Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Мб
Скачать
☆

Мультимедиалық оқулықты пайдалану әдістемесі

Оқу-тәрбие процесінде мультимедиалық оқулықты пайдаланудың дайындық кезеңінде:

  • студенттің игерген білім, білік, дағдыларын диагностикалау жүйесі қамтамасыз етіледі;

  • студенттің таңдаған тақырыбының мағынасын толықтай ашуға көмектесетін оқу-ақпараттық мәліметтер жиналады (оқу-ақпараттық банкі құрылады).

Мультимедиалық оқулықты пайдаланудың негізгі кезеңінде:

  • оқытушы өз материалын экран дисплейіне түсіре алады;

  • оқытушы студенттермен кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік алады: әрбір студентке білім деңгейіне сәйкес кеңестер беріп, бақылау жасайды;

  • сабақта студенттердің іс-әрекетін түгел бақылауға жол ашылады;

студенттің өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік туады.

Оқу-тәрбие процесінде мультимедиалық оқулықты пайдаланудың қорытынды кезеңінде:

  • студенттің іс-әрекетіндегі олқылық пен кемшіліктерді дер кезінде анықтауға және тіркеуге мүмкіндік ашылады;

  • студенттің іс-әрекетіндегі жіберген кемшіліктің себебін ашуға жол ашылады,оқу іс-әрекетін тұтастай талдауға болады;

  • студенттің оқу іс-әрекетіндегі кемшіліктерді болдырмаудың және алдын алу шараларын қарастыруға толық мүмкіндік жасалынады.

8. Типтік есептерді, есептік-графикалық, зертханалық және курстық жұмыстарды т.Б. Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар; педагогикалық жағдаяттарды шешу әдістемесі

Педагогикалық жағдаяттарды шешу нәтижесінде болашақ педагогтер төмендегідей кәсіби шеберлікті меңгереді:

  • мектептің оқу-тәрбие процесіне оңтайлы әдістерді таңдау және қолдана алуы;

  • біртұтас педагогикалық процесті жүйелік, кешендік және сабақтастық принципін ескере отырып жоспарлай алуы;

  • ақпараттық көздерді (мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды, ғаламтор желілерін, ТВ-технологияларды) тиімді пайдалана алуы;

  • ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеуі, өздігінен іздене білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы;

  • инновациялық технологияның қажеттісін дұрыс таңдай және пайдалана алуы;

  • өз міндетін кешенді орындауы және талдау арқылы ойлай білу қабілеттілігі, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруінің реттеу құралдарын пайдалана алуы;

  • топтық пікірталас негізінде топтық шешім қабылдау, шығармашылық (проблемалық) міндеттерді шешу, жобалай білуі (ізденіс жобасы, жобалаушылық іс-әрекет, шығармашылық жобалар);

  • педагогикалық процесті бақылау, бақылап отырған фактілер мен құбылыстарды талдау және олардың себеп-салдар байланыстарын анықтау, олардың дамуын болжау, күтілетін нәтижелерді болжай алуы;

  • шағын экспериментті жоспарлау және өткізу.

Жағдаяттың толық дамуының (қайшылықтардың пайда болуы мен оны шешу) мысалы негізінде біз мұғалім мен оқушылармен қарым-қатынастары және оқушылардың өз арасындағы қарым-қатынастарының көбіне мұғалімге байланысты болатындығын көрсетеміз.Тек мұғалім ғана, қай жерде және неге қарым-қатынастағы дау-жанжалдық жағдаяттар пайда болатындығын және оны шешу жолдарын біледі.

Нақтылы жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнының студенті, еңбек жолын жаңа бастаған мұғалім дау- жанжалдық жағдаяттарды тек қана тіл таба алмаушылық деп бағалайды, шиеленіске әкелетін қарама-қайшылықтарды көрмейді.

Сондықтан болашақ мұғалімдермен еңбек жолын жаңа бастаған ұстаздар проблемалық мәселелердің мәнін ашып көрсететін теориялық материалдарды меңгерулері керек.

Оқу жұмысы барысында шексіз көп жағдаятты қарастыру мүмкін емес. Барлық сан алуан педагогикалық жағдаяттарды жеті негізгі қарым-қатынас түрлеріне: екеуін қарым-қатынас типіне, бесеуін қарым-қатынас затынан туатын қарым-қатынас түрлеріне жатқызуға болады. Олардың саны оған қатысушылардың құрамына байланысты көбеюі мүмкін («мұғалім- оқушылар», «оқушы-оқушы», «мұғалім-ата-аналар», «оқушы-ата-аналар», «мұғалім- мұғалім»). Бұл дау-жанжалдағы қарым-қатынастар жағдаяттарын, оған қатысушылар құрамынан тәуелсіз шешудің жалпы принциптерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Тек алдын-ала дайындықтан кейін ғана оқу басталады. Ол екі бөлімнен тұрады:

а) қарым-қатынастағы дау-жанжалды талдау мен оның шешімін болжау (сондықтан студенттерге толық жағдаят емес, тек қана оның бірінші бөлігі – дау- жанжал бөлігі) беріледі;

б) оның дамуы алдын-ала болжаған нәтижелер беруге тиісті жағдаятты модельдеу.

