- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
7.Сабақтың тақырыбы: Музыкалық қызметтің түрлері.
Музыканы тыңдау. Тыңдалатын шығармалар, бағдарламалар. Тыңдау
қабілетінің әдістемесін оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Музыканы тыңдау бөлімі бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу бағдарламасымен нақты міндеттерімен таныстыру. Балалардың қабылдауына жеңіл , осы заманғы классикалық халықтың музыканың көркем үлгілерін таныстырудың маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылығы: Музыка тыңдаудың бағдарламасында үш негізгі элемент арқылы, балаларды музыкалық шығармалармен таныстыру, оларды сүйе, есте сақтай білуге , музыкалық әсерлерді жинақтай білуге тәрбиелеу. Музыканы тыңдау мәдениетіне дағдыландыруға, тәрбиелеу музыка туралы алғашқы мәліметтер есту әсерлерін жинақтау процесінде, музыкалық талғамға тәрбиелеу бағыттарында жұмыс істеуді оқушылардың бойында дамыту ;
Тәрбиелілігі: Мектепке дейінгі жаста музыка мәдениетінің қарапайым негізін қалаумен бірге, балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің өте шектеулі екенін білу. Балалар бақшасында музыканы тыңдауға арналған репертуар тақырыбымен , жанры жағынан әр түрлі болып келетін классиктердің, қазіргі заман композиторларымен халықтың шығармашылығынан құрастырылған репертуардың тәрбиелілігімен таныстыру.
Лекция-концерт
Дәстүрлі
Көрнекілігі: аспаптар, суреттер;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру;
Жаңа тақырып;
Үй тапсырмасын сұрау;
Бағалау;
Үйге тапсырма;
2-бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
7.2-тақырып.Музыка тыңдау.Тыңдалатын шығармалар, бағдарламалар. Тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
Белгілі композиторы Д . Кабалевский былай деп атап көрсетеді: «...Балаларға музыкалық тәрбие беру жөні жақсы жолға қойылған жұмыс болмаған жағдайда елімізде музыка мәдениетін одан әрі дамытуға әрекеттендіруде, жоқ сәулетті үйлер тұрғызуға әрекеттенумен пара- пар» Кішкене кезден бастап зейінді , түсінуші тыңдаушыны тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келіп, Д . Б. Кабалевский өзінің бүкіл музыкалық насихаттық қызметін, композиторлық талантын осы ірге тасты қалауға арнап келді.
Өнердің басқа түрлері сияқты музыка да шындықты көрсетеді. Опера және балетте ол кейіпкерлердің мінез-құлқын, қарым-қатынасын, көңіл-күйін сипаттайды. « Музыкалық живопись» деп атауға болатын бейнелеу сипатындағы музыкада табиғаттың тамаша « суреті» беріледі. Күнделікті өмірде музыка адаммен бірге еріп жүреді, оның қоршаған өмірге көзқарасын айқындайды, рухын байытады, еңбек етуіне дем алуына көмектеседі. Композитор Б.В.Асафьевтің айтуына қарағанда музыка – «шындықтың бейнелі-дыбыстық көрінісі ». Одан жанды сөз –толғанысқа толы немесе байсалды әңгіме, үзілмелі немесе бір қалыпты баяндау , сұраулар, жауаптар, көтеріңкі дауыстар үндеулер естіледі .
Музыкалық образды сипаттауда музыкада мәнерлік құралдардың поэтикалық сөзбен (әнде), сюжетпен (бағдарламалық пьесада), іс-әрекетпен (рольге бөлінген ойын мен биде ) ұштастырылуының маңызы аз емес . музыкалық образ тыңдаушысына барынша нақты , түсінікті мағлұмат береді .
«Музыкалық тіл» деген сөзде мәнерлік құралдардың бүкіл комплексінің түсінігі бар: ойды, сөзді, сезімді, яғни шығарманың мазмұнын ; ырғақтық байланыстылықтың, дыбыстың үйлесімді шығуына, тембрлік мәнерінің шығарманың қарқындық, өсіңкілік өзгешеліктері мен құрылымына сипаттама бере білу.
