- •Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде
- •1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсері
- •1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
- •Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
- •1.4 Жалпы теледидар хабарларының түрлері
- •2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
- •Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
- •2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
- •Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
- •2.5 Ақпарат таратушы отандық және шетел телеарналары
- •2.6 Шетел хабарларының нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сауалнама
2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
Сөз мағынасы жалпы тілдік жүйенің құрамдас бөлігі, элементі бола тұра, өзіндік дербестігімен де ерекшеленетін тілдік бірлік. Оның өзіне ғана тән семантикалық қасиеттері бар. Сөздің лексикалық мағынасы семасиологияда бірнеше түрге бөлінетіні белгілі. Мысалы, дүниедегі атаудың (номинация) тәсіліне қарай, яғни шыңдық өмірдегі заттардың ұғымдардьң, құбылыстардың сөз мағынасымен байланысу, сәйкесу сипатына карай – сөздің тура немесе негізгі мағынасы және сөздің ауыспалы мағынасы, мағыналық уәжділігінің (семантикалық мотивтілігі) деңгейіне карай - түбір және туынды, лексикалық тіркесімділігіне қарай еркін және байлаулы, атқаратын қызметіне қарай атауыштык (номинитивтік) және экспессивтік-синонимдік мағына болып жіктеледі. Сөздің тіркесімділігімен байланысты фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты және экспрессивтік-синонимдік мағынаға арнайы көңіл бөлуді міндет етпедік. Мәселенің бұл кырларына тікелей, назар аудару бұдан да ауқымды да іргелі жеке зерттеу еңбектерінің нысаны болуға тиіс деп ойлаймыз. Себебі бұл мәселенің бәрін қамту мүмкін болмағаңдықтан біз өз тақырыбымыздың ауқым-аясын мейлінше нақтылап алдық.
Жалпы тілдің, оның ішінде тілдік бірліктердін ақпараттылығы туралы Комиссаров В.Н., Арнольд И.В., Гальперин И.Р., Володина М.Н., Оразов М., еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдар, теориялық пайымдаулар біздің сөз мағынасын ақпаратпен тығыз байланыста қарастыратын осы диссертациялық зерттеуімізге тірек болғандығын айту керек. Сонымен қатар сөз мағынасын әр кезеңде және әр түрлі қырынан қарастырган отандық тілші ғалымдардың еңбектерін ескерусіз қалдырмай, зерттеу тақырыбымызға қатысты олардың пікірлерін назарға алып отырғанымызды айту керек. Қазақтың бас тілші ғалымы Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, кейінгі жас зерттеушілер еңбектеріне дейін мүмкіндігінше елеусіз қалдырмау жағын назарда ұстадық деуге болады. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Кайдар, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Калиұлы, Б.Қалисв, I Жанұзақов, Р.Барлыбаев, А.Айғабылов, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы, Ғ.Смағұлова, Б.Момынова, Ғ.Хасанов сынды зерттеушілер еңбектерін солардын қатарына қосуымызға болады [16,57].
Қазақ тіл білімінде сөз мағынасы тілші ғалымдар тарапынан біршама зерттелген мәселенің бірі болып табылатындығына ешкімнің дау айта қоймасы анық. Алайда сөз мағынасының ақпаратпен байланыстырыла қарастырылуы сөз арқылы берілетін ақпараттың табиғаты әлі де арнайы зерттеу арқауы бола қоймаған екен. Жаңа технологияның каркыңды дамуына байланысты ақпараттар тасқынының арыны барынша артып отырғанының куәсі болып та жүрміз. Бүгінде адам өмірінін кай саласын алсақ та, ақпараттық байланыстар аса маңызды рөлге ие болып жатқанын байқауыңа болады.
Ғалымдар тарапынан ғылыми-техникалық төңкерісті ақпараттық төңкеріс алмастырып, соның нәтижесінде жаңа «ақпараттық қоғам» құрылу үстінде деген тоқтам жасала бастады. Сондықтан қазіргі ақпарат ғасырында тіл арқылы берілетін ақпараттың табиғатына тереңірек үңіліп, сөз мағынасының осы ақпаратпен байланысты байланысты қырын арнайы қарастырудың маңызы айрықша зор болса керск. Сол себепті де біз мәселенің осы қырына, яғни негізінен сөздің лексикалық мағынасы арқылы берілетін ақпарат табиғатын тану мәселесіне арнайы тоқталуды жөн көрдік.
Тіл ақпараттың көзі әрі сақтаушысы болу мен қатар жинақталған білімді жеткізудің және адам тәжірибесінің негізінде қалыптасатын жаңа білімнің қоймасы да болғандықтан, сол тілдің бірлігі болып табылатын сөз арқылы берілетін ақпарат табиғатын арнайы қарастырудың маңызы айрықша.
