Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.

1941 жылы майдандагы жэне ел ішіндегі емдеу мекемелеріне денсаулык сактауды баскаратын кызметкерлер керек болган сон кафедра кайта уйымдастырылган. Бул «Денсаулык сактау» кафедрасын Иван Васильевич Алфимов 1943 жылга дейін баскарды. Ол 1940-1941 ж.ж. жургізілген тексеру маліметтері бойынша «Казакстандагы ауылдык дәрігерлік учаське» деген такырыпта кандидаттык диссертация қоргайды. Ұлы Отан согысы жылдары кафедраның гылыми ізденістері майданды медициналык-санитарлык көмекпен камтамасыз ету мәселелеріне жұмылдырылды, госпитальдарды ашу жэне тургындарды медициналык-санитарлык кызметпен камтамасыз етуге арналды.1943 жылдан 1949 жылга дейін Казак ССР-ныц денсаулык сактау министрі Семен Алексеевич Чесноков кафедраның меңгеруші кызметінн коса аткарды.Осы жылдар аралыгында кафедрада тәжірибелі мамандар мен окытушылар кызмет аткарган, олардыц шпнде Сеньков Н.О, Шкрадюк Г.Ф. жэне Мировалева З.Г. болды.Согыс біткеннен кейінгі жылдарда денсаулык сактауды уйымдастыру кафедрасының ғылыми жумыстары халык шаруашылыгын кайта кұру мэселелеріне байланысты алга койылган максаттарды шешуге арналды. Сонымен катар денсаулык сактауды кайта кұру кезіндегі негізгі мәселелерге назар аударылды. Сондай-ак жумысшыларга жэне ауыл тургындарына медициналык санитарлык кызмет керсету, халык денсаулыгының және денсаулык сактау саласының статистикасы бойынша жумыстар жургізіп 1949 жылдан 1951 жылга дейін кафедраны Георгий Федосьевич Шкрадюк баскарды. Ол медициналык статистика саласының маманы ретінде танымал болды. 1951 жылдан 1959 жылга дешн кафедраны медицина гылымының кандидаты, доцент А.Н.Полянский баскарды.

Денсаулык, сактау саласының дамуын ұзак, уакытка жоспарлау 1998 жылы 3 мерзімнен туратын (кыска, орта, ұзақ) “Халык денсаулығы” атты бағдарлама кабылданды

8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.

Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Шығыстың, Мысырдың, Қытайдың, Гректің, Тибеттің, Израилдың, Ливанның ежелгі қолжазбалары (папирустар) арқылы жетті. Бұл қолжазбаларда Ежелгі Шығыстың хан сарайындағы емшілер сол ханның денсаулығы болған күндеріне ғана ақы алғандығы туралы қызық фактілер сақталған. Сол ежелгі кездерде-ақ емдік шөптер қолданылып, тұратын жерді, ішетін суды қорғаудың гигиеналық ережелері, өлген адамдарды дұрыс жерлеудің ережелері құрылған. Ежелгі кездің Гиппократ, Аристотель, Ибн Сина (Авиценна), Корнелий Цельс, Әл-Фараби сияқты ғалым-философтары денсаулық сақтаудың тәсілдерін зерттеген. Ибн Сина дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы:  « Тағам – денсаулықтың дұрыс болуының кепілі.  Тәбетсіз ішкен нәрсенің қорытылуы да қиын болар » - деп жазған.Гиппократ ( б.э.д. 460-377 жж.) әлемге «медицина атасы» ретінде белгілі. Ол ең алғашқылардың бірі болып организмнің құрылысы мен функциясын (қызметін) зерттей бастады, аурулардың туындау себептерін ашып, ауруларды емдеу туралы жазды. Гиппократ жаттығу жасау, дене шынықтыру қажеттігі туралы көп айтты. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін, денсаулығын, толыққанды және қызықты өмірін сақтап қалғысы келетін болса, онда бұл дағдылар күнделікті үйреншікті ісіне айналуы тиіс деп есептеді.Аристотель – (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі кездің ұлы дарындылардың бірі. Ол «денсаулық» және «ауру» ұғымдарына анықтама беруге талпыныс жасады.Әл-Фараби медицинаны тек ауруларды емдеу туралы ғана емес, денсаулықты сақтау туралы да ғылым деп есептеді. Ол денсаулықты нығайту тәсілдерін зерттеп, көптеген аурулардың емі туралы жазды.  Авиценна ( 980-1037 жж.) Бұхара қаласында дүниеге келді және сонда оқыды. Кейіннен Иранда билеушінің дәрігері болып жұмыс істеді. Оның «Емделу кітабы» және «Дәрігерлік ғылым негіздері» атты еңбектері көптеген тілдерге аударылған және күні бүгінге дейін басылып шығарылуда.Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс «Медицана туралы» деген үлкен еңбек жариялады, ол көптеген тілдерге аударылып, бірнеше рет басылып шыққан. «Еңбектенбеу кәріліктің келуін тездетеді, еңбек болса, біздің жастығымызды ұзартады. Суық су айықтырады, ауруды алдын -алуға көмектеседі, денені нығайтып, рух сергектігін сақтайды... Жаттығу ретінде доп ойнау, жүгіру, серуендеуге де болады... » деп жазды К.Цельс.

