Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балабақшадағы музыка практикасына дайындық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы

Оқытудың міндеттері мен мазмұны

Музыка тыңдау жөніндегі программаның талаптары балалардың музыкалық қабылдауын одан әрі жетілдірудің алғы шарты болып табылады.Ол музыканың жаңалық, толқыныс жайлы «әңгімелейтінін», балалардың музыканы тыңдауға деген қызығушылығы мен оның дыбысына деген ынтасына келіп туады. Сондықтан да онша күрделі емес шығармаларда: салтанатты-көңілді, нәзік сезімді, байсалды, біркелкі алуан әсерлердің бейнеленуі маңызды.

Бұл жаста балаларда музыканы ақырына дейін кезінде есту қабілеті мәдениетінің қарапайым дағдысы қалыптасады. Мұның өзі пьесаның жалпы сипаты мен бағдарын, оның айқындаушы құралдарын балалардың түсінуіне көмектеседі. Егер шығарманың ырғақтылық, темптік, динамикалық сан қырлылықты ұштастыра отырып, музыкалық образ жасайтын жарқын сипатты әуенді болса, онда оны тұтастай қабылдау мазмұнды бола түседі. Орыс композиторы С. Рахманинов әуенді музыканың «жаны» деп атаған.

Әнді немесе пьесаны есте сақтау дағдысын дамыту үшін педагог әнді текстсіз әрі суйемелдеумен айтады, ал кейде музыкалық аспаптық пьесада тек әуенді ғана орындайды.

Балалардың музыканы зер сала, қызығып тыңдай білуі оның сипатын сезініп-түсінуі бағдарламалық музыкалық репертуарды, шығарманың айқын орындалуы мен ойластырған методиканы игеру процесінде игеріледі.

Методикалық тәсілдері

Музыканы қабылдауды дамытатын оқыту методикасы балаларда эмоционалды әсер туғызуға арналған. Бұл міндетке шығарманы орындау, қысқаша түсіндірме жасау, әр алуан көрнекі тәсілді қолдану енеді. Егер музыкалық образдарды аша түсетін иллюстрация, әннің пьесаның жакелеген эпизодтарын ажыратып көрсету арқылы жүрсе музыка табысты түрде меңгеріледі.

Музыканы балалардың түсінуіне және есте сақтауына көмектесетін әр түрлі ойын тәсілдеін, музыкалық жұмбақтарды, ойыншықтарды қолданған жөн. Әрбір жаңа шығарма – әсер алу, толқу, жаңалық болып табылады.

Сабақтарда педагог тыңдау дағдысын тәрбиелеу жұмысын ұдайы жүргізіп отырады. Балалар енді музыканы ақырына дейін тыңдау керектігін, ол кезде сұрақ қоюға болмайтындығы болады. Оқыту барысында балалардан әннің, пьесаның ұнаған-ұнамағаны, онда не туралы айтылатындығы жиі сұралады. Балалардың музыканы саналы түрде тыңдағаны жөн.

Музыкалық иллюстрациялармен толықтырып берілген ауызекі қысқаша сипаттаманың өзі балаларға музыка туралы толық мәліметтер беріп, оған ден қоюға мәжбүр етеді.

Балаларға музыкаға деген ықыласын суыртпау үшін педагог әрбір сабаққа жаңа тапсырма, жаңа методикалық тәсіл ойластыра отырып, шығарманы қайтлай беруі тиіс.

Есту қабілеті мен түйсінудің жақсы жетілуіне музыкалық-дидактикалық ойындар көмектеседі. Осындай жаттығу ойындардың әрқайсысының балалар:жоғарылық, тембр, динамика секілді көптеген бейнелегіш құралдарды естіп, оларды бір-бірінен айыруы, салыстыруды үйренеді.

Білім мен іскерлікті тексеру

Педагог жыл аяғында балалардың музыкаға деген ынта-ықыластырының бар-жоқтығын, музыканы тыңдағылары келетін келмейтінін, қандай шығармаларды сүйіп тыңдайтынын, әр алуан музыканы қалай қабылдайтынын, таныс әндер мен пьесаларды әуеніне қарап білетін-білметіндігін анықтайды. Бұндай сапа көптеген сабақтардың барысында айқындалады.

Қол жеткен дағдысының дәрежесін әр баланың айту сипатына қарай музыкалық жұмбақтар беру арқылы анықтауға болады.