А.М.Горькийдің « Кісі есігінде» атты шығармасында : « ...оны тыңдағанда жердегі күнді немесе түнді ұмытасың »деп суреттегендей, музыканың адамның ішкі жан дүниесіне терең ықпал жасайтыны баршаға мәлім.
Музыканың әсер етушілік күші адамның жеке басына, оның қабылдау, даярлық дәрежесіне байланысты болады. Музыканы қабылдауды ән айтуға, аспапта ойнауға белсенділік танытатын әрекет сияқты дамыту керек. Бірақ бұл күрделі жұмыс . Өйткені ол нәзік әрі терең ішкі әсерленушілікпен байланысты болады. Оларды табу қиын, бақылау жасауда жеңіл емес, әсіре қалыптастыру қиын.
Ең алдымен музыканың не туралы «айтып тұрғаны » түсіну қажет. Музыкалық дыбыстардың тек үйлесім табуы, әсемдігі, олардың дыбыс шығарудағы үйлесімдігі ғана қабылданбайды. Музыкалық қабылдаудың ерекшеліктерінің көркем жазылуына көңіл аударайық: « Ол ауыр күрсінді де ән салды»...Оның дауысының бірінші дауысы дұрыс шықпады, бұл тіпті оның кеудесінен шықпай, басқа бір алыс жақтан келіп ,бөлмеге кездейсоқ еніп кеткендей көрінді. Осы бір дірілдей , шырылдай шыққан дыбыс біздің бәрімізге кереметтей әсер етті. Бірінші дыбыстан соң екінші дыбыс шықты, бірақ ол қаттырақ және созылыңқы шықты , алайда әлі де абайсызда саусақ қатты тиіп кеткенде дыбыс шығаратын кішкентай ол құбылып барып тез тыныстады, екінші дыбыстан соң үшінші дыбыс, аздап қызып кеткеннен кейін дауыс кеңейіп, зарлы ән төгіле жөнелді . « Сүрлеу жол даладағы жалғыз емес»-деп әндетті ол, бәрімізде рақаттанып сұмдық болып қалдық. Шынымды айтайын, мен мұндай дауысты өте сирек естіген едім: ән аздап бүлінген жарық түскен ыдыстай шылдырлады; ол алғашқы да тіпті бір нәрсеге қайғыланғандай дыбыс шығарды; бірақ онда шынайы ынтызар, жастық жігер, күш сүйкімділік және әлдеқандай бір бейқам еліктіргіш, мұңды қасірет болды. Онда орыстың шыншыл ыстық ықыласы және ыстық жүрегі соғып тұрды, сондықтан да ол сіздің ыстық жүрегіңізге жабысты. Ән шырқап, маңайға жайылды.
Осы бір поэтикалық тамаша үзінді де музыкалық дыбыстар әсемдігін қабылдау кезінде пайда болатын эстетикалық- әсемденушілік берілген: « ... Осы бір дірілдей , шырқай шыққан дыбыс біздің бәрімізге кереметтей әсер етті...»
Алайда дыбыстар тұтас үйлесімділікпен ұштасқанда сезімнің шексіз алуан түрін білдіреді: «...бірақ онда шынайы ынтызар , жастық жігер, күш, сүйкімділік, әлдеқалай бір байқам еліктіргіш , мұңды қасірет болды».
Қабылдау кезінде тыңдаушы өзінің өткендегі тәжірибесіне сүйенеді: «Шынымды айтайын, мен мұндай дауысты өте сирек естіген едім дейді »,-дейді. И.С.Тургенов , осылай деуі арқылы өткенде естігенімен салыстырады яғни оны ой елегінен өткізеді. Сірә, мұндай тәжірибе мол болған сайын жаңа шығарманы қабылдау кезінде пайда болатын байланыс та көбірек болу керек.
