- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
Мұнайды өндірген кезде оны қиындататын фактордың бірі мұнайкәсіпшілік құбырлардағы тұз шөгінділеріне байланысты проблема болып есептеледі. Әр түрлі объекттердегі шөгінділердің құрамы әр түрлі және көп факторларға байланысты: ілеспе сулардың құрамы, температурасы, ағыстың жылдамдығы, қысымы және т.б.
Өнеркәсіптік жабдықтардағы тұз шөгінділерінің негізгі компоненттері мыналар:
Кальций карбонаты
Кальций сульфаты
Барий сульфаты
Ұңғыда және жабдықтарда сульфат және карбонат кальцийдің таза шөгінділері көп кездеспейді. Негізінен олар бір немесе бірнеше негізгі бейорганикалық компонент қоспасы түрінде болады және металл коррозия өнімдерімен бірге кездеседі (темір қышқылы, темір сульфиді және т.б.). Бұл заттар шөгінділерді жоюды қиындатады.
Казіргі кезде кен орнында мұнайгазды горизонттарға суық мұхит суы және ыстық су кеңінен қолданылады. Физика- химиялық зерттеу нәтіжелері бойынша айдалып жатқан мұхит суы қабат суымен сәйкес келмейді. Мұхит суының құрамында көп мөлшерде сульфат ионы, ал қабат суында кальций ионы бар. Осыдан, өндіріліп жатқан ілеспе судың құрамында осы сұйықтықтардың құрамына бұл сұйықтар қанша қатынаста болуы түзілетін тұз шөгінділеріне байланысты.
Тұз шөгінділері лақтырушы линияларда, сорапты компрессорлы құбырларда, өлшеуші жабдықтарда, мұнай дайындау қондырғыларында, ҚҚҰ жүйесіндегі қабатқа суды суды айдау құбырларында, мұнай дайындау қондырғыларында, газлифтілі ұңғымалардың подьемниктерінде, сонда-ақ штангалы терең сораптармен жабдықталған ұңғыларда көп кездеседі.
Өзен
кен орнында тұз шөгінділері жинақталған
аппаратқа УДО мұнай жинау аппараты
мысал бола алдады. Аппаратты зерттеулер
маточниктағы 15
150
мм өлшемді таратушы қималар тұз
шөгінділерімен бітеліп қалғанын
көрсетті. Зерртеудің нәтіжесінде 62
қиманың тек 10-ны ғана тұз жиналмағаны
анықталды. Жуықтап есептегенде тұз
шөгінділерінің мөлшері 1140-1500 кг құрады.
Сонымен қатар тұз шөгінділерімен дайындау жүйесіндегі ПТБ-10 қыздырғыш пештері де зақымданған. Төмендегі 2.23- кестеде ПТБ-10 пешіндегі тұз шөгінділерінің сипаттамасы келтірілген:
СаСО3 |
MgCO3 |
CaSO4 |
MgSO4 |
NaCl |
Fe2O3 |
FeS |
Ылғал Дылық |
Орг. заттар |
Потери |
16 |
11,1 |
12,1 |
3,3 |
31,7 |
0,19 |
0,19 |
6,52 |
5,5 |
2,4 |
Сынаманың алынған орны |
Сынаманың алынған уақыты |
ПТБ-10 пеші |
21.04.78 ж |
2.23 – кесте- ПТБ-10 пешіндегі шөгінділердің химиялық құрамы.
«Өзен» кен орнынның 24.04.2004 жылында ұңғының пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында өндіріске «Алнас» фирмасының электрлі ортадан тепкіш батырмалы сораптары қолданылды.
ОТЭСҚ-ді пайдалану кезінде проблемалар мен қиыншылықтар болды, олар газ сепараторының торында, сораптың дөңгелектерінде және тағы басқа жерлерде тұз шөгінділерінің түзілуі қиыншылықтарға алып келді. Жұмыс істеп жатқан бөліктерінде және электр сорабының жоғарғы жағында тұнбаның түзілуінен жылыту қозғалысы нашарлайды және сораптың істен шығуына әкеліп соқтырады.
01.03.2006 жылдың жағдайы бойынша (ОТЭСҚ) ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы НГДУ-3 бойынша 91 ұңғыға қондырылды. 2004 жылдың сәуірінен бастап 01.03.2006 жыл аралығында ұңғыларды аралық жөндеу кезінде өткізілген барлық жұмыстардың 76 %-ы тұз шөгінділерінің себебінен күрделі жөндеу жұмыстарына жатады. Өткізілген бүкіл анализдер 2 тәуліктен (3059 ұңғы) 402 тәулікке (5661 ұңғы) дейінгі уақытты құрады. Анализ нәтіжелері бойынша көп көлемде МРП өзгергенін көрсетті және 15 % ұңғыларда МРП саны төмендеді, ал көптеген басқа ұңғыларда алдын ала істен шығуы байқалды.
Кен орнындағы қондырғылардағы тұз шөгінділерінің алдын алу және олармен күресу үшін химиялық әдіс қолданылады (тұз шөгінділеріне қарсы SP-203 және Корексид 7647 ингибиторлары қолданылады).
Тұз шөгінділерімен сәтті күресу үшін шөгіндінің нақты типін білу қажет, бұл қолданатын реагентті дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шөгіндінің типін білу оларды жоюдың тиімді технологиясын таңдауға мүмкіндік береді.
Карбонатты шөгінділерді тұз-қышқылды өңдеумен оңай жоюға болады.
Сульфатты шөгінділерді механикалық немесе химиялық әдіспен жоюға болады. Ал карбонатты типті шөгінділерінің түзілуінің алдын алу үшін SP-203 ингибиторын, ал сульфатты шөгінділердің түзілуінің алдын алу үшін Корексид 7647 реагентін қолданады.