Тілімізге араб тілінен енген «ақпар» (әхбар) сөзі негізінен «хабар», «мәлімет», «дерек» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мағынасы қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде де Е.Бекмұхамбетов сөздігіндегідей түсіндіріледі [17,144].
Қақ, қақы сөздерінің құқық түрінде қабылданғанысияқты қазір “ақпар” сөзі де “ақпарат” деп көпше түрінде қолданылып жүр. Мысалы, бұқаралық ақпарат кұралдары, ақпарат алу, ақпарат беруші (информатор) т.б. Информация атауының тіліміздегі баламасы ретінде ақпарат сөзі орныға бастаған соңғы жылдарға дейін бүл сөз негізінен ақпар деп жекеше түрде қолданылған. Ал көпше түрде қолданылғаң жағдайда оған —лар көптік жалғауы жалғанып келген. Мысалы, “Біздің қолымыздағы ақпарларға қарағанда дұшпан күшін жинап, барлық даярлық қызметін бітірген болуы керек” (Б.Момышұлы, Москва үшін). Қазір тіпті ақпарат деген көпше түрде алынған сөзге де өз тіліміздегі көптік жалғауын қосып ақпараттар деп айту, жазу қалыпты жағдайға айналып отыр. «Ақпарат» сөзінің жиі қолданатындығына байланысты соңғы 5-10 жыл көлемінде бұл сөз жұртшылықтың санасына сіңе бастады. Осы мысалдың өзі сөзді қолданысқа енгізіп, оны атау, термин ретіңде бекітуге үлкен жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен қарау керектігін көрсетеді.
Біз арнайы сөз етіп отырған ақпараттың сөз мағынасы арқылы берілуі деген мәселеге келер болсақ, мұнда да бірқатар мәселелердің ара-жігін ажыратып, басын ашып алуға тура келеді.
Ақпарат атауына беріліп жүрген анықгамалар көп. Олардың бәрін тізіп жатудың қажеті болмаса да негізгі ғылыми, оқулық әдебиеттерде, сөздіктерде қолданылып жүрген кейбіреулеріне тоқтала отырып, “ақпарат” терминінің мағынасын, осы атау арқылы берілетін ұғым мазмұнының ауқымын айқындап алуымыз керектігі талас тудырмауға тиіс. Сол себепті әр кезеңде жарық көрген еңбектерде берілген анықтамаларға назар аударып көрелік. Мәселен, 1971 жылы бірнеше автордың құрастыруымен Мәскеуден шыққан “Словарь терминов по информатике” деп аталатын түсіндірме сөздікте «ақпарат» терминіне мынандай анықтама берілген: “Информация (information) - содержание какого-либо сообщения и сведения о чем-либо, рассматриваемые в аспекте их передачи в пространстве и времени. В более общем смысле информация — это содержание связи между материальными объектами, проявляющиееся в изменении состояний этих объектов”.
Ал жуырда жарық көрген “Информатика және компьютерлік техника” терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде ақпарат терминінің төрт түрлі мағынасы берілген:
1) айналадағы ортадан қабылданатын (кірістік ақпарат), айналадағы ортаға берілетін (шығыстық ақпарат) немесе кейбір жүйенің ішінде сақталатын (ішкі ақпарат) мәліметтер жиынтығы;
2) таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін белгілі бір объектілер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дүниесі туралы мағлұматтар;
3) есептеу техникасында — компьютерге енгізілетін, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер;
4) ақпарат теориясы шеңберінде анықталмайтын бастапқы ұғым.
Ғылыми-техникалық терминология комитеті шығарған жинақта ақпаратка “Информация — это сведения, являющиеся объектом хранения, передачи, преобразования” деген анықтама берілген.
М.Н.Володина “ақпаратты — интелектуалдық қатысымның негізгі мазмұны” деп қарайды. “Основы информатики” оқулығының авторлары “ақпарат — тіркеуге және өңдеуге болатын, қызығушылық туғызатын деректердің, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы” .
Осы анықтамаларды салыстыра отырып қарағанда, олардың барлығында дерлік байқалатын ортақ белгілер мыналар: Ең алдымен, ақпараттың мәлімет, дерек екендігі. Екіншіден, сол ақпараттың сақталатындығы (адамның немесе компьютер жадында т.б.). Үшіншіден, ақпараттың берілетіндігі және қабылданатындығы. Төртіншіден, сақталатын ақпараттың өңделетіндігі.
