- •Мазмұны
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы
- •2 Тарау Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.
- •4Тарау. Ішек инфекциялары
- •44.Тест................................................................................................................ 142
- •5 Тарау. Ауа тамшылы инфекциялар
- •6 Тарау. Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары
- •9 Тарау. Медициналық гельминтология
- •7 Тарау.Сыртқы қабат инфекциялары.
- •8 Тарау. Протозойлы инвазиялар
- •10 Тарау. Медициналық арахноэнтомология
- •112.Қорытынды................................................................................................ 331
- •113.Тест тапсырмалары жауаптары............................................................ 332
- •114.Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 333
- •1Тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы Эпидемиология пәнінің даму тарихы
- •Эпидемиологиялық процестің белгілері
- •2 Тарау
- •II. Арнайы иммунитет
- •3 Тарау.Дезинфекция негіздері Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизация ісінің негізгі қағидалары
- •3. Физикалық әдісі.
- •4. Дезинфекцияның химиялық әдісі.
- •1 Кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
- •3 Кезең – Стерилизация кезеңі.
- •4Тарау Ішек инфекциялары
- •1 Реттік зертханалық тексеру қажет:
- •Парвовирусты инфекция
- •Орнитоз ауруының салдары
- •Орнитоз ауруының белгілері
- •Алдын-алу шаралары
- •Лептоспира бактериялары
- •Этиологиясы.
- •Жүйкелік формасы
- •Септико-граниулемотозды
- •Алдын алу
- •5 Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары
- •6 Тарау
- •Диагностика.
- •Профилактика.
- •Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы:
- •Эпидемиологияcы
- •8 Тарау
- •Жанасу механизмі-ет өңдеу кезінде микрожарақат арқылы жұғады.
- •Трансплацентарлы жолмен жүкті әйелден құрсаққа жүктіліктің алғашқы мерзімінде жұғады
- •Резервуар
- •Табиғи ошақтық аурулар
- •Паразиттер
- •Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
- •Тохорlasmа gondіі
- •Дезинсекциялау
- •Бас биттері
- •Киім биттері
- •Шат немесе қасаға биттері
8 Тарау
Протозойлы инвазиялар
Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Протозойлы инвазиялар тобына адамның организмінде тіршілік ететін және көбейетін 30жуық қарапайымдылар кіреді.Олар токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, безгек,саркоспоридоз т.б жатады.
Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа);
2. Талшықтылар класы (Flagellata);
3. Споралылар класы (Sроrоzоа);
4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа).
Қарапайымдылар бір-бірінен биологиялық қасиеттерімен өзгешеленеді,сонымен қатар беріліс механизмі де әр-түрлі болады.
Нәжіс-ауыз механизмімен амебиоз,лямблиоз,балантидиаз,ішек трихомониазы,токсоплазмоз таралады.
Трансмиссивті механизмімен-безгек, лейшманиоз таралады.
Жанасу механизмімен- жыныстық трихомониазы таралады.
Вертикалды механизмімен-токсоплазмоз таралады.
Қарапайымдылар орналасқан жеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді
1.Қуысты мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен байланысты қарапайымдылар:
а. Ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар:
Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)
Trichomonas tenax (Талшықтылар класы)
б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Лямблия - Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы)
в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Дизентерия амебасы - Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)
Балантидия - Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:
Қынап трихомонадасы - Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:
Пневмоциста – Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.
а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер класы)
б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар класы.)
Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei
rhodesiense (Талшықтылар кл.)
Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер класы)
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ТИПІ (PROTOZOA)
Өкілдері |
Тудыратын аурулары |
Мекендейтін орны |
Берілу жолдары |
Саркодиналар класы Sarcodina |
|||
Дизентерия амебасы (Еntamoeba histolytica) |
Амебиаз |
Ішекте |
Ауыз - нәжістік |
Ауыз амебасы Entamoeba gigivalis |
Шартты - патогенді |
Ауыз қуысында |
|
Ішек амебасы Еntamoeba coli |
Шартты - патогенді |
Ішекте |
|
Талшықтылар класы Flagellata |
|||
1.Лейшмания (Leishтапіа) а. дерматропты б. висцеротропты |
Лейшманиоз |
Тері Ішкі мүшелерде |
Трансмиссивтік |
2.Трипаносома
|
Трипаносомоз |
Қанда |
Трансмиссивтік |
3.Трихомонада (Trichomonas)
|
Трихомониаз |
Несеп – жыныс жүйесінде |
Жыныстық |
4. Лямблия |
Лямблиоз |
Ішекте |
Ауыз – нәжістік |
Споровиктер класы Sporozoa |
|||
1. Плазмодия (Plasmodium) |
Безгек |
Қанда |
Трансмиссивтік |
2. Токсоплазма |
Токсоплазмоз |
Тінде, несеп – жыныс жүйесінде |
Вертикалдық |
3. Саркоциста |
Саркоцистоз |
Тінде |
|
4. Кокцидия |
Кокцидиоз |
Ішекте |
|
5. Пневмоциста |
пневмоцистоз |
Тінде |
Аэрогендік |
Инфузориялар классы Infuzoria |
|||
1. Балантидия |
Балантидиаз |
Ішекте |
Ауыз – нәжістік |
Лямблиоз
Лямблиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,ішек жұмысының бұзылуымен,латенттік паразит тасымалдаушылықпен сипатталатын қарапайымдылар тудыратын,антропонозды инвазия.