Бұл әңгімеде дұрыс айтылған, өйткені орындаушылық мәнерлігі бізді жайбарақат қалдыра алмайды. Егер музыка ұлттық , халықтық сипатымен ерекшеленетін болса , онда ол ерекше жақын тұрады: «...Орыстың , шыншыл, ыстық ықыласы және ыстық жүрегі соғып тұрады, сондықсан да ол сіздің жүрегіңізге жабысты, оның тұп-тура орыстық ішегіне жабысты.»
Тыңдаушының қалай да музыкалық образдардың дамуына ой жүгіртуі-табиғи нәрсе.
Музыкалық қабылдау –ішкі терең сезім күйлерін лық толтырған, күрделі, сезімтал, поэтикалық процесс. Онда музыкалық дыбыстардың сенсорлық сезімі және дыбыс үндестігінің сұлулығы , мұның алдындағы тәжірибе мен қазіргі кездегі өтіп жатқан жанды ассоциациаялар , музыкалық образдар дамуының соңынан еру және оларға берілетін айқын жауаптық әрекеттер араласып жатады.
Балалар әнді жаттау барысында оны бірнеше рет тыңдайды. Әнді дұрыс орындаудың қажеттігі оларды дауыс ырғағын ,жалпы дауыс шығаруды ықыласпен тыңдап тыңдап алға мәжбүр етеді. Шығарманың алуан түрлі сипаты мен түрін (басталуы, бөлімі, тізбектер), музыкалық мәнерлік құралдарды (өсіңкілік және қарқындық белгілер, регистрлық өзгерістер, метірлік ырғақтық ерекшеліктер ) ажырата білу арқылы балалар бір мезгілде музыканың және оның өзіндік «тілін » қабылдай отырып қимыл жасайды.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелей, олардың қабілетін дамыта, рухани жағынан байыта отырып, тек ән айтумен және ырғақпен шектеліп қалуға болмайды.бағдарлмамада берілген әндер тек өзінің музыкалық құралдары жағынан барынша қарапайым-ән сазы шектелген диапазонда , жеңіл аралық жылдамдықпен жазылған , фортепианолық сүймелдеу, оны біртіндеп қайталап отырып, жеңіл өзгешелікке ие болады.
Ырғақты сүймелдейтін аспапты музыка негізінен би және марш сипатында болып келеді.
Сол себепті өздері орындай алатын шығармаға қарағанда балалардың барынша алуан түрлі, барынша күрделірек шығармалармен таныстыруға (белгілі бір жүйеде) мүмкіндік беретін музыка тыңдаудың арнаулы бөлімінің болуы қажет. Бұл-балалардың алдына олардың музыкалық тәжірибесін байытатын тағы бір жолды ашады.
Музыка тыңдаудың бағдарламасы
«Музыка тыңдау» бөлімі бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу бағдарламасының алдына нақты міндеттер қойылған: балалардың қабылдауына жеңіл, осы заманғы классикалық, халықтық музыканың көркем үлгілерімен таныстыру;
Балалардың музыкалық қабылдаушылығын, музыкада берілген сезімге әсерлене отырып, жауап беру қабілетін дамыту;
Музыка жайында бастапқы мағлұматтар беру,музыкалық шығармаларды есте сақтай білуге ,олардың мазмұнын ,сипатын, мәнерлік құралдарын ажырата білуге жеткізу,баға беру көзқарасын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жаста музыка мәдениетінің қарапайым негізін қалаумен бірге балардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің өте шектеулі екенін ескеру керек.
Балдырғандар өмірінің бірінші, екінші жылында жалпы көңіл күйді, музыка сипатын ажырата біледі,сондықтан оның эмоциялық мазмұнын қабылдай алады.
Балалар бақшасының сәби топтарында балар зейіндерінің тұрақсыз болуына қарамастан өзінің образдылығы жағынан айқын ашық шығармаларды, әсіресе әндерді жақсы қабылдайды.