Әр жылдары және түрлі ғалымдар тарапынан ақпарат терминіне берілген анықтамаларға сүйенетін болсақ, онда солардың көпшілігінде атап көрсетілген ақпарат ұғымының ортақ қасиеттерін, басты белгілерін ажыратып алдық деуге негізіміз бар. Еңдігі мәселе — сөз арқылы берлетін ақпаратіың ерекшелігін, жалпы сөз мағынасы және ақпарат деген ұғымдардың ара-қатынасын анықтап алу. Жоғарыда берілген анықтамалардың біріңде ақпараттың «таңбалар мен сигналдар» түрінде берілетін белгілі бір объектілер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дүниесі туралы мағлұматтар” екендігі ата көрсетілген. Компьютер немесе өзге де техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіре жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын информатика ғылымының зерттейтіні белгілі. Ақпарат өзге ғылым салаларының да зерттеу нысаны болуы мүмкін. Біз ақпараттың лингвистикалық табиғатын, оның сөз мағынасы арқылы берілу ерекшелігі сияқты қырларына ғана тоқталамыз. Яғни, ақпарат тілдік тұрғыдан, сөз мағынасына қатысы тұрғысынан сөз болады. Таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін ақпараттың барлығын, олардың жалпы сипатын зерттеу тіл білімінің міндетіне жатпайды. Сондықтан біз тіл бірлігі болып табылатын тілдік таңба сөз арқылы беретін ақпараттың табиғатын, оның сөз мағынасына қатысын тереңірек тани түсуді мақсат етеміз.
Жоғарыда ақпарат атауының мағынасына арнайы тоқгалдық, бірнеше анықтамаларды салыстырып таңдадық Енді ақпараттың мағынаға, сөз мағынасына қатысын, оның мағына арқылы қалай берілетіндігін айқындау үшін мағынаның өзіне назар аударып көрелік. Қазіргі тіл білімінде сөз мағынасына берілген анықтама өте көп.
Ақпарат түрлі ғылым салалары тарапынан түрліше түсіндіріліп жүрген ұғым. Ақпараттың тілдік сипатын қарастырған ғалым И.Р.Гальперин ақпаратқа беріліп жүрген “шыңдық өмірдің танылған фактісі — ақпарат” деген анықтама тілдік тұрғыдан оның сипатын толық аша алмайды дей келіп, өзі “Ақпарат - шындық өмірден алынған, ой елегінен өткізілген, дайын деректердің (факті) ауызша берілуі” деген анықтама береді.
Ғалымның бұл анықтамасында тек ақпаратты хабар (сообщения) ретінде, сөйлеу процесімен байланыста қарастырғандағы қырлары көрініс тапқан. Ол ақпаратты тілдік таңбаның мазмұнын жеткізудің өлшемі ретінде қарастырады. Әрине, ақпараттың берілуі, ақпарат алмасу сөйлеу процесімен байланыста қарастырылғаны да дұрыс. Бірақ алғашкы анықтаманы да негізсіз деуге болмайды. Шындық өмірде танылған фактісі танылғаннан кейін тілден көрініс табатыны белгілі бір сөзбен таңбаланады. Сол сөздің мағынасынан зат, құбылыс, әрекет жөніндегі негізгі белгілер көрініс табады. Сөздің мағынасындағы қамтылған ақпаратты біз ол сөзді естігенде, оқығанда біле ала аламыз. Ал сөздің мағынасында камтылмаған өзге сөздермен тіркесу барысында көрініс беретін контекстік мағынасын сөйлем арқылы, мәтін арқылы ұғынатынымыз рас. Сондықтан лексикалық мағынасы бар сөздін өзі жеке тұрғанда да ақпарат көзі бола алады. Біз жалпы филологиялық түсіндірме сөздігінен сөздің лексикалык мағынасы арқылы берілетін ақпаратты алсақ, сол сөздер қатысқан сөйлемде мәтін ішіндегі қолданысы арқылы туынды, ауыспалы мағынасынан пайда болатын контекстік мағынасынан туындайтын ақпарат аламыз. Мұндай ақпарат “қосымша ақпарат” деп те аталып жүр. Егер контексте туындайтын мағына арқылы алынатын ақпарат сөздің ауыспалы мағынасымен байланысты “қосымша ақпарат” болатын болса, онда сөздің жалпыға белгілі лексикалық мағынасындағы ақпараттың негізгі, түпкі болғаны ғой. Жалпы сөз арқылы берілетін ақпаратты тек қана сөйлеммен, мәтінмен немесе сөйлеу процесімен байланыста қарау керек деген тұжырым біржақты айтылған. Мұндай тұжырымға сүйенсек, сөз мағынасы тек контексте ғана туындайды деген тоқтамға келу керек болады. Ондай түйін жасай алмасымыз белгілі. Керісінше, сөздердін жеке тұрғандағы денотаттық мағынасының негізіңде, олардың өзара тіркесу, контексте қолданылу кезінде барып ауыспалы мағынаның туындайтыны айқын. Сол себепті де бұл пікірмен түгелдей келісуге болмайды. Дәлірек айтқанда, сөз жеке тұрғанда да ақпарат көзі. Біз жекелеген сөздердің мағынасы арқылы да ақпарат таратамыз немесе ақпарат ала аламыз. Лексикалық мағынасы бар әр сөз белгілі бір зат, құбылыс, іс-әрекет жөнінде ақпарат береді.
