Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзен кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы

Буды дайындау және айдаудың технологиялық кезеңдері:

1.Суды өндіріп БЖӘЕЦ -ге (бу-жылулық әсер ету цехы) айдау.

2. Суды химиялық дайындау.

3.Суды қыздырып буға айналдыру және оны АГЗУ-ларға айдау.

4.АГЗУ-лардан айдау ұңғымалары арқылы қабатқа айдау.

5.Бу өндіруге қажетті су Көкжиде жерасты тұщы су көздерінен өндіріледі. Тұщы су көзі бор жүйесінің апт және альб ярустарының ұсақ түйіршікті құмтас және саз жыныстарынан тұратын қабаттарында орналасқан. Су өндіретін ұңғымалар тереңдігі 180-210 м. Су жерасты батырмалы “Грундфос” маркалы сораптарымен өндіріледі. Судың статикалық деңгейі 45 м, ал динамикалық деңгейі 120 м. Су өндіретін ұңғымалар саны 15, ал олардың орташа дебиті 200м3/тәу. Өндірілген су көлемі V=2000 м3 резервуарларға жиналады, одан ортадан тепкіш сораптар арқылы БЖӘЕЦ-на көлемі 1000м3 тазартылмаған су резервуаріне айдалады.

1.Суды химиялық тазарту. Бу генераторларында қыздырылатын су кальций және магний тұздарынан, еріген оттегі және көмірқышқыл газдарынан, майлардан тазартылып, белгілі сілтілік көрсеткішке келтірілуі керек. Себебі, тазартылмаған судан бу генераторларында қыздыру процессі кезінде кальций және магний тұздары бөлініп шөгеді, одан генератор құбырларында қақ пайда болады, сол уақытта бу генераторының суды қыздыру процессі немесе жылу бергіштік коэффициенті күрт нашарлап кетеді. Жалпы су тұздары екі түрге бөлінеді: карбонатты (Са(НСО)2, Мg(НСО)2) және карбонатты емес (сульфаттар, хлоридтер СаSО4, МgSО4) . Су тұздылығы 1кг судағы мольмен (моль/кг) өлшенеді. Бу генераторларында қыздырылатын су құрамындағы тұздар мөлшері 0,015-0,5 моль/кг аралығында болуы керек. Оттегі және көмірқышқыл газдары бу генераторларының құбырларын коррозияға ұшыратады. Су құрамындағы еріген газдар мөлшері 0,1 мг*экв/кг-нан аспауы керек. Судағы майлар 5 мг/кг –нан аспауы керек. Салыстырмалы сілтілігі 25%-тен аспауы, яғни рН=7,5-9 аралығында болуы керек. Суды химиялық дайындау қондырғысы мына бөліктерден тұрады: катионитті фильтрлі қондырғы, деаэратор, тұзды су дайындау қондырғысы, көмекші жабдықтар (әртүрлі сораптар). Катионитті фильтрлі қондырғыда қақ құраушы кальций және магний катиондары натрий катиондарымен алмастырылады. Катиониттік материал ретінде сульфокөмір алынады. Катионитті материал кальций мен магний катиондарына қаныққаннан кейін, оған тұзды сумен регенерация жасалады, яғни кальций және магний катиондары натрий катиондарымен қайта алмасады. Катиондар алмасуының химиялық реакциясын төменнен көруге болады:

2NаR + Са(НСО3)2 = СаR2 + 2NНСО3

2NаR + Mg(НСО3)2 = MgR2 + 2NНСО3

мұндағы NаR-катиониттік материал.

КПрямая соединительная линия 11 ейін бу генераторларында қыздыру процессі кезінде NНСО3 ыдырап кетеді:

2NаНСО3=Nа2СО3 + СО2 + Н2О

Катиониттік материал регенерациясы 8-10 % тұзды сумен жасалады.

СаR2 + NaCl = 2NаR + СаCl2

Mg R2 + NaCl = 2NаR + MgCl2

Тұзды су дайындау қондырғысы таза су бассейні, тұзды су бассейні және фильтрден тұрады. Таза су тұзды су бассейніне беріледі, оған тұз салынып, араластырылады. Кейін регенерация кезінде фильтрден өтіп катионитті фильтрлі қондырғыға беріледі.