Ән салушы даусының мәнерлі ырғағы, әншінің мимикасы оларды өзіне баурап алады. Бұл жасқа сезімнің сыртқа шыққан көрінісі тән- секіру, қол соғу кезінде көрінетін таңдану ,шаттану қимылдары. Алайда музыка арқылы келетін сезім оңай пайда болып оңай жоғалады.
Төрт-бес жастағы балалар да кейбір эмоциялық тұрақтылық болады, олар кейде секірме би әуендеріне тез еліктеп, қызулы және көңілді түрде жауап қайтара біледі. Жеңіл қимыл сипатында келетін шығармалар оларда байсалдылық жағдай туғызады. Шығарманың мазмұнын білуге деген ынта пайда болды, музыканың не туралы айтып тұрғанын білуге құмартуға байланысты сұраулар туындайды. Музыкалық естің жекеленген көрнісі, әнді немесе пьсаның тыңдау соңында одан алған әсерлері туралы айтуға ынта білдірушілік байқалады бастайды.
5-7 жастағы балаларда дамыған ес, бір нәрсеге ойды шоғырландыру, музыканы тұтас қалпында ұғып алу қабілеті жеткілікті болады. Олардың музыкалық әуесқойлығы ,қызығуы сапалы түрде және жақсы көретін шығармаларын бірнеше рет тыңдау қажеттігінен байқалады. Сондай-ақ белгілі бақылағыштығы байқалады. Балалар музыканың жалпы күйін сезінуге және көркем образдың дамуын қадағалауға бейім келеді. Олар жекеленген ең мәнерлі музыкалық құралды белгілейді және өзіне тән,өзіндік анықтамаларды табады: «Қай музыка ақырын,ауыр » (В.Ребиковтың «Аю » («медведь») пьесасы туралы ). Балалар шынайы өмірдің жекелеген құбылыстарын музыкадан қабылдап алған әсерлерімен салыстыра алды. Мысалы, Д.Кабалевскийдің «Атты әскерлерін »(«Кавалеристы») тыңдап болған соң бір бала өздері сондай ер жүрек әрі батыл. Музыка олар туралы дұрыс әңгімелейді . Мен де сондай ер жүрек боламын».
Бағдарламаның мазмұны үш негізгі элементті қамтиды:
Музыкалық шығармалармен таныстыру ,оларды сүйе ,есте сақтай білуге , музыкалық әсерлерді жинақтай білуге тәрбиелеу .
Музыка туралы алғашқы мәліметтер , есту әсерлерін жинақтау процесінде музыкалық талғамға тәрбиелеу;
Осы үш бағытты мүмкіндігінше толығырақ қарастырып көрейік.
Музыка тыңдау жөніндегі бағдарлама нақты ойластырылған жүйе негізінде құрылады. Ол музыкалық образдар біртіндеп қиындатылатын шығармалардан тұрады, музыкадан берілген сезімдер, күңіл күйлері алуан түрлі болып, өмір құбылыстарының шеңдері кеңейе түседі. Оған балалар бақшасының әр түрлі жастығы топтарда музыканы тыңдауға ұсынылған репетуарға талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады. Бағдарламаны толықтай орындау нәтижесінде балалардың бойында музыкалық ес дамиды, оларға сүйікті шығармаларын өздігінен еске түсіруге мүмкіндік беретін муузыкалық әсерлер қоры жиналады.
Қабылдау мәдениетінің дағдылары балалардың түсінігіне сай келетін музыкаларды бірнеше рет тыңдау жолымен қалыптасады. Бөбектік шақта музыкалық дыбыстарға көңіл қоюшылығы дамиды. 3-4 жаста балаларды әнді не пьесаны басқа ештеңеге алаңдамай аяғына дейін тыңдап шығуға үйретеді. Ересек балалар тобындағы балаларда бұл дағдылар толыға түседі, тұрақты есту ықпалы қалыптасады. Бұл жағдай баланың музыканың ықпал етушілік күшін бастан кешіріп, музыканың сапалы түрде түсіне алатынын білдіреді.Одан ересегірек жаста дағдыларының арқасында музыканың белсенді тыңдаушысы болады.