И.В.Арнольд ағылшын тілінің стилистикасына арналған еңбегінде тіл арқылы берілетін ақпаратты екі түрге бөліп көрсетеді. Ақпараттың бірінші түрі қатысым актісінен тыс тұрады да, тек заттар туралы хабарлайды. Екінші түрі – қатысым құралының элементтері ретінде қатынасады деп атап көрсетеді. Осы еңбегінде ол былай деп жазады: “Информацияның бірінші бөлімі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталынады. Ұғым арқылы таным теориясынан белгілі, объектив дүниені сәулелендіреді, денотаттык мағына сыртқы дүниемен байланысады. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлесуге қатысулармен, олардың жағдайларымен байланысты болып, конотацияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компоненттері енеді” .
Ғалымның осы тұжырымының ең алдымен тілдік бірлік сөзге де тікелей қатысы бар. Сөздер де қатысым актісінен тыс тұрып ақпарат бере алады. Ғалымнын тіл арқылы берілетін ақпаратты бұлай жіктеуі сөздің қатысым процесінен тыс тұрған қалпындағы ақпараттылығын арнайы зерттеудің маңызды екенін көрсетеді. Жалпы бұл тұжырым біздің зерттеу нысанымызға ғылыми тірек болатын пікірлердің бірі деуге де болады.
Сондай-ақ, В.Н Комиссаровтың сөздің мағынасы арқылы берілетін ақпараттың түрлерін санамалап көрсеткен еңбегіндегі тұжырымдар да, олардың ішінен денотаттық мағынаны арнайы қарастыру керектігін, олардың сөз мағынасын құрауда бастапқы орында тұрғандығын айтады.
В.Н. Комиссаров өз еңбегінде “мазмұн”, “мағына”, “ақпарат” терминдерін бірдей мағынада қолданатынын айта отырып, сөздердің білдіретін он түрлі ақпараты бар деп көрсетеді [18,12].
Бірінші ақпарат — денотатты теңестіруші (идентифицирующий) ақпарат. (Мұны М.Оразов заттық мағынаны білдіру деп түсіңдіреді.) Мұндай ақпарат денотаттық атын атай отырып, оның бар екенін, оны алуан түрлі қоршаған ортадан айрықшалап көрсетеді. Екінші ақпарат — денотаттардың жеке белгісін көрсетеді. Үшінші ақпарат — денотаттың қандай да бір жалпы категорияға жататынын көрсетеді. Ол категориялар үшеу: лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық. Төртінші ақпарат — тілдік таңбаның белгілі бір қатынас процесінде қолданылатындығын көрсетеді. Бесінші ақпарат — эмоцияны білдіреді. Алтыншы ақпарат — бір сөздің басқа да денотатты білдіру мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. (Мұнда синоним, көп мағыналылық және т.б.). Жетінші ақпарат — бейнелілік болмаса басқа да бір шартты байланыстың болатындығын білдіреді. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха т.б. Сегізінші ақпарат — басқа сөздің морфемалық элементтерінің мағынасын білдіреді. Тоғызыншы ақпарат — сөйлесу барысында белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндігін көрсетеді. Оныншы ақпарат — бір сөз арқылы берілетін ақпаратқа қарсы екінші бір сөздің мағынасының барлығын көрсетеді [19, 78].
В.Н. Комиссаров бұл аталғандардың арасынан бастапқы үшеуінің сөз мағынасыңда болатын белгі екендігін атап көрсете отырып, қалғандарының сөздердің бәрінде бірдей кездесуінің шарт еместігін, олардың сөздердің түрлі қолданысы, тіркесуі барысында туындайтынын айтады. Бұл ғалымның пікірінен де сөз мағынасы арқылы берілетін ақпараттардың ішінде оның денотаттық мағынасында сақталған мәліметтердің маңызды рөл атқаратынын аңғару қиынға соқпайды. Ол сөз арқылы берілетін ақпараттардың алғашқылары ретінде біз зерттеуімізге арқау етіп отырған қырларын атап көрсетеді. В.Н. Комиссаровтың атап көрсеткен он түрлі ақпаратының бастапқы екі түрі біздің осы зерттеуіміздің қарастыратын басты нысаны болып табылады.
Ақпаратты тілдік тұрғыдан, сөз мағынасымен байланыста зерттегенде, сөздің таңбалық жағын да ескерген жөн.
Семиотиктер ақпарат деген ол – ақпаратты жеткізетін таңба немесе символдар деп түсіндіреді. Тілдік бірлік болып табылатын сөздегі таңба.