Вакуумдік деаэратор- деаэратор бөшкесінен және инжектрлік сораптан тұрады. Су бөшкеге шашыратқыш арқылы беріледі, бөшке ішіндегі вакуум салдарынан су еріген газдардан айрылып бөшкенің түбіндегі құбыр арқылы шығады. Бөшкеде инжекторлық сорап арқылы 0,045МПа қысымдағы вакуум тудырылады.

2. Суды қыздырып, буға айналдыру және оны АГЗУ-ларға айдау қытай мемлекетінде жасалған “SQ-23/14” маркалы бу генераторларында жүзеге асырылады, генератор қуаты 23т./сағ., ал айдау қысымы 14МПа, генератор қондырғысы тұрғылықты. Бу генераторы радиациялық секциядан, конвекциялық секциядан, өтпелі секциядан, жылуалмасқыш құбырдан, экономайзерден және мұржадан тұрады. Қосымша жабдықтарына айдаушы сорап, горелка және вентилятор кіреді.

-Радияциялық секция цилиндр түріндегі негізгі жылужұтқыш бөлік болып табылады. Ішінде иректелген жылан түріндегі құбырлар орналасқан, сырты екі қабатты жылуөткізбейтін материалмен қапталған, сыртқы бетінің температурасы ≤ 600С.

-Конвекциялық секция трапеция түріндегі, түтін жылуын жұтуға арналған құрылғы, ішінде қабырғалы құбырлар орналасқан, бұл секция да жылу өткізбейтін материалмен қапталған, сыртқы бетінің температурасы ≤ 600С. Конвекциялық секцияда жарылыс люгі орналасқан.

-Өтпелі секция жартылай дөнгелекті өткізгіш, радияциялық секцияны және конвекциялық секцияны жалғастырып тұрады. Төменгі бөлігінде дренажды тесігі бар (тазалау кезінде ыс пен күйелерді түсіруге арналған).

-Экономайзер радияциялық секцияға берілетін суды жылытуға арналған.

-Қоысмша жабдықтары:

-Айдаушы сорап үш плунжерлі поршендік сораптар түріне жатады, сораптың техникалық параметрлері: Q=25тн/сағ., Р =14МПа. Сорап жиелілік конвертор арқылы басқарылады.

-Горелка сұйық немесе газ тәріздес отынмен жұмыс істеуге арналған, маркасы “6131-GR-62.5”.

Техникалық параметрлері:

Жылу өндіргіштігі - 66х106кДж/сағ.

Ауа шығыны –2123м3/сағ.

Газ шығыны – 769м3/сағ.

Газ қысымы – 0,0033МПа.

Вентилятор қысымы – 0,0039МПа.

Вентилятор қуаты – 37,5кВт.

Шулық ластауды азайту үшін вентилятор кіре берісіне дыбыс басқыш орнатылған.

Жоғары қысымды бу генераторының параметрлері:

Нақтылы шығыны- 23т/сағ.;

Қазанның кірісіндегі нақты қысым- 12МРа;

Қазаннан шыққан будың құрғақтылы- 80%;

Қазанның отын көзі-газ (дегидрацияланған, күкіттен тазартылған).

