Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sistematika_shpor.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.

3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,

Алхорылар тұқымдас тармақтары

Раушан гүл тұқымдасының көпшілігі пайдалы жеміс ағаштары. Бұлар қос жапырақшылар тұқымына жататын ағаш, бұта, екі немесе көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс - жидек дақылдары халық шаруашылығында кеңінен қолданады.

Раушангүлдерге тән ерекшеліктер

Геницейі және гүлтабан құрылысы. Гинецейі көп бөлікті апокарпты бір бөлікті ценокарпты түріне дейін өзгерген. Гүл табаны талбақша, бакал тәрізді болады да, олардың жиегіне тостағанның түп жағы күлтесі, аталықтары бірігіп өсіп тұрады. Мұндай гүл табанды шпанти деп атайды.

Жемістері піскен кезде гүл табаны ашық түсті болып етті және шырынды болып келеді, жемістің тұқымының таралуына себепші болады. Раушан гүлдер тұқымдастының 4 тұқымдас тармағы бар.

1. Тобылғы (спириляр) - Spiraeodeae. Бұталар жапырағы жай жапырақ, бөбе жапырағы болмайды, гүлдері жалпақ немесе табақша тәрізді, гүл табандарында, аналықтың астыңғы жағында немесе аналығының маңында өседі. Тостағаншасы 5, күлтесі 5, аталықтары көп. Гипанти ортаңғы көп бөлікті апокарти гинецейі 5 аталықтан тұрады. Үстіңгі жатыны болады.

Гүлінің формасы. Са5СО5АюС(5) Жемістері көп тұқымды топтама. Тұқымдас тармағының негізгі туыстығы: Тобылғы (спириляр) түймешектен (рябика).

2. Розалар немесе итмұрын тұқымдас тармағы: Rosoidea. Буа - лар және шөптесін түрінде өсетін өсімдіктер жапырағы күрделі, сирек жай жапырақ, бөбе жапырақтары болмайды.

Гүлдері - аналықтың үстінде, астында, маңында да өседі.

Гинецейі - көп бөлікті апокартты, сирек бір бөлікті.

Туыстары: Бұлдіршін, қазтабан, итмұрын.

Гүлінің формасы: Са5СО5А∞G(5)∞

Кейде ауытқулар болады.

Мысалы: Ca4+4CO4 A∞ G(5) ∞

Тік қазтабан: Са4+4СО4 А∞G(1)

Жемістері: бір тұқымды тұқымша, бір тұқымды жаңғақ, бір тұқымды сүек.

3. Алмалар тұқымдас туыстары - Konoideae: ағаштар және бұталар жапырақтары жай және күрделі, бөбе жапырақтары ерте түседі.

Гүлдері: аналықтың астында өседі, гүл табаны ойыс жеміс жапырақшасы 5, кейде 2-3,1 де болады.

Гүлінің формасы: Ca5CO5A∞ G5-1.

Жемісі: алма тәрізді, алма жемісінің 4 аталығы жағдайында тостағаншасының қалдығы болады.

Туысы: алма, алмұрт, долана, шетен т.б.

4. Қара өрік тұқымдас туыстары - Primoideae - ағаштары бұталар жапырағы жай, бөбе жапырақтары ерте түседі.

Гүлдері: аналықтың астында өседі. Гүл табаны ойыс. Аналығымен бірге өспейді. Жеміс жапырақшасы біреу.

Гүлдің формасы: Ca5CO5 A∞G1

Жемісі шырында сүйекті немесе құрғақ.

Туыстары: қара өрік, шие, өрік, шабдалы, мойыл.

№17 1.Антоцеротопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Антоцероттар тұқымдасы.Гаметофиттің және спорофиттің құрылыс ерекшеліктері.

Антоцероттар класы өз атын гректің anthos -гүл және keros- мүйіз деген сөздерінен алған. Бұлардың жертаған (розетка) түзетін қара-көк түсті, табақша (пластинка) пішінді, жерге жабысып өсетін талломында, ұзынша және аздап қисықтау болып келген мүйіз формалы спорогондары дамиды.

Бұл кластың өкілдері баска мүк тәрізділерден гаметофитінің қарапайымдылығымен және спорофитінің кұрылысының өте күрделі болып келуімен ерекшеленеді. Бұлардың спорофиттері ерекше меристемалық клеткалардың көмегімен ұзақ уақыттар бойы өсуге бейімделген.

Гаметофитінің құрылысының көптеген белгілері антоцероттарды балдырлармен жақындастырады, ал спорогонының кұрылысында керісінше жапырақты сабақты мүктерге тән белгілер бар.

Антодероттар класына жер шарының негізінен тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған 300-дей түр жатады.

Бұл  класс  антоцероттар  (Anthocerotales)  деп  аталатын  бір  ғана  қатардан тұрады.   Антоцероттар   қатары   2   тұкымдастан: Anthocerotaceae және Notothylaceae. Anthocerotaceae; тұқымдасына 3 туыс жатады.

Бұлар батпақты жерлерде, егістіктерде және ылғалы мол жыралардың бойында өседі. Антоцеростың талломдары жертаған тәрізді, көлемі 0,5-3 см-ден аспайтын, шет жағы тілімделген қоңыр-жасыл түсті болып келеді. Олар өзінің ортаңғы бөлімі аркылы жерге жабысып бекінетін 6-10 қабат клеткалардан тұрады. Талломдарының шеті бір қабат клеткалардан тұрады және көп жағдайда олар жоғары карап қайырылған болып келеді (А.punctatus), Жерге талломдар қарапайым ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломдар өз телімдерінің (лопасть) арасында орналасқан төбе клеткалары арқылы өсіп отырады.

Талломның анатомиялық құрылысы өте карапайым болып келеді. Ол біртектес паренхималық клеткалардан тұрады. Эпидермисі нашар жетілген. Талломның клеткаларында балдырлардағыдай ішінде пиреноиды бар пластинка тәрізді хромотофорлары (әр клеткада бір-бірден) болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]