фекальды-оральды, бірақта аэрогенды түрінде де тарау мүмкіншілгі бар. Ауратындар көбінесе кішкентай балалар (0-3 жастағы). Үлкендер арасында-иммунитеті төмен адамдар ауыруы мүмкін (қосымша патологиялармен, қариялар т.б.). Сырқат көбінесе тағам арқылы тарайды. Мерзімі-суық уақытта. Бірен-саран оқиғалар жыл бойы кездесуде.Аурухана ішілік инфекция түрінде тарауы мүмкін. Патогенезі бойынша ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттері. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады. Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі. Иммунитет] аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер ротовирусты инфекцияларда ащы ішектің шырыштарының қан толуымен, серозды ісінуімен, қылшықтардың қысқаруымен, эпителиальды клеткалардың дистрофиялық өзгерістерімен байқалады
Клиникасы
Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.
Патогенезі:
Ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттер. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады.
Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі.
Иммунитет аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі.
