Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор хир.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Жоғары жақ сынықтарының емі.

Жоғары жақ сынықтарының еміндегі негізгі іс шаралар:

1. жұмсақ және қатты ұлпалардың жарсына хир. өңдеу.

2. жақ сынықтарын емдік тігістермен немесе басқада әдістермен қалыпқа келтіру және бекіту.

3. медикаментоздыемдеу, диеталық тамақтану;

4. арнайы күтімді, профилактика ұйымдастыру және асқыныстармен, жарақат зардаптарын болдырмау

Зақымдалудың характеріне байланысты және көмек көрсету этапы, келесі түрге бөлінеді:

1. Оқиға болған жерде алғашқы көмек:

- жарақатқа байлам салу,қан кетуді тоқтату, асфиксияны алдын алу, бас-ми жарақатына көңілаудару. Сынықтарға уақытша иммобилизация байлау және марліден жасалған арнайы транспоттық байламдар салу. Жоғары жақ сынықтарында кезінде барлық уақытша иммобилизацияны фиксациясын келтіріп негізгі бас-иек астылық тігістік байлам саламыз. (по Урбанской, Аржанецову);

2. Жоғары жақ сынықтары кезінде алғашқы дәрігерлік көмек жарақаттан аққан қан ағуды тоқтату, тыныс алуды қалыптастыру, шокка қарсы дәрілерді енгізу, тырысуға қарсы сарысулар енгізу және т.б. іс шаралар жүргіземіз.Науқасты шоктан алып шыққан соң жолданады. есі қалыптасады,стоматологиялық аурухана ;

3. Арнайыланған көмек:

- жұмсақ және қатты ұлпалардығы жараларды біріншілік хирургиялық өңдеу, жақ сынықтарын ортопедиялық бекіту, оперативті немесе комбинирлі әдістер арқылы, жараларды хирургиялық өңдеу одномоментті, радикальді жақсы жансыздандыру арқылы болу керек.

Жоғары жақ сынықтары кезінде емдік иммобилизацияны стандарты комплекті Збаржаны, индивидуальі типті Г.М. Иващенконы,әсіресе қолданғанда жақсы нәтиже береді Соңғы 10 жылда жоғары жақ сынықтары кезінде емдеудің бірнеше оперативті әдістері қолданылады.Олардың ішінде көп көң қолданылатындары Р.Фальтина, М.В. Мухина, М.А. Макиенко, Л.В. Чернятиной, Адамса және т.б. Кейде бет сүйектерінің зақымднулары жақ суйектің ақауымен жүреді. Мұндай жарақат кезінде Мухиның М.В әдісі ұсынылады. Жоғары жақ сынықтарыың емінде әрқашнда гаймориттерді, жарақаттың профилактикасын жүргіземіз және жалпы бекітетін, стимулдаушы терапия, жоғары жақтың остеомиелиті және симптоматоматикалық еммен біріктіреміз.

Жоғары жақ жанақтық сүйекпен байланысады,негізінен мандай және самай сүйектері беттің біраз бөлігін құрайды және бас сүйегін бет сүйегімен біріктіреді. Жанақтық сүйек доғасы өзіне екі сүйекті біріктірді: жанақтық сүйек және жанақтық сүйек өсіндісімен самай сүйекгін. Бұл сүйетер бір-бір жақсы байланысады және құрылысы бірдей,сүйектік структурасыда ұқсас келеді. Жанақтық сүйек және доғасының сынықтары бейбіт уақытта жиі кездеседі: сынықтарға уақытында диагноз қойып емдемесе , бет сүйектерінің тұрақты деформациясына әкеледі және қызметінің бұзылыстарымен көрінеді. Жанақтық сүйек және доғасының сынықтары кейде жанақтық бұлшықеттедің, орбиттің,беттік,әкеткіш,үшкіл нервтің, көз,құлақ,мұрын, гаймор қуысының қабырғасының зақымдалуымен жүреді. Сондықтан клиника зақымдану дәрежесін айналасындағы ұлпаларға байланысты қойылады.Олар келесі түрлерге бөлінеді:

жанақтық сүйек сынықтарының ығысуымен, ығысусыз, гаймор қуысының қабырғасының зақымдалуымен , гаймор қуысының қабырғасының зақымдалуынсыз. Жанақтық сүйек сынықтарының симптомына байланысты науқаста аузын ашуын қиындайды, мұрыннан қан кету,бас ауру, шайнағанда ауырсыну, құлағында шулар,бас айналу, кейде құсу және жүрек айну болады. Көзастылық нервтің жүйкелену аймағында ауырсынулық сезімталдықтың бұзылуы байқалады. Көп жағдайларда жанақтық сүйек жоғары жақ сүйекпен толық басылып қалады,кейде төмен ығысады.