Деаэрациялық жұсартылған суды қысым тудыру үшін плунжерлі сорапқа 10 келеді. Сорап алдында кірген судың арасында діріл туғызатын ауа болмауы және вакуум жағдайында қалыпты берілуі үшін діріл өшіргіш 2 орнатылған. Сораптың шығысында жеке плунжерлі сораптың типіне байланысты жоғары қысымнды реттейтін қысымды түсіретін клапан орнатылған. Ал, қазанға кірер жерде су шығынын өлшегіш 8 орнатылған. Өлшегіште дабыл қаққыш клапан орнатылған, су шығыны төмендегенде (30%), басқару орнына қазан жұмысы тоқтатылатыны жөнінде белгі береді. Өлшенген су конвекциондық секциясынның қабырғасында көмір қышқыл буы мен төмен температурада болатын коррозияны болдырмау үшін, қазанның қыздыру орнында температурасын тамшы нүктесінен жоғары етіп қыздырады. Осыдан кейін конвекциондық секциясына 15 келеді, ондағы құбырларда температураның 40% жұтылылады. Сондықтан, конвекционды секциясынан шыққан кейін қайта 7 қыздырылып, радиалды бөлігіне 14 келеді. Осы жағдай радиалды секциясында да қайталанады. Себебі, бұл жерде температураның 60% жұтылады. Осыдан кейін температура-қанығу температура мәніне жетеді. Жобалық қысымға сәйкес қаныққан будың құрғақтылығы 80% жетеді. Қазанның шығар жерінде 2 қорғау клапандары орнатылған. Оның біреуі жобалық қысыммен, ал екіншісі жобалық қысымнан 3% жоғары. Осы клапандар арқылы қаныққан бу- су мен бу сепараторына 9 келеді. Сепарациядан өткен су, фильтр арқылы сынама 12 аланын қондырғыға келеді. Бұл қондырғыда температурасы төмендетіліп, үлгіге талдаулар мен құрғақтылығы тексеріледі. Су мен бу сепараторының төменгі жағында будың температурасын өлшейтін-термокрест орнатылған. Температура белгіленген мәніне жеткенде, автоматты түрде белгі беріледі. Себебі, бұл жәйт қазан қабырғысында және құбырларының жарылуына алып келетін қақ түзілуін тездетеді. Осы жерден қаныққан бу бөлекжай клапаны арқылы бу айдау құбырлар торабына келеді

3.Бу генераторы буды АТӨҚ-ларға айдайды. Буды ұңғымаларға бөлу екі бөліктен тұратын (айдау және өндіру бөліктері) АТӨҚ-ларда жүзеге асады.

АТӨҚ-ға 24 ұңғыма қосылады. Ол буды бөлу блогы мен мұнайды жинау және өлшеу блогынан, мұнайды жинау резервуарінен және мұнайды айдау сорабынан тұрады. АТӨҚ-дан бөлініп шыққан бу бу құбырлары арқылы ұңғымаларға, одан қабатқа айдалады [3]

2.3.1.3 Бу-жылулық өндеу әдісімен жұмыс істейтін ұнғы жабдығы

Бу-жылулық өндеу әдісімен жұмыс істейтін ұнғыма келесідей жабдықтардан тұрады:

  1. Бу сорабы.

  2. Буды айдау компрессоры.

  3. Буды айдау компрессоры.

  4. Айдау ұңғысының пайдалану колоннасы.

  5. Электротұтқыш.

6. Бу беру құбырлары.

7. Сақтағыш құлып.

8. Фильтр.

9. Бу шығынын өлшегіші.

10. Шығын реттегіш.

11. Қысымды реттегіш.

    1. Жылулық әдіспен өндіруге арналған ұңғымада термотөзімді сағалық жабдық қолданылады. Оның басты техникалық көрсеткіштері 2.25-шы кестеде берілген.

2.25-кесте - Сағалық жабдық техникалық көрсеткіштері

Клапан-затвор түрі

Пластиналық серпімді

Жалғану түрі

Фланецтік

Клапан-затвор жүрісі ұзындығы

75мм.

Шартты ішкі диаметрі

65мм

Жұмыс қысымы

14МПа

Жұмыс температурасы

3370С

Өлшемдері

1775х1375х615мм

Жалпы салмағы

780кг

2. Теромотөзімді тығындағыш (тұмшалаушы) қондырғы. Саға мен полировкаланған штангы аралығын тұмшалау үшін қолданылады, оның техникалық параметрлері:

-Температураға төзімділік шегі- 3500С,

-қысымы -15МПа,

-Шартты ішкі диаметр – 25, 28мм.

