- •1.Ми ісігі.Клиникалық көрінісі.
- •2.Дислокационды синдром, маңызы,сыналану түрлері, клиникалық көрінісі.
- •3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.
- •4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.
- •5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
- •6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
- •7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
- •8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
- •10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
- •9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
- •11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
- •12.Онмк. Жіктелуі.
- •13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
- •14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •15.Онмк дифференциальды диагностикасы.
- •16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
- •17..Кома. Этиопатогенезі.
- •18.Команың клиникалық көрінісі.
- •19.Гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипергликемялық некетоацидотикалық, гипогликемиялық команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі..
- •20.Алкогольдік және улану комасының клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.
- •23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.
- •24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.
- •25.Жұлын жарақаты кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •26.Жұлындық шок.Клиникалық көрінісі.
- •27.Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •28.Холинергиялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •29.Мигренсіз статус кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
Жедел көмек көрсету. Виталді қызметтерді қалпына келтіру. Науқастың басын жоғары көтеріп төсекке жатқызу. Геморрагиялық инсульт кезінде гемостатикалық және ангиопротекторлық қызметі бар дәрілер көрсетілген. Бұл препаратқа дицинон (синонимі: этамзилат, циклонамид) жатады.
Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін тамыр ішіне дроперидол (2-4 мл 0,25% ерітіндісін ).Әсері болмаса ганглиоблокаторлар- пентамин (1 мл 2,5% ерітіндісін) немесе бензогексоний (1мл 2,5% ерітіндісін), бірақ осы атап өткен дәрілерді байқап артериалды қысымның үнемі бақылауымен жүргізеді. Ми існуімен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса).Коллатеральді қан айналымымен инфаркт және периинфаркт аймақтарында микроциркуляцияны жақсарту үшін реополиглюкин тамшылатылып енгізіледі. Осы препарат қанның реологиялық қасиетін жақсартады және гепарин тағайындауын қажет етпейді, ал гепаринді тағайындаған жағдайда тұрақты лабораториялық бақылау қажет, бірақ егер де инфаркт тромбоэмболия синдромының асқынуы ретінде дамыса, қайталамалы эмболияны алдын алу үшін гепарин тағайындалады. Нейрондардағы метаболикалық үрдістерді қалпына келтіру үшін антигипоксанттар тағайындалады. Осы мақсатта церебролизин беріледі.Ноотроптар қолдануы мүмкін (ноотропил, аминалон, энцефабол, пантогам, пиридитол және т.б.) Теріс психоэмоциональды факторлар аясында артериалды қысымды алдын алу үшін 2-4 мл седуксен (реланиум) немесе 2-4 мл 0,25% дроперидол енгізіледі. Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін клофелин (1 мл 0,01% ), дроперидол (2-4 мл 0,25% ). Атап көрсетілген препараттарды байқап және артериалды қысымның бақылауымен тағайындайды. Ми ісігі мен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа ұстамасын емдеу (бар болса).
АҚ-ның төмендеуін «жұмыстық қысымнан» төмен түсіру керек емес. Егер жұ-мыстық қысым анықталмаған болса, 150/100 мм сб деңгейінде есептеседі.АҚ-ды «жұмыстық қысымға» дейін жайлап төмендету керек, 40-60 мин. тез емес.
17..Кома. Этиопатогенезі.
Кома – бұл сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялары болмайтын ессіз жағдай.ОЖЖ-ң координациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді. Этиология: команың пайда болу себебі біріншілік, екіншілік кома түрлерін ажыратыды. Біріншілік:бас ми жарақаты(соққы алу, бас ішілік гематома) цереброваскулярлы аурулар(ми ішілік, субарахноидальды қан құйылу, ми инфаркті) , ОНЖ инфекциялары (менингит,энцефалит), ісіктер, қояншық ұстамалар. Екіншілік: метаболикалық бұзылыс(гипогликемиялық диабеттік кетоацидоз, кетоздық емес гипергликемиялық жағдай, уремия, бауыр жетіспеушілігі) гипоксия(өкпе аурулары,анемия,шок,Моргани-Адамс-Стокс синдромы,миокард инфаркті). Сыртқы әсер: уланулар(алкогольмен,этиленгликольмен,иісті газбен, дәрілік заттармен).