Жанақтық сүйек сынықтары кезінде уақытылы көмек көрсету мақсатында жанақтық сүйек сынықтарының зақымдалуын ең бастысы жоғарғы жақ пен төменгі жақтың сынықтарын дифференциялау өте маңызды. Rg-граммада иекастылық,аксиалды проекциада көздің төменгі шетінің сүйегі ішке және артқа ығысқаны анықталады. Жанақтық сүйек доғасының ығысқан артқы бөлігінің сынығында Rg-граммада аксиалды проекциада жанақтық сүйек доғасымен венечный өсіндінің шыңының арасындағы ара-қатынасы қысқарады. жанақтық сүйек доғасының сынықтарын диагностикалау үшін симметриялық рентгендік снимтер жүргіземіз.

Жанақтық сүйек сынықтарының емінде беттің косметикалық әсемдігін қалыптастырамыз,сонымен қоса төменгі жақтың еркін қозғалуын қамтамасыз етеміз. Кейбір жағдайларда жанақтық доғаның ығысқан сынықтарын түзеткенде ауыз қуысының жоғарғы бөлігінен сұқ саусақтың көмегімен басып сүйек орнына келтіреміз.

Жанақтық сүйекпен жанақтық доғаны жиі түзеткенде А.А. Лимбергтің біртісті крючокгін қолданамыз. Операция жасайтын аймақты тазалағаннан кейін жанақтық сүйектің төменгі қырымен ұзындығы 0,5см кесіп, өткір Лимберг крючокгін тұтақан сүйек астына әкеліп және оны тартамыз. " Сықыр- сықырмен " ауыстырып қосамыз және беттің асимметриясын қалыптастырамыз. Бір уақытта ауызды ашамыз. Кейбір кезде жанақтық сүйекті түзеткенде арнайы Чхолария және ретрактора щипцтерді қолданамыз.

Кейде жанақтық сүйек жоғары жаққа кіріп тұрса (гаймор қуысына) оны қарапайым әдіспен түзету қиын,себебі гайморотомияға әкеледі,сүйекті түзетіп және оны фиксациялаймыз, йодоформды тампонмен қуысты тампондап, резинді пневматизирленген баллонды қолданамыз. Жанақтық сүйектің шамалы қозғалмалығында,проволокамен немес полиамидті жіппен сүйекке тігіс салу арқылы оны фиксациялаймыз. М.А. Макиенко жанақтық сүйекті фиксациялағанда Киршнера спицінің көмегімен қолдануды ұсынады.

Артроз

Негізгі себебі болып дистрофиялық сипаттағы процесстер,ұзақ дамитын,созылмалы жүретін қабыну және созылмалы микротравмалар,дефектілер,тісжақтық деформациялар болып табылады. Нәтижесінде қабыну процессі және дегенерация бір уақытта дамиды, деструкция мен сүйек тінінің және шеміршектің пролиферациясымен,самай-төменгі жақ сүйектерінің анатомиялық құрылымының остеосклероз және остеопороз дамуымен журетін, нәтижесінде олардың деформациясы мен конгруэнттілігінің бұзылысына әкеледі. Айқындалу дәрежесіне байланысты склерозирленген және деформирленген артроз деп ажыратады.

Науқас өткір емес ауырсынуға,буынға функциональды жүктеме түскен кезде күшеюіне шағымданады. Айқын жағдайда екіншілік реактивті синовиттің дамуы мүмкін,тұрақты болады,әсіресе ылғалды ауа райында,жүктемеден кейін,кешкілік уақытта және тыныштық жағдайдағы қозғалыста байқалады. Сонымен қатар науқастар зақымдалған аймақ жақтағы құлақтың және көздің ауырсынуына,бас ауруына, глоссалгияға,ауыз қуысының шырышты қабатының парестезиясына ,естудің төмендеуіне шағымданады.

