- •Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде
- •1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсері
- •1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
- •Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
- •1.4 Жалпы теледидар хабарларының түрлері
- •2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
- •Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
- •2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
- •Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
- •2.5 Ақпарат таратушы отандық және шетел телеарналары
- •2.6 Шетел хабарларының нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сауалнама
Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шындығында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл – сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жоқ, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т.б) сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойымен (психологиялық құбылыс ретінде), коллективтік әлеуметтік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатқа ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген қағиданы қолданған боламыз. Шындығында сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге сөз мағынасында әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға индивидке байлансты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәтижесінде ол мағыналы мағыналық элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуі , бір мағынаны аудару жолы арқылы екінші тілге жеткізу мүмкіндігі туады. Ал жеке даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынаның болуын , тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін мойындаудан туады. Демек, сөз мағынасын -
1) түрлі тілдерге тін универсалды,
2) жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас өкілдеріне) тән,
3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Әрине, жеке адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана белгілі бір контекстерде ғана байқалады [13,133].
Сөз болған жерде ұғым бар. Ұғым бар жерде мағына бар Ұғым мағынамен ұштасып, ойлаумен қабысып, өзара тығыз баланысып отырады. Ойлау мен сөзді бір-бірінен бөліп алуға келмейді. Екеуін нақ бірдей тепе-тең деп санау да ағаттык. Ойлау да, ұғым да сөз аркылы көрінеді». Бір сөзден де, көп сөзден бір ұғым жасалады [14,214].
Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналарымен байланыстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі – дүниедегі тілдердің бәріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т.б. Кей тілдерде бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кең не тар мағынада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны осы мағына болады. Салыстырыңыз: қаз.-адам, ағылш.-person, өзб.-инсон, орыс.-человек, неміс.-Der Mann, т.б. Сөздердің барлығында да осы типтес мағына бола бермейді. Екінші бір топ сөздер сол тілде сөйлеуші халықтардың әлеуметтік жағдайы, ұлттық ерекшелігіне байланысты мағынағы ие болады. Бұл түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып саналады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда, сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу арқылы ғана беруге мүмкіндік туады. Салыстырыңыз: қазақ тілінде «арқан» сөзі қолданылады. Орыс тілінде осы сөзге жақын «веревка» сөзі қолданылады, бірақ екі сөздің мағынасы тең болмағандықтан, арқан сөзінің мағынасын бере алмайды. Сондай-ақ, сыбаға, құда табақ, жая, қазы-қарта, құрт деген сияқты сөздер – тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін халықтарда қолданылатын тағам атаулары. Оны басқа тілге аударғанда түсіндіру жолымен ғана береміз. Домбыра музыкалық аспап ретінде қазақтарға тән болса, қомуз қырғыздарға тән, шертер өзбектерге тән музыкалық аспап. Бұл музыкалық аспаптардың атаулары басқа, түркі халықтарында да қолданылуы мүмкін, бірақ мағыналарында, немесе қолданылуларында өзгешелік бар. Тілдерде кездесетін үшінші бір мағына сөздерді қолдануға байланысты туады да, ол жеке ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың еңбектерінде, тілінде кездеседі. Үшінші мағынаны көпшілік ғалымдар жеке мағына ретінде санамайды. Сөз мағынасының басқа бір қиын жағы да бар. Cовет тіл білімінде сөз мағынасы туралы әңгіме болғанда оның объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға байланысы барлығы негіз етіп алынады. Егер сөз мағынасын құрылымдық элементтерімен байланысы барлығы негіз етіп, алынады. Егер сөз ететін болсақ, онда, ең алдымен, тілдік мағына мен экстролингвистикалық мағынаны ажырату қажет болады. Экстролингвистикалық мағына элементі ретінде денотаттық (референттік), сигнификаттық, эмоциялық-экапрессивтік мағыналар түсініледі. Бірақ экстролингвистикалық элементтерге тілдерде кездесетін халықтық әлеуметтік, мәдени даму дәрежесімен, ұлттық психологиясымен байланысты болған мағыналық элементтер енсе де, оларға арнайыталдау жасалынбады. Тілдік мағыналық элемент тілдің ішкі құрылымымен қатысты болады да, ол парадигмамен, синтагмамен байланысып жатады.
Тіл біліміне тиісті еңбектерде бұл мәселелер бұрын да азын-аулақ сөз болғаны анық. Біз ол еңбектерге арнайы талдау жасауды жөн көрмедік. Себебі, біріншіден сөз және сөз мағынасы туралы жазылған еңбектер тізімінің өзі кішігірім кітаптың көлемін алған болар еді. Екіншіден, семасиология мәселелеріне байланысты жазылған еңбектер методологиялық жағынанда ала-құла бір-біріне қарама-қарсы көзқарастарға негіздерген қайшы пікірлерге толы. Сондықтан оларға философиялық тұрғыдан қайта қарап, тиісті баға беру керек. Бірақ мұның өзі басқа жоспардағы күрделі зерттеуді талап етеді. Үшіншіден, түркологиялық зерттеулерде семасиология толық арнаулы зерттеу объектісі болған жоқ. Осы жағдайды ескере отырып, қажетті деген жерлерде ғана ғалымдардың пікірлеріне өз көзқарасымызды білдіріп, тиісті жерлерде сындар да айтылды. Ондағы мақсат: оқырман қауымның өз бетімен әрі қарай жұмыс істеуіне жағдай жасау және автордың пікірін басқалардың пікірлерімен салыстыруға мүмкіндік туғызу.
Тіл білімінің мағыналарына байланысты болатын біраз мәселелерін сөз етпедік. Мысалы, сөз бен ойдың арақатынасы, тілдің таңбалық сипаты мен мағынасының арақатынасы, т.б. Бұған себеп болған жағлайлар бар. Біріншіден, сөздің оймен немесе ой элементтерімен байланысы бар екенін тілші, философ ғалымдардың көпшілігі мойындағанымен, арасында айырмашылық бар деп ескерту жасайды. Дегенмен де бұл даусыз мәселе емес. Б.А.Серебренников сөзсіз ой, ойсыз сөз жоқ деген тезисті мойындамайды. Демек бұл екі көзқарастың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін, гносеологиялық, психологиялық мәселелерді анықтау керек. Tілдің таңбалық сипаты да нақ осындай даулы. Оларды анықтау басқа жоспардағы зерттеу жұмысын талап етіп, бізді тақырыптан ауытқуға мәжбүр етеді. Екіншіден, тілдік ой ой элементтеріне байланысты мәселелерді тіл материалы негізінде де философиялық категория негізінде де зерттеуге болады. Мұндай жұмыстар істелініп те жүр. Бірақ оны методологиялық астар беріп зерттеу бар да, үстіртін сөз ету бар. Мұның алғашқысын жүзеге асыру үшін жұмыстың көлемін кеңейту керек те, жалпы тілбіліміне байланысты мәселелерді талқылау қажет. Екінші жолы да ғылымға үлкен жаңалық әкелмейді. Сондай –ақ лексико-семантикалық топ мүшелерінің арақатынасы, сөздердің жүйелілік байланыстары (парадинмалық, синтагмалық) автордың басқа еңбектерінде сөз болғандықтан, оған біз тек үлгі ретінде ғана талдау жасадық [14,135]. Қоғам өмірінде болатын құбылыстардың барлығы тілден көрініс тауып, тіл арқылы болашақ ұрпаққа жетеді. Кез келген тілдің қоғамда қызмет етуінің алғышарты – ол ғылым тілі қызметін атқару болып табылады [15,3].