Қарым-қатынастағы дау-жанжалды талдау қарым-қатынастың ерекшелігінен туатын белгілі бір жоспар бойынша жүзеге асады. Бұл жоспарды дұрыс шешімі бар қарым-қатынас жағдаятын қарастырған соң студенттермен бірлесіп жасаған дұрыс .

Талдау жоспары бірнеше бөліктерден тұрады:

1. Қарым-қатынасқа қатынасушы екі жақ қарым-қатынастың қандай типі мен оның түрін ұсынып отыр?

2. Қарым-қатынастың пәні не?

3. Қарым-қатынаста дау- жанжалдың пайда болуына не себеп болды?

4. Осы нақты жағдаятқа сәйкес дау-жанжалға қатысушы жақтардың әрекетіне жанжалды сылып алып шешу үшін қосымша қандай өзгерістер енгізуге болады?

5. Қарым-қатынастағы дау-жанжалды шешу үшін жағдаятқа қатысушы жақтарының өзгеріс енгізілгеннен кейінгі әрекеттері қандай болады?

6. Қарым-қатынастағы дау- жанжалдық жағдаятты шешу неге әкелетіндігін алдын ала айтып беріңіз?

Дау-жанжал жағдаятын талдаудың жоспарын талқылағаннан кейін студенттерге дау-жанжалды баяндап беру талап етіледі (бірақ жағдаяттың толық дамуы берілмейді), олар жағдаятта өзін байқап көреді. Бұл сияқты бейнелеулер мен көріністер көптеген оқу құралдарында бар. Оларды алдын-ала студенттердің күшімен дайындауға болады, олар оны үйде дайындап әкеле алады; бір парақ қағаздың бірінші бетіне жағдаяттағы дау-жанжал баяндалады, ал келесі бетінде оның шешімі беріледі. Талдау барысында бірінші беттегі баяндалған дау-жанжалдық жағдаят мазмұны, ал тексергенде келесі бет, яғни оның шешімі қарастырылады.

Сабақ беретін ұстазға қарым-қатынастағы дау-жанжалдық жағдаяттарды талдау үшін шешімі дұрыс, дау-жанжалды оңтайлы шешуге әкелетін жағдаяттарды таңдап алған тиімді болады.

Қарым-қатынас жағдаяттарын талдауды қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде алынған жақсы тәрбиелік әсерді қорытындылаумен аяқтаған жөн.

Содан кейін барып шешімі дұрыс емес жағдаятты талдауға көшкен жөн (неге олай екенін дәлелдеу керек). Бұндай жағдайда шешімі дұрыс емес қарым-қатынастағы дау-жанжал жағдаятын талдау жоспарына (жоғарыда келтірілген жоспарға) бірнеше бөліктермен толықтырылып, ол төмендегідей түрге бөлінеді:

1) баяндалған жағдаяттың қандай белгілері сіздің ойыңызша қарым- қатынастағы дау- жанжалдың шешілмегенін көрсетеді?

2) бұл жағдайда қарым-қатынасқа қатынасушы жақтардың қандай ойлары, сезімдері мен реніштері болатындығын болжауға болады?

3) жағдаятқа қатысушы жақтардың әрекеттерін өзгертуге мүмкіншілік беретін, сөйтіп ондағы дау-жанжалды шешу үшін осы нақтылы жағдаятқа қосымша қандай өзгерістер енгізу керектігін байқадыңыз?

4) қарым-қатынастағы дау-жанжалды шешу үшін жағдаятты өзгерткеннен кейін, қарым-қатынасқа қатысушы жақтардың қандай әрекеттерін байқадыңыз?

5) дау-жанжалды шешу қарым-қатынасқа қатысушыларды неге әкелетіндігін алдын-ала көрсетіңіз?

6) қарым-қатынастағы дау-жанжал жағдаятының дұрыс шешілгенін оның қандай белгілерінен анықтауға болады?

Жоғарыдағы жағдаяттар топтары сияқты теріс нәтижелі жағдаятты талдауды оны қорытындылаумен аяқтаған жөн, бұны мүмкіндігінше студенттер жасауы керек. Оларға мынадай сұрақтар қоюға болады:

  • Қарым-қатынастағы дау- жанжалды шешу неге әкеледі?