Итальяндық дәрігер әрі жазушы А.Де Вилланов (б.э.д. 1311-1235 жж.) соңына «Салерндік денсаулық кодексін» қалдырған, онда ол IX-X ғасырлардағы салерндік мектептің салауатты өмір сүруінің басты ережелерін негіздеп берді.ХVI-XVIII ғасырларда Луи Пастер, Роберт Кох қауіпті-сібір жарасы, тырысқақ (холера), туберкулез ауруларын тудырғыш микробтар ашты. Олар жұқпалы ауруларға қарсы күресудің әдістерін ойлап тапты және қолданды.XVI ғасырда Қазақстанда Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша «Шипагерлік баян» атты кітап жазылды. Оның авторы халық емшісі Тілеуқабыл Өтейбойдақұлы болды. Кітапта көптеген ауруларды емдеу тәсілдері, организмді сауықтыру, шынығу, дене тазалығын сақтау және басқа көптеген денсаулықты сақтауға арналған нұсқаулар жазылған.Денсаулық жайлы ілімнің дамуына қазақстандық ғалымдар да үлкен үлес қосты. Көрнекті ғалым Халел Досмұхамедов гигиена, денсаулықты сақтау туралы балаларға арнап кітаптар жазды. Қазақстанда Х.Қ.Сәтпаев, Л.З.Тель, А.А.Ақанов, Т.К.Мұстафина, Ш.Ж.Жанәділов, А.Әділханов, Н.Иманғалиев сияқты ғалымдар салауаттануды дамытуды жалғастыруда. Олар салауатты өмір салтын ұстануға, организмді шынықтыруға, дене жаттығуларына, гигиена ережелерін сақтауға және түрлі аурулардың алдын - алуға үлкен мән береді.

9.ХХ-ХХІ ғ. Денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін түсіндіріңіз.

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi ӛз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналықкӛмек кӛрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты ӛсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады .ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басы Қазақстанда қоғамның және мемлекеттің барлық ӛмір сүру салаларында, әсіресе 90-шы жылдары саяси және әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер болды. Балалар қоғамдағы әр бір ӛзгерістерге аса сезімдалдықпен әсер ететін халықтың бір бӛлігіне жатады. Халықтың денсаулығын зерттеуде балалардың денсаулығы туралы ақпарат ерекше роль атқарады. Балалар халқының денсаулығы қоғамдық денсаулықтың құрамдас бӛлігі болып табылады. . Балалардың денсаулық деңгейі адамға табиғи, әлеуметтік-экономикалық және медициналық-ұйымдастырушылық әсер етуші факторларды ғана суреттемейді, сонымен қатар тікелей ата-ананың денсаулық жағдайын сипаттайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында, транспорттық байланыстардың арқасында Ақмола әскери бөлімдер мен құрамдарды жасақталды. Еліміздің соғыс шебіне жақын орналасқан кәсіпорындар мен оның тұрғындары көшіріліп, мыңдаған жаралылары бар эвакогоспитальдар осы Ақмолаға орналастырылды, жүйкеневрологиялық диспансер ашылды. 1945 жылдары эвакогоспитальдар таратылды, бірақ олардың жұмыс тәжірибесі медициналық көмектің арнайы түрлерін әрі қарай дамыту барысында қолданылды.

«Тың игеру эпопеясы» денсаулық сақтау ісінің дамуына жаңа серпін берді. 1950 жылдары 12 аудандық, 24 учаскелік аурухана, 19 әйелдер және балалар кеңесі, 4 дәрігерлік, 15 фельдшерлік пункт, 1 облыстық және 3 аудандық санитарлық-эпидемиологиялық, 3 безгекке қарсы және бруцеллезге қарсы станса болды. Қолданыстағы емдеу мекемелерінің, ірі аумақта шашырай орналасқан көптеген жаңа поселкелердегі көп халықты медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпеді. Содан кейінгі жылдарда ауылдағы фельдшерлік пункттерден бастап облыс орталығындағы арнайы мекемелерге дейінгі медициналық қызметтің нақты кезеңдерін қалыптастыруда үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 

Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық негізін әрі қарай нығайту жұмыстарын жүргізуде. 30 емдеу-профилактикалық мекеменің 22-не күрделі жөндеу жүргізілді. Қаланың емдеу-профилактикалық мекемелеріне орталықтандырылған түрде жабдықтар сатып алу және жеткізу жүзеге асырылды. 2000 ж. 63,1 млн теңгеге, 2001 ж. 111,0 млн теңгеге, 2002 ж. 68,9 млн теңгеге, 2003 ж. 219,9 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. 2000-2001 жылдары 11 млн америка доллары мөлшерінде шетел гранттарын тарту нәтижесінде және қалалық бюджет қаражаттары есебінен ауруханалардың қазіргі заман талабына сәйкес жабдықтармен қамтамасыз етілуі артты. Қала әкімдігінің бастамасымен 2001 ж. желтоқсан айында ҚР егемендігінің 10 жылдығына орай кайырымдылық дәріханасы ашылды. Қайырымдылық дәріханасы арқылы дәрігерлердің рецепті бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және жұмыссыздарға дәрілік заттар беру жүзеге асырылады. Науқастың дәрілерді тегін алу құқығы туралы шешімді Қаланың жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарын қолдау қоры береді. 2003 жылы 1 маусымда қайырымдылық дәріханасы 6500 адамға қызмет көрсетіп, 6,5 млн теңгенің дәрілік заттары берілді. Қаланың аумағында сатылатын дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды Фармацевтикалық бақылау басқармасы жүзеге асырады. Қаланың аумағында дәрілік заттарды сертификаттау «Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының» аумақтық бөлімшесі жүргізеді.

Денсаулық сақтау департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі жеке медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар құру болып саналады. 1998-2002 жылдары қала әкімдігінің шешімімен бекітілген 10 бағдарлама дайындалды.