- •1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
- •3.Денсаулық өмір сүру стилі ретінде мән-мазмұнын ашыңыз.
- •5.Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.
- •6.Денсаулық сақтауды адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде сипаттаңыз.
- •7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.
- •10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.
- •11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •17) Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелерді сипаттаңыз.
- •16) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
- •19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
- •21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
- •22) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •23) Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілерін көрсетіңіз
- •24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз
- •26) Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттарын ашып көрсетіңіз
- •27) Нашаға бағынушылықпен айналысатын мекемелер, олардың негізгі қызметтерін анықтаңыз
- •28) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәселелеріне тоқталыңыз
- •29) Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •30) Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясының ерекшелігін қарастырыңыз.
- •31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.
- •32) Әлеуметтік технология түсінігі,оның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылу ерекшелігі
- •33) Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлерін көрсетіңіз
- •34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
- •35) Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технолгиясының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
- •36)Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін ашып көрсетіңіз
- •37)Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізудің спецификасына тоқталыңыз
- •38)Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
- •39) Гериатриялық орталықтар,геропрофилактикалық орталықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз
- •40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз
- •42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
- •43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •46.Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз.
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз.
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз.
- •50.Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне(ақш,Швеция,Ұлыбритания) талдау жасаңыз.
- •52.Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз.
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.
34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
Ең алдымен әлеуметтік жұмыстың технолгиясы дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек.Әлеуметтік жұмыстың технологиясы-бұл қиын жағдайға душар болған азаматтарға көмек пен қолдау,яғни әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік технологияның бір түрі.Олар адам өміріндегі әлеуметтік қатынастар мен мен прцестерді реттеу мен қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдер жүйесі болып табылады.Ал денсаулық сақтаудағы әлеуметтік технолгияның ерекшелігі медициналық көмекке мұқтаж адамдарды қажетті көмекпен қамтамасыз етудің тиімді тәсілдер жиынтығымен анықталады.Әлеуметтік жұмыстың денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алу мәселелеріне деген қызығушылығы,ең алдымен ,әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби практикалық іс-әрекет шеңберінің әлеуметтік денсаулықпен әлеуметтік хал-ахуал мәселелерін қамтитындығымен түсіндіріледі.Әлеуметтік медицинаның түп-тамырын практикалық әлеуметтік жұмыстың құрылымынан іздеу керек деген пікір қалыптасқан.Дәл осы саладан медицина мен әлеуметтік ғылым аурулар мен олардың алдын алу шараларын дәлелдеу үшін ортақ негіз тапқан.Әлеуметтік медицина мен әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі ғылыми зерттеулер көптеген созылмалы аурулардың әлеуметтік факторлар мен науқастардың өмір сүру стиліне байланыстылығына негізделіп,көпсалалы бағыт алуды болжайды.Практикалық әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби қызметі үшін денсаулық сақтаудағы профилактика мәселелерінде әлеуметтік қорғау мекемелерінің рөлінің маңыздылығын мойындау да үлкен мәнге ие.Психо-әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік терапевтік әдістерді қолдана білетін әлеуметтік жұмыскерлер клиентпен жұмыс жасау кезінде оған өз денсаулығын есепке ала тұрып,өмірлік жоспарын айқындауға көмектеседі.Профилактика грек тілінен prophylaktikos- алдын ала сақтау,ескерту-бұл адамдардың денсаулығының жоғары деңгейін және олардың шығармашылық ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге,науқас себептерін жоюға,еңбек,тұрмыс,тұрғындардың демалысы және қоршаған орта шарттарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.Әлеуметтік жұмыста бірінші реттік және екінші реттік профилактика түрлерін бөлу қабылданған.Бірінші реттік профилактика-бұл аурудың пайда болу себептерін жоюға бағытталған.(вакцинация,еңбек пен демалыстың рационалды режимі,рационалды тамақтану)іс-шаралар жүйесі.Міндеті: барлық өмір циклі бойында ересектер,жасөспірімдер мен балалардың денсаулығын жақсарту болып табылады.Екінші реттік прфилактика-бұл аурудың клиникалық деңгейге дейінгі күйін ертерек анықтауғаадамдардың тұқым қуалаушылыққа бейімділігі көрсеткіштерін белгілеугеаурулардың себептері мен қауіптілігін анықтауғасонымен қатар аурудың асқынып кетуінің алдын алу мен ескерту мақсатында емдік сауықтыру шараларын дер кезінде өткізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.Әлеуметтік жоспардың профилактикалық бағыттағы іс-шараларына төмендегілерді жатқызуға болады:
-мақсатты прфилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру
-әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу
-қауіп-қатер факторларын анықтау
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-медициналық технологияның бір түрі реабилитацияның негізгі бағыттарының бірі-жұмыс терапиясы.Ол адам бойындағы қоғамға пайдалы жұмысқа бейімделу мен өзін-өзі күту дағдысын қалыптастырады.Сондай-ақ мүгедектермен жұмыс барысында реабилитациялаудың жеке бағдарламасы ағзаның бұзылған қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған және нәтижесінде мүгедектерді қоғам өміріне қосатын қолайлы ребилитациялық іс-шаралар кешенінен тұрады.Реабилитация мүгедектерді әлеуметтік қорғаудыңм ең тиімді бағыты болып табылады.Өйткені,реабилитация мүгедектердің жұмыс істеу қабілеттерін жоғалтқан жағдайда,жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып,олардың кәсіби,қоғамдық және тұрмыстық іс-әрекеттерге араласауына мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстың денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алу мәселелеріне деген қызығушылығы,ең алдымен ,әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби практикалық іс-әрекет шеңберінің әлеуметтік денсаулықпен әлеуметтік хал-ахуал мәселелерін қамтитындығымен түсіндіріледі.Әлеуметтік медицинаның түп-тамырын практикалық әлеуметтік жұмыстың құрылымынан іздеу керек деген пікір қалыптасқан.Дәл осы саладан медицина мен әлеуметтік ғылым аурулар мен олардың алдын алу шараларын дәлелдеу үшін ортақ негіз тапқан.Әлеуметтік медицина мен әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі ғылыми зерттеулер көптеген созылмалы аурулардың әлеуметтік факторлар мен науқастардың өмір сүру стиліне байланыстылығына негізделіп,көпсалалы бағыт алуды болжайды.Практикалық әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби қызметі үшін денсаулық сақтаудағы профилактика мәселелерінде әлеуметтік қорғау мекемелерінің рөлінің маңыздылығын мойындау да үлкен мәнге ие..Әлеуметтік жоспардың профилактикалық бағыттағы іс-шараларына төмендегілерді жатқызуға болады:
-мақсатты прфилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру
-әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу
-қауіп-қатер факторларын анықтау
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-медициналық технологияның бір түрі реабилитацияның негізгі бағыттарының бірі-жұмыс терапиясы.Ол адам бойындағы қоғамға пайдалы жұмысқа бейімделу мен өзін-өзі күту дағдысын қалыптастырады.Сондай-ақ мүгедектермен жұмыс барысында реабилитациялаудың жеке бағдарламасы ағзаның бұзылған қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған және нәтижесінде мүгедектерді қоғам өміріне қосатын қолайлы ребилитациялық іс-шаралар кешенінен тұрады.Реабилитация мүгедектерді әлеуметтік қорғаудыңм ең тиімді бағыты болып табылады.Өйткені,реабилитация мүгедектердің жұмыс істеу қабілеттерін жоғалтқан жағдайда,жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып,олардың кәсіби,қоғамдық және тұрмыстық іс-әрекеттерге араласауына мүмкіндік береді.