  • Тәрбиеші мен ұстаз өздерінің қате әрекеттрімен оны шиеленістіре түсті ме?

  • Бұл педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктері әрекетінің нәтижелігіне қалай әсер етеді?

Студенттермен жұмыс істеуді дұрыс емес ұсынылған екінші топтағы жағдаяттарды талдаудан бастаған жөн. Бұл оларды бірте-бірте дау- жанжалды алдын-ала нәтижелі шешуді модельдеудің керектігі туралы ойға жеткізеді. Нақтылы жағдайда жағдаят біздің еркімізден тыс пайда болады, бірақта дау- жанжалды алдын-ала өз әрекетінің нәтижесін біле отырып, шешу керек.

Қарым-қатынастағы дау-жанжалды теріс белгілі бір шешімі бар жағдаяттар өтпелі болады. Студенттерді бұндай жағдаяттарды талдауға үйретуден алдын-ала жоспарланған нәтижелерімен қарым-қатынас жағдаяттарын модельдеуге шағын топтарда дайындау басталады.

Осылайша ұстаздың басшылығымен тапсырманы орындауға барлық студенттердің ұжымдық негізде қатысуымен, кіші топтардағы ұсақ, шағын қарым-қатынастық жағдаятты модельдеу жүргізіледі. Үлгіні модельдеуде жұмыс нәтижесінде жоспар жасалынады, сол бойынша студенттер үйге берілген тапсырманы орындайды:

1. Жасалған жағдаяттың педагогикалық әсері кімге бағытталған?

2. Қандай қарым-қатынастағы қайшылықтарды шешу көзделінген?

3.Мұғалім алдын-ала жасалынған көрсеткіштері бар қарым-қатынастық жағдаятты жоспарлап, модельдеу арқылы қандай мақсатты көздейді?

4. Қандай міндеттерді шешу көзделіп отыр?

5. Қандай мазмұнда қарым-қатынас жағдаяты жасалынады?

6. Беріліп отырған жағдаяттағы қарым-қатынастың негізгі пәні не?

7. Жасалған шағын топтардағы қалаулы қарым-қатынастың формасы қандай?

8. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек?

9.Жағдаятқа қатысушылардың қарым-қатынасын модельдеу үшін оларға кімдердің аттарынан (мұғалімнің, топ басшысының, ұжымның) алдын-ала қандай нақтылы тапсырма берген жөн?

10. Жоспарланған қарым-қатынас жағдаяты өткеннен кейін жоспарлау барысында алған жетістіктерді қалай бағалауға болады?

Жоғарыда көрсетілген студенттердің жоспар бойынша дайындалған сабақтары, содан соң арнаулы сабақты талдау пәніне айналады. Жағдаяттың авторы оны топ мүшелеріне баяндап береді, содан соң талдау басталады. Жұмысты ұйымдастырып жүргізу үшін студенттер 4-5 адамнан шағын топтарға олардың әрбіреуі сол шағын топтың ішінде алдын-ала анықталған қарым-қатынас пәнімен (ойын, еңбек, өнер және т.б.) қарым-қатынас жағдаятының моделін дайындау үшін бөлінеді. Шағын топтағы қарым-қатынасқа қатысушылардың құрамын былайша бөлуге болады: «мұғалім-оқушы», «мұғалім-оқушылар», «оқушы-оқушы-оқушы» және т.б.

Дерек көздерінде көрсетілген педагогикалық процесс туралы материалдарды оқып меңгеру, мұғалімге дара құбылыстарды бағалау үшін жалпы педагогикалық процесс туралы, оның компоненттерінің өзара байланыстылығы, мұғалімдердің, оқушылардың, сынып жетекшілердің орны мен рөлі туралы жүйелі түсінігі болуының нәтижесінде көруге мүмкіндігі болады. Мұғалімнің оқушылар мен мұғалім арасындағы іс-әрекеттермен алмасуының рөлін түсіну, оған оқушыларды әртүрлі іс-әрекеттер тәсілдерін (танымдық, еңбек, қоғамдық, ойын т.с.с.) ғылыми негіздеп оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға іс-әрекеттер тәсілдерін меңгеруге көмектесе отырып мұғалім сонымен бірге саналы және басты бағытта іс-әрекет жасай алатын қабілетті, белсенді субьектіні қалыптастырады.

Педагогикалық процесте ұстаз бен балалардың, оқушылардың өз арасында пайда болатын қатынастардың тәрбиелік рөлін ұғыну, мұғалімді оқушылардың сабақ барысында және одан да тыс жерлерде өзара әрекеттерін саналы түрде реттеп, тәрбие тетіктерінің әсерін күшейту мақсатында және кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейінің нәтижесінде болады.

