Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балабақшадағы музыка практикасына дайындық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.

Сабақтың мақсаты:Тыңдалатын репертуарлармен жұмыс жасудың маңызын түсіндіру.Практикада музыкалық шығарманы бала жақсы қабылдай алу үшін түсіндіруде сөздің анық қысқа нұсқа әдістерін қолдана алуын көрсетіп түсіндіру..

Білімділігі:Аспаптық және вокальдық музыкалық шығармаларды сабақта пайдаланудағы маңыздылығымен білімділігін дамыту.

Дамытушылығы:Тыңдауға арналған пьесаларды, әндерді түсіндіру және оларды әр түрлі жастағы балалар тобына пайдалану әдістемелерін дамыту.

Тәрбиелігі:Әр түрлі репертуарлардың тыңдаудағы бағдарламасының алуан болуы, балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеудегі ерекшеліктерімен айқындалатынын дамитынын оқыту.

Практикалық сабақ

Дәстүрлі

Көрнекілігі:Үн таспа, аспаптар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа тақырып: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.

3.Уйге тапсырма.

11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау

Музыкалық түсінікті тереңдете түсу үшін көрнекі тәсілдерді пайдалану музыка жайлы қосымша деректердің шығу тегіне байланысты болмақ. Егер бұл әдеби шығарма (өлеңдер, әннің поэтикалық текстінен, әңгімеден, жұмбақтан, мақалдан алынған цитаталар) немесе орындалған шығарманың үзіндісі болса «Әтеш» («Петушок»), «Шымшық» («Птичка») әндерінің кіріспесін еске түсірейік, онда көрнекілік – есту тәсілдерін қолдану жайлы сөз қозғауға болады. Бұл тәсілдер баланың есту қабілетіне қарай қолданылады. Көрнекілік музыканы танудың әдісі ретінде ұғылады. Көрермен ретінде қарау әдейі қарау емес. Музыканың қандай да бір сипатты ерекшелігін баса көрсететін музыкалық және әдеби цитаталар музыкалық түйсікті дамытудың ең қолайлы жолы. Сондай-ақ грамжазбаны қолдану да пайдалы. Орындаушымен жақын қатынаста болуы бала түсінігін жеңілдете түсетінін атап айтқан жөн. Егер балалар педагогтың орындауында қандай да бір пьесаны бірнеше рет тыңдап алса, кейіннен оны оркестр орындағанда өздерінің ой-өрістерін кеңейтетін қосымша, маңызды түсінік алады.

Сондай-ақ бейнелеуші иллюстрация, көркем ойыншықтар, оқу құралдары, көрнекі тәсілдер де олардың музыкалық шығарманы түсінулеріне көмектеседі.

Балдырғандармен жүргізілетін жұмыс методикасында көркем ойыншықтар кеңінен қолданылады, олар «қозғалады», «сөйлейді» әр түрлі оқиғаларға қатысады. Былайша айтқанда мұның өзі балалардың музыкасын тыңдай отырып көретін шағын сахналық ойын іспетті болады. Кітап иллюстрациялары, эстамптар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыста жиі қолданылады. Бейнелеу құралдары және музыка өнері арқылы берілген табиғаттың әсем картинасы, адам еңбегі, қоғамдық оқиғалар бала түсінігін толықтыра түседі. Музыкалық түйсікті ұштайтын алуан түрлі методикалық құралдарды, мәселен, билеп жүрген және маршпен жүрген балалар бейнеленген шағын карточкалар биді немесе маршты тыңдай жүріп, олар карточканы шартты белгімен көрсетеді, жүгірген бала және аяңдай жүріп келе жатқан кісі (ырғақ алмасуымен айрықшаланатын пьесаның екі немесе үш сағаттық формасын ала отырып, балалар әрбір бөлімнің бас жағында фленеграфта қандай бейненің көрсетілуі тиіс екенін белгілеп отырады) бейнеленген шағын пьесаларды көрсетуге болады.

Кейбір музыкалық құбылыс жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін балалардың дене қимылы арқылы әсерленуін де ескеру керек. Кіші топтағылармен көңілді немесе салмақты музыканы тыңдағанда таяқшаны, жалауша мен кубикті қозғалтып отыру пайдалы. Ал, ересек топта балаларға шығарманың бір бөлігін, фразасын, дыбыстың жоғары, орташа, төмен дәрежесін, ырғақтың ерекшеліктерін айыруды ұсына отырып, тоқылдату, алақан соғу, қолды көтеріп, түсіру, т.б қимыл элементтерін қолдануға болады.

Пьесаны, әнді әлденеше рет қайталағанда бала қуанып, әрбір орындалудан бір жаңалық табатындай методиканы қарастырған жөн.

Музыкамен алғашқы таныстыру оны жалпы қабылдауды, бағыт-сипатын ұғынуды қамтиды. Сондықтан да шығарманы тұтас, орындай отырып, оның қысқаша мазмұнын сипаттап, ерекшеліктерін даралап көрсету маңызды орын алады.

Қайталап тыңдау кезінде балалардың (әсіресе, ересек топтағылардың) назары тек әуеннің көркемдігіне ғана аударылып қоймай, сонымен бірге музыканың жекелеген ерекшеліктеріне де көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта бала түсінігін дамыта түсетін жаңа тапсырма беріліп отырады.

