- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
Сабақтың мақсаты:Балаларды музыкалық сабақтарда, музыкалық эстетикалық дамытудағы тәрбиенәң әдістермен тәсілдерді үйрету мақсаты.
Білімділігі: Музыкалық тәрбие әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім арқылы жүйелі түрде жаттықтыру арқасында және жас ерекшеліктеріне байланысты тәсілдердің тиімдісін дұрыс пайдалану әдістемелерін оқыту, түсіндіру;
Дамытушылығы: Музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық ырғақтық қимылдарын жасау процесінде музыкалық шығармамен танысуда оқыту әдістерімен , тәсілдерін белгілеу;
Тәрбиелілігі: Оқыту тәсілдері балалардың жасына қарай өзгертіліп отырады. Ән үйрену сабағында әннің текстіне байланысты бүлдіршіндердің назарын неге аудару керектігін анықтау. Көрнекіліктер арқылы иллюстрациялар көрсету, жекелеп оқу сияқты әдістермен музыкалық қабілеттерін дамыту міндеттерін іске асыру үшін оқыту әдістерінде әдебиет және бейнелеу өнері шығармаларымен салыстыра отырып қарау;
Теориялық сабақ:дәстүрлі
Көрнекілігі: карточкалар, суреттер, ойыншықтар
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру;
2 Жаңа тақырып:
3 Үй тапсырмасын сұрау;
4 Бағалау;
5 Үйге тапсырма;
5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
Музыкалық тәрбиенің әдістері.
Музыкалық тәрбие әдістері педагогтың баланы жалпы музыкалық-эстетикалық дамытуға бағытталған қимылдары ретінде анықталады.Ол әдістер ересек адам мен бала арасындағы белсенді іс-қимылдарға негізделіп құрылады.Бұл күрделі педагогикалық процесте балалардың өз қажеттерін, ынта-талабы мен тәжірибесін ескере отырып,қызметін ұйымдастырушы-үлкендер жетекші роль атқарады.Бұл әдістер музыкаға эстетикалық көзқарасты,эмоциялық әсер алғыштықты, музыка қабылдағыштықты, оны бағалай білуді,бейнелі орындауды жетілдіруге бағытталған.Осының бәрі мектеп жасына дейінгі баланың жасына қарай өзгеріп отыратын жалпы музыкашылдығының әр түрлі сәттерінде кездеседі.Сонысына қарай тәрбие әдістерінің де өзгеріп отыруы тиіс.
Тәрбие әдістері алуан түрлі болып келеді. Олар нақты оқу міндеттеріне, музыкалық қызметтің әр түрінің сипатына, жағдайына, информация көздеріне және т.б. байланысты.Әдістерге дәл классификация беру қиын.Сондықтан советтік педагогика теориясында негізгілері болып табылатын:а)сендіру,б) үйрету,жаттықтыру әдістеріне тоқталайық.
Музыкалық құралдар мен сендіру әдісі Алдымен, бөбекті музыкалық
өнер құралдары арқылы тәрбиелей отырып, сендіру әдісін қалай қолдануға болатынын қарастырайық.Бұл жағдайдағы тәрбие процесі-музыкамен тікелей айналысу.Оның орындалуы жеткілікті дәрежеде жарқын, жігерлі және мәнерлі орындалуы тиіс. Сонда барып балалардың эмоциялық әсерін, эстетикалық тебіренісін туғызуға, сөйтіп, қажетті педагогикалық нәтижеге жетуге болады.Оған қоса, музыканы әсерлі орындау музыкалық шығарманың ерекшеліктерін тыңдаушыға жеткізудің қажетті шарты болып табылады.
Шығарма орындалуының әсерлі, жеңіл болуы үшін оны жақсы білу керек, оның мазмұнын іштей терең қорытып, сипатын ұғу,сарынын сезіну қажет.Бұған шығарманы алдын ала әлденеше рет ойнау процесінде қалыптасуға болады. Композитор Б.В.Асафьев: «Оны есту –түсіну деген сөз» дейді. Шығарманы түсініп орындау балаларға үлкен ықпал жасайды, түрлі сезімдер туғызады,әсерлерге бөлейді.Мәселен: Е.Тиличеваның кең тынысты ірі салтанатты шығатын «Біздің Отанымыз» әнін, орыстың көңілді халық әні «Ах, вы, сениді»және С.Майкапардың жеңіл әрі тартымды «Көбелек» («Мотылек») пьесасын бір-бірімен салыстырып көріңіздерші.
