- •2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
- •2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
- •3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.
- •2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.
- •3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.
- •2. Тіркеспелі балдырлардың көбею
- •2. Колониялы балдыр өкілі вольвокстың даму циклы, көбею ерекшелігі
- •3. Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы. Жемісті дене мен қалта типтері
- •3.Қыналар бөлімі. Қыналардың құрылымдық компоненттері , анатомиялық ерекшелігі, талломдарының әр түрлі пішімділігі. Көбею тәсілдері. Таралуы, экологиялық топтары, маңызы
- •2. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері, экологиясы, маңызы.
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
- •3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
- •2. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ алмасу және фаза алмасуы
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •2. Қара күйе саңырауқұлақтарының өкілдері, зияны мен күрес шаралары
- •3. Алтын түсті балдыр өкілдері, құрылысы, пигменттері, көбею ерекшелігі
- •2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.
- •3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.
- •2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Тат саңырауқұлақтарының таралуы мен көбею ерекшеліктері
- •3. Сапрофитті және паразитті саңырауқұлақтар. Олардың экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы
- •2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.
- •3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,
- •2. Гнетопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Тұқымдастары, тіршілік циклі.
- •3. Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқалар қатары, тұқымдасы. Ерекшеліктері, таралуы, маңызы
- •2. Магнолиопсидтер немесе Қосжарнақтылар және Лилиопсидтер немесе Даражарнақтылар кластарының жалпы сипаттамасы
- •Ашық тұқымдылар бөлімі (голосеменные) -gimnospermatophyta, hemece gimnospermae
- •2. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер.
- •3 Астеридтер класс тармағы. Қосжарнақтылар системасындағы орны
- •2. Талдар қатары. Талдар тұқымдасы. Гүлдің эволюциясы. Таралуы
- •3. Асқабақтар қатары, тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Негізгі өкілдері.
2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі – бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар-қатар тармағы – тұқымдас – тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр – түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ж-дік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер Ж-дік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады. Организмдердің жіктелімін түзуге ежелгі дәуірлерден-ақ (Аристотель, Теофраст, т.б. ғалымдардың еңбегінде) талпыныс жасалды. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы ашқан жаңалықтарының әсері көп болды. Алғашқы кезде өсімдіктер мен жануарларды ғыл. тұрғыда жіктеу жасанды түрде қалыптасты. Яғни организмдер тек сыртқы белгілеріне қарап топтастырылды да, олардың жақын туыстық байланысы ескерілмеді. 19 ғ-да Ч.Дарвиннің эвол. ілімінің қалыптасуы – эвол. салыстырмалы анатомия, эвол. эмбриология, эвол. палеонтология сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына жол ашып, организмдер Ж-і эвол. сипат алды. Организмдердің эвол. дамуының негізгі бағыты олардың табиғаттағы генеалогиялық (жақын туыстық) қарым-қатынасын филогенетикалық (тарихи) дамуы бойынша дәл және толықтай сипаттауға мүмкіндік берді. 20 ғ-дың басында Ж-нің эвол. сипатынан басқа филогенетикалық (кладистикалық) және фенетикалық (сандық) бағыттары қалыптасты. Филогенетикалық Ж. – қандай да бір топтың эвол. дамуының өзгеру ауқымын ескермей, әр түрлі организм топтарының тарихи даму заңдылығына сүйене отырып, олардың қандай таксономиялық категорияға жататынын анықтау. Фенетикалық Ж. – генетик. тұрғыдан зерттеуге қиындық келтіретін немесе зерттеуге мүмкіндік жоқ түрлер мен формаларға бірдей мән беріп, организмнің көптеген өз бетімен алынған белгілерін матем. өңдеуден өткізу. 20 ғ-дың ортасынан бастап Ж-де биохим. мәліметтер (хемотаксономия) пайдаланылды. Организмнің әр түрлі топтарындағы маңызды белок құрамындағы аминқышқылдардың бір ізділігін, ДНҚ мен РНҚ-ның нуклеотидті құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу – әр түрлі топтардың бір-бірімен байланысын анықтауға және оларға жүйелік сипаттама беруге жол ашты. Осы заманғы жетілген алдыңғы қатарлы ғыл. әдістерді пайдалану, сондай-ақ түрлердің популяциялық құрылымын жете зерттеудің нәтижелері – Ж-ді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа деңгейге көтерді.
3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
Аскомицеттер (қалталы саңырауқұлақтар Ascomycetes) - саңырауқұлақтардың ішіндегі ірі класстың бірі құрылысы алуан түрлі бір жасушалы бүршіктенетін өкілдерінен жеміс денелері биіктікте 20 см-ге дейін жететін (сморчкистрочки) макромицеттері бар. Аскомицеттердің басты ерекшелігі жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледІ
HEMIASCOMYCETIDAE КЛАСС ТАРМАҒЫ .
Бұл класс тармағының жемісті денелері мен аскогондық гифаларының болмауы және қалталарының мицелийдің үстінде немесе жеке жеке клеткалардан дамуымен сипатталады.Қалталары протуникатты.Жалаңаш қалталыларға 300- дей түр жатады, оларды 4 қатарға (эндомицеттер- Endomycetales , Тафриналықтар- Taphrinales, Протомицталықтар –Protomycetales,Аскосфералықтар-Ascosphaerales)бөледі.
№3 1. Мүктәрізділердің шығу тегі, жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Тіршілік циклі, таралуы, маңызы, кластарға бөлінуі
Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк — көкек зығыры мен шымтезек мүгi.
Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
