- •2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
- •2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
- •3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.
- •2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.
- •3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.
- •2. Тіркеспелі балдырлардың көбею
- •2. Колониялы балдыр өкілі вольвокстың даму циклы, көбею ерекшелігі
- •3. Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы. Жемісті дене мен қалта типтері
- •3.Қыналар бөлімі. Қыналардың құрылымдық компоненттері , анатомиялық ерекшелігі, талломдарының әр түрлі пішімділігі. Көбею тәсілдері. Таралуы, экологиялық топтары, маңызы
- •2. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері, экологиясы, маңызы.
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
- •3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
- •2. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ алмасу және фаза алмасуы
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •2. Қара күйе саңырауқұлақтарының өкілдері, зияны мен күрес шаралары
- •3. Алтын түсті балдыр өкілдері, құрылысы, пигменттері, көбею ерекшелігі
- •2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.
- •3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.
- •2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Тат саңырауқұлақтарының таралуы мен көбею ерекшеліктері
- •3. Сапрофитті және паразитті саңырауқұлақтар. Олардың экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы
- •2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.
- •3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,
- •2. Гнетопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Тұқымдастары, тіршілік циклі.
- •3. Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқалар қатары, тұқымдасы. Ерекшеліктері, таралуы, маңызы
- •2. Магнолиопсидтер немесе Қосжарнақтылар және Лилиопсидтер немесе Даражарнақтылар кластарының жалпы сипаттамасы
- •Ашық тұқымдылар бөлімі (голосеменные) -gimnospermatophyta, hemece gimnospermae
- •2. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер.
- •3 Астеридтер класс тармағы. Қосжарнақтылар системасындағы орны
- •2. Талдар қатары. Талдар тұқымдасы. Гүлдің эволюциясы. Таралуы
- •3. Асқабақтар қатары, тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Негізгі өкілдері.
2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
Базидиомицеттер, базидиальді саңырауқұлақтар (кл. Basidiomycetes) – көпклеткалы мицелийлі жоғары сатылы саңырауқұлақтар. Өз атауын ерекше морфологиялық құрылымдар – базидийлер үшін алған. Базидийлерде экзогенді базидиоспоралар түзіледі, олар мицелийдің екі вегетативті клеткаларының өзара қосылуы (соматогамия) нәтижесі болып табылады. Даму циклінде дикариотты мицелий басым. Пішіні мен құрылысы бойынша жеміс денелері алуан түрлі: жұмсақ, қатты, тұяқ пішінді, қабықша түрінде немесе табан мен қақпаққа диференцияланған. Базидиомицеттердің тәжірибелік маңызы өте зор. Олардың ішінде жеуге жарамды, ағаш ыдыратушылар, улы, микориза түзушілер, өсімдік паразиттері, антибиотик пен басқа физиологиялық активті заттардың продуценттері бар. Конидиальді кезең өте аз кездеседі. Жүйелеу базидийлердің даму типі мен құрылымына негізделеді. Үш кластармағына бөлінеді – холобазидиомицеттер (Holoba-sidiomycetidae), гетеробазидиальді (Heterobasidiomycetidae), телиоспороми-цеттер (Teliosporomycetidae).
Әлемде 30 000-ға жуық түр белгілі. Қазақстанда 1000-нан астам тү анықталған.
№ 9 1. Саңырауқұлақтар патшалығы. Жалпы сипаттама, өсімдік және жануарлық ұйымдасудағы ұқсастықтары, шығу тегі, құрылысы, көбеюі, классификациясы.
Саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі.Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорафиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорафитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грабница деп аталынады.
Мицелий гйфа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларыы көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі баоады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының- целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тымшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді.
Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеретрофты организімдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоектенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целюлозды қабықшасын және лигинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организімдердің клеткаларынан сорып қабылдайды. Көбеюі.Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.
Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; артраспоралары ( оидийлері ) арқылы –клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі; хламидос –поралары арқылы – қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы- гифаларырда келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбеюі.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады: зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде екзогенді жолмен пайда болтын конидийлері арқылы.
Классификациясы.Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes), гифохитромицеттер класы (Hyphochytriomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basidiomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes). Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.