Мектепке дейінгі жаста музыкалық талғамның элементтері есту дағдылары және эмоциялық әсерлері негізінде пайда болуы мүмкін .
Балалар бақшасында болуының соңында бала шығарманы тұтас , оның жекеленген бөлімдерін, қайырмасын , аяқталуын білетін болады.
Өзіне таныс музыкалық шығармалар қоры арқылы ол олардың түрлерін, әрқайысына тән ерекшеліктерін (марш, секірме,би, бесік жыры )ажырата алады. Оның бойында әннің , песьаның мазмұны ,олардың түрі (кіріспесі , аяқталуы,басталы,қайырмасы, бөлімі), барынша айқын мәнерлік құралдар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасады.
Сондай-ақ балар музыканы жасаушылар : композиторлар классиктер (М. Глинка,П.Чайковский) осы заманғы авторлар ( М.Красев, Д.Кабалевский, Е.Тиличев), халық шығармасы туралы алғашқы мағлұматтар алады , түрлі музыкалық аспаптар ( рояль, баян, скрипка) ерекшеліктерімен танысады.
Музыканы не жайында айтатын білуге құмарту балаларды оның дыбыстарын тыңдауға , түрлі ерекшеліктерін салыстыруға мәжбүр етеді. Мысалы, көңілді , секірме би сазына жылдам қарқын , жоғары дыбыс ,жігерлі ырғақ тән болса , бір қалыпты әуенге- дыбыстың сабырлы шығуы, қимылдың баяу болуы тән және т.б. Балаларда ән текстінің мазмұны музыкамен байланысты, көркем образды толығырақ сезіну мүмкіндігі пайда болады.
Музыкны тыңдаудың бағдарламалық талаптарын жүйелі түрде орындау –мектепке дейінгі баланың үйлесімді дамуына қол жеткізеді .
Музыка тыңдаудың репертуары
Тыңдауға арналған репертуардың маңызды ерекшеліктері мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктерінің идеялық және тақырыптық бағыттылығы ,жанырының алуан түрлі болуы.
Көркемдік және тыңдауға арналған балалар музыкалық шығармаларының ерекшелік қасиеттері.Белгілі бір ізділікпен іріктеліп алынған репертуар айналадағыларға эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу міндеттеріне жауап береді. Сондықтан әр түрлі жас тобындағы балаларды қандай музыкамен таныстыру керектігінің , мұндай жағдайда кандай сезімдердің тәрбиеленетіндігінің өзіндік мазмұны бар. Музыкалық образды күрделендіру,оларды мәнерлендіру құралдарының түрленуінің ерекше мәні бар. Репетруарға классиктердің шығармалыры,қазіргі кездегі халық музыкалары енгізіледі. Олар музыкалық тілінің өзгешелігімен , сондай-ақ жанырлық белгілерімен, компазитордың жеке қолтаңбасымен ерекшеленеді.
Бала музыканы көркем образға белсене үн қатуымен тікелей қабылдайды, сондықтан шығарманың шындықты шынайы да реалистік тұрғыдан бейнелеуінің маңызы зор. Музыка зерттеушісі И.Нестьевтің айтуынша музыкалық образдарға нәр беруші қайнар көз табиғаттың реальды дыбыстары , адамдар сөзінің ырғағы болып табылады. Солардың негізінде пайда болған шығармаларды балалар өте жақсы көреді. Ол П.Чайковский « Бозторғай әнін» (« Песня жаворонка »), Э.Гритің « Шымшық»(« Птичка») әндерінін олардың дыбыс шығаруын өздерінің табиғаттан байқағандарымен салыстыру үшін зор ынтамен тыңдайды. Балалар үшін Д.Кабалевскийдің (« барабаншы») пьесасындағы және М.Красевтің осы аттас әніндегі оларға таныс аспаптардың ырғағы өте тартымды. Алайда тыңдауға арналған музыканы тек қана бейнелеу сипатындағы шығармалар деп қарау дұрыс болмас еді.
