- •1.Ми ісігі.Клиникалық көрінісі.
- •2.Дислокационды синдром, маңызы,сыналану түрлері, клиникалық көрінісі.
- •3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.
- •4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.
- •5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
- •6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
- •7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
- •8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
- •10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
- •9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
- •11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
- •12.Онмк. Жіктелуі.
- •13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
- •14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •15.Онмк дифференциальды диагностикасы.
- •16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
- •17..Кома. Этиопатогенезі.
- •18.Команың клиникалық көрінісі.
- •19.Гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипергликемялық некетоацидотикалық, гипогликемиялық команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі..
- •20.Алкогольдік және улану комасының клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.
- •23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.
- •24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.
- •25.Жұлын жарақаты кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •26.Жұлындық шок.Клиникалық көрінісі.
- •27.Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •28.Холинергиялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •29.Мигренсіз статус кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
Құрысулар-дене жән еаяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырылуы.Фебрильді құрысулар-жоғарғы температура кезінде.Афебрильді-туылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады.Ырғақты құрысулар-көбіне эпилепсия кезінде болады.Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар. Құрысулар есті жоғалтумен бірге және жоғалтусыз бұлшық еттердің клоникалық, тоникалық немесе клоникалық-тоникалық еріксіз және қысқа мерзімді жиырылу ұстамалары. Жалпы (кең жайылған) және ішінара (парциалды) құрысулар ажыратылады. Құрысудың пайда болу себептеріне уыттану, жұқпалар, орталық нерв жүйесінің жарақаттары, кеселдері жатады. Құрысулар тұмау, парагрипп, аденовирустық және басқа респираторлық-вирустық жұқпаларды асқындыратын нейротоксикоз дамуында жиі байқалады. Құрысу синдромының білінісі әр түрлі және ұзақтығы, туындау мерзімі, ес жай-күйі, жиілігі, таралуы, біліну пошымы бойынша ерекшеленеді. Клоникалық құрысулар – уақыттың қысқа бөлігінде бірінен соң бірі келетін бұлшықеттік тез жиырулар. Тоникалық құрысулар баяу пайда болады және ұзақ уақытқа созылады. Бала құрысу синдромында қоршаған ортамен контактын кенеттен үзеді, оның назары адасып, одан соң көз алмалары жоғары немесе бір жаққа қарайды. Басы шалқайып, қолдары бүгіліп, аяғы серейеді, жағы қарысады. Тілін тістеп алуы мүмкін. Тыныс алуы мен тамыр соғуы баяулайды, апноэның болуы ықтимал. Бұл клоникалық-тоникалық құрысудың тоникалық фазасы, ұзақтығы минуттен аспайды. Екінші клоникалық фаза, бет бұлшық етінің жыбырлауынан басталады, одан соң құрысу қол-аяқтарға таралады, кең жайылады, тыныс алуы шулы, ерінінде көбік пайда болады, терісі боз, тахикардия байқалады. Мұндай құрысулардың ұзаққа созылуы және леталдық нәтижеге жетелеуі мүмкін.
Құрысу (пароксизм) – бұл ұстамалар түрінде тұтқиылдан пайда болатын және ұзақтығы бойынша әр түрлі мерзімге созылатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы. Құрысулардың клоникалық, тоникалық және клоникалық-тоникалық түрлері кездеседі. Клоникалық құрысулар – қысқа мерзім ішінде бірінен соң бірі келетін бұлшықеттердің тез жиырылуы. Олардың ырғақты және ырғақсыз болуы мүмкін және ми қыртысының қозуымен сипатталады. Тоникалық құрысулар – ұзаққа созылатын бұлшықет жиырылулары. Әдетте құрысу ұстамаларын танып-білу көп қиындық келтірмейді.
8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
Джексонов эпилепсиясы бұл парциальды эпилептикалық талмалардың ерекше формасы.Эпилепсияның бұндай атауы белгілі ағылшын невропатологы Джексонның атымен аталған,ол 1863жылы парциальды эпилепсияға клинико-анатомиялық анализ берген.Джексонов эпилепсиясының тамырлары бас миының ісіктерімен,жарақаттармен,менингоэнцефалитпен,сонымен қатар кистамен,цистицеркозбен,бас миының эхинококкозымен,солитарлы туберкулемамен,сифилиспен,арахноидитпен,пахименингитпен,қан тамыр бұзылыстарымен шақырылады.Джексонов эпилепсиясы клоникалық тырысу талмаларының естің сақталу кезіндегі кез-келген бұлшық ет топтарынан басталып белгілі бір кезектілігі бойынша таралып,қасындажатқан жаңа бұлшық еттерді біртіндеп қоршаумен сипатталады.Кейде процеске қол,аяқ және бір жақтағы жарты дене кіреді.Джексонов эпилепсиясы тек қана периодты қайталамалы талмаларды естің бұзылуынсыз жүреді.Басқа да нұсқасы бар жергілікті тырысу болғанда,талманың жоғарғы шыңында естен тану және ұстама тырысудың үлкен талмалы сипатқа ие болады.
Күрделі парциальды талма,психикалық феномендер кірігеді күрделі парциалдыдық ұстамаларға оларға:иллюзиялар мен галлюцинациялар,есте сақтау бұзылуы ұстамалары,идеаторлық,сонымен қоса "зорлана ойлау",аффективті,психосенсорлық және психомоторлық ұстамалар жатады.күрделі психикалық көріністер естің аз немесе көп бұзылысымен,елестеушіліктің көрінуімен,бұрын көрген сезіммен,бұрын естілген немесе ешқашан көрілмеген,естілмеген,сүрілмеген жағдайлармен сипатталады.талманың негізгі ошақтарына Джексон,адверсивті,кожевников естен тану талмалары жатады.Джексон талмасына-бұл қарапайымфокальді эпилептикалық талма болып табылады,ол дененің белгілі бір жартысында тоникалық немесе клоникалық естен таңу басталады,қолдың саусақтарында немесе аяқ тұйықталып немесе қалған бүкіл дененің жартысына таралады.Генерализденген естен танудан кейін келесі дененің жартысына өтеді,тек осы жағдайда ғана естен тану болады.жабайы симптоматикалық білінетін парциальды-сенсорлық ұстамалар-қандай да болсын бір анализаторауқымында түйсіктіңкенеттен бұзылуымен сипатталады.Эпилепсиялық ошақтың орналасуына байланысты дененің кез келген бөлігінде парестезия ұстамаларымен білінетін сенсорлық Джексон ұстамалары жиі кездеседі.Парциалдық сенсорлық ұстамалар сонымен қатар көру,есту,иіс сезу,дәм сезу бұзылулары мен бас айналу ұстамалары түрінде де білінеді.
