- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
Өзен кен орнында мұнай мен газды өндіру технологиясы ұңғы өнімін саңылаусыз жинау жүйесін қарастырады.Ұңғыда газы және суы бар мұнай құбыр желілілерімен ЦППН-ге жетеді. Мұнда мұнайдың екі сатылы сепарациясы,пештерде қыздыру, мұнайды өлшеу және оны Өзен-Қаламқас мұнай жинау коллекторына айдау жүргізіледі.
Сеператордан бөлінген газ салқындатылғаннан және конденсаты бөлінгеннен кейін өз қажетіне жұмсалып ,қалдығы факельде жағылады.
Факельдер атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Факельде жану өнімдері : көмірсутектер, азот оксидтері, көміртегі оксиді, сажа, күкіртті ангидрит.
Мұнайды жинау кезінде жабдықтардан зиянды шығулардың негізгі көздері сақтандыру клапандары, сальникті тығындауышта, қосылыстардың тығыссыздығы. Мұндағы негізгі өнім-көмірсутегі. Зиянды заттарды шығарушы басқа жабдықтар-резервуарлар,қыздыру пештері, сыйымдылықтар, тұндырғыштар және тағы басқалар.Тауарлық резервуарлардан және тұндырғыштардан бөлінетін газ-көмірсутектер.
Ластау көздер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді.
Ұйымдастырылғандар: ілеспе газды жағу факельдері, жану өнімдері-азот оксидтері, сажа, көміртегі оксиді, көмірсутегі, күкірттің қос тотығы, мұнай қыздыру пештерінің түтін құбырлары.
Ұйымдастырылмағандар: сораптар, ұңғылар, буферлік сыйымдылықтар, сепараторлар, арматураның тығысыздығы. Негізгі ластау-көмірсутегі. Зиянды заттардың статтық және залптық лақтырылысы мұнай желілерінің, сыйымдылықтардың, жабдықтарды байланыстырушылардың бұзылуы нәтижесінде орын алады [12].
Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
Атмосфераны негізгі ластайтын заттар: күкірттісутек, көмірсутегі, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин, метил спирті, күкірттісутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе.
Мұнай кен орны,пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады.Мұнай дайындау және жинау пункттері 2–ші немесе 3–ші категориясына жатады.Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары,өлшеу қондырғылары,мұнай резеруарлары, сепараторлар,пештердің түтін шығаратын трубалары,сораптар.Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар:газды жағу факелдері,пештерден шығатын трубалар,резервуарлардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары, булану.
Атмосфераның химиялық ластануы.Өзен кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру,жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар,қондырғылар болып табылады.
Өзен кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды,оның 25-і ұйымдастырылмаған.
Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары,топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері,өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады.
Өзен кен орнындағы игеру кезіндегі кәсіпорынның әсер етуін бағалау үшін атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көздерін тізімдеу жүргізілді.Жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның атмосфералық ауаға әсеріннің көзі технологиялық құрылғылар,қондырғылар,негізгі және көмекші өндірістің жүйелері мен құрылымдары болып табылады.Соның ішінде штангалы тереңдік сораптың атмосфераны ластау мөлшері кестесінде көрсетілген.
5.1-кесте - ШТС мұнай мен газды өндіруде атмосфераны ластау мөлшері
Коды |
Заттың аталуы |
Орындау критериі |
Крите-рий мәні, мг/м3 |
Қауіп- сіздік класы |
Заттың лақтыруы г/с |
Заттың лақтыруы т/жыл |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
123 |
Темір оксиді |
ШРК с/с |
0,04000 |
3 |
0,15700 |
0,65710 |
301 |
Азот диоксиді |
ШРКм/р |
0,08500 |
2 |
5,50990 |
100,437 |
304 |
Азот оксиді |
ШРК м/р |
0,4000 |
3 |
18,16360 |
418,8366 |
322 |
Күкірт қышқылы, молекула бойынша |
ШРК м/р |
0,30000 |
2 |
0,000750 |
0,010990 |
328 |
Күйе |
ШРК м/р |
0,15000 |
3 |
1,557800 |
34,09310 |
330 |
Күкірт диоксиді |
ШРК м/р |
0,50000 |
3 |
1,730400 |
27,83460 |
333 |
Күкіртсутек |
ШРК м/р |
0,00800 |
2 |
0,000125 |
0,00343 |
Ұйымдастырылмаған көздерге сальникті,фланецті қосылыстардың, бақылау және жапқыш–реттегіш арматураның тығыз емес жерлері; арматураның тығыз емес жерлері;жабдықтар мен қондырғылардың тығыз емес жерлері;қатты,сұйық және газ тәрізді орталардың ашық беттері жатады.
Ұйымдастырылған көздердің жалпы саны 5(қалыпты режим) және ұйымдастырылмаған көздердің саны 25.Ластаушы көздер жер бетіндегі (2м), төмен (2 – 10м),температурасына байланысты сұйық (10 – 50) және ыстық (200 – 800) болып бөлінеді.
Өзен кен орнында жобаланған жұмыстар барысында атмосфераны негізгі ластау көздері:
- іштен жану қозғалтқыштарында жанармай жағу;
- ұңғыманы сынау барысында қабат флюидтерін алаулы оттықта жағу;
- қалдықтарды өртеу;
- мұнайы бар шламдарды жылулық десорбциялау;
- шаңдану.
Жұмыс зонасы үшін ПДК:
Көмірсутектегі 300 мг/м3, азот оксиді 5 мг/м3, көміртегі оксиді 30 мг/м3, күкірт газ 10 мг/м3 дейін, ал елді мекендер үшін: көміртегі 5 мг/м3, азот оксиді 0,085 мг/м3, көміртегі оксиді 5 мг/м3, күкіртті газ 0,5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.
Жоғарыда айтылған обьектілердің барлығы атмосфераны ластаушы көздер болып табылады, ал негізгі ластаушы заттарға күкірт, сутек, көмірсутек, күкірт ангидрид, азот тотығы, азот екі тотығы, көміртегі тотығы, меркаптандар, күкірт тозаңы, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, пісірілген аэрозоль; марганец, кремний біріктірулері, фторитер, фторлы сутек, күкірт қышқылының аэрозоль жатады.
Шығарындылар кешенінің құрамына кіретін заттар, атмосферада бірге бар болғанда бес топ құрайды:
1) азот екі тотығы + күкіртті ангидрид;
2) күкіртті ангидрид+ күкірт сутек;
3) күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозоль;
4) күкіртті ангидрид + фторлы сутек;
5) фторлы сутек + фторидтер;
Зиянды заттардың максималды шоғырлануы: күкіртсутек, көмірсутектер, азот екі тотығы, күкіртті ангидрид, метилмеркаптан, көміртегі тотығы, күкірт шаңы, азот тотығы, диэталомин, метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, марганец қоспалары, күкірт қышқылының аэрозолі, фторлы сутек, фторидтер, кремний қоспалары, пісіріу аэрозоль, күкіртті ангидрид, азот екі тотығы, күртті ангидрид күкірт қышқылы аэрозолі, күкіртті ангидрид, сутек фторлы сутек, фторидтер.
