- •Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде
- •1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсері
- •1.2 Эксплицитті және имплицитті ақпарат
- •Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері
- •1.4 Жалпы теледидар хабарларының түрлері
- •2 Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сөз мағынасын зерттеу ғылымы және оның зерттелуі
- •Сөз мағынасының қоғаммен байланысы
- •2.3 Мағына және ақпарат ұғымдарының арақатынасы
- •Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
- •2.5 Ақпарат таратушы отандық және шетел телеарналары
- •2.6 Шетел хабарларының нашақорлық семантикасында әсер ету қызметі
- •Сауалнама
Сөз мағынасының құрылымы және ақпарат.
Сөз — дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығынан тұратын тілдік бірлік. Мағына мен дыбыстар тіркесімінің бірлігінен тұратын сөз заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі. «Сөз» дегеніміз — затқа (құбылысқа) тән басты белгшердің жалпыланған жиынтық бейнесі, образы [20,12] — деп атап көрсетеді сөз мағынасын оқытуға арналған оқу құралын жазған ғалымдар.
Сөз мағынасы заттар мен құбылыстардың санадағы бейнесі болғаңдықтан да, сол бейне арқылы қандай да бір зат, құбылыс туралы мәлімет, ақпарат аламыз. Сөз мағынасынан заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері көрініс табатындықтан мағына маңызды ақпарат көзі болып табылады. Яғни, сөздің мағыналық құрылымынан сол сөз атау болып тұрған зат, құбылыс туралы ақпарат алуға болады. Сөздің семантикалық құрылымына талдау жасау арқылы оған анық көз жеткізе аламыз.
«Сөздің мағыналық құрылымы түрлі семантикалык компоненттерден, ірілі-уақты мағыналық бөліктерден бөлшек» — дейді сөз мағынасының құрылымын арнайы зерттеген ғалымдардың бірі И.А.Стернин [21,44].
Ал осы сөздің нақты белгілерін белгілейтін микрокомпонеттердің ақпаратпен байланысты екендігін атап көрсеткен де тілші ғалымдар бар. Мысалы, М.Оразов былай деп жазады: “семалар объективті дүниелерден түйсік арқылы қабылданған ақпараттармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабылдап, адам ойындағы жалпылау, дерексіздену қасиетімен байланысты болады” [12, 178].
Ғалымның тұжырымы көрсетіп отырғанындай, сөз мағынасын құрайтын осы микрокомпоненттер арқылы біз сол сөз белгілеген зат, құбылыс немесе әрекет жөнінде ақпараттар аламыз. Әр семантикалық белгі сөз мағынасы арқылы берілетін тұтас ақпараттың бір-бір бөлігі болып табылады. Оған көз жеткізу үшін, бір-екі сөздің мағыналық құрылымына талдау жасап көрелік. Мысалы, қаңтар зат есімін алалық. Казақ тілінің сөздігінде бұл сөзге “қыстың екінші айы, январь ” [22,374] деген анықтама беріледі.
Бұл сөздің мағынасында мынадай семантикалық белгілер бар:
1) жылдың он екі айының бірі,
2) қыс айы,
3) қыстың екінші айы.
Біз зат есім түлғасындағы қаңтар сөзі арқылы негізінен осы сөз мағынасын құрайтын семантикалық белгілерге сәйкес ақпараттар ала аламыз. Қаңтар дегенде бұл айдың жылдың он екі айының бірі екендігін, қыс айы екендігін, қыстың екінші айы екенін білеміз. Осы аталып көрсетілген семантикалық белгілерді қаңтар сөзі арқылы берілетін алғышартын негізгі акцараттар деуге болады. Сондай-ақ қаңтар дегенде бұл анықтамада көрініс таппаған тағы бір ақпарат есімізге түседі, ойымызға оралады. Ол казіргі ресми қолданьш отырған еуропалық күнтізбеміз бойынша “жылдың бірінші айы” деген ұғым. Әдетте бұл айдың аты аталғанда еуропаша жыл басы, жаңа жыл басталатын бірінші ай деген де түсінік катар жүреді. Аталған жағдай кез келген тілде кездеседі. Көпмағыналылық, ауыспалы мағыналылық ағылшын тілінде де бар. Мысалы:
Жиі қолданыста болатын сөз - book сөзін қарастырар болсақ:
Кітап, яғни оқу құралды;
Адамдардың белгілі бір мәліметтер парақтар жинағы;
Белгілі бір кәсіпке байланысты ауқымды іс;
Билет немесе алдағы уақытта белгілі бір затты дайындап қою;
Хабарлау, ресми түрде жеткізу [10,158].
Сөздің ақпараттылығы оның жеке тұрғаңдағы мағыналық құрылымының байлығына және сөздің контексте ашылатын машиналарына байланысты болады.
Жоғарыдағы сөздердің мағыналарына жасалған компоненттік талдау көрсетіп отырғанындай, сөз мағынасын құрайтын компоненттердің әрқайсысы сол сөз таңбалаушысы болып отырған ұғым жөніндегі жеке-жеке ақпараттар болып табылады. Басқаша айтқанда, сөздің мағынасын құрайтын семантикалық белгілер сол сөзбен таңбаланған ұғымның мазмұнын білдіретін ақпараттар да болып табылады.
