Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.

Психикалық денсаулық мәселесі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Жүйкелік-психикалық аурулар әлеуметтiк, медициналық және экономикалық мәселелердiң бірі болып табылады. Мамандардың ойынша, осы мәселелерді айқындаушы фактор ретінде қоршаған әлеуметтік ортаны айтуға болады. Әлеуметтік жұмыс теориясында «психикалық денсаулық» термині бiрнеше мағынада қолданылады:

1. психикалық денсаулық индивидтің психикалық немесе эмоционалды тұрақтылығын білдіреді;

2. адамның психикалық бұзылуларын;

3. адам психикасының қалыпты немесе патологиялық күйін сипаттау үшiн;

4. клиенттің ақыл-ойының кемдігімен байланысты емес мәселелерін белгілеу үшін;

5. психикалық немесе эмоционалдық күйзелістегі аса қауіпті тұлғаларды анықтау үшін.

Психикалық денсаулық қызметтерін денсаулық сақтау секторының бір бөлігі ретінде, сонымен қатар тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету мекемелері жүйесінің бөлігі ретінде де қарастыруға болады.

Әлеуметтік жұмыскерлердің міндеттері әр түрлі және кең ауқымды. Оған клиенттермен жұмыс, психотерапияның мүмкіндіктері туралы кеңес беру және тағы басқа клиникалық қызмет көрсету түрлерін жатқызамыз. Әлеуметтік жұмыскерлер ұйымды жалпы басқару, емдеу процесін жүзеге асыру және бағыттау, ауру адамдарға жеке күтім көрсету және оларды бақылау, клиенттің қызығушылықтарын қорғау сияқты мәселелермен де айналысады. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыскерлер психиатриялық профильдегі ауруларға көмек көрсетудің әлеуметтік бағдарламасын ұйымдастыру мен жоспарлауға, әлеуметтік қызметтерді басқаруға, кеңес беру қызметтеріне де атсалысады.

Психикалық аурулардың себептері әр түрлi болып келеді: тұқым қуалаушылық факторлары; қолайсыз сыртқы факторлар (инфекциялар, жарақаттар, интоксикациялар, жүйкеге зақым келтіретін жағдайлар); тұқымның құрсақ iшiндегi бұзылуы; ата-аналардың маскүнемдігі мен нашақорлығы; нәтижесі психозға алып келетін асқынған ауру түрлері (энцефалиттер, ми сифилисі, бруцеллез, токсоплазмоз, тұмаудың кейбiр түрлері); тұқым қуалаушылыққа алып келетін және невроздар мен реактивті психоздарға себеп болатын психикалық жарақаттар; жыныс пен жасы (психикалық бұзылулар әйелдерге қарағанда еркектерде жиiрек кездеседi; еркектерде маскүнемдiк және зақымдық психоздар жиiрек байқалады, ал әйелдерде күйзелістер, күйзеліс психозы көбінесе көрініс табады).

Психикалық аурулардың негiзгi белгілері: елес, сандырақ, аффективті бұзылулар, ақыл-ес пен сананың бұзылуы.

Психиатриялық көмек көрсетуде азаматтардың құқығын қорғау өте қиынға түседі, өйткенi көп жағдайда адамдардың психикалық ауруы бар адамдарға деген көзқарасы негативті болып келеді. Мұндай аурулары бар адамдар олардың аурулары туралы жұмыс орнындағы әріптестері біліп қояды-ау деген қорқынышпен өмір сүреді. Сонымен қатар, психикалық ауруы бар адамдардың құқықтары дәстүрлі түрде әрқашан шектеліп отырды және ол бұрыннан бері дәл осы психиатрия саласынан көрініс табуда.

Осыған байланысты психикалық аурулары бар мүгедек жандарды әлеуметтік реабилитациялау, олардың еңбекке жарамдылығын қайта қалпына келтіру, оларды қоғам өміріне қайта қосу қажеттіліктері пайда болды. Осы мақсатта әлеуметтiк жұмыскерлер психиатриялық аурухана (жындыхана) штатына кіреді.

Ауруханадан тыс және стационарлы психиатриялық көмек көрсететiн мекемелерге: психоневрологиялық диспансерлер, психиатриялық аурухана (жындыхана), психоневрологиялық аурулары бар жандарға арналған интернат-үйлері, арнайы балалар бақшасы, санаторийлер жатады.

Психиатриялық көмек көрсететiн мекемелер келесiдей қызметтерді атқарады:

• шұғыл психиатриялық көмек көрсетеді;

• ауруханадан тыс және стационарлы жағдайларда кеңестік-диагностикалық, емдiк, психопрофилактикалық, әлеуметтiк-психологиялық, реабилитациялық көмек түрлерін жүзеге асырады;

• психиатриялық сараптаманың барлық түрлерiн жүргізеді, соның iшiнде уақытша еңбекке жарамсыздықты да анықтайды;

• психикалық аурудан зардап шегушi тұлғалардың жұмысқа орналасуларына жәрдемдесіп, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетеді;

• аталған тұлғаларды қамқорлыққа алу мәселелерін шешуге қатысады;

• құқықтық мәселелерге байланысты сұрақтар бойынша кеңес береді;

• психикалық аурудан зардап шегушi мүгедектер мен қарт адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық орналасуын жүзеге асырады;

• психикалық аурудан зардап шегушi мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға білім беруді ұйымдастырады;

• төтенше жағдайлар мен апаттар кезінде психиатриялық көмек көрсетедi.

Психиатриялық көмек көрсететін негізгі мекеме – психоневрологиялық диспансер. Оның міндеттері келесідей:

• тұрғындар арасынан жүйкелік-психикалық бұзылулары бар ауру адамдарды анықтап, есепке алып, оларды бақылау және емдеу;

• әлеуметтiк-медициналық патронаж;

• ауруларға әлеуметтік көмек;

• еңбекке жарамдылығына қарай еңбекке тарту және жұмысқа орналастыру (әлеуметтік қорғау орындарымен бірге);

• сараптаманың (экспертизаның) сот-психиатриялық, еңбектік, әскери және т.б. түрлері;

• алдын алу (профилактикалық) жұмыстары; жалпы емдік-профилактикалық желі дәрігерлеріне кеңестік көмек көрсету.