- •1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
- •3.Денсаулық өмір сүру стилі ретінде мән-мазмұнын ашыңыз.
- •5.Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.
- •6.Денсаулық сақтауды адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде сипаттаңыз.
- •7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.
- •10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.
- •11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •17) Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелерді сипаттаңыз.
- •16) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
- •19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
- •21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
- •22) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •23) Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілерін көрсетіңіз
- •24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз
- •26) Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттарын ашып көрсетіңіз
- •27) Нашаға бағынушылықпен айналысатын мекемелер, олардың негізгі қызметтерін анықтаңыз
- •28) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәселелеріне тоқталыңыз
- •29) Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •30) Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясының ерекшелігін қарастырыңыз.
- •31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.
- •32) Әлеуметтік технология түсінігі,оның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылу ерекшелігі
- •33) Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлерін көрсетіңіз
- •34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
- •35) Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технолгиясының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
- •36)Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін ашып көрсетіңіз
- •37)Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізудің спецификасына тоқталыңыз
- •38)Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
- •39) Гериатриялық орталықтар,геропрофилактикалық орталықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз
- •40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз
- •42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
- •43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •46.Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз.
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз.
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз.
- •50.Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне(ақш,Швеция,Ұлыбритания) талдау жасаңыз.
- •52.Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз.
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.
21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
Қалалық емхана (бұдан әрi - ҚЕ) бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда, бiрақ кемiнде бiр ҚЕ құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлiмшенi, жалпы практика бөлiмшесiн және (немесе) учаскелiк қызмет бөлiмшесiн қамтиды;
дәрiгерлiк амбулатория климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем қалаларда ҚЕ-ның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
2. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау мекемелері:
1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрi - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде ұсынылған.
3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация мекемелері:
1) жедел медициналық жәрдем станциясы тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан астам қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
Тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан кем қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
2) пациенттiң тұрғын жерiндегi медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлiмшесi (санитариялық авиация)облыстық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
4. Апаттар медицинасы мекемелері:
апаттар медицинасы орталығы республикалық деңгейде құрылады.
5. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту ұйымдары:
санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады.
6. Паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмiн көрсететiн мекемелер:
мейiрбике күтiмi ауруханасы, хоспис аудандық маңызы бар қалаларда, аудан, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi ретiнде немесе дербес заңды тұлға ретiнде құрылады.
7. Қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мекемелер:
қан орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мекмелер:
1) сот медицинасы орталығы облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде құрылады;
2) патологиялық анатомиялық бюро, орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық анатомиялық бөлiмше облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн мекеменің құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық-анатомиялық бөлiмше стационарлық көмек көрсететiн ұйымының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
9. Фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтаумекемелері:
дәрiхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекмелері республикалық деңгейде құрылады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;
3) обаға қарсы станция;
4) дезинфекция станциясы.
11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми мекемелер:
ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
12. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары:
орта медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары республикалық деңгейде, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады.
