Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sistematika_shpor.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.

Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta)- теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі. Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі.

Негізінен 20 — 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100 — 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. 2 класқа (бангия, флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда Қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сы Каспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі — құрамындабиллипротеиндер — қызыл фикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық қызылдан көкшіл жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатом. және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер. Аналық көбею органы — оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды. Талломдары көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі [жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді] тілімделген және тарамдалған. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдар бір-бірімен байланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қоректерінің бірі болып табылады. Көбею клеткалары — тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуы нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның қалыптасуына ықпал жасайды (ұзындығы 1 м болатын Rhodymenіa pertusa 12 млн. карпоспор, ал оның тетраспорифті — 100 млн. карпоспор береді). Су асты маржан рифтерінің пайда болуы мен өсуіне маржан балдырларының ықпалы үлкен. Қызыл балдырлардың көптеген түрлерінен салат, тұздық, сорпа жасалады, кептірілген күйінде де пайдаланады. Родимения және порфира түрлері жеуге жарамды болғандықтан, Тынық мұхиты жағалауындағы бірқатар елдерде (Жапония) оларды өндірістік тұрғыда арнайы өсіреді. Қызыл балдырлардан бағалы зат — агар алынады, балдыр ұны тыңайтқыш, малға азық ретінде пайдаланылады.[1

3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.

Жетілмегенсаңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) – қалталы және базидиялы спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетінконидийлер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған, 30 мыңдай түрі белгілі. Олар топырақта, өсімдіктердің қалдықтарында сапрофит және жоғары сатыдағы, әсіресе, мәдени өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Жетілмеген саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді, кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері – антракноз,фузариоз, септориоз, фомоз ауруларын қоздырады. Рenіcіllіum chrysogenum, Рenіcіllіum notatum түрлерінен пенициллин антибиотигі бөлініп алынады. Рenіcіllіum roguefortі, Рenіcіllіum camembertі түрлері сыра өндірісінде пайдаланылады. Аspergіllus nіger, Аspergіllus wentіі түрлерін егіп, лимон қышқылын бөліп алады. Кейбір түрлері адамның тыныс алу, есту мүшелерінде аспергиллез ауруын қоздырады

№13 1. Саңырауқұлақтар бөлімі. Оомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, вегетативті денесінің құрылысы, таралуы, негізгі өкілдері, паразитті оомицеттер, олармен күресу шаралары.

Оомицеттер (Oomycetes), мицелийлері жақсы дамыған, жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты – целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі – қауырсын тәрізді екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – оогамия, соның нәтижесінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары органик. заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін – сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлақтар, балықтар мен қосмекенділердің уылдырығында тіршілік етеді; ал құрлықтағылары – жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері.

Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың вегатативтік денесі бір

клеткалы болып келсе, күрделі құрылыстыларында жақсы жетілген клеткаға бөлінбеген көп ядролы митцелии түрінде болады. Көлденең перделерге бөліну тек көбею органдары түзілетін жерлерінде ғана болады.

Жыныссыз көбеюі екі талшықты зооспора, сирек конидий арқылы болады. Талшықтарының бірі қауырсын пішінді келсе, екіншісі тегіс болады. Жынысты көбеюі оогамия, мұнда жеке гометаларға жіктелмеген.

Оомицеттер негізінен суда тіршілік ететін зеңдер. Олар насекомдардың,балықтың және басқа су жануарларының өлекселері мен өсімдік қалдықтарының сапрофитті тіршілік етеді. Сонымен қатар су саңырауқұлақтарында, балдырларда, омыртқасыздарда және қосмекенділер мен балықтарда паразитті тіршілік етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]