3. Жылулық компенсатор. Бу айдау кезінде СКҚ тізбегінің және термотөзімді пакердің зақымдануынан сақтау үшін қолданылатын қондырғы. Бу айдау кезінде СКҚ тізбегінің жылулық ұлғаюы болады, яғни СКҚ ұзарады, осы ұзаруды жою үшін компенсатор пайдаланылады. Компенсатордың техникалық параметрлері:

-Шартты ішкі диаметрі – 76мм,

-Максималды сыртқы диаметрі – 138мм,

-Жұмыс істеу ұзындығы – 1500мм,

-Жалпы ұзындығы – 1950мм,

-Температураға төзімділік шегі- 3000С.

4) Ауырлатылған штангы. Мұнай өндіру процессі кезінде штангалардың төменге жүрісі мұнай тұтқырлығы есебінен туындайтын қарсылыққа ұшырайды, соның салдарынан штангалардың төменгі бөлігі горизонталь бағытта майысады, бұл өндіру процессінің нашарлауына алып келеді. Осы тұтқырлық қарсыласын жеңу үшін ауырлатылған штангалар комбинациясы технологиясы пайдаланылады. Ұңғымаға керекті ауырлатылған штангалар саны мұнай тұтқырлығы, сорапты түсіру тереңдігі мен сорап диаметріне байланысты анықталады. Кен орынындағы орташа ұңғымаға, яғни мұнай тұтқырлығы 268 мПа*с, СКҚ диаметрі 76 мм, сорап диаметрі 44 мм, сорапты түсіру тереңдігі 250-300 м ұңғымаға біреуінің салмағы 70 кг болатын 4 ауырлатылған штангы түсіру қажет. Ауырлатылған штангы техникалық параметрлері:

-Штангы диаметрі – 38мм,

-Штангы ұзындығы – 8м,

-1м штангы салмағы – 8,93кг.

5) Екіжақты (айдауға және өндіруге арналған) сорап. Бу-жылулық өндеу әдісімен жұмыс істейтін ұңғымада периодты түрде айдау және өндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Егерде қалыпты сорап түрі пайдаланылса, периодтты түрде біресе айдауға, біресе өндіруге көшіріп тұру қажет, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан бу-жылулық өндеу әдісімен жұмыс істейтін ұңғымада “CYG-57TH” маркалы екіжақты (айдауға және өндіруге арналған) сорап пайдаланылады. Сораптың техникалық параметрлері:

-Сорап диаметрі – 57мм,

-Максимал сыртқы диаметрі – 71мм,

-Сәйкес СКҚ диаметрі – 76мм,

-Түсіру тереңдігінің шегі –2500м,

-Температураға төзімділік шегі – 3000С.

6) Термотөзімді пакер бу айдау ұңғымалары үшін арналған. Олар үлкен температурада ұзақ уақыт құбыр аралығын тұмшалаған күйінде тұра алады. Термотөзімді пакер құбыр аралығын тұмшалау арқылы жылу жоғалтуды максималды түрде азайтады және шегендеу құбыры тізбегінің үлкен температура есебінен ұлғаюын азайтады, яғни оның ұлғаю әсерінен зақымдануынан сақтайды. Термотөзімді пакердің техникалық параметрлері:

-Пакер материалы – магниилі шойын,

-Тығыздағыш материалы – асборезеңкелік жұмсақ металл,

-Ішкі диаметрі – 82,5мм,

-Сыртқы диаметрі - 152мм,

-Температураға төзімділік шегі – 3000С,

-Ұстап тұру қысымы – 20МПа,

-Ұстап тұру салмағы – 250-300кН,

-Ұзындығы – 1976мм,

-Салмағы – 61,2кг,

-Пайдалану мерзімі –3жыл.

7) Сақтағыш құлып СКҚ мен фильтр аралығына салынады. Фильтр кұмға тығындалып, қысылып қалған кезде СКҚ тізбегі алынбай қалады, ал күштеу кезінде СКҚ тізбегі үзіліп кетуі мүмкін. Осындай жағдайда СКҚ тізбегін үзбей алу үшін сақтағыш құлып қолданылады. Сақтағыш құлып белгілі бір күш түсіргенде үзіліп кетеді. Сақтағыш құлыптың техникалық параметрлері:

-Сыртқы диаметрі – 80мм,

-Ішкі диаметрі – 62мм,

-Үзілу күші – 50кН.