- •Бейспецификалық сиалодениттер.
- •Жедел сиалодениттердің емі.
- •Нома (су жегісі).
- •Одонтогенді гайморит.
- •Патогенез
- •Жіктелуі
- •Клиникасы
- •Диагностикасы
- •Болжамы
- •Алдын-алу
- •Көз ұясының флегмонасы
- •Актиномикоз Жалпы мағлұматтар
- •Жақ сүйектерінің сынуы және пайда болу себебтері.
- •Жоғары жақ сынықтарының классификациясы.
- •Жоғары жақтың сынықтары.
- •Жоғары жақ сынықтарының емі.
- •Сілекей безі ауруларын зерттеу әдістері
- •Пластикалық операцияны жоспарлау
- •Ақаудың жергілікті тінмен пластикасы
Көз ұясының флегмонасы
Топографиялық анатомиясы. Шекарасы көз ұясының қабырғаларына сәйкес. Көз ұясының флегмонасы көз көк тамырларының тромбофлебитінен, гаймориттен, қанат- таңдай қойнауының, самай асты кеңестігінің іріңді процестерінен және 3 2 1 | 1 2 3 тіс ауруларының асқынуларынан дамуы мүмкін.
К л и н и к а с ы. Көз ұясының флегмонасы өте ауыр ағымда өтетін, асқынуға бейімділігі өте жөғары іріңді инфекцияларының бірі. Негізгі клиникалық белгісі көз алмасының ілгері ығысуымен (экзофтальм) сипатталады. кей жағдайда көз алмасының қозғалысы шектеліп, қабақ маңының жұмсақ тіндері ісінеді және көз сыңылауы мүлдем жабылып қалуы мүмкін. Көздің көруі нашарлайды, кейінірек көз нервісінің семуінен (атрофиясынан) науқас мүлдем көрмей қалуы мүмкін. Алғашқыда көз кіреберісінің коньюктивасы домбығып ісінеді (хемоз). Дене қызуы көтеріліп, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды.
Көз ұясының абцесі мен флегмонасында неврологиялық асқынуларының (кеуікті қойнаудың тромбозы, менингит) туындауын естен шығармай невропатологпен, окулиспен кеңес жүргізген жөн. Дұрыс ем жүргізілмеген жағдайда іріңнің көз ұясы ішінің қысымынан көз нервтің атрофиясы дамып, көздің көруі мүлдем жойылуы мүмкін.
Е м і. Көз ұясының төменгі қырынан тері, тері асты қабаты тілінеді, көз ұясының сүйек беті бойымен жұмсақ тіндер тұйық ажыратылып ірің шығарылады. Егер ірің көз ұясының терең бөлімінде орналасса, оны гаймор қуысы арқылы шығарған тиімді. Ол үшін гаймор қуысын алдыңғы қабырғасынан (ит ойығы тұсынан) ашқаннан кейін (гайморотомия) көз ұясының төменгі қабырғасын сүйек қысқышымен немесе қырғыш (кюретажды) қасықпен тесіп, ірің гаймор қуысына шығарылады. Сонда соң ірің өткізгіш (дренаж) ретінде гаймор қуысы дәкелі білтемен бостау етіліп толтырылады, бір шеті мұрынның төменгі жолынан жаснды тесік арқылы сыртқа шығарылады. Дәкілі білтенің орнына бірнеше жерден тіселген полихлорвинильді түтік қалдыруға болады.
Ауыз қуысы түбінің флегмонасы.
Ауыз қуысы түбінің флегмонасы деп ауыз қуысы түбінің диафрагмалық бұлшықеттің(mm., mylohyoi-deus s. diaphragma oris) жоғарғы және төменгі жағында орналасқан жайылмалы іріңді қабынуды айтады. Бұл негізінде —тіл асты және жақ асты аймағының флегмонасы.
Жиі инфекциялы-қабынулық прцестің қарама-қарсы жақтағы аттас анатомиялық аймаққа, осылардың арасында орналасқан иек асты аймақ және тіл түбірі клетчаткасына таралуы байқалады.
Шекаралары.
Жоғарғы —ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы, теменгі- иек және жақ асты аймағының терісі, алдыңғысыртқы – төменгі жақ денесінің ішкі беті, ішкі – тілдің негізі, артқы - біз өсіндіге бекітілген бұлшықет.
Клиникалық көрінісі.
Науқастар жұтынғанда, сөйлегенде ауырсынуға, кейде тыныс алудың қиындауына шағымданады. Науқас мәжбүр қалыпта: басын алға түсіріп отырады. Түрі қиналған секілді, аузы кішкене ашылған, сілекей ағады, сөзі түсініксіз, ауыз қуысынана ірің секілді иіс шығады. Оң және сол жақ асты аймағында тіндердің жайылмалы ісінуі, терінің тығыздалуы байқалады.
Тері асты май клетчаткасының зақымдалуы кезінде тері қызарған, флюктуация анықталады. Тіл ауыз қуысы түбі тіндерінің ісінуіне байланысты көтерілген, сұр жабындымен жабылған, ісінген, тістің іздері байқалады. Ауыз қуысы түбірінің шырышты қабыңы қызарған.
Жақ асты аймағының абсцесі мен флегмонасы.
Жақ асты аймағының шекаралары. Жоғарғыішкі—жақ –тіл асты бұлшықет (m. mylohyoideus), сыртқы — төменгі жақ денесінің ішкі беті.
Инфицирленудің негізгі көзі және таралуы. Инфекцияның лимфа жолы арқылы енуі болады себебі жақ бет аймағының регионарлы лимфатикалық түйіндері жақ асты үшбұрышында орналасқан.
Клиникалық көрінісі.
Негізгі шағымдары — шайнау, сөйлеу, жұтыну кезінде күшейетін жақ асты аймағындағы ауырсыну. Инфекциялық қабынулыұ прцестің беткей орналасуы кезінде айқын көрінетін жақ асты аймағындағы тіндердің ісінуіне байланысты беттің ассиметриясы сырттан қараған кезде байқалады. Осыған ұқсас жағдайда жақ асты аймағының терісі тығыздалған және қызарған. Инфильтратты пальпациялау ауырсынуды шақырады. Ортасында флюктуацияны анықтауға болады. Инфекциялы-қабынулық процесс тері орналасқан кезде ( m. Platysma астында) қабынулық процестің көріністері әлсіз, ауырсыну айқын. Ауырсынуға байланысты жұту, шайнау қызметтері бұзылған. Жақ асты аймағында флегмонасы бар науқастарда қызба, нейтрофильжі лейкоцитоз секілді ағзаның жалпы реакциясының айқындылығы байқалады. Инфекция ары қарай тіл асты, иек асты, жақ арты және құлақмаңы-шайнау, жұтқыншақ маңы кеңістігіне, алдыңғы кеуде аралыққа (мойынның жүйке-тамырлық шоғыры бойымен) таралуы мүмкін.
Операцияның жолы.
Төменгі жақ бұрышынан 2 см төменгі бөлігін иек астынының ортаңғы нүктесін қосатын жақ асты аймағындағы сызық бойымен теріні тіледі. Тіліктің ұзындығы инфильтраттың өлшеміне байланысты. Терінің бүкіл тілігі бойымен мойынның тері астылық май клетчаткасы, беткейлік фасция және тері асты бұлшықетін ажыратады. Жақ астында терең орналасқан кезінде беттік артеря мен венаны байлап кеседі. Сосын қан тоқтатқыш қысқыш арқылы тіндерді ажыратып, жақ асты сілекей бездерін жылжытады және инфекциялы-қабынулық ошақтың орталығына енеді.
Болжамы.
Егер инфекциялы-қабынулы процесс көршілес аймаққа және сол арқылы кеуде аралыққа енбеген жағдайда өз уақытында және рациональды емдеу кезінде болжамы қолайлы.
