- •Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде
- •1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсері
- •1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
- •Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
- •1.4 Жалпы теледидар хабарларының түрлері
- •2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
- •Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
- •2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
- •Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
- •2.5 Ақпарат таратушы отандық және шетел телеарналары
- •2.6 Шетел хабарларының нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сауалнама
2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
Адамдарға бұқаралық ақпарат құралдарынан таралған хабар әсер етпеә қоймайды. Оның әсері өмірдің барлық сферасына қатысты. Ақпарттың таралуы қоғам арасынды бірқалыпты сана туғызады. Бұл туралы Г. Маркузе өзінің «Одномерный человек» атты кітабында қоғам санасына қазіргі заманға бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен әсер ету мүмкіндіктері жөнінде жазылған [11,7].
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын барлық хабарлар тыңдаушыға өзіндік әсер етеді. Жаңалықтар, көркем фильдер және тағы басқа да хабарлар берілу барысында сөздердің қолданылуына үлкен мән беріп қолданылады. Сөздерді мағынасына сәйкес қолданбаудан ақпарат беруші мен ақпарат алушы арасында түсінбестік пайда болады. Бұл, әрине, жақсы құбылыс емес.
Жаңалықтар, көркем фильмдер немесе арнайы репортаждардағы актуалды тақырыптардың бірі – нашақорлық болып табылады. Нашақорлық, әсіресе, жастар арасында кездесетін үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай хабарлар іш пыстырмайтын болғаны абзал, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет. Оның салдарын, зиянын түпліділті жеткізу арқылы жастарды ондай істен аулақ болуға септігін тигізе аламыз.
Бұл тақырып тек Отанымызда ғана емес, шетелде де актуалды. Шетел жаңалықтарынан да оның белгілі проблема екенін аңғаруымызға болады. Елімізде шетел жаңалықтары өз тілімізге аударылып, беріліп жатады. Ол хабарлардың дұрыс ауларылуында да үлкен мән бар. Аударылған мәліметтер дұрыс аударылып, тыңдарманға дұрыс жетуі, мақала еш аласыз теріліп, көрермен арасында түсінбеушілік туғызбауында да үлкен мән жатыр.
Сөз мағынасының мәлім емес қырлары өте көп. Белгілі бір сөз алдымен өзінің тура — номинативті мағынасында қолданылады; дәл сол сөз екінші бір тіркестерде, сөйлем ішінде ауыспалы, өзінің тура магынасынан басқа мағынада да қолданылуы мүмкін; дәл сол бір сөз түрлі тіркестер құрамында бір емес, бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін, яғни көп мағыналы болып келуі мүмкін.
Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
Семантика – гректің «Semantikos» (белгілеуші) деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пәні ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түркологияда ол өте жас пән болып саналады. Сол үшін де семасиологияның көптеген мәселелері зерттелмеген. Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар. Ол - түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінің беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық.
Лексикалық мағына грамматикалық мағынаның ең басты айырмашылығы – олардың абстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында [12,3].
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады [13,347].
Сөз мағынасы тіл білімінің барлық саласының өзекті мәселесі болып саналады. Лексикалық мағына құрамындағы элементтер ретінде денотаттық, сигнификаттық, эмоциялық және тіл жүйесі негізінде пайда болатын парадигмалық,синтагмалық мағына элементтер бар.
Семасиология — лексикологияның үлкен бір саласы. Грек (зета, зетавіа — белгі) және латын (1оgоs — ілім) тілдері сөздерінен құралған бұл терминнің дәл мағынасы— белгі, белгілеу туралы ілім. Лингвистикада семасиология бірнеше мағынада қолданыла бөреді. Семасиология, бір сөзбен айтсақ, мағына туралы ілім [12,4].
Семасиология— тіл білімінде тілдік единицалардың мағынасын (мазмұнын, ішкі жақтарын) төксеретін ілім; Семасиология — тіл білімінде сөздер мен сөз тіркестері мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін сала. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деп те атайды; семантика мен мағына дегендер — бір-бірімен синоним.
Сөздің қандай мағынада қолданылып тұрғанын дәл айқындайтын нәрсе контекст (сөз тіркестері, сөйлем ішіндегі білдіріп тұрған мағынасы).
Мысалы, «He usually reads a book» сөйлемінде book сөзі тура мағынада қолданылып тұр. Ал «He books his ticket» сөйлемінде ол ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Бұл сөйлемдердегі book сөзінің әр түрлі тіркестегі мағынасы бұл сөздің әрі көп мағыналы екенін көрсетеді [14,131].