Нәтижесінде буын беткейінің конгруэнттілігі зақымдалады, бұлшықет спазмы буын капсуласының өзгеруі және в периартикулярлы тіндердің қимылының шектелуі дамиды. Науқас тез шаршағыштығын,құрысу сезімін,бірақ буын функциясының шектелуі орташа және ауырсыну симптомымен немесе сүйектердің өсіп кетуі тән. Фиброзды немесе сүйектік анкилоздар кездеспейді.

Төменгі жақтың басының қимылы кезінде дөрекі сықырдың пайда болуы склероз және әктің жиналуына байланысты.Қабынудың жергілікті көріністерінің болмайды,бірақ құлақ самай аймағының сезімталдығы төмендеген,яғни самай-құлақ нервісінің невриттінің дамуын көрсетеді.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық күйде. Қан анализінде патологиялық өзгерістер байқалмайды,бірақ ЭТЖ↑, ал С-реактивті белок оң.

Склерозирленген артроздың клиникалық көрінісі айқындылығы шамалы, деформирленгенге қарағанда.Рентгенограммада склерозирленген артрозда сүйектің анатомиялық дамыған жерінде губка тәрізді зат қабатында төменгі жақтың басның деформациясын және беткейлік склероз анықтаймыз. Деформирленген артроз кезінде экзостоз және остеофит түріндегі сүйектік өсулер байқалады,нәтижесінде буын түбіршегінің және төменгі жақ басының қайтымсыз құрылымының өзгерістеріне әкеледі. Буындық саңылау тарылған,ауру баяу дамиды.

Диагнозды клиникалық, рентгенографиялық және лабораторлы зерттеулерді негіздеу арқылы қояды.

Емі комплексті: медикаментозды, физиотерапевтикалық, ортопедиялық және көрсеткіш болса оперативті. Медикаментозды терапияны ревматологтар тағайындайды. (бруфен, вольтарен, В тобының витаминдері, стероидты қатардағы препараттар ).. Кортикостероидтарды қолдану деформирленген артрозда қарсы көрсеткіш болып табылады.

Медикаментозды еммен бірге физиотерапияны тағайындайды: өт, балара уының, лидаза, йод препараттарымен электрофорез.Сонымен қатар: парафино- және озокеритотерапия, балшықпен емдеу, инфрақызыл сәулелендеру және лазерлік сәулелену . бір уақытта шайнау бұлшықеттінің массажы және емдік гимнастика тағайындалады.

Шығулар

Төменгі жақ басының алдыңғы және артқы шығуларды ажыратады.Жиі алдыңғы шығулар кездеседі,төменгі жақтың алға қарай ығысуының да себебі осы болып табылады. Бұл деген алдыңғы буынның капсуласы жұқа болып табылады,артқыға қарағанда.Артқы шығулар өте сирек кездеседі.Шығулар бір жақты және екі жақты болуы мүмкін.

Төменгі жақ басының алға қарай шығуы соққы нәтижесінде,шектен тыс ауызын ашқанда,тісін жұлғанда,яғни дәрігер кең ашқызып,бірақ жағын қолмен фиксация жасамауы нәтижесінде дамиды т. б.

Төменгі жақ басының алға шығуына тән клиникалық көрінісі. Науқастың сөйлеген сөзі түсініксіз,зақымдалған буынның ауырсынуына шағымданады,иек ығысқан қарама қарсы жаққа,беті асиметриялы.

Жаңа шыққан жарақаттардың емі жергілікті анестезиядан бастайды, оқталған жарақатта жалпы жансыздандыру жүргізеді.Науқасты аласа орындыққа отырғызып,басының шүйде бөлігін қабырғаға тақап,дәрігер бір саусағымен төмен қарай басып,ал қалғанымен жоғары қарай көтереді,яғни жақты артқа қарай ығыстырады. Шыққанды қалпына келтірген соң төменгі жақты 10—12 күнге байламмен фиксациялайды.Қайталана беретін шығуда оперативті ем көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]