Кәсіби іс-әрекет пен іс-әрекеттің обьектісі арасында белгілі бір байланыс бар, ал ол маманның іс-әрекет обьектісіне сай қасиеттерді меңгергенде ғана анықталады. Мұғалім үшін ондай қасиеттер: педагогикалық процесті жүйелі түрде көру, педагогикалық құбылыстарды ұғынуға дайындық, ұжымды ұйымдастыруға қабілеттілік, оқушылармен шығармашылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау. Мұғалімдер ұжымын зерттеудің нәтижесінің көрсетуінше, мұғалімге тән қажетті кәсіби қасиеттер тек қана мұғалімдердің (4% артық емес) аз бөлігінде стихиялы түрде қалыптасады. Бағытты тәрбие мен ғаламтор материалдарын қолданумен өзін-өзі тәрбиелеуде студенттік жылдардың өзінде де оң нәтижелер береді. Практиканың мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың мүмкіндігі одан да мол.

Педагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Жағдаятты бала жасайды, бірақ оны тәрбиеші іс-әрекет түрінің ерекшелігін ескере отырып шешеді.

Мектеп жағдайындағы педагогикалық процесте оқу еңбегі жетекші болады, сондықтан оқушылармен қарым-қатынас жасау оқушыларға тиімді жұмыс істеуге қажетті іс-әрекеттер тәсілдерін беру үшін маңызды болады. Бұны мұғалімдер көбінесе түсіне бермейді, осыдан барып қарым-қатынаста келіспеушіліктер болады. Дегенмен де бұндай жағдаяттар, яғни қарым-қатынастың негізінде оқу барысындағы сәтсіздіктердің болуы, бұл егер мұғалім оқушыны оқи білуге үйрете білген жағдайда жалпы шешілетін құбылыс.

Бұндай әдеттегі жағдайға орыс тілі мұғалімінің айтқан тарихы да жатады:

«Жылдың басында мен 6-ы сыныпты қабылдадым. Оқушылардың ішінде екі жыл орнында қалған Берік деген оқушы бар еді. Ол орыс тілінен үлгермейтін. Маған ол аянышты көрінді. Түсінігі бар жасөспірім грамматиканы меңгере алмайтындығына, сауатты жаза алмауына сену қиын. Мен Берікпен қосымша сабақ жүргізе бастадым. Бірде, ашылған бір сәтте ол маған былай деді:

  • Апай, босқа еңбегіңізді шығындамаңыз. Уақытыңызды жоғалтпаңыз. Маған ештеңе де көмектеспейді. Орыс тілінен мен бірінші сыныптан бастап жаман оқимын. Болашақта да үлгермеймін. Маған бұл баяғыдан белгілі.

  • Қайдан белгілі?

  • Барлығы да солай дейді. Мен қабілетсізбін ...

  • Сен осыған сенесің бе?

  • Сенемін ...

  • Оған керісіншені саған дәлелдеу керек болып тұр. Сен мынадай асыл сөзді естідің бе: кім шын ықыласпен бірдеңені қаласа – ол оған қол жеткізеді. Сен де жетістікке жетесің. Кел жұмыс істейік.

Берікпен жұмыс істеу үшін әдістемемді мен де өзгерттім ...

Содан кейін бала жақсы жұмыс істей бастады. Әрине, сәтсіз кезеңдер де болды. Бірақ, орыс тілінен ол енді үлгеретін болды».

Жоғарыда көрсетілген үзіндіде, біздің байқауымызша, мұғалім тек оқушының оқудағы кемшіліктерін нақтылы ескере отырып,сабақты жүргізіп, күнделікті сабақтарда оқушының өз күшіне сенуі үшін оның табысқа жетуін қамтамасыз етіп қана жетістікке қол жеткізді. Егер қарым-қатынас адамның жасампаз іс-әрекетіне әсер етіп, іскерлік ынтымақтастығын қамтамасыз етсе, онда онымен көптеген адамдар шын көңілімен қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Бұл қандай да болмасын іс-әрекеттің түрлеріне, соның ішінде дене еңбегіне тән. Ерікті қарым-қатынас, ойын, ақыл және дене еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері бар, бұларды мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруда естен шығармауы керек. Тіршілік ортасы ретіндегі табиғатпен қарым-қатынаста біздің қоғамымызда қабылданған барлық тірі жан иесіне деген қамқорлық білінеді. Сондықтан, қарым-қатынастың заттық негізі табиғат болатын нақтылы жағдаяттардағы қарым-қатынастағы кикілжің табиғатты қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған индивидтердің жүріс-тұрысын ұжымның түзетулері арқылы шешіледі. Дегенмен, әрине, алғашқы құнттап- мәпелеу қатынас сабақтарын үлкен адамдар, ата-аналар және мұғалімдер берулері керек.