Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nevrologia-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.

Нейроинфекция —кейінгі жылдарда бактериялар мен вирустарға қарсы тиімді дәрі-дәрмектер қолданыла бастауына байланысты нерв жүйесінің шұғыл инфекциялық ауруларын емдеуде елеулі табыстарға қол жетті.Бірақ,соған қарамастан олардың кейбіреулері өте ауыр түрде дамиды.Нерв жүйесінің шұғыл инфекциялық ауруларының ең көп таралғаны –менингиттер мен менингоэнцефалиттер.Олар,көптеген авторлардың деректері бойынша,орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануларының 27-29%құрайдыБұл аурулар балаларда жиі кездеседі және аса қатаң дәрежеде білінеді.Нерв жүйесі инфекциялық аурулары қоздырғыштарының саны көбейіп,олардың белгілері аралас және басқакелбеттегі атипиялық түрлері жиілеп кетті.Инфекциялық үрдіс нерв жүйесінің барлық бөлімдерін,ми мен жұлын қабықтарын және қан тамырларын қамтуы мүмкін.

Классификация

Қабыну сипатына қарай-іріңді,серозды,геморрагиялық

Пайда болу себептеріне байланысты-біріншілік,екіншілік

Ағымына қарай-шұғыл,созылыңқы,созылмалы және қайталама

Этиологисына байланысты -Бактериялы (менингококкты, сифилитикалық т.б) -Вирусты (эпидемиялық паротит, қызылша) -саңырауқұлақты (кандидозды, турулёзды)- Протозойдық (токсоплазмоз)-аралас-басқа эитологиялы

По преимущественной локализации- Базальный- Конвекситальный- Тотальный-Спинальный

Ауырлық дәрежесіне байланысты- жеңіл,орташа-ауыр,ауыр

Асқынуына байланысты-асқынған,асқынбаған

По клиническим формам менингококковая инфекция делится1) Локализованные формы:-Менингококконосительство.-Острый назофарингит.2) Генерализованные формы:Менингококцемия (вариант сепсиса).Типичная-Молниеносная-Хроническая-Менингит-Менингоэнцефалит-Смешанные формы (менингит, менингококцемия).3) Редкие формы:-Менингококковый эндокардит-Пневмония-Артрит-Иридоциклит

4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.

Менингококкты менингит-жалпы әлсіздік,бас айналу,бас ауруы,лоқсу,құсу,көңіл күйінің болмауы,қатты шуды көтере алмауы,басын орап жатуы,тері мен сезім мүщелеріндегі гиперестезия,көрпе симптомы,омыртқа бойы мен Керер нүктелерінің ауырсынуы.Менингеалды ликворлық синдром сұйық қысымның жоғарылауы,пилеоцитоз,белоктың көбеюі,түсінің өзгеруі.Дене қызуының көтерілуі.

Мойынның шалқаюы.Баланың өңі кірмейді,сұлық жата береді,басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай,бала басын тізесінің арасына келтіре алмайды.бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі томпайып кетеді.Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын.Бала түсініксіз жағдайда,тіпті анасы емізгенде де жылай береді "менингит жылауы" немесе бала ұйықтай береді.Кейде талып қалады құрысу,немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді.Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды,ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады.

Қанда нейтрофильды лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарлайды және ми жұлын сұйықтығында өзгерістер байқалады:сұйықтық күңгірт болады,цитоз 10 000клеткаға 1мм³болады,клеткаларда менингококтар кездесуі мүмкін.белок мөлшері 10-15г/л жоғарлайды,глюкоза құрамы төмендейді.Ауру ұзақтығы 2-6аптаға дейін.Менингококты менингиттің ауыр түрлері пневмонияға және перикардитке әкеп соғады.Қазіргі және адекватты терапияда көпшілік науқастар жазылып кетеді.

Серозды менингит.Ми қабығының серозды қабынуы болып табылады.Жіктелуі:біріншілік және екіншілік бол.бөл.Біріншілік серозды менингиттің қоздырғышы көбінесе Армстронгтын лимфацитарлық хориоменингитінің вирусы және Коксаки мен ЕСНО энтеровирустары болып саналады.екіншілік серозды менингит әр түрлі инфекциялық ауруларда пайда бол.Серозды м ірінді менингиттін алғашқы белгісі болуыды мүмкін.

Туберкулезді менингит: Жасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Баланың тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз бала ұйқышыл, ойнаудан, сабақтан бас тартады. Түнімен мазасызданып жылайды. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Баланың дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Бала басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді.

Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады. III жұп нервісінің зақымдануының белгілері:Көздің қимылдануы, қарашықтың кеңейуі, екі еселеніп көрінуі, Нистагм акромигалияның бұзылуы. VI жұп нервісінің зақымдану белгілері:Қитарлық. VII жұп нервісінің зақымдану белгілері:Беттің ассиметриясы. Зақымдалған көз қабығының ауыз ұшының салбырап кетуі. Мұрын ерін үшбұрышының тегістелуі. Екіншілік кезеңі – сопор. Бала есінде бірақ дұрыс жауабын бере алмайды. Ауры есінен танып құрысу-тырысулар байқалады. Науқастың көру есту қабылеті нашарлай бастайды.