Тыңдауға арналған репертуар әсерләгә әр түрлі , жалпы эмоцияляғы сергек те шат шығармаларды қамтиды. Үйрену процесінде балалар әсерлерге молығады, олардың ой-өрісін жақсы өскен сайын кеңейе түседі. Тіпті лирикалық бір жанырдың көлемінде балалар тобындағы мектепке дейінгі жастағылар П.Чайковскийдің қайғылы жабырқаңқы болып келетін « Қуыршақтың ауруымен» (« болезнь куклы») сипаты жағынан ойға құрылған .С.Прокофьевтің « Шабындық көгінде ай жылжып барады» («Ходит месяц над лугами») пьесасымен , Д.Кабалевскийдің жарқын да жайлы вальсімен танысады.
Балалар чехтың халық әні «Үш шымшық»,(«Три синички») мордав халық әні «Адамдар жұмыс істеп жатыр» («Люди работают»),Д.Кабалевский «Клоундар» пьесасынан юморды түсінеді. Би жанырынан көңілді, екпінді келетін П.Чайковскийдің « Камаринскаясын», Н.Левидтің «жатақ қимылды вальсін» ажырата алады.
Балдырғандардың алғашқы музыкалық әсерлерінің бағалы бастауы-халық әуендері, жақын, туыстас дауыс ырғақтары. Біздің еліміздің барлық республикаларында балаларға арналған халық әндерінің,билерінің жинақтары басылып шығарылды. Солардың ішінен музыканы тыңдауға арналған репертуарға балаларға жақын образдарды жеңіл мәнерлі әндермен беретіндері енгізіледі. Мысалы,сүйкімді, әуезді бесік жыры сипатындағы қазақтың халық әндері « Әлди-әлди, әлди- ай », (« Ұзақ ұшып барады»)(« Летит галка ») немесе ең кішкентайларға арналған жеңіл қимылды, ойындық өлеңдер- «Әтеш», «Алақан соғу». Сондай-ақ әдеби тексті бастапқыда табиғатқа жақын, поэзиялық образдарға арналған, одан әрі балалардың түсінігіне ауыр оқиғалар туралы баяндайтын өлеңдер пайдаланады.
Мұндай жағдайларда өлеңдердің бастапқы шумақтары ғана пайдаланады: («Айдалада қайың тұр», (« Во поле береза стояла»), « Жерім менің-Қара топырағым», «Шәңгіш тал» , «Менің бағымда». Бөбек кезеңінен бастап баланың бойында жақсы қуаныш сезімін әкелетін халықтық би әуендерінің алатын орны ерекше. Бұл қазақтың халықтың өлеңдері- «Емен ағаш түбінен», «Ақ қайыңның әдемісі-ай» « Дәл біздің қақпаның алдындай» («Барар ма екем, бармас па екем») белорустың («Бульбасы»,украйнаның « Гопагы» және де басқада ұлттардың билері мен әндері.
Орыс классиктерінің балаларға арнап жазған музыкасының көркемдік құндылығы айтарлықтай. Мысалы, П.Чайковскийдің « Балалар альбомы» (« Детский альбом»). Бұл жинақтың көптеген шығармаларының тақырыбы , музыкалық- образдық құрылымы жағынан мектепке дейінгілерге соншалықты жақын, түсінікті.