Этиология.Қоздырғышы- Lamblia intestinalis. 1859жылы Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Лямблия
цисталары қоршаған ортада сақталады:Суда
11-22
-та
16-18 күннен 2 айға дейін,ылғалды нәжісте
16-20
-та
1-4күн, 2-4
-та
21күн сақталады.
Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен
ядролары жұпты. Ядроларының арасында
екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп
талшықтары бар. Трофозоиттар аш ішектің
жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.
Эпидемиялық процесстің сипаттамасы.Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.
Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі,берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар. Лямблиялар цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар болып табылады.
Лямблия тасымалдаушылық кең тараған,ол 2-4 жастағы тексерілген бададардың 20%-да,ересектердің 3-5%-да кездеседі.АҚШ-та ішек ауруымен науқастанғандардың 4%-ң нәжісінде лямблиялар цисталары табылған.
Патогенезі және клиникалық белгілері. Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.
Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.
Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.
Диагностикасы.
Паразитологиялық әдіс- вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.Люголь ерітіндісімен боялған жағындынымикроскоппен қарау.Нәжісті тексеруді бірнеше күн қайталау керек.
Серологиялық әдіс- лямблияның антигендерін анықтау үшін қолдануға болады
Емдеу.Метринидозол және тинидазол,энтамизол,фуразолидин,аминохинол
Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблиялар цисталарын өлтіре алмайды.3% лизол өте тиімді.Ыстық су цистаны тиімді өлтіреді.
Амебиоз
Амебиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,тоқ ішектің жаралы зақымдануымен,түрлі мүшелерде абцесс пайда болатын,созылмалы түрге өтумен сипатталатын,саркодина тобына кіретін,антропонозды инфекциялық ауру.
Қоздырушысы. Еntamoeba histolytica.Амебаларды алғаш болып 1875жылы Ф.А.Леш Петербургте науқастың қан аралас нәжісінен тапқан.1883жылы Р.Кох науқастың ішегінің гистологиялық кесіндісінен амебаларды тапқан. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.
Вегетативтік формасы сыртқы ортада төзімсіз,нәжісте 30 мин өледі. Цисталар сыртқы орта әсеріне төзімді:нәжісте,суда 1 ай,төменгі температурада бірнеше ай сақталады.
Даму кезеңі.Негізгі қожайын-науқас адам. Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.
Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.
Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.Инвазия-паразиттерді адам ағзаның кіруі.Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі.Берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар,жанасу. Цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар,кір қол,киім,ыдыс,есік тұтқасы т.б болып табылады.
Диагностикасы.Паразитологиялық әдіс- Нәжісті және сыртқы орта объектілерін зеттеу.
Серологиялық әдіс-ИФТЕР(титр 1:80 және одан да көп)АГЕР
Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.
Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.
Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.
Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Токсоплазмоз
Токсоплазмоз-әртүрлі механизмдермен берілетін,латентті және созылмалы түрде өтетін зоонозды,табиғи-антропургиялық,протозойлы инвазия.
Қоздырғышы- Тохорlasmа gondіі- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма
эндозоит сатысында апельсин жемісінің
бір бөліміне немесе жарты айға ұксас
болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм,
ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы,
ал артқы жағы кең және домалақтанып
келген. Денесін пелликула қаптап тұрады,
денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді
кұрылым — коноид
болады.
Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар
кездеседі. Коноид паразиттің иесі
денесіне енуі кезінде тірек кызметін
атқарады деп есептелінеді. Коноидтан
кейін токсоплазма денесінің артына
карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді
органоид — роптрий
бастама
алады. Роптрийда паразиттің жасушаға
енуін жеңілдететін заттар болады.
Роптрий айналасында, дененің алдыңғы
жағында, онымен байланысқан және
ирелендеген жіпшелер —
микронемалар кездеседі.
1-коноид,
2-микрожіпшелер,
3-микротүтікшелер,
4-микропоралар,
5-майтамшылары,
6-ядро,
7-эндоплазмалык тор,
8-Гольджи кешені,
9- митохондрия,
10-роптрии.
Инвазия көзі.Негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер,кеміргіштер және адамдар саналады.
Берілу механизмі
