Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Мб
Скачать
☆

Жоспары:

1. Қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы, мақсаты, міндеттері, дамыту бағыттары, факторлары, мемлекеттік саясатының ұстанымдары

2. Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі.

3. Шағын жинақты мектеп, ерекшеліктері.

4. Білім беру мазмұнын белгілейтін Қазақстандық және халықаралық құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

5. Инклюзивті және үздіксіз, қосымша білім беру

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Білім беру жүйесінің құрылымы туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: білім беру жүйесі ұғымы, білім беру жүйесін дамыту бағыттары туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді білім беру жүйесі туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

№

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.

Қосымша әдебиеттер:

1

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

2

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

3

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

4

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

5

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

6

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

7

Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.

8

Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы, мақсаты, міндеттері, дамыту бағыттары, факторлары, мемлекеттік саясатының ұстанымдары

ХХ ғасырда барлық салада интеграциялану үдерістері қызу жүріп жатыр. Бұл құбылыстардан Қазақстан білім беру жүйесі де сырт қалмауы керек. Әлемдік өркениетке ел қатарлы, уақыттылы және байыпты түрде кіргеніміз дұрыс.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушының таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Шағын жинақты мектеп, ерекшеліктері.

Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында білім алады.

Шағын жинақталған мектептердің басты мәселесі-қосалқы сыныптарда оқу өткізудің қолайсыздығы,арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Шағын жинақталған мектептердің қызметін жетілдіруде ,сапалы білім беруде инновациялық технологияларды қолдану арқылы біріктірілген сыныптарда мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту мәселесіне, яғни интеграцияға ерекше назар аударылып отыр.

Білім беру мазмұнын белгілейтін Қазақстандық және халықаралық құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болады.

Инклюзивті білім беру. Үздіксіз білім беру. Қосымша білім беру

Инклюзивті білім беру төмендегідей принциптерді басшылыққа алады:

- адамның құндылығы оның қабілеттеріне байланысты болмайды;

- әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

- әрбір адам қарым-қатынас жасауға және іс-әрекет жасауға қабілетті;

- әрбір адамның бір-біріне деген қажеттілігі орын алады;

- әрбір адам өзін қолдауға және достыққа мәжбүр;

- әртүрлілік адамның өмірінің барлық жақтарын арттыра түседі.