Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sistematika_shpor.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.

Зигомицеттер (Zygomycetes) саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың,омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамындахитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екіжыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық жасушалар түзілмейді

 Споралар әр түрлі жынысты болады. Олардан әр түрлі жынысты саңырауқұлақ жіпшелері өсіп жетіледі. Зигомицеттер табиғатта эндогендік жолмен түзілетін жыныссыз споралар немесе конидиилер арқылы да көбейеді. Саңырауқұлақ жіпшелерінің (мицелии) ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жетуі мүмкін. Зигомицеттер класы мукорлар (Mucorales) және энтомофторалылар (Entomophthorales) қатарларына жіктеледі.Мукор саңырауқұлақтары топырақта, өсімдік қалдықтарында жиі кездесіп, соңғыларын органик. заттарға дейін ыдыратуда белсенді рөл атқарады... Бұл қатардың арасында насекомдар микоздарын қоздыратынEntomophthora туысының өкілдері белгілі. Оларды ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің биол. тәсілі ретінде пайдалануға болады.

Қазақстанда Зигомицеттер көп кездеседі, көпшілігі тағамға зең түсіреді; қара Зең саңырауқұлақтары. Зигомицеттердің кейбір түрлерін микробиологиялық және тамақөнеркәсіптерінде, біраз түрлері зиянды жәндіктермен биологиялық күресте қолданылад

3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.

ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАР (КӨК-ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР)

2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған  өте көне организмдер.  клеткалардың пiшiнi  доғалы, цилиндрлi   таяқша тәрiздi.  Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың  жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан  тұрады. Сыртынан    клеткалар тығыз қапшық тәрiздi  сiлемеймен  қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды.  Цианобактериялар клеткаларының  түсi әр түрлi – көкжасылдан күлгiн   қызыл және қараға дейiн Мұндай спектр ерекше  пигменттер жинағымен  анықталады  олар – хлорофилдер,  ксантофилдер  және фикобилиндер   Цианобактериялар жасушаның  екiге бөлiну арқылы көбейедi.

Тiршiлiк ету ерекшелiгi  фотосинтезбен  атмосфералық азотты азотфиксациялау  қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде  Архей заманында атмосферасы оттегiмен цианобактериялардың фотосинтезi қызметiнiң арасында байыған

Цианобактериялардың негiзгi бөлiгi тұщы суларда,  ал кейбiр аздау түрлерi теңiздерде мекен етедi  Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуi  цианобактериалардың  көбеюiмен  байланысты.  Азотфиксациялайтын  цианобактериялар ауа азотын меңгерiп оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады.

Цианобактериялардың маңызы: зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады.

№5 1.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы – құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы (сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы қырықбуын, мүк және қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда өтетін болғандықтан, олардың сперматозоидтері, гаметофиттері сусыз қозғала алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]