Жұмыс формалары

Музыка есту дағдысын дамыту жөніндегі жұмыс: сабақтарда, ойын-сауықтарда, баланың жеке іс-әрекеттерінің барысында жүргізіледі. Музыканы сабақта тыңдаудың айрықша маңызды екендігін атап айтқан жөн. Бұл жұмыстың нәтижесі соншалықты таңқаларлық емес. Алайда балалардың естіп-ұғу қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейте түсіп, әрі тыңдаушылық белсенділігін арттыру үшін әрбір сабақта жүйелі түрде музыкалық шығармалармен таныстырып отыру қажет.

Кішкентай тыңдаушылардың әсершілдігін арттырудың ең маңызды формасы-концерттер. Концерттер балаларды әсерге бөлеп, көтеріңкі, мерекелік көңіл-күй туғызады. Әдетте, концерттердің мазмұны сабақ программасымен байланыстырылып жасалады. Олар өткен материалдарға қорытынды жасағандай болып, жаңа мүдделердің айналасына тоғысады. Мәселен, қандай да бір композиторға ( П.Чайковскийге, Д.Кабалевскийге) арналған концерттер мектеп жасына дейінгі оқушыларға үлкен шеберлер иелерін таныстырады. «Музыкалық аспаптар» концерті балалардың әр алуан аспаптарда ойнау әдістері мен үн шығару ерекшеліктерін білуіне мүмкіндік береді. Мұндай концерттің қатарына әр түрлі «Музыкалық жұмбақтар», грамжазба пайдаланады.

Жұмыстың келесі формасы – баланың дербес іс-әрекетінде музыканы қолдану. Музыканы түйсіну процесі балаға одан әрі талассыз ықпал етуі үшін тәрбиешінің арнайы шағын музыкалық кітапханасы болуы қажет.

Онда балардың жасына лайық жазылған күйтабақтар жиынтығы; музыкалық аспаптық пьесаның немесе өлеңнің мазмұнын беретін суреттері бар карточкалар болуы қажет. Шағын кітапханадағы материалдарды біле отырып, балалар өздері жақсы көретін шығармаларын іріктеп алып, тыңдайды. Тәрбиеші кейде музыка тыңдау, музыкалық жұмбақтарды шешу, балалармен қандай да бір шығарма жайында әңгімелесу секілді бастамаларды ұсынып отырады.

Балалардың төңірекке деген көзқарасты да байи түседі. Әсіресе, балаларды А.Фаттахтың «Ленин парадта», В.Мураделидің «Бейбітшілік бәрімізге де керек», З.Левинаның «Салют», Ан.Александровтың «Жер шарында біз көппіз» және т.б.

Сан алуанды вокальды және аспаптық музыка тыңдауда баланың ой-өрісін кеңейте түседі. Мәселен, грам жазбадағы музыкалық аспаптық пьесаны тыңдай отырып, олар скрипканың, аккордеоның дыбыстарын айыра алады. Музыкалық қабылдауды жүйелі түрде жетілдіре отырып, балалардың өз бетінше әр түрлі айқындаушы құралдарды белгілеуіне, музыка сипатын анықтауына ( салтанатты, нәзік, аянышты, би және т.б) мүмкіндік туғызу қажет.

Балалардың музыка тыңдау дағдыының жеткілікті дәрежеде дамуы, оның жалпы сипаты мен мазмұнын анықтау педагогтың одан әрі жұмыс жүргізуіне, балаларға музыканың айқындаушы құралдарын, шығарманың құрылуын айыра білуді үйретуіне мүмкіндік береді. Олар « музыкалық фраза», «кіріспе», «қорытынды» деген терминдерді білетін болады, оларды өздерінің іс-тәжірибелерінде пайдаланады.

Алты –жеті жастағы балалар музыканы халық жасайтынын, композиторлар жазатынын біледі. Оларға бұдан көптеген жылдар бұрын тамаша шығармалар тудырған М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Н.Римский-Корсаковтың, сондай-ақ біздің заманымыздағы композиторлардың есімдері белгілі.

Осы себепті де музыка тыңдау программасына сәйкес мектеп жасына дейінгі ересектердің ықыластарын классик-композиторлар - М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Н.Римский-Корсаковтың, Р.Шуманның, Б.Братоктың, совет композиторлары Д.Кабалевскийдің, М.Красевтің, Е.Тиличееваның, т.б. творчествосына аударып отырған дұрыс. Вокалды және аспапты музыканы тыңдау шеберлігін, фортепьяно, скрипка, аккордеонның, үлкендер хормен айтатын әнінің дыбысын айыру шеберлігін жетілдіру қажет. Дыбыстың салмақты, көңілді, салтанатты, қайғылы сияқты ерекшеліктерін сезіне білуді қалыптастыру. Таныс шығармаларды білуге, сүйікті әндер мен пьесалардың қорын жинауды, би, бесік жырын, маршты ажырата алуды; шығарманың кіріспе, қорытынды, бастама, қайырма, фраза сынды формаларына назар аударуды үйрету керек. Педагог балалардың музыкалық шығарманы тыңдауға және ол туралы сөйлеуге деген тілегін әрдайым қолдап отырады.