Бала музыканың не жайлы баяндайтындығын, оның құлаққа жағымдылығын түсіне білуі керек, содан соң барып ән айтуға,билеуге т.б. қойылатын талаптарды орындауға кірісуіне болады.Эстетикалық сезімнің эмоция мен сананың біртұтастығынан туатыны белгілі.Сондықтан сендіру ісін тек музыка ықпалы ғана емес, сонымен қатар ықыласты осы мақсатқа аудару,шығарманың тақырыбын,мазмұнын,бейнелеуші музыкалық құралдарын түсіндіру жолымен де жүргізу керек.
Музыка-«сезімдер тілі».Ол толғандырады, белгілі бір көңіл күйге бөлейді,жауап пікір туғызады,ойландырады.Сондықтан баяндау,айту арқылы балалардың көңіл күйлерін,әсерлендіру керек.Бірақ бұл тұста музыканы әркімнің өзінше түсінетінін ұмытпаған жөн.Мәселен,балалар өздері тақырыбын әзір білмейтін П.Чайковскийдің «Бозторғай әнін» тындағанда даярлықтары бірдей болса да әрқайсысы әр түрлі тебіреніп, әр түрлі ойға кетеді.Біреулерінің көз алдында табиғат көріністері,құстар елестеуі мүмкін, өзгелері музыканың «ақырын, жеңіл, нәзік» сияқты құбылыстарын көз алдына әкеліп,аса бір жылы сезімдерге бөленеді.Педагог сөзбен түсіндіру арқылы балалардың ойлары мен толғаныстарын ортақтандырып,назарларын шығармада шырылдаған бозторғайдың образын жасап тұрған музыкалық бейнелеу құралдарының ерекшеліктеріне аударуы тиіс.
Үйрету, жаттықтыру әдісі. Енді жаттықтыруды балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың әдісі ретінде қарастырайық.Музыкаға эстетикалық көзқарасты дамыту,оған қызықтыру,дыбыстық образдармен байланыс жасау қажеттігін туғызу үшін балаларды белсенді болуға, салатын музыка үнінің өзіне тән ерекшеліктерін ырғақтың өзгешеліктерін айырып салыстыруға, нюанстарын аңғара білуге үйрету керек.Бұл жұмыс күнбе-күн,жылма-жыл үздіксіз жүргізіледі. Қабылдау мен орындаудың алғашқы дағдыларын меңгеру әсемдік сезімін байытып инициативаны енді өз бетінше орындауға деген ынта ықылас арттырады.
Белгілі педагог Сухомлинский сезімдерді тәрбиелеудің қиыншылықтары туралы( оның ішінде эстетикалық сезімде) айта келіп,кейде бала жүрегінің лүпілдеп оянуын,әсемдік сезіміне бөлену сәтін жылдар бойы күту керектігін атап өткенде былай деп жазған еді: «Тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бейнелеп айтсақ, музыканың қалай туатынын әркімге сездіру үшін, әрбір баланың қолына скрипка ұстату болып табылады».
Бүлдіршіндерді дағдыландыра отырып, тәрбиеші күн сайын көп күш-жігер жұмсайды, төзімділік, табандылық көрсетеді.Егер бала «өз скрипкасын» қолына алса, онда педагогтың оны келешекте қайырымды, елгезек,шығармашылық белсенді адам болуына көмектесе отырып,музыка әлеміне, ой сезімдер әлеміне әкеліп енгізді деген сөз.
6.Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы
Сабақтың мақсаты:Берілген шығармалардың диапазоны мен сипатына қарай ,балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты шығарманың мағынасын жіктеп қандай тәсілдерді қолдануын анықтауға үйрету мақсаты.
Біліктілігі:Оқыту әдістері методикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Тәсілді педагогтың неге үйрететініне қарай ән айтуға, тыңдауға, ойнауға т.б қызмет түріне байланысты таңдап алады. Әр оқушыға қызметтің түрлеріне байланысты әдіс- тәсілдерді көрсетудегі білімділігін арттыру.
Дамытушылығы: Ән айтудағы жаңа әнді үйрету бойынша әдістердегі үйрету тәсілін белгілеу. Би ырғақтық қимылдарда оқытудың әдістерін көрсету;
Тәрбиелілігі: Ән айтуды үйретуді жаттығулар мен жаңа ән тақырыбы арқылы, ересек топқа әннің мазмұнын түсіндірумен балалардың әнге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Практикалық сабақ: дәстүрлі
Көрнекілігі: Әндерге байланысты суреттер, ойыншықтар.Әндер жинағы.Ән ноталары.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру;
2. Жаңа тақырып; : Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы
3.Үй тапсырмасын сұрау;
4. Бағалау;
5.Үйге тапсырма;
