- •Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде
- •1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсері
- •1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
- •Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
- •1.4 Жалпы теледидар хабарларының түрлері
- •2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
- •Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
- •2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
- •Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
- •2.5 Ақпарат таратушы отандық және шетел телеарналары
- •2.6 Шетел хабарларының нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сауалнама
1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
“Мәлімет” мағынасын кең көлемде алғанда, оған хабарлаудың кез келген түрі жатады. Алайда, “телевизиялық мәлімет” журналистиканың телевизиялық хабарларында қалыптасты. Ол көпшілігінде жаңалықтарды тарату кезінде қолданылады.
Қазіргі қазақ баспасөзі материалы негізінде газет мәтіндерінің жалқы және көптақырыптарға құрылатыны анықталды. Көптақырыпты мәтіндерде негізгі және қосымша тақырыптар қамтылады. Ондай мәтіндер ойды эксплицитті және имплицитті түрде жеткізеді, кейбірі фактіні баяндауға негізделсе, екіншісі жеке проблеманы көтереді.
Эксплицитті (лат. тілінде «explicātus» - айқын, түсінікті деген мағынада) «имплициттілік түсінігіне қарсы қойылып, сыртқы материалдық тұрғыда ашық білдіру сипатына ие құрылым» деп түсініледі. Деректі мəлімет, оқиға тұрғысындағы ақпаратты бейнелейтін объективті мəністер (диктум) сөйлем құрамындағы синтагмалардың (өзара логика-семантикалық, синтаксистік байланыстағы сөздердің тіркесі) мазмұнында ашық білдіріледі.
Имплициттілік (ағылшын тілінде «implicit» – астарлы, айтылмаған) объективті жағдаятқа субъекті қатынасы негізіндегі ойды беруде тиісті тілдік элементтің орын алмағанымен, оның мəнісін басқа тілдік бірліктер қатынасында қамтып тұратын, сонымен бірге тілдік бірліктердің логика- ассоциациялық жүйесі қатынасында жеткізетін синтаксистік құрылым. Имплицитті берілетін ақпарат ешбір тілдік бірлік арқылы ресімделмейді, бірақ ол сөйлемдегі сөздердің өзара байланысында немесе контекстегі сөйленістер я абзац құрайтын сөйлемдердің өзара логика-семантикалық байланысында анықталады [7].
Кез келген мəтінді жеке бір тұлғаның анықталған мақсатты, ниетті көздей отырып, оны шешуде белгілі бір тілдік жүйеде қалыптасқан қоғамдық нормадағы тілдік бірліктерді өзіндік таныммен, талғаммен үйлестірген шығармашылығының жемісі ретінде танысақ, баспасөз жарияланымдары да қоғам мүддесін көздей отырып, орын алған келеңсіздіктерді сынау арқылы оқырманға ықпал етуді мақсат етеді. Бұл орайда белгілі бір дерек, мəселе жайын түсіндіре келіп, журналистің өз пайымын, көзқарасын білдіріп, талдау жасауы оның кəсіби міндеті ретінде заңмен қорғалады. Журналистің қандай да бір оқиға туралы хабарламасы жəне онымен қатысты өзіндік субьективтік оң я теріс көзқарасы, яғни бағасы тура я жанама түрде білдірілуі мүмкін. Ықпал ету күшіне жекелеген сөйленістермен бірге, тұтас мəтін де ие болады. Сондықтан сөз қақтығысына байланысты лингвист-сарапшы шешіміне ұсынылатын мəселелердің бірі – көпшілік алдында сөйленілген сөздің я баспасөз материалдарының жұртқа, қоғамдық ортаға əсер ету, ықпал ету деңгейін сараптау болып табылады. Бұл орайда қолданыс үстіндегі тілдік таңбаны, жалпы тілдік құрылымды талдау арқылы субьект ниетін анықтауда тіл білімінің прагматикалық қағидалары ерекше маңызға ие.
Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде социумның когнитивтік санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың барлығын тілдік санада айшықтай отырып, бұқаралық санаға ықпал етуші қуатты құралға айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа бейімдеп отыратын саяси тетік деуге де болады. Мұны күнделікті баспасөз бетінде көрініс табатын саяси дискурстан байқауға болады. Бұл пікіріміз бүгінгі ресми басылымдардың тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси мәтіндерге лингвопрагматикалық талдау жасағанда қуаттала түседі.
Саяси ақпараттарға қойылар басты талаптар-жеделділік әрі дер мезгілінде көрерменге жетуі. Актуальды информацияны іріктеу күрделі әрі ауыр жұмыс. Қашан, қайда, кімді, не үшін деген сұрақтарға жауап ізделуі тиісті. “Сіз саяси ақпаратты қай көздерден аласыз” деп сауалнама жүргізілгенде оған 71,8 % радио, 74 % газет, 91,4 % “телевидениеден” деп жауап берген.
БАҚ – оның ішінде телевидениеде, радио және басқа көпшілік аудиторияға әлеуметтік, саяси, экономикалық ақпараттарды түрлі әдістерімен жеткізеді. Газет-баспа сөзі, радио-сөйлеу және дыбыс, телевидение – осы үш “триаданың” сөз, дыбыс және көріністің біріккен арнасы. Теледидарды өзгелерден ерекшелейтін қасиеті оның бейнелік қатарларында. Бүгінде таңбалар жүйесінде, оның ішінде БАҚ тілінде экспоненциялдық өсім байқалуда. Электронды БАҚ-ның ғасырында теледидар адамды сөйлеуге тағы да мәжбүр етті. Осыдан келіп, теледидардағы жанрдың-монологтық және диалогтық екі негізгі тобы өмірге келді. Қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік даму осы екі топтағы жанрлардың дамуына кең жол ашты [8,35].
Телевизиялық бағдарламаларға талдау, диалогтық жанрдағы топта:
а) үрдіс даму;
ә) көрермендер әңгімесінен баяулап жүретін айтыс, пікір таласты толықтырып отыру.
Монологтық жанрдағы топта:
а) көпшілік аудиториясына сөйлеу жүйесі;
ә) сырттайғы әңгімелесу жүйесі;
б) телекөрермендердің үшінші болуға ұмтылысты.
Диалогтық және монологтық жанрлар тобын классификациялауды үш топқа бөлу: ақпараттық, көңіл көтерушілік және танымдық-ағартушылық әрі көңіл көтерушілік.
Ақпараттық жанрда: саяси, экономикалық мәдени, деректілік тақырыбындағы бағдарламалар.
Көңіл көтерушілік жанрда: спорт, музыка, лотерея, шоу-викторина, ойындар, балалар хабарлары, кино, спектакль, мультипликация, концерттер.
Үшінші топта – осы екеуіндегі жанрлар тобына жататындар топтасады.
Ақпарат бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары рыногындағы ең құнды, әрі ең өтімді тауар. Ақпарат құралдарының ролін зерттеп жүрген ғалымдардың қазіргі уақытта “ақпараттық қоғам” деген тезисті ұсынып отырғаны мәлім. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі, бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлде жаңаша сипатқа ие болып отыр.
