- •1.Ми ісігі.Клиникалық көрінісі.
- •2.Дислокационды синдром, маңызы,сыналану түрлері, клиникалық көрінісі.
- •3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.
- •4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.
- •5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
- •6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
- •7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
- •8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
- •10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
- •9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
- •11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
- •12.Онмк. Жіктелуі.
- •13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
- •14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •15.Онмк дифференциальды диагностикасы.
- •16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
- •17..Кома. Этиопатогенезі.
- •18.Команың клиникалық көрінісі.
- •19.Гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипергликемялық некетоацидотикалық, гипогликемиялық команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі..
- •20.Алкогольдік және улану комасының клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.
- •23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.
- •24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.
- •25.Жұлын жарақаты кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •26.Жұлындық шок.Клиникалық көрінісі.
- •27.Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •28.Холинергиялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •29.Мигренсіз статус кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
Бұл өмірге қауіпті жағдай,талмалар бірінен соң бірі қысқа уақыт арасындағы аралықта қайталанып отырады.Бірінен соң бірі жүретін екі талманың арасындағы аралықта науқас есін жинамайды,ал негізгі өмір функциялары қалыпқа келмей қоймай әр бір талмадан кейін одан әрі ми комасына тереңдейді,жүрек-қан тамырлар қызметінің,тыныс алу,зат алмасу функцияларының бұзылыстары көбейе түседі.Осы уақытқа дейін науқастардың 60%-нан астамы эпилептикалық статуста болғандар жүргізілген емге қарамастан қайтыс болады.
Егер осы тырысу ұстамасы өмірінде бірінші рет болса,науқасты ауруханаға жатқызып оның себебін анықтау қажет.Мектепте немесе үйде болған тырысулар өздігінен басылуы мүмкін,егер 10минутта тырысулар басылмаса дәрі-дәрмектік емді жедел бастау қажет.тырысу кезінде жарақаттанудың алдын алу үшін науқасты қатты ұстауға болмайды.Науқасты қатты,тегіс жерге жатқызады,басының астына жастықша немесе бүктелген жайма қояды.тіл,ерін ұрттарының тістелмеуі үшін науқастың аузына барынша жұмсақ зат салып қою қажет.Науқастың басын бір жағына бұрып,Тренделенбург қалпында жатқызып,аузынан сілекейдің еркін ағуына мүмкіндік береміз.тілінің түсіп кетуіне байланысты асфикция дамымауын бақылаймыз.Тырысу ұстамасын басу үшін 0,5%2,0мл седуксен ерітіндісін 40%-20мл глюкоза ерітіндісінде көктамырға енгіземіз.Ми ісінуінің алдын-алу үшін 20-40мг фуросемид ерітіндісі енгізіледі.Егер бұл дәрі –дәрмектердің әсері болмаса 20% 10-30мл натрий оксибутираты енгізіледі.Науқастың тынысы тоқтап қалса-өкпеге жасанды желдендіру жүргізіледі.
12.Онмк. Жіктелуі.
I.Ми қан тамырларының аурулары және олардың пайда болуына ықпал жасайтын патологиялық жағдайлар.
II.Ми қан айналым бұзылуының сипаты:А.Ми қан айналым бұзылуының алғашқы көріністері.Б.Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары.1.Транзиторлық ишемиялық атакалар.2.церебральдық гипертония кризі.В.Инсульт.1.Тор қабық үсті кеңістігіне қан құйылу.2.Геморрагиялық инсульт.3.Ишемиялық инсульт.4.Неврологиялық дефициті жойылған инсульт.5.Бұрын болған инсульттің зардаптары.Г.Ми қан айналысының үдемелі бұзылымдары.1.Созылмалы субдуралдық гематома.2.Дисциркуляторлық энцефалопатия.
III.Мидағы зақымдану ошақтары.1.Ми жарты шарлары.2.Ми бағасы.3.мишық.
IV.Ми қан тамырлар өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.А.Қан тамырлары патологиясының сипаты.Б.Патологияның орналасуы.
V.Клиникалық симптомдардың сипаты.
13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
Ишемиялық инсульттер - тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.ауру түнде немес демалған сәттерде шұғыл басталады.Аурудың басталу қарсаңында әдетте бас ауырып,айналады,аз уақыт еске сақтау қабілеті бұзылады,аяқ-қолда парестезия,ауырлау және әлсіздік байқалады,кейде құлақ шуылдап,көз қарауытады,эпилептикалық ұстамалар болып,науқас талып та қалады.Бірнеше сағат, кейде тәуліктер өткеннен кейін аурудың бір жақ қол-аяғы салданып қалады.Әдетте сырқат есінен танбайды.Көбіне ол ауруға қатысты өзі байқаған өзгерістерді баяндап бере алады.Ұйқыдан оянсымен қол-аяғының бір жағынан сал болып,сөзінің бұзылғандығы жиі байқалады.
Ишемиялық инсульт жиі қарт кісілерде дамиды. Психикалық және физикалық күш түсумен айқын байланысы бар. Ишемиялық инсульт біртіндеп дамиды,бір неше сағат немесе бір неше күн ішінде дамиды, ұйқы кезінде де дамуы мүмкін Типті инсульттің алғашқы хабаршысы: бас айналу, аз уақыттағы сананың бұзылуы, көз алдындағы қараюлар, жалпы әлсіздік, аяқ- қолдарының өткінші(преходящие) парестезиясы және т.б. Ишемиялық инсульттің ерекшелігі ошақты симптомдар жалпы милық симптомнан басым болады. Ишемиялық инсульттің дамуы кезінде, кейде одан кейін де,санасы бұзылмайды, бас ауырмайды немесе ол әлсіз, ми қабаттарының қозу симптомдары жоқ, бет терісімен көрінетін шырышты қабаттары боз,дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, ликвор өзгермеген.Бас миының ошақты зақымдалу симптомдары, қандай тамырдың зақымдалуына байланысты:алдыңғы, ортаңғы немесе артқы, омыртқа артериялары.Аурудың бастапқы кезеңінде локальді бассейндердің ишемияның бөлек түрлерін бір- бірінен айыру қиын болады.Бұл кезде диагноз ретроспективті қойылады.Осындай жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.
