- •2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
- •2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
- •3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.
- •2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.
- •3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.
- •2. Тіркеспелі балдырлардың көбею
- •2. Колониялы балдыр өкілі вольвокстың даму циклы, көбею ерекшелігі
- •3. Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы. Жемісті дене мен қалта типтері
- •3.Қыналар бөлімі. Қыналардың құрылымдық компоненттері , анатомиялық ерекшелігі, талломдарының әр түрлі пішімділігі. Көбею тәсілдері. Таралуы, экологиялық топтары, маңызы
- •2. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері, экологиясы, маңызы.
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
- •3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
- •2. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ алмасу және фаза алмасуы
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •2. Қара күйе саңырауқұлақтарының өкілдері, зияны мен күрес шаралары
- •3. Алтын түсті балдыр өкілдері, құрылысы, пигменттері, көбею ерекшелігі
- •2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.
- •3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.
- •2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Тат саңырауқұлақтарының таралуы мен көбею ерекшеліктері
- •3. Сапрофитті және паразитті саңырауқұлақтар. Олардың экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы
- •2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.
- •3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,
- •2. Гнетопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Тұқымдастары, тіршілік циклі.
- •3. Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқалар қатары, тұқымдасы. Ерекшеліктері, таралуы, маңызы
- •2. Магнолиопсидтер немесе Қосжарнақтылар және Лилиопсидтер немесе Даражарнақтылар кластарының жалпы сипаттамасы
- •Ашық тұқымдылар бөлімі (голосеменные) -gimnospermatophyta, hemece gimnospermae
- •2. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер.
- •3 Астеридтер класс тармағы. Қосжарнақтылар системасындағы орны
- •2. Талдар қатары. Талдар тұқымдасы. Гүлдің эволюциясы. Таралуы
- •3. Асқабақтар қатары, тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Негізгі өкілдері.
3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді.
Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікпен байланысады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар.
Қынаның құрамында біржасушалы жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасушаларындағы хроматофорларында көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі.
Көбеюі
Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі
Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырмен кездескенде ғана қына жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1–8 мм, ал бұта тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.
Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.
Систематикасы
Қыналар бөлімі
|
Lichens |
хна |
Фиколихенес Қалталы қыналар Базидиальды қыналар Дейтеролихинес |
Phycolichens Ascolichens Basidiolichens Deuterolichens
|
Фиколихенес Карманные хна Базидиальные Дейтеролихинес |
Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалынады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады
№11 1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық әр алуандығына жалпы сипаттама. Балдырлардың құрылымдық типтері. Балдырлардың экологиялық топтары.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтыларжәне автогетеротрофтылар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.
Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы.
Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.
Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
Диатомды балдырлар (Diatomeae)
Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)