Оларда балалар өмірінің көрінісі, көңілді ойындар берілген-« Ағаштан жасалған кішкентай солдаттар маршы» (« Марш деревянных солдатиков»), « Ат болып ойна» («Игра в лошадки»), « Жаңа қуыршақ», («Новая кукла»); ертегілік сюжеттер-«Мыстан кемпір» («Баба Яга»), «Әжемнің ертегісі» (« Нянинка сказка»), би музыкасы-« Вальс», «Мазурка», «Полька», « Орыс биі»; «Боз торғай әні» пьесасында табиғаттың әсем көрнісі.
Би жанырындағы классикалық пьесалар қызықты және алуан түрлі.М.Глиниканың«Балалар полькасы», П.Чайковскийдің « Аққу көлі»(« Лебединое озеро») балетінен үзінділіер, Н.Римский Корсаковтың «Салтан патша туралы ертегісі» операсынан фрагменттер («Бесік жыры –« Колыбельная»,(«Теңіз»-«Море»,(«Ақ тиін»-« Белка», С.Рахманиовтың «Полькасы», А.Глазуновтың «Галопы» және басқалар.
Батыс классиктерінің шығармаларын бағдарламалық репертуарға енгізлгенде Э.Гритің «Шымшығы», Р.Шуманның «Ер жүрек шабандозы» (« Смелый наездник»), Ф Шуберттің марштары және тағы басқалар.
Сондай-ақ шығармашылықта балалармен жас өспірімдерге арнап жазған музыкалары лайықты орын алатын композиторларының шығармаларына көп көңіл бөлінген.Солардың ішінде С.Прокофьев, Д.Шостакович, Д.Кабалевский, Ан.Александров бар.
Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық дамыту үшін, негізінен музыканың екі түрі пайдаланылады: аспаптық және вокальдық .Бөбектік жастағылар үшін дыбыс шығарудың вокальдық түрі көбірек түсінікті. Сонымен қатар әндегі музыкалық кіріспе, сүймелдеу және қорытынды баланы балалар бақшасының ересек балалары топтарында жиі қолданылатын аспаптық пьесаларды қабылдай білуге жақындатады.
Балалар аспаптық музыканың көмегімен табиғат құбылыстарын, құстарды, жануарларды, әр түрлі қызықты кейіпкерлерді сипаттайтын көркем образдар әлемін таниды.Жасөспірімдерді тек батыс және орыс композиторларымен ғана емес Ұлтымыздың Ұлы Құрманғазы Дина, Тлендиев сынды күйші композиторларымызбен бірге Б.Байқадамов,А. Жұбанов,Л.Хамиди тағы басқа көптеген балалар композитор шығармаларымен әндерін музыкалық сабақтарға осы заманда қолданып келеміз.
Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері
Музыканы көркем орындау дегеніміз- бұл айқындық, қарапайымдылық , дәлдік. Бұл орайда балаларды қажетті эмоцияналды әсерленуден айыратын оңайлату мен бұрмалаудың әр алуан түрлеріне жол беруге болмайды. Өйткені , вокальдық және аспаптық шығармаларды мектеп жасына дейнгі балалар тыңдайды, олай болса , дыбысы және ырғағы орташа ал үні табиғи әрі биязы болу маңызды.
Педагогтың музыка жайлы сөздері қысқа, айқын, бейнелі, шығарма мазмұнының сипатына, музыкалық айқындылықтың құралдар болуға бағытталуы тиісті. Дыбысты сезімталдықпен түйсінуді музыка және оның ерекшеіктері жайлы қажетсіз әңгімелермен ауыстырмау керек. Балаларды музыканың дауысы,тым жоғары бәсең, тез, т.б. секілді жасанды жауапқа итермелейтін әнгімелердің ешбір педагогикалық мән-мағынасы жоқ деуге болады. Алайда, ән мен пьесаны тыңдау алдында жетекшінің бағыт беруші сөздері артық болмайды.
Педагог сөзі музыкалық құралдар арқылы берілген сезім мен көңіл күйді ұғындыруы әрі ашып көрсетуі тиіс. Тіпті педагог дауысы түсіндіруі кезінде шығарма сипатына қарай эмоционалды түрде құбылып отырады. Бесік жыры жайлы ыстық ықыласпен, мейірлене, ал мерекелік, салтанатты марштар туралы қуанышты көтеріңкі леппен, би жөніндегі көңілді, ойнақы түрде айтылады.
