Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nevrologia-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.

Церебральді кома-апоплекциялық кома,бассүйек-ми жарақаттарымен,ми ісігімен шақырылған комалар.Соматогенді кома-туыт жарақаты,инфекциялық аурулар,мидыңжәне оның қабықтарының қабынулары,эндокринді аурулар,уланулар,термиялық зақымдар,метоболикалық бұзылыстар,бауыр,бүйрек,ұйқы безінің ауыр зақымданулар нәтижесінде дамиды.Балаларда коматозды жағдайлар жарақат,ми ісіктері, қантты диабет,эпилепсия,менингоэнцефалит,жедел бауыр,бүйрек жетіспеушілігінде,интоксикацияларда,миға қан құйылуы кезде,су-электролиттік алмасу бұзылған кезде пайда болуы мүмкін.

■Жарақаттық кома.әртүрлі жарақаттар әсерінен пайда болған: бастың ауруы,лоқсу, құсу, психомоторлы қозу.Жалпы милық симптоматика менингеальды белгілер бас ми ісіктері кезінде беруіде мүмкін.Брадикардия және сирек тыныстың кеш стадиясындағы тахикардия мен тахипноэ.

22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

1.Тыныс жолдардың өткізгіштігін қамтамасыз ету,аспирацияның алдын-алу,жеткілікті оттегін беру интубация арқылы.

2.Пульсті,АҚҚ бақылау,ЭКГмониторингі

3.Қан тамыр ішілік құюүшін система орнату.

4.Гипогликемияны жоққа шығара алмасақ 40-60мл глюкоза-40%+2мл В1 5%витамин көк тамырға

5.Асқазанды тазарту және жуу қажеттілік болса.

6.Су-электролиттік және қышқыл-тұзды тепе-теңдікті сақтау.Ми ісінуі жоқ болса 0,9% натрий хлоридін 35мл/кг

7.Зәр бөлінуін бақылау,катетеризация,антисептиктерді енгізуі.

8.БІГ кезінде бас ішілік қысымды төмендету.

9.Қызбада,гипертермияда:сыртқы салқындатқыштар,анальгетиктер,ҚКСЕП+вазодиляторлар,дроперидол,антибиотиктер көрсеткіш бойынша.

10.Тырыспаларда т/і реланиум 10мг,психоматорлық қозуларда-бензодиазепиндер,натрий оксибутираты,нейролептиктер аз мөлшерде.

11.Интоксикацияда-уға қарсы дәрілер:есірткелерді көп пайдаланғанда 0,5мг налоксон көктамырға.Токсикологиялық бөлімге жатқызу керек.

23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.

Мидың шайқалуы

-жедел жәрдемді қажет етпейді

-науқаста қозу болса:2мл 0,5%седуксен (реланиум,сибазон)ерітіндісі енгізіледі

-аурухананың неврологиялық бөліміне тасымалдау.

Мидың жаншылуы мен соғылуы

-көктамырды табу

-терминалды күйлер дамығанда жүрек реанимациясын жүргізу

-қанайналым декомпенсациясында реополиглюкин,кристалды ерітінділерді к/т тамшылату;қажет болғанда:5мл 0,5%допаминді изотоникалық ерітіндіге араластырып к/т тамшылату,АҚ120-140мм.с.б. ұстап тұру.

-ГКС:дексаметазон 8-12мг немесе преднизолон 90-150мг к/т

Ес-түссіз күйлерде:-ауыз қуысын қарап,тазалау керек-мойын омыртқасын қатты шалқайтпау-кеңрдек интубациясы-психомоторлы қозуларда,тырысуларда 0,5-1,0 1%атропин тері астында,2-4мл 0,5%седуксен немесе 15-20мл натрий оксибутираты к/т----тасымалдағанда тынысын бақылап отыру керек

Бассүйек ішілік қысымның көтерілу синдромында—2-4мл 1%фурасемид (лазикс) к/т (көп қан жоғалтқанда енгізілмейді)—ӨЖЖ—ауыру синдромында:2-4мл 50%анальгин немесе 2-4мл 0,5%трамал ерітінділері енгізіледі;

24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.

Бастың соғылуы кезінде оқиға болған жерде қан тоқтатқыш "гиппократ тақиясын"немесе "тұмақ"таңғышын салып науқасты травматологиялық бөлімшеге шұыл түрде жеткізу қажет.Жабық,ашық және қосарласқан бассүйек-ми жарақатында жедел жәрдемді оқиға болған жерден бастап көрсетеді.Ашық және енген жарақаттарды гемостатикалық губкамен жауып,асептикалық таңғыш саламыз.Науқасты травматологиялық бөлімшеге жеткізу қажет.Егер науқастың есі анық болса зембілмен жастықсыз арқасына жатқызып тасымалдау қажет.Егер есі болмаса құсықпен аспирация болмас үшін науқастың басын бір бүйіріне қаратып тасымалдау қажет.БМЖ кезіндегі реанимациялық шараларды ауруханаға дейін бастау керек.Ол жарақат әсерінен болған өмірге қажетті мүшелердің қызметінің бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталады.Онда тыныс жолдарының бітелуі,қан жоғалту және гемодинамикалық ауыр бұзылыстардың әсерінен болған ми ишемиясы мен гт\ипоксиясының алдын алу қажет.Газ алмасуды қалпына келтіру үшін тыныс жолдарын тазалап,ауа өткізгіш түтікшелер қою немесе жасанды тыныс беру қажет.