- •Бейспецификалық сиалодениттер.
- •Жедел сиалодениттердің емі.
- •Нома (су жегісі).
- •Одонтогенді гайморит.
- •Патогенез
- •Жіктелуі
- •Клиникасы
- •Диагностикасы
- •Болжамы
- •Алдын-алу
- •Көз ұясының флегмонасы
- •Актиномикоз Жалпы мағлұматтар
- •Жақ сүйектерінің сынуы және пайда болу себебтері.
- •Жоғары жақ сынықтарының классификациясы.
- •Жоғары жақтың сынықтары.
- •Жоғары жақ сынықтарының емі.
- •Сілекей безі ауруларын зерттеу әдістері
- •Пластикалық операцияны жоспарлау
- •Ақаудың жергілікті тінмен пластикасы
Жіктелуі
Клиникалық ағымына байланысты одонтогенді гайморит жедел, жеделдеу және созылмалы болуы мүмкін, сонымен қоса созылмалы қабынудың асқынуы болады.
Г.Н.Марченко (1966) гаймориттердің мына клиникалық жиктеуін ұсынады:
І. Жабық түрі:
а) созылмалы периодонтиттен дамитын гайморит;
ә) гаймор қойнауына өскен одонтогенді ұралардың іріңдеуінен немесе
созылмалы перидонтиттердің асқынуынан дамытын гайморит.
ІІ. Ашық түрі:
а) тесікті (перфоративті) гайморит;
ә) жақсүйектің денесі немесе алвеолалық өсіндінің созылмалы
остеомиелиттерінің асқынуынан дамитын гайморит.
Инфекцияның даму көзі мен сипатына және патогенезіне байланысты гаймориттер мына түрлерге бөлінеді: одонтогенді, риногенді, гематогенді және жарақаттық.
Одонтогенді гайморит клиникалық ағымына қарай жедел, жеделдеу, созылмалы және созылмалы гаймориттің өршуі түрлеріне бөлінеді.
Патоморфологиялық өзгерістерінің сипатына қарай одонтогенді гаймориттерді катаралды, іріңді, полипозды, іріңді-полипозды түрлеріне бөлуге болады.
Одонтогенді гаймориттің даму жиілігі жөнінде зерттеушілердің пікірлері әртүрлі. Нихинсонның А.Г. мәліметтері бойынша, одонтогенді гайморит синуситтер арасында 25%, ал Diming H.S., (1925); Podrasky N, 1990) бойынша 60% құрайды. Азимовтың М.И.,(1977) айтуынша, хирургиялық стоматология ауруханасына жатқызылған науқастардың 4 – 4,2% одонтогенді гайморитпен сырқаттанғандар болып шыққан.
Клиникасы
Клиникасы. Жедел одонтогенді гайморит жедел іріңді периодонтиттерден немесе созылмалы периодонтиттердің өршуінен, жедел остеомиелиттерден, ұралардың іріңдеуінен дамиды. Кейде олар созылмалы гаймориттің өршуінің клиникалық белгілерімен сипатталады.
Гаймор қойнауының жедел қабынуы екі кезеңге болінеді: сірілі және іріңді. Біріншісі гаймор қойнауы айналасындағы инфекциялық процесіне кілегей қабығы тітіркенуінен домбығып, сірілі жалқық бөлінеді.
Патологиялық анатомиясы. Жедел сірілі гайморитте гаймор қойнауының кілегей қабығы домбығып қызарады, қан тамырлары мен кілегей бездерінің айналасы дөңгелек пішінді жасушалармен инфильтрацияланады. Жедел іріңді гайморитте іріңді жалқық қалыптасып, гаймор қойнауының кілегей қабығы түгелдей дөңгелекті пішінді жасушалармен инфильтрациялануын көруге болады.
Жедел гаймориттің клиникалық белгілері:
патологиялық
процесі өтіп жаттқан жағында аурусыну
пайда болуы;
аурусыну сезімі маңдай, қарақұс, самай аймақтарына, сондай-ақ жоғарғы тістерге таралып, пульпиттің клиникалық белгілерін тудыруы;
мұрынның бір жақ бөлімінің иіс сезуі нашарлауы, мұрыны бітелуі;
аурыған жағының мұрын жолынан шырышты сұйықтық бөлінуі (әсіресе басын төмен еңкейткенде), тыныс алуы кедергіленуі;
жалпы әлсіздік пайда болуы;
дене қызуы 37,5°С - 39°С көтерілуі;
науқастың ұйқысы және тәбеті бұзылуы.
Аталған белгілердің бәрі бірдей айқын байқала бермейді.
Сырттай қарап тексергенде ұрт аймағының тіндері сәл ісініп, бір жағының мұрын-ерін қатпары тегістеледі, тері беті қызарып, пальпация аурусыну сезімін тудырады; мұрынның кілегей қабығы домбығып, қызарады; ортанғы мүрын жолынан сірілі немесе іріңді жалқық бөлінеді. Ауратын жағының бірнеше тістерін және бетсүйегін перкусиялағанда аурусыну сезімі пайда болады; әдетте патологиялық процесі өтіп жатқан жағының бір немесе бірнеше тістерінің сауыттары бұзылғанын көруге болады, ертеде олардың ауырғандығы анықталады.