Сөзбен жетекшілік етудің формалары: қысқа әңгімелер, түсіндірулер, сұрақтар қою сияқты әр түрлі болып келеді. Оларды пайдалану нақты тәрбиелік және оқу міндеттеріне, музыкалық шығарманың түріне (вокальды,аспаптық,) танысу сәтіне (алғаш рет немесе қайталап тыңдау,) шығарманың жанры мен сипатына, кішкентай тыңдаушылардың жасына байланысты.
Балалардың назарын вокальды музыканы түйсінуге аудара отырып, педагог музыкалық және поэтикалық текстің бірлігіне сүйеніп әңгіме жүргізеді. Аспаптық музыканы таныстыра келе, ол жалпыға тән шағын түсініктеме береді. Егер пьеса бағдарламасы, яғни шығарманың аты көрсетілген мәселе, П.Чайковскийдің «Ағаштан жасалынған кішкентай солдаттар маршы» («Марш деревянных солдатиков») болса, педагог оны бірінші рет орындай отырып : «Музыка таза, жеңіл ойналады, өйткені солдаттар кішкентай жақындағанда музыка дыбысының күшейтіліп , алыстағанда бәсеңдейтініне назар аударады.
Балалармен өткізілетін сабақтардағы педагогтың түсіндірмесі шектеулі, қысқа ол негізгі образға бағытталған. « Музыка көңілді, биге арналған біздің қуыршағымызда көңілдене билейді».-дейді педагог халықтық би әуенін орындай отырып немесе« Кеше бәріміз бірге қыдырып жүріп құстардың сайрағанын естідік. Олар қалай сайрап , қалай шықылықтап еді?» деп еске салады. Балалар жауап береді . Педагог: «Мен де сендерге құстар жайлы ән салдып беремін». Мұнан кеій музыканың бейнелеуші сипатын балалардың сезінуі үшін, педагог М.Раухвердің «Шымшық» («Птичка») әнін әуелі фортепианомен сүймелдейді, соңынан бүкіл әнді орындайды.
Бұдан біз балалар бақшасындағы кіші топтардың репертуарындағы әндердің музыкалық кіріспесі мен қорытындысын көбінесе бейнелеуші сипатта болып келетінін білеміз. Музыка сүймелдеуі арқылы берілетін педагогтың қысқаша түсіндірмесі балалардың көркем образды сезінуіне көмектеседі,
Педагогтың көркем музыкалық мысалға сүйене отырып жасаған түсініктемесі әтештің, құстың, кішкене барабаншының образын беретін фортепианолық баяндаудың ерекшелігіне балалардың назарын аударады.
Мектепке дейінгі орта, әсіресе ересек балалармен жұмыс жүргізгенде әңгімелесу анағұрлым кең сипатта болып, көркем образдың дамуына назар аударылады, музыкалық құралдардың айқындаушы міндеті түсіндіріледі. Мысал ретінде П.Чайковскийдің «Камаринская» песьасын қарастыралық. Пьеса мейлінше әсерлі,ол біртіндеп күшейіп барып, кілт үзіліп аяқталатын орыстың жігерлі биінің сипатын айқын көрсетеді. Дыбыс күшейіп барып,қайта бәсеңдейді. Әңгіме кезінде халық аспаптарының үнін құлаққа жағымды ететін музыканың бейнелеуші сипатын айтуға болады. Әуелгі вариацияда сыбызғы ойналады, келесісінде оған балалайка, ал онан кейін гармоника қосылады.
Әңгіме жекеленген вариация, музыкалық фразалар мен қатар жүргізіледі. Музыка даму формасында ұғылыады, балалар «музыка тілін» сезініп ,түсіне бастайды.
