Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз

Медициналық қызметк көрсету мен жалпы білім алудың оңтайлығын және халықты берілетін игіліктер мен көрсетілітін қызметтің түрлерін таңдап алуының мүмкінідіктерін,олардың сапасын қамтамасыз ету.Бұл мақсаттардың бәрі де маңызды,өйткені олар қоғамдық татулықтың айқындаушы факторы болып табылатын орташа таптың ауқымды жөнін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.Сырқат адамдармен жұмыс істеу барысында қызмтекердің жалпы кәсіби даярлығының көрсеткіші-оның адамгершілік психологиялық,теориялық және практикалық даярлығын қажет ететін талаптарды қамтитын және өз мамандығының өзгешелігін айқындайтан кешенді сипаттама болып табылады.Қазақстан Республикасында болашақ әлеуметтік қызметкерлерді даярлауда оқудан тыс оларды адамгершілікке,әділеттілікке,ізгілікке,жауапкершілікке,гумандылыққа,мейрімділікке,сабырлыққа,қоғамдық құндылқтарды игеру нәтижесінде клиентке қызмет көрсетеді.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу барысында оларға мейірімділік таныту қажет.Және оған жылы-жылы аялы сөздер айтып оның өмірге деген құлшынысын оята алаған жағдайда әлеуметтік қызметкер бағдарланған мақсатқа жете алады.Ол үшін әрбір кәсіби маманның бойында:

-адамгершілік

-силасымдылық

-адамды бар болмысымен қабылдау

-өзінің мамандығына деген қызығушылық

-өз ісіне жауаптылық сияқты қасиеттері бар болуы талап етіледі.

41.Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашыңыз.Германияда әлеуметтік-медициналық жұмыс мемлекеттік сипатқа ие,бірақ ерікті және жеке ұйымдар да жоқ емес.Әсіресе әлеуметтік-медициналық патронаж кең түрде қолданылады.Клиенттер өздерінің қажеттіліктері мен ауру деңгейлеріне байланысты әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін өз бетінше таңдай алады,олар кеңес беру,дәрігерлік,ақпараттық,жалпы күтім бойынша,ұжымдық сияқты әлеуметтік-медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.Германия үшін әлеуметтік шаралардың дәстүрлі саласы денсаулық қызметі болып саналады.Ол өз кезегінде салыстырмалы биік стандартқа жауап беретін әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтау жүйесінен тұрады..Сондықтан денсаулықтың қоғамдық қызметі әлеуметтік қызметкердің,соның ішінде әлеуметтік саладағы жұмысшылардың маңызды жұмыс істеу ортасы болып табылады.Скандинавиялық мемлекеттер бюджет қаражатынан мұқтаж жандарға ұзақ мерзімді әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуде биік дәрежеге жетті деуге болады.Мысалы,Швециядағы медициналық және әлеуметтік қызмет мәселелері муниципалды және облыстық билік құзырларына қарайды.Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеті сол азаматтың тұрақты тұратын аймағындағы мунициапалитетке жүктелген.Швеция ауруханаларында дағдарыс жағдайлары кезінде көмек көрсету қызметі жақсы дамыған.Бұл жерде әлеуметтік қызметкерлер бірнеше міндеттер атқарады.Атап айтқанда,ауру адамды емдеудің стационарлық шарттарына және режиміне бейімделуіне көмектеседі.Ауру адамдарды операцияға дайындап,операциядан кейінгі жағдайда да көмек көрсетеді.Жақындары мен балалары емделмейтін ауруға душар болғандардың ата-аналарына,туысқандарына қолдау көрсетеді.аурудың отбасылық жағдайы туралы және туыстарының ауруға көмектесу мүмкіндіктері туралы дәрігерлерді хабардар етеді.балалары қайтыс болған ата-аналар мен ауруханада қайтыс болған жандардың жақын туысқандарымен жұмыс істейді.балалары ауыр науқасқа ұшыраған ата-аналармен жұмыс істеу бағдарламаларын құрайды.АҚШ-та соңғы жылдары интернат-үйлерінде,күндізгі ауруханаларда,сауықтыру курстарындағы,стационарлы және диспансерлік қызметтердің үйлесімділігі сияқты қызмет түрлері кеңінен қолданылуда.Әсіресе,қарт және мүгедек адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше назар аударылуда.Үйге тамақ әкеліп беру,шомылдыру,шаш қырқу,кір жуу және іш-киім ауыстыру,нұсқаушының көмегі арқылы гимнастика жасату сияқты қызмет түрлері көрсетілуде.