Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.

Щвециядағы медициналық және әлеуметтік қызмет мәселелері муниципалды және облыстық билік құзырларына қарайды.Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеті сол азаматтың тұрақты тұратын аймағындағы муниципалитетке жүктелген .

Швеция ауруханаларында дағдарыс жағдайлары кезінде көмек көрсету қызметі жақсы дамыған.Бұл жерде әлеуметтік қызметкерлер бірнеше міндеттер атқарады.Атап айтқанда,ауру адамды емдеудің станционарлық шарттарына және режиміне бейімделуіне көмектеседі; жақындары мен балалары емделмейтін ауруға душар болғандардың ата-аналарына, туысқандарына қолдау көрсетеді;балалары ауыр науқасқа ұшырыған ата-аналармен жұмыс істеу бағдарламаларын құрайды.

Швецияда әлеуметтік қызметкердің қызметі келесі заңға сәйкес құрылады.Бұл заңдардың бұрынғылардан айырмашылығы-әлеуметтік қызметтің бөлек аспектілеріне арналған әлеуметтік қызметтер, отбасылар және олардың жағдайындағы қоршаған орта факторларын есепке алудағы әлеуметтік қызметтердегі интегративті бағыты жүзеге асырылады.

Щвециядағы әлеуметтік жұмыс саласындағы қызметкер ғана қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып , соматикалық және психикалық ауытқулардың шешімін түсіндіре алады.Адамды өзінің мәселелерімен ,уайымдары мен қиындықтарымен бірге қабылдау арқылы,әлеуметтік қызметкер өз тәжірибесінде мақұлданған әдістерді пайдаланумен терапевтік көмекті әсерлі ете алады.

11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.

Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады.Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың  ауысуына байланысты өзгеріп отырды. Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды  жүзеге асыруға бағытталған,   іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген.Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық  нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге  көп көңіл бөлінді. . Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту  сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды.Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді.. Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.

12.ҚР-дағы денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігін түсіндіріңіз.

      Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi. Сонымен бiрге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулi өзгерiстерге бағытталмады, өзiнің қисынды ақырына жеткiзiлген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлi өзгерте алмады.Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне: азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқару органдары жатады.Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi және мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлiмдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевтикалық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi және өзге де ұйымдар жатады.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.

Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

Жеке денсаулық сақтау практикасымен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға жеке меншiктегi емдеу-профилактикалық, санаторий-курорт, дәрiхана ұйымдары және медициналық техника ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын жеке адамдар жатады.

Жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен және халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысатын жеке ұйымдар мен жеке адамдар өздерiнiң қызметiн таңдаған қызмет түрiне лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

Халықтың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы мен радиациялық қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк уәкiлдi органдардың және жұмыс берушiлердiң кешендi шаралар жүргiзуi арқылы қамтамасыз етiледi.

13.Қ-ғы халықтың денсаулығын сақтау саясатының мән-мазмұнын ашып көрсетіңіз.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылғаназаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

- Денсаулық сақтау жүйесінде шешілмеген проблемалар жоқ деп айтсақ дұрыс болмас еді. Проблемалар жеткілікті, оның үстіне біз Қазақстан сияқты серпінді дамып отырған мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Бүгінде ел алдына үлкен міндет - бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр.

Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етедіАйталық, Бүкіләлемдік форумның рейтингілік бағалау нәтижелеріне қарағанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі индикаторлар бойынша Қазақстан 2008 жылы балалар өлімі жөнінен - 87-ші орынға, туберкулездің таралуы бойынша - 94-іншы орында, АҚТҚ таралуы көрсеткішінен - 23-інші және адам өмірінің күтіліп отырған ұзақтығы мәселесінде - 101-інші орында болды. Бұл саланы одан әрі реформалау жөнінде қосымша шаралар алу қажеттігін көрсетеді. Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау қызметінің алдына халыққа медициналық қызмет көрсетуде ең озат әлемдік стандарттарға сай келетін, денсаулық сақтау ісіне азаматтардың да ынтымақтаса қатысуын қамтамасыз ете отырып,  сапалы жаңа деңгейге тезірек шығу міндеті қойылып отыр.Бүгінгі қоғамның барлық талап-тілектеріне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қазақстандықтардың жеке және қоғам денсаулығы көрсеткіштерінде нақты оңды ілгерілеуге қол жеткізуге бағытталған бір-бірімен өзара байланысты стратегиялық міндеттердің тұтас кешенін шешуді көздейді. Мұның арасында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жұмысы, ана мен бала денсаулығын қорғауды тиімді ұйымдастыру да бар. Біз халықтың әлеуметтік-маңызды сырқаттарға ұшырау деңгейін төмендетуге, халықты жаппай иммундау шараларына тартуға  барынша күш жұмсауға тиіспіз. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсетуде халықаралық стандарттарды енгізу, біртұтас денсаулық сақтау  ақпараттық жүйесін құра отырып, саланы ақпараттандыру қажет. Бұл қайта құрулар, сонымен қатар, медициналық білім берудің құрылымын өзертпей және  сапасын артттырмай мүмкін емес. Олар жүйелі сипатта бір-бірімен өзара байланысты және Қазақстанда бәсекеге қабілетті, жоғары тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ететін  біртұтас идеологияға біріккен. Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметі түпкілікті нәтижеге, яғни қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталуымен сипатталатын жаңа деңгейге шықты. 

14.ҚР- ның денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламаларына тоқталыңыз.

Казакстан Республикасының денсаулық сактау министрлігінің жумысшылар тобының құрамында алдыңғы катардағы ғылыми зерттеу орталықтардың катысуымен жұкпалы емес созылмалы аурулардың алгашқы және кезекті турде алдын алу, мектеп жасындағы балалардың

және ауыл тұргындарын социологиялык зерттеу, үзбей бакылау және сауыктыру туралы әдістемелік бағдарламалар дайындалды.Сонымен катар әлеуметтік медицина ғылыми орталығының ғалымдары халыкаралық ынтымақтастықты дамытуда улкен жұмыс жасады. Денсаулык сактаудың өзекті мәселелері бойынша Еуропальқ бірлестік , Британия кеңесшінің Ноу-хау корының, Америка денсаулык сактау халыкаралык одағының т.б. халыкаралык

бағдарламалар icкe асырылды: «Халыктьң медициналык кызметке кол жеткізудегі кедергілері (1999-2001), «Медициналык мекемелерде қаралушылардың ресми жэне бейресми төлем акылары» (2000-2002), «Денсаулык сактау менеджментіне окыту багдарламасы» (1999-2002), т.б. 1999-2003 ж.ж. когамдык денсаулык сактау кафедрасына медициналык информатика курсы косылды, оның Heгiзгi мақсаты - болашак дәрігерлердің компьютерде жумыс жургізуде білімін жогарылату және дағдыларьн қалыптастыру.Әлеуметтік медицина және денсаулык сактауды баскаруғылымының Қазакстанда дамуына кеңінен жол ашылған жэне оны әpi карай жетілдіру болашақтың үлесіне тиесілі. Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлгенДенсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.

15.ҚР-дағы денсаулық сақтау жүйесінің мазмұнын ашыңыз.

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққаамбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; Денсаулық сақтау.