- •1.Ми ісігі.Клиникалық көрінісі.
- •2.Дислокационды синдром, маңызы,сыналану түрлері, клиникалық көрінісі.
- •3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.
- •4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.
- •5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
- •6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
- •7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
- •8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
- •10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
- •9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
- •11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
- •12.Онмк. Жіктелуі.
- •13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
- •14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •15.Онмк дифференциальды диагностикасы.
- •16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
- •17..Кома. Этиопатогенезі.
- •18.Команың клиникалық көрінісі.
- •19.Гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипергликемялық некетоацидотикалық, гипогликемиялық команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі..
- •20.Алкогольдік және улану комасының клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.
- •23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.
- •24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.
- •25.Жұлын жарақаты кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •26.Жұлындық шок.Клиникалық көрінісі.
- •27.Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •28.Холинергиялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •29.Мигренсіз статус кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
Эпилепсиялық ұстамалар,өздерінің әр түрлілігіне қарамастан,пароксизмалдығымен,қысқа мерзімділігімен,әр ұстаманың нақтылы науқаста стереотиптігімен және көпшілік жағдайларда ес-түсінен айырылуымен сипатталады.дегенмен кейбір эпилепсиялық ұстамалар диагностикалық ажыратуды қажет етеді.
Таралымды құрыспалы ұстамаларды истериялық ұстамалар мен талып қалудың құрыспалы түрлерінен ажырату керек.Таралымды құрыспалы ұстамаға пароксизм өтуінің фазалылығы тән:ауру (егер ол болған жағдайда)-естен тану-құрысулар (тоникалық,соңынан клоникалық)-ес-түстің ұстамадан кейінгі өзгерістері (кома,сопор,ұйқы).Көз қарашықтарының кеңеюі мен олардың жарыққа реакциясының жойылуы байқалады.Эпилепсиялық ұстамалар қандай да болмасын жағдайларда пайда бола береді.Сырқаттар құлағанда көбінесе жарақаттанып қалады.Истериялық ұстама әрқашан сырқаттың күйзелген шағында,маңайында басқа адамдар болғанда ұстайды.истериялық ұстама көрермендерге арналған спектакль тәрізді,құлағанда олар жарақаттанбайды.Сіреспелі құрыспаларға әдетте описто-тонус типтес "истериялық доға"кірігеді,қол-аяқты,денені жазатын бұлшық еттердің сіресе құрысуы,әр түрлі астарлы кейіптер жиі көрініс береді,науқастар киімдерін жырта бастайды,бетін тырнайды,тістелеседі және т.б.Көз қарашығының кеңеюі әдетте оның жарыққа реакциясының жойылуымен қосарланбайды.Ұстама соңынан есінен тануы мүмкін.бірақ ол эпилепсиялық ұсамадан кейін де бола береді.
Талып қалудың құрыспалы түрлерінде әәуелі естен тану мен бұлшық еттердің босауы байқалады,одан бірнеше секунд өткенде сіреспелі құрыспа пайда болады.Қарашық реакциясы өзгермейді.Науқастың түсі бозғылданады,артериялық қысым төмендейді.ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстамаларға тән өзгерістер көрінбейді.
Эпилепсиялық бас айналу ұстамасын бас айналудың басқа себептерінен ажырата білу керек.Эпилепсиялық бас айналу ұстамаларының ерекшелігі-олар қысқа мерзімді (секундтар),сыртқы сыртқы әсерлерге байланыссызақ оқтын-оқтын қайталанады,ұстамалар болмаған аралықта вестибулярлық бұзылымдар болмайды.Бұл ұстамалар болып жатқан уақиғалардың шындыққа сай еместігін жиі сезінумен,сонымен қатар қорқыныш пен болуға тиісті оқыс оқиғаны сезумен,ал кейде естен танумен қосарланады.
10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
1.жекеленген құрысудан кейін— диазепам (реланиум, седуксен, сибазон) — 2 мл бұлшықетке 2. топтық құрысудың алдында — предупреждение травматизации головы и туловища: — тыныс алу жолдарын жақсарту; — құрысу синдромы кезінде: диазепам (реланиум, седуксен, сибазон) — 2-4 мл на 10 мл 0,9% натрия хлорида ерітіндісін көктамырға немесе бұлшықетке, рогипнол 1-2 мл бұлшықетке — эффекта жоқ болса — натрия оксибутират 20% ерітіндісін 70 мг/кг салмағына қарай көктамырға 5-10% глюкозы ерітіндісін; — ісінуді қайтаратын терапия: фуросемид (лазикс) 40 мг на 10-20 мл 40% глюкозы или 0.9% натрия хлорид ерітіндісі (қант диабеті бар науқастарда) көктамырға — бас ауруын басатын препара: анальгин 2 мл 50% раствора: баралгин 5 мл; трамал 2 мл көктамырға немесе бұлшықетке
Шұғыл көмек 1. Баланы тегіс жұмсақ жерге жатқызу. 2. Барлық жарақаттаушы заттарды алып тастау. 3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету. 4. Денесін қысқан киімнен босату. 5. Ауыз қуысына күрек тістер арасына мақта оралған шпатель (қасық) қою. 6. Құсуға қарсы препараттарды енгізу (дроперидол, пипольфенмен бірге аминазин, гексенал немесе тиопентал). 7. Ауыр құрысу синдромы бар балаларды міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. Емдеу кешенді және өмірлік маңызды қызметтерді демеуге, құрысуларды жоюға, бассүйек ішілік гипертензияны азайтуға бағытталуы тиіс. І. Өмірлік маңызды ағзалар қызметін демеу тұрғысында тыныс алу жолдарының еркін өткізгіштігін қамтамасыз ету, науқас баланың құрысу кезінде жарақат алуының алдын алу атқарылады. ІІ. Құрысуға қарсы терапия: магний сульфатының 25% ертіндісі, аминазиннің 2,5% ерітіндісі, седуксен (диазепам), реланиум, барибитураттар (гексенал, тиопентал), фенобарбитал емдеу стандарттарына сәйкес жас шамалық дозаларда қолданылады. ІІІ. Бассүйек ішілік қысымды төмендету мен ми тінінің гидрофильдігін азайту мақсатында осмотикалық диуретиктер (маннитол), лазикс, магний сульфаты, жұлын пункциясы, глюкокортикоид дексаметазон гормоны қолданылады. Құрысулардың беті қайтқан соң оның шығу себебін анықтау маңызды. Құрысу синдромы орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) зақымдануының салдары болып келеді. Сырқат бала мамандандырылған клиникаларға “жедел жәрдем” көлігі арқылы жеткізіледі
Құрысуғақарсыпрепараттаренгізу: Реланиум/седуксен/ 0,1мл/жас,дроперидол 0,1-0,2 мл/жас, 25% магнезия сульфат 0,1-0,2 мл/жас, ГОМК 50-100мг/кг/1мл - 200